• Нәрестенің ай сайынғы дамуындағы өзгерістер: • 1 айлық бала тік көтерген кезде басын ұстауға тырысады; • 2 айлығында етпетінен жатып, басы мен кеудесін көтереді; • 3 айлығында етпетінен жатып, шынтақтап денесін көтереді, демеп ұстаса, жамбастап отырады, шалқалап жатып, бүйіріне аунап түседі, мойны қатайып, басын тік ұстайды; • 4 айлығында қозғалысы ширап, жеңілдей түседі; бала көтерілгенде алақанымен жер тірейді, әрі-бері аунап түседі, шалқалап "көпір" жасайды, әр түрлі заттарды қолына ұстайды; • 5 айлығында әлденеге сүйеніп отырады, қолтығынан демесе, тізесін бүкпей түзу тұрады;......
Қоғамның негізі – отбасы. Отбасынсыз ешбір қоғамды елестету мүмкін емес. Әке мен шеше ол отбасыныңның қос қазығы. Ал, бала оның – келешегі.Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есіңде жүреді.Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі », - десек те артық емес.Қазіргі күні отбасын құруға жастарымыз немқұрайлы қарайды. Олар үшін үйлене салып, бір-екі айдан кейін ажырасып кету түкке тұрғысыз. Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдарламай тұрмайды, бәріне төзу керек. Әрине отау құрғанда алғашқы үш жыл қиынға соғады. Небір қиындықтар да осы жылдары орын алады да көп жастар тіл табыса алмай ажырасып кетіп жатады. Тақырыптың өзектілігі. Біздің қоғамымызда жастарды отбасылық өмірге дайындайтын арнайы бағдарлама жоқ. Жас отбасыларды мемлекет тарапынан қолдау көрсету шараларының жетіспеуі жастарымызда күйзеліске әкеп соқтырады. 90-шы жылмен салыстырғанда Қазақстанда үйлену мен бала туу үш есеге азайыпты. Осылайша өзі де азайған жас жұбайлардың міндетті түрде жартысы ажырасады. Мұндай жас отбасылардың ажырасуның себептері – ерлі-зайыптылық өмірге дайындықтың жоқтығы, тұрмыстық жағдайға қанағаттанбаушылық, үйлену тойынан кейін тұрғын үйдің болмауы, ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынасына туыстарының араласуы болып табылады. Халықаралық саясатта жаңалықтарды жасайтын, жалпы тарихты жетектеп жүргізіп келе жатқан барлық мемлекеттер күмәніміз болмасын халқы көп, көп болған соң да айбарлы, аруақты мемлекеттер. Біз осы тарихтың тұтқасын қалай ұстау керек, сөйтіп халықаралық саясаттағы жаңалықтарды қалай тудыру керек, яғни қалай көп болу керек соны айтамыз. Әлбетте, бәрімізге белгілі, көбею үшін жастар тез үйлену керек, төрт баладан кем болмау керек. Бұлай деу бірінші тым қарапайым, қарабайыр естіледі, екіншіден, жастар мұны өздері де біледі. Біз үйленіп, бала сүю үшін алдымен жастардың қандай құндылықтар мен қасиеттерді жүрекке жинау керектігін ғана айтамыз. Қысқасы жүрек оянбай отбасы институтының құндылығын білу, сезіну мүмкін емес. Өйткені, отбасы құру үшін үлкен, жылы жүрек, өзінің басын күйттеуден гөрі біреудің, яғни әйелінің, баласының жағдайын көп ойлайтын жан жомарттығы керек. 90-шы жылмен салыстырғанда Қазақстанда үйлену мен бала туу үш есеге азайыпты. Осылайша өзі де азайған жас жұбайлардың міндетті түрде жартысы ажырасады. Қазір жалпы халыққа шаққанда үйленгендер саны 50 пайыздай. Бірақ, бұл көрсеткіш те жылдан жылға кеміп барады. Оның үстіне азаматтық неке деген шыққан. Бұл заңды, салауатты отбасын құратын болашақ отбасылардың анасын, немесе күйеуін алдын-ала былғап, құртып, балалы ғып кететін ең қорқынышты дерт. ....
Қазіргі жағдайдағы елдердің әлемдік сауда да белсенді қатысуы бірнеше айтарлықтай артықшылықтармен байланысты: бұл елдегі бар ресурстарды тиімді пайдалануға, әлемдік ғылым мен техника жетістіктеріне қатыстыруға, аз уақыт ішінде экономикадағы құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға, сонымен қатар халықтың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Халықаралық сауда бұл түрлі елдердің сатыпалушылар, сатушылар және делдардар арасында болатын сату және сатып алу процесі болып табылады Халықаралық сауда өзіне сауда балансы деп аталатын тауарлардың экспорттық, импорттық қоймасын кіргізеді. Көптеген елдер үшін халықаралық сауда айырбасы сыртқы экономикалық байланысының негізгі формасы ретінде қалып отыр. Алайда, халықаралық интеграциялық ұзақ процесіне қарамастан, сыртқы экономикалық байланыстарды реттеудің көптеген мәселелері ашық қалып отыр. Соған байланысты, сыртқы саудалық сату-сатып алу мәселелерін құқықтық реттелуі өзекті мәселелер болып табылады. Президент Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «біздің Республикамыздың байсалды әрі сенімді әріптес ретіндегі халықаралықимиджі қалыптасып, әлемдік шаруашылық байланыстарға Қазақстанның интеграцияланудың қажетті алғышарттарын салынған», «сыртқы байланыстар дамуындағы жаңа кезеңде біздің барлық саясатымыз сыртқы байланыстардағы бір қалыпты экономикалық және мәдени даму мүдделеріне бағынуы тиіс» деп атап көрсетті Президент. Бұл тақырыпппен Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде дамуының өзектілігін ....
Жалпы күрделі құрамы бар, қызмет атқаруға, дамуға қабілеті бар тұтас құрылысты біз жүйе деп қарай аламыз.Сонда, жүйе – құрамында элементтері мен бөліктері өзара реттік ұйымдасқан, әрі бағытталған байланыста бола отырып, ажырамас тұтастық құрайтын, сол негізде қалыптасып іс-әрекет атқаратын, дамып отыратын құбылыс. Қоғам да өз алдына жүйе. Қоғамдық жүйені түрлі әлеуметтік топтар, олардың мүдделерін бейнелеп отыратын институттар және олардың арасындағы байланыстар құрайды. Саяси жүйе – қоғамды басқаруды, билікті жүргізуді, түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қарым-қатынастарды, мемлекет аралық істердіреттеуді іске асыра отырып, қоғам тұтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жиынтығы. Яғни, саяси жүйе, саяси өмір саласының тұтастығын, қызмет атқаруын басқа салалармен байланысын қамтиды.
Қазақстан – Республика Конституциясында бекітілген өзінің жеке және ерекше мемлекеттік формасы бойынша тәуелсіз мемлекет. Президент мемлекеттің саясатын анықтау құқығымен мемлекет басы болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы, заң шығарушы және сот үш өкімет тармағынан құралады. Президент осы үш тармақтың үшеуінің де қызметін еркін үйлестіру ....
Бұл жұмыста еліміздегі мұнай өндірісімен тікелей байланысты газ өнімдерінің өндірілуі, ішкі нарықла тұтынылу деңгейі, экспортқа шығарылатын көлемі және тасымалдаушы магистралды құбырлардың технико-экономикалық жағдайлары толық көрсетіледі. Жұмыстың әр бөлімінде газ саласын курстық жұмыс тәртібі бойынша талдаймыз. 1-ші бөлімде газ саласының республикадағы жалпы жағдайы айтылады. 2-ші бөлімде Қазақстан Республикасының газ өнімдерін жалпы пайдалану және экспортқа, импортқа шығарылу көлемі көрсетіледі. Күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп отырғанымыздай өте үлкен көлемді газ ресурстары магисрралды құбырлармен таратылады. Осы бөлімде магистралды құбырлардың ең бастылары және қосымшалары көрсетіледі. Сонымен қатар газ тасымалдаушы құбырлардың пайдалануға берілген жылдары және қазіргі проблемалары толық қамтылады. 3-щі бөлімде жұмыс бағдарламасы бойынша модель табылып болашақ үш кезеңге болжам жасалады. Жұмыстың басты мақсаты: Республикадағы газ өндірісінің көлемі мұнай өндірісінің көлеміне тікелей байланысты болғандықтан модель арқылы байланыстың деңгейін анықтау. Жұмыстың басты міндеттері: 1. Газ өндірісімен мұнай өндірісі арасындағы байланысты анықтау. 2. Анықталған байланысқа қатысты модельдерді құру. 3. Анықталған бойынша болашақ кезеңдегі өндіріс көлеміне болжам жасау. Модель бойынша еліміздегі мұнай өндірісі болашақтағы үш кезеңде өсетіндігін көрсетеді яғни осыған сәйкес газ өндірісінің өсетіндігін дәлелдейді. Жұмыста қорытынды және жұмысты жазу барысында пайдаланылған әдебиеттер келтіріледі. ....
Макроэкономикалық зерттеулердің пәні болып елдегі өндірістің жалпы көлемі, инфляция қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, төлем балансының сальдосы мен валютаның айырбас бағамы сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау табылады. Бұл талдаулардың мақсаты осы көрсеткіштердің өзгеруін түсіндіріп, ел үкіметі жұмысында қойылған экономикалық мәселелерді шешу бағыттарын анықтау мен экономикалық даму барысында болжамаған өзгерістерге жауап беру. Өзгерістерді дәл талдау мен бағалау, ал одан кейін соған сәйкес саясатты жасақтау жүйеленген және уақтылы негізде келіп түсетін экономикалық және статистикалық ақпараттың дәлдігін талап етеді. Сонымен қатар, дұрыс экономикалық шешімдерді қабылдау үшін елдің сыртқы жағдайын тұрақты түрде бағалау мен өлшеу қажет. Біз білетініміздей, елдің басқа елдермен арасындағы қаржы ағымдары мен экономикалық операциялар мәліметтері жүйеленіп төлем балансында көрсетіледі де, ол елдің сыртқы жағдайын талдау мен қажеттіөзгерістер енгізу үшін негіз болып табылады. Сыртқы экономикалық іс - әрекеттерді есептеу орта ғасырларда пайда болған. «Төлем балансы» терминін Шотландық экономист (XVII ғ) Джеймс Стюарт ойлап тапқан. XX ғасырдың басында төлем балансын құрау әдісі АҚШ және Англияда дами түсті. Осыған негізделе отырып, ХВҚ барлық елдер бойынша ортақ төлем балансын құраудың стандарттық әдістемесін жасаған. «Төлем балансына - бақылаулар» (алғы шарт) деп аталатын 4 үлгі ХВҚ – ның толық схемасы 112 баптап тұрады. Кеңейтілген схемасы бұл баптарды 7 топқа ....
Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді. Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады. Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады. Қазақстанның мәдени - тарихи және демалыс зоналарын жетілдіру мен сақтауға, саланың ғылыми - әдістемелік қамтамасыз етілуіне, кадрларды дайындауға үлкен мән бөлінетін болады. Туристік қызмет кәсіпорын шаруашылық әрекетімен ғана шектеліп қоймайды, ол әр түрлі қоғамдык және кәсіби ассоциациялар мен бірлестіктердін, аймақтык, ұлттық, халықаралык институттар, мемлекеттік және мемлекет аралык реттеу ұйымдарының қызметімен өте тығыз байланысты болады. Туристік сапардағы адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық осы элементтер әрекетінің жиынтығы туризмнің әлеуметтік - экономикалық құбылыс ретіндегі түсінігін қалыптастырады. Туризм құрылымдарынын әр қайсысы өзінің нақты функциясын жүзеге асырғанда маркетинг концепциясын қолданады, сол арқылы ғана өз қызметінің тиімділігін арттырып, өзіне және қоғамға белгілі бір пайда алып келе алады. ....
Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең , сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша –несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды. Бұл бағдарламаның негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 2006 ж. 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы құрады. Қазақстан Республикасының банк жүйесi Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi: 1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу; 2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; 3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру; 4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу. Осы аталған Ұлттық банктің міндеттері мен қызметтерінің тиімді жүргізілуі ұлттық экономиканың тұрақты дамуын, инфляция деңгейінің төмен шамасын қамтамасыз ету, валюталық операциялардың бір ізге түсуін, елдің жалпы қаржы жүйесінің дамуын жүзеге асырады. Сондықтан Ұлттық банктің еліміздің орталық банкі ретіндегі экономикадағы атқаратын қызметтері мен саясаттарын толық зерттеп қарастыру менің осы жұмысымның мақсаты болып табылады. Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі Ұлттық банк елміздің несие және банк жүйесінің негізгі құрылымы және бүкіл экономиканы реттейтін экономикалық құрылғы болып табылады. Бүгінгі таңда Ұлттық банк өзінің атқаратын ақша-несие саясаттарының механизмдері бойынша Еуропа кеңістігінің стандарттарына өтуде. Сондай-ақ Ұлттық банкіміз ТМД елдері бойынша нағыз классикалық банктің операциялары мен саясаттарын жүргізіп отырған жалғыз банк болып табылады. Яғни, ТМД елдерінің Орталық банкі деп те атасақ болады. ....
Өзімнің жұмысымды мен «Қазақстан республикасының ұлттық валютасының нығайту проблемасы» туралы тақырыпта жазып отырмын. Осы тақырыпты тандап алған себебім, ең біріншіден, теңге – бұл Г.А. Марченко мырза айтқандай «тәуелсіздіктің тұмары». Яғни, ұлттық валюта - әр елдің тарихында маңызды орын алатын және мемлекеттің экономикалық егемендігінің көрсеткіші болып отыр. Ұлттық валютаның енгізілуі нарықтық экономикақа көшуге бағытталган түpлi структуралық өзгерістердің бірі. Осы сәтте, бар жетістіктері мен қиыншылықтарын, теңгенің енгізілуінің алдында, оған артқан үміттерінің ақталғаны немесе ақталмағанын атап көрсеткім келді. Жалпы айтқанда, ақша - бұл ежелден келе жатқан тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Олар адам арасындағы өндіріс кезінде белгілі бір экономикалық қатынастардың көрсеткіші ретінде саналады. Ғасырлар бойы адам өркениетінің дамуымен қатар, ақша қатынастары мен жүйесі үнемі дамып келеді, және олардың бүгінгі қалпы да біткен іс емес. Теңге де дамып келе жатқан валюта.....
Қазіргі замандағы әлемдік медицина әртүрлі дәрілік препараттардың шамамен он мыңдай түрін пайдаланады. Медициналық тәжірибеде қолданылатын маңызды препараттардың тізіміне шамамен 700 түрі кіреді. Әлемдік елдердің бірде біреуі медикаменттердің толық номенклатурасын өндіре алмайды. Әлемнің дамыған елдері маңызды дәрілердің өндірісін қамтамасыз етуге, ал тапшылықты өзара жабдықтаулармен толықтыруға тырысады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібі дамуы жағынан артта қалды. Біздің мемлекетіміздің қажеттілігі соммасы 500 миллион АҚШ долларынан асатын медикаменттерге болып отыр. Ішкі күштер жылына қажеттіліктердің 11 пайызын қамтасыз етеді. Қалғаны жақын және алыс шетелден импортталады. Осыған байланысты, бүгінгі күні республиканың денсаулық сақтау басқармасы шетелден дайын дәрілік препараттарды сатып алу үшін қажет валюталық құралдардың бар болуына 94 пайыздан астам тәуелді. Нарықтық экономикаға өту кезеңінде Қазақстан Републикасында қалыптасқан қаржылық тапшылық кезінде дәрілік препараттар импортына тәуелділік дәрілік қамтамасыз ету жағдайын кенет нашарлатты. ЮСАИД мәліметтері бойынша, Қазақстандағы медикаменттердің бағасы (2005 жылы) 1993 жылмен салыстырғанда 386 ретке ұлғайды. Өзіндік дамыған фармацевтикалық өндірістің болмауы нәтижесінде бұл жағдай әлеуметтік маңызы бар мәселеге айналды. Сонымен қатар, импорт бойынша дәрілік препараттарды сатып алуды жалғастыру экономикалық мағынада мынаны білдіреді – шетелдік фармацевтикалық фирмаларды қазақстандық қаржы көздерінен қаржыландыру. Осының барлығы фармацевтикалық нарық құрылымын зерттеудің өзектілігін және оны жетілдіру бағыттарын жасауды көрсетеді. Курстық жұмыстың мақсаты – дәрілік препараттар нарығын зерттеу, проблемаларды анықтау және осы нарықты жетілдіру үшін ұсыныстар беру. Курстық жұмыстың міндеттері: - маркетингтік зерттеудің теориялық аспектілерін зерттеп білу; - дәрілік препараттар нарығына жалпы сипаттама беру; - «Химфарм» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасын беру; - дәрілік препараттар нарығын зерттеу және талдау; - осы нарықтағы проблемаларды анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну.....