» » » Өлең: Қалижан Бекқожин (Көктем толғанысы)

Өлең: Қалижан Бекқожин (Көктем толғанысы)

Өлең: Қалижан Бекқожин (Көктем толғанысы) казакша Өлең: Қалижан Бекқожин (Көктем толғанысы) на казахском языке
Сәріде бүгін ояндым,
Есітіп бұлбұл дауысын.
Тамылжып шыққан баяу үн,
Тербеткендей тау ішін.
Сүйемін көктем бұлбұлын,
Сүйемін көктем жаңбырын.
Жаңбырдай елге бұл жырым,
Жөнелсін алып таң жырын.
Бұлбұл да мүмкін бағында
Сайраған шығар сұңқылдап.—
Күлімдеп келген тауыма,
Көктеммен ғажап сыр тыңдап.
Аспаны жермен сырласқан,
Келді жыршыл көктемім.
Қарашы, қандай гүл басқан,
Алатаудың бөктерін.
Жырласа, мейлі, гүлдерін,
Былдырлап бұлбұл бұтада.
Көктемнің жұпар күн лебін,
Өзімдей бірақ жұта ма?!
Жұтып таңғы самалын,
Желпіп келем гүл-бақты.
Жаңғыртып таудың алабын,
Жамырап жан-жақ тіл қатты...
Үн берді сонау еңістен,
Егінші көктем сырласы:
— Шырқаймыз жаңа жеңіспен,
Жердің жырын тыңдашы!
Үн қатты малшы қырқадан,
Шымырлап таудың шың басы:
— Көктем де шалқып шырқаған,
Елдің жырын тыңдашы!
Сілкінтіп таңғы орманды,
Ағылды ән қаладан;
Көктем күймен толғанды,
Күн менен жер қалаған.
Мені де сол күй тербеткен,
Сөздің бе соны бұлбұлым.
Кереметсің сен, көктем,
Өшпейтін жыр — бұл күнің!
Көктемім, әнге, гүлге де
Мәңгілікті анасың.
Туғыздың күндей, дүниеге
Адамзаттың данасын!
Күн жайнап ол туғанда,
Осылай көктем гүл атқан.
Еділде, үнсіз opманда,
Бұлбұл да солай үн қатқан.

II
Көктемсіз болып бұл әлем,
Көктемесе қайтер ек?
Жайқалып жыл да гулеген,
Жапырағы мол бәйтерек.
Бойы сұңғақ, ол асқақ,
Мұнара болып өткенге.
Қартайғанға ой тастап,
Жасарар ылғи көктемде.
Өтті заман бірқатар,
Туса да сонау ғасырдан,
Сол бәйтерек гүл атар,
Жас торғын киіп жасылдан.
Білмеймін бұлбұл қашанғы
Бұтасында тұр сайрап?
Көз алдымда жасарды,
Көктем сайын масайрап...
Болса да қайғы маған жат,
Теректі сол бір күндедім.
Жасарса солай адамзат,
Көктемде жұтып күн лебін?!
Осылай оймен адымдап,
Әлі де алға басармын.
Өмір шіркін — алтын-бақ,
Келеді жылда жасарғым.
Көңілге қонар қуаныш,
Көктесе дәйім жапырақ.
Өмірге кетер ту алыс,—
Келеді жайнап жас ұрпақ.
Көктемдей гулеп ән шырқап,
Келеді гүлді алаңға,
Сәлемін беріп жас ұрпақ,
Жасайтын мәңгі адамға.
Бәйтеректен биік ол,
Тұлғасы тік асқардай.
Бәйшешектер жиі мол,
Айналасын басқандай.
Әлемге жайып тамырын,
Жер түлеген нәрімен.
Ол көктемгі таң нұрын,
Жайнатқан жаңа дәуірмен.
Жайнайды Ленин гүлдері,
Көктейді жылда жас ұлан.
Өшпейді оның күн лебі, —
Жаралған дана асылдан.
Нұрлары оның тұр жайнап,
Жұлдыздан кеп көктегі.
Отаным орман — кең байтақ,
Адамзаттың көктемі.
Бәйтерек мәңгі көктер ме? —
Қария-тарих, айт маған.
Қуанам жылда көктемде,
Туғандай Ильич қайтадан!
Құлпырар дәйім бұл көктем,
Шуағы шалқып елімде.
Көктемгі күндей нұр төккен,
Жасайды мәңгі Ленин де!

Автор: nurgul95 | 115 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қалижан бекқожин Көктем толғанысы өлең стихи на казахском калижан беккожин олен казакша, қалижан бекқожин өлеңдері, калижан беккожин олендери, калижан беккожин стихи на казахском, Көктем толғанысы, қалижан бекқожин Көктем толғанысы өлең стихи на казахском калижан беккожин олен казакша қалижан бекқожин өлеңдері калижан беккожин олендери калижан беккожин стихи на казахском Көктем толғанысы, Өлең: Қалижан Бекқожин (Көктем толғанысы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке