Компьютерді қалай таңдауға болады? 2-сабақ (Информатика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютерді таңдау
Сабақтың тақырыбы: Компьютерді қалай таңдауға болады? 2-сабақ
Сабаққа қол жеткізуге көмектесетін оқу мақсаттары: 9.1.2.1 - компьютер конфигурациясын қолдану мақсатына қарай таңдау
9.3.1.1 - процестердің моделдерін кесте арқылы (физикалық, биологиялық, экономикалық және т.б.) әзірлеу және зерттеу
Сабақ мақсаттары: Бұл сабақта окушылар қолдану мақсатына қарай компьютерді қалай таңдауға, сипаттамаларын анықтауға, әр құрылғының маңыздылығын түсінуге және электронды кестедегі компьютердің жалпы құнын есептеуге үйренеді........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Компьютерді қалай таңдауға болады? 1-сабақ (Информатика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютерді таңдау
Сабақтың тақырыбы: Компьютерді қалай таңдауға болады? 1-сабақ
Сабаққа қол жеткізуге көмектесетін оқу мақсаттары: 9.1.2.1 - компьютер конфигурациясын қолдану мақсатына қарай таңдау
9.3.1.1 - процестердің моделдерін кесте арқылы (физикалық, биологиялық, экономикалық және т.б.) әзірлеу және зерттеу
Сабақ мақсаттары: Бұл сабақта окушылар қолдану мақсатына қарай компьютерді қалай таңдауға, сипаттамаларын анықтауға, әр құрылғының маңыздылығын түсінуге және электронды кестедегі компьютердің жалпы құнын есептеуге үйренеді........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау 2-сабақ (Информатика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер таңдаймыз
Сабақтың тақырыбы: Бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау 2-сабақ
Осы сабақта қолжеткізілетін оқытудың мақсаттары: 9.1.2.1 пайдаланушы қажеттіліктеріне байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау
Сабақтың мақсаты: Бағдарламалық қамтамасыз ету түрлеріне қатысты оқушылардың білімін жүйелендіру, пайдаланушылардың қажеттіліктеріне байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау дағдыларын қалыптастыру........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау 1-сабақ (Информатика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер таңдаймыз
Сабақтың тақырыбы: Бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау 1-сабақ
Осы сабақта қолжеткізілетін оқытудың мақсаттары: 9.1.2.1 пайдаланушы қажеттіліктеріне байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау
Сабақтың мақсаты: Бағдарламалық қамтамасыз ету түрлеріне қатысты оқушылардың білімін жетілдіру, пайдаланушылардың қажеттіліктеріне байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау дағдыларын қалыптастыру........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Менің таңдауым

Сары ала күздің келбеті, сары даланы сыйқырлағанына бүгін төртінші күнге таяп келеді. Қоғамға тұлға ретінде, сара жолымның алғашқы баспалдағына ақырын ғана қадам басып келемін. Адамның арманы шексіздікпен тоғысатын, санада жарқ ететін саф идеялар жиынтығы іспеттес. "Күз келбетін салқын санап, көпшілігіміздің жатсынатынымыз жасырын емес. Бірақ білесіз бе, кеше ғана кіріп келген табиғаттың бұл мезгілін алғаш рет сұлу келбетте күтіп алдым". Қабағы- қатулы, жаңбырын төгіп жіберетін- жылауық, жасыл даланы күн көзіндей келбетке орандыратын сары күзді- мен жаны нәзіктік пен сұлулыққа құштар қыз баласындай көрдім.

Қатулылығы- еркек жаратылысына оңайлықпен ере қоймайтын қайсар қызды еске түсірсе, толассыз жаңбыры- сылаң қағып, сыбдыр күлкісімен жаныңды баурайтын нәзік жандылардың мамықтай көңілдерінің сүйкімді келбетте бұртия қалатыны, айналаны алтынға орауы- әйел табиғатының қолынан келетін қауқардың қаншалықты мықты екенін көрсетуге ұмтылғысы келетіндей. Бұл ойлардың тууына Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінде оқысам, тұнып тұрған білім мен тәрбиенің ордасына еніп, 75 жылдық тарихы бар "Ұстаздардың шеберханасына" айналған, қазақ қыздарының киелі мекені болған, қара шаңырақта білім алсам деген асқақ Арманымның орындалып отырғанында.

Елімізде жоғары оқу орындары көп. Бірақ, менің таңдауым не үшін ҚазҰҚПУ?

- Ол жаны мен тәні таза қазақ қыздарының келбетін тереңінен танып, апаларымның ізін басып, даналығы мен өсиеттерін бойға сіңіріп, құндылықтарына қанық болып, келешекке нағыз батыр, өр мінезді, тазалық пен сұлулыққа жаны құштар, қазақилық тәрбиеге сусындап, бәсекеге қабілетті, кез-келген ортада көшбасшылыққа лайықты ретінде, өз ісінің нағыз маманы атанып, Еліме, Халқыма қызмет етіп, үлкен кісілердің батасын алып, ел азаматтарын тәрбиелеп, тәлім беріп, егде тартқанда өмірімнің бос өтпегенін сезінгім келген осындай болашаққа құрылған сүйкімді арманым мен қиялымның жетегінде, ақыл мен жүрек қалауы түйіскен ортасында таңдау жасап келіп отырған оқу ордам- осы ҚазҰҚПУ! Қас пен көздің арасында зымырайтын алтын уақыт несімен ерекше деген сауалға, жақсы жандардың тәлім мен тәрбиесі тоғысқан алтын ордада бас қосып, игі жақсылардың ықпалынан болашақ маман ретінде өткізген кезеңім дер едім!.....
Эсселер
Толық

Мамандық – өмір таңдау

Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапты және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.

Мамандық саналы қадам,оған барлық уақыт пен күш жұмсалады.Әр адам үшін мамандық таңдау қиын және жауапты қадам болып табылады.Мамандық таңдау адамның қызығушылығына,қабілеттеріне және мінез ерекшеліктеріне байланысты. Мамандықтың көптеген түрлері бар: дәрігер,мұғалім,экономист,дизайнер және тағы мыңдаған түрлері. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.

Биыл мен үшін жауапты кезең,өйткені биыл мектеп табалдырығымен қоштасамын.Соңғы оқу жылы,алда үлкен белестер, тарау - тарау жолдар күтіп тұр. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек

11-сыныпқа келгендіктен,мен саналы қадамның жолында тұрмын. Бала кезімнен мұғалім болуды армандадым.Сондықтан дефектолог болуды жөн көрдім.Мен балалармен тез тіл табыса аламын. Бұл жұмыстың қаншалықты қиын екенін біле отырып,өмірімді осы кәсіппен байланыстыруды жөн көрдім.Дефектолог - бұл ерекше балаларға біздің қоғамда бейімделуге көмектесетін адам.Олардың физикалық,моральдық дамуына көмек беру.Дефектологтың мамандығы –мұндай балаларға тәсіл табуға,кішігірім жетістікке қуануға,шыдамды,жауапты болуға үйрету.Дефектологтың жұмысы өте ауыр,сізге тапсырылған әр бала үшін жауапкершілікті талап етеді......
Эсселер
Толық

Мамандық таңдау - борышым

Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Жастық шақтың қалай тез өтіп кететінін де байқамай қалады. Өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнын табу емес пе?! Мен әлі мектеп табалдырығында оқып жүрген оқушымын, ата-анамның көзіне кішкентай қыз болсам да, өз болашағым жайлы көп ойланамын. Алдағы өмірім қандай болмақ? Болашақта мен кім боламын? Қандай мамандық иесі атанамын?- деген сұрақтар жиі мазалайды. Жай ғана ойланудың аз екендігін де білемін. Сондықтан да қазірден бастап алдыма мақсат қойып, оған табанды түрде кірісіп, арманымның жетегіне еріп келемін. Негізінен мамандық таңдау деген - өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Яғни қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін - ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін жаңалыққа, дербестікке талпыныс.

Елбасы «Болашақ-білімді жастардың қолында» демекші , біздің болашағымыз - өз қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты, нұрлы да шуақты болуы үшін, менің ойымша, ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атану. Себебі, әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар......
Эсселер
Толық

Дұрыс таңдау – адами арманның биік шыңы

Өмірде кездескен қиындықтарды көре жүріп, дұрыс қабылдаған шешіміміз- ертеңгі күннің бағдаршамы. Өйткені, сенің таңдауыңа қарай өмірдің кілті ашылады. Сол кілт бізді өз ортамызға жетелейді. Олай болса, дұрыс таңдау жасау – адами арманның биік шыңы.

Шешім дегенде бәрінің ойына түсетін бірінші таңдау мамандыққа келіп тіреледі. Мамандық таңдау – маңызды іс. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе», - деп Жүсіпбек Аймауытов айтып кеткендей ол – сенің алға қойған мақсатың. Мақсатқа жету- тек жақсы маман болу емес, сол мақсатқа жету жолындағы сенің адамдық қасиетің мен қажырлылығың. Ал, менің мақсатым – ұстаз болу. Ұстаз – таусылмайтын кен, тоқтамайтын бұлақ. Менің ұстаз болғым келетін себебі, мұғалім қоршаған ортаға, бүкіл әлемге нұр шашып тұратын жарқыраған күн секілді. «Ұстаз... Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі», - деп әлемнің екінші ұстазы Әл – Фараби атамыз айтқандай, бар әлемге өз білгенін үйретіп, қаншама жандарды тәрбиелеп, білім көзін ашқан аяулы жан – ұстаз. Мен де осылай өз еліме, соңымнан ілескендерге ұлттық қадір- қасиетіміздің өзге ұлт өкілдерінен артық тұратын ең құнды ерекшеліктерін таныта алатындай үлесімді тигізгім келеді.......
Эсселер
Толық

Мамандық таңдау (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.
Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.3.2.1. – жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып мақала құрастырып жазу.
Сабақтың мақсаттары: Оқушыларды: оқыған, тыңдаған мәтіндері бойынша ақпараттарды жинақтатып, эссе жазуға дағдыландыру.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы