Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының төлем балансы

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының төлем балансы

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының төлем балансы казакша Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының төлем балансы на казахском языке
Мазмұны

Кіріспе
I. төлем балансының мәні және Қазақстан Республикасының төлем
балансы.

1.1. Төлем балансының мәні және т.б

1.2. Төлем балансының (басқа халықаралық) есеп айырысу балансынан айырмашылығы.

1.3. Қазақстан Республикасындағы төлем балансы.
II. Төлем балансының құрылымы және оның жағдайына әсер ететін факторлар.

2.1. Төлем балансының принциптері мен құрылымы.

2.2. Төлем балансының жағдайына әсер ететін факторлар.

2.3. Төлем балансының теориялары мен келісімдер.

III. Төлем балансының валюта нарығындағы рөлі және Қазақстан Республикасының соңғы жылдардағы төлем балансы.
3.1. Төлем балансының валюта нарығындағы рөлі.

3.2. Қазақстан Республикасының соңғы жылдардағы төлем алансы.


Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.


I.1 Төлем балансының мәні және есеп айырысу балансы

Кез келген мемлекеттің халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қатынастары оның халықаралық есеп айырысу баланстарында жалпы қорытынды көрініс табады.
Халықаралық есеп айырысу баланстары агрегаттық экономикалық көрсеткіштер жүйесінде маңызды орын алады, себебі ол ұлттық табысты елдер арасында қайта бөлуді көрсетеді. Сондықтан жиынтық өнім мен ұлттық табысты бөлгенде халықаралық таланттар мен міндеттемелердің таза сальдосы есептеледі.
Халықаралық есеп айырысу баланстары-ол бір мемлекеттің басқа мемлекеттерге қарағанда ақшалы талаптары мен міндеттемелерінің және түсімдері мен төлемдерінің арақатынасы.
Халықаралық есеп айырысу баланстарының негізгі түрлері мыналар
1.Төлем балансы
2.Есеп айырысу балансы
3.Халықаралық қарыз балансы

Төлем балансы дегеніміз - белгілі бір уақыт аралығында мемлекет тің шетелге төлеген валюталық сомасымен оған шетелден түскен соманың арақатынасы. Белгілі бір мерзімнің (жыл,ай,тоқсан) және бір күндік төлем балансы болады.
Бір күндік төлем балансы статистикалық көрсеткіш ретінде жарияланбаса да, ол белгілі бір датаға орындалуға тиіс төлемдер мен түсімдердің арақатынасындағы өзгерістерді көрсетеді.
Белгілі бір мерзімнің төлем балансы осы уақыт аралығындағы төлем мен түсімдердің арақатынасын көрсетіп, мемлекеттің халықаралық экономикалық қатынастардағы өзгерістерін және елдің экономикасының жағдайын білуге көмектеседі.
Егер валюталық түсім төлемнен артық болса, онда төлем балансы активті, ал егер төлем түсімнен артық болса, онда төлем балансы активті, ал егер төлем түсімнен артық болса, онда төлем балансы пасивті деп айтылады.
Халықаралық валюжталық қатынастардың әдістемесі бойынша құралатын төлем балансы тек жүргі зілген түсімдер мен міндеттемелер бойынша болашақа орындалатын төлемдерді, яғни есеп айрысу балансының элементерінде көрсетіледі.
Есеп айырысу балансы дегеніміз –бір мемлекеттің басқа мемлекетерге қойған валюталық талаптары мен міндеттемелерінің арақатынасы. Бұндай талаптар мен міндеттемелер тауарлар мен

қызметтерді экспорттау нәтижесінде, сондай-ақ заемдар мен несие бергенде пайда болады. Есеп айырысу балансы : белгілі бір мерзімнің және белгілі бір датаға деп екіге бөлінеді .
Белгілі бір күнтізбелік мерзімнің есеп айырысу балансының активтік тараулары бір елдің , шетел мемлекеттерінің қойған жаңа талаптарының сомасы мен оның шетелден алған инвестициасын көрсетеді . Пассивтік тауарлары керісінше , елдің несие және шетел инвестициалары бойынша ойлаудан туындайтын міндеттемелерін көрсетеді. Белгілі бір мерзімнің есеп айырысу балансы бір елдің басқа мемлекетке қойған талаптары мен міндеттемелерінің тек өзгеру динамикасын көрсетеді . Ол бойынша елдің жалпы валюта- қаржылық жағдайын айқындауға болмайды.
Елдің халықаралық есеп айырысу позициясын бағалау үшін белгілі бір мерзімге жасалған есеп айырысу балансын алған дұрыс . Осы елдің шетелге бдрлық талаптары мен міндетемелерің қай уақыта пайда болғаның және қай уақыта өтелуі керектігіне қарамастан оларды ара қатынасын көрсетеді. Оның активтік сальдосы мемлекеттің несие мен инвестицияны өзіне тартқанаң гөрі басқаға бергендігі және ол несие беруші ретінде болашақта валюталық түсімдерді алатындығын көрсетеді. Белгілі бір датаға жасалған есеп айырысу балансының поссивтік сальдосы мемлекеттің нетто –борышқор ретіндегі позициясын сипаттап , сырттан түсімдер мен қамтамасыз етілмеген шетелге болашақтағы төлем мөлшерін көрсетеді.
I.2 Төлем балансының есеп айырысу балансынан айырмашылығы

Төлем балансы мен есеп айырысу балансының бір-біріне негізгі айырмашылығы мынадай:
- Төлем балансына тек іс жүзінде жүргізілген түсімдер мен төлемдер кіреді: есеп айырысу балансына елдің шетелге қойған талаптары мен міндеттемелері кіреді:
- Есеп айырысу балансында барлық алынған және берілген несиелер көрсетілед,оныфң ішінде төлем балансына кірмейтін өтелмеген несиелер де көрсетіледі.
- Төлем және есеп айырысу баланстарының ақырғы сельдосы-активтік немесе пассивтік бір-біріне сәйкес келмейді, әдетте олар қарама-қарсы болады, себебі несие беруші елдердің(АҚШ,ГФР,Жапония және т.б)есеп айырысу баланстары активтік болады,ал төлем балансы әлсін-әлсін,әсіресе ағымдарыоперациялар бойынша пассивтік болады.
Борышқор едердің пассивтік есеп айырысу балансы кейде активтік төлем балансымен сай келеді.
- Төлем балансына тек төленген экспорт және импорт кіргізіледі,ал есеп айрысу балансы болашақта несие алумен төленетін тауар айналымының төлембеген бөлігін қамтиды.
Сөйтіп, төлем және есеп айырысу баланстарының бір-біріненайырмашылықтары көбнесе халықаралық несеие қатынастарымен дамуымен айқындалады.
Халықаралық қарыз балансы өркендеген және өркендеуші елдердің статикасында кең қолданылатын мәліметтер жиынтығы. Оның есеп айырысу балансына ұқсастығы болғанымен одан қаралатын тарауларының жйынтығымен және кейбір елдердің өз ерекшеліктерімен айрықшаланады. Мысалы: АҚШ, «Халықаралық инвестициялары балансы» деген төмендегі келтірілген 1-ші кестедегі көрсетілгенлей тауарлардың құралатын көрсеткіштер қолданылады.
1 - ші кесте. АҚШ Халықаралықинвестициялар балансы (млрд.долло
1981 ж 1992 ж
АҚШ – тың шетелдік активтері

АҚШ – тың ресми алтын валюта резерві 719,6 1253,7
Мемлекеттік басқа активтер, оған ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мемлекеттік заемдар қосылған.

68,7

85,5
АҚШ – тың шетелдердегі жеке активтері.
620,9 1120,4
Тікелей инвестициялар
228,3 326,9

Портфельдік инвестициялар 63,1 156,8
АҚШ – тың бюджеттен тыс корпорацияларының шетелдегі активтері
35,9 32,9

АҚШ банктерінің шетелдердегі активтері 293,5 603,8

АҚШ – тың шетел салымшыларының алдындағы міндеттемелері.


Шетелдік мемлекеттік салымдар (көбінесе американдық мемлекеттік бағалы қағаздарға)
180,4
322,1
Басқа міндеттемелер (көбінесе)
398,3 1464,1

Тікелей инвестициялар 108,7 328,9

Портфельдік инвестициялар 93,6 490,2
АҚШ – тың банк емес корпорацияларының шетелдік міндеттемелері.
30,6
35,5

АҚШ банктерінің шетелдік міндеттемелері. 165,4 609,5

АҚШ халықаралық инвестициялары балансы. 1409 -5322

Кестеде келтірілген мәліметтер 80- жылдары АҚШ өзінің «портфельдік инвестициялар» әсіресе «АҚШ банктерінің шетелдік міндеттемелері» деген тарауларының өсіп кетуінен кетто-қарыздар мемлекетке айналды. Баланстың ол тауарлары салымдардың американдық бағалы қағаздарға және американдық банк шоттарына «ыстық ақшаның» көп түсуін бейнелейді. «Ыстық ақша» деген трансұлттық корпорациялардың, трансұлттық банктердің сол сияқты жеке капитал салушылардың уақытша бос ақшалары.
Дамушы елдердің көбісі кетто-қарыздар мемлекет болып есептеледі. Ол түскен «Жалынды ақша» легінен емес, сыртқы зайымдарды көп тарту салдарынан бұл елдер тобында сыртқы қарыз проблемасы шиеленісуде.

I.3 Қазақстан Республикасындағы төлем балансы.

Төлем балансы - елдің белгілі бір уақыт ішінде шетелге шығарғандарынан түскен түсімдері мен сырттан әкелінген тауарлары мен қызметтер үшін төленген төлемдер арасындағы шекті қатынасы.
Еліміздегі төлем балансы мынадай бөлімдерді қамтиды:
А. Ағымдағы шот.
В. Капитал және қаржымен жасалатын операциялар шоты.
С. Қателер мен қалып қойғандар.
Д. Жалпы баланс.
Е. Қаржыландыру.
Ағымдағы шотта мыналар көрсетіледі:
1) Сауда балансы:
- экспорт
- импорт
2) Таза қызметтер:
- жүк тасымалдау:
- адамдар тасымалдау:
- байланыс қызметі
- туризм
- басқалары.
3) Табыстар:
- заямдар және несиелер бойынша сыйақы (мүдделендіру)
- резервтер бойынша сыйақы (мүдделендіру)
- басқа да.
4) Ағымдағы транфереттер.
5) Гуманитарлық көмектер
6) Техникалық көмектер
7) Гранттар
Капитал және қаржымен жаслатын оператциялар шотында мыналар көрсетіледі;
1) Тікелей инвестициялар
2) Портфельдік инвестициялар
3) Мингранттардың трансферттері(кетуі және келуі)
4) Сауда(комертциялық) несиелері
5) Займдар
6) Басқа инвестициялары(дипозиттер валюта және т.б)
Қателер мен қалып қойғандар шотында ресми түрде резидент еместермен ескерілмей қалғандарды, оған қоса «Көлеңкелі бизнесті» есепке алады.
Жалпы төлам балансы ағымдағы оператциялар боиынша төлем балансын капиталдар мен несиелердің қозғалысын балансы сондаиақ алтын және валюта резервтерінің қозғалысын құрайды.
Жалпы төлем балансы әрдайым теңесіп отырады, яғни оның активтік және пассивтік оператциялары бірыңғаи шаманы құрады
Қаржыландыру шотында мыналар есепке алынады:
1) Қазақстан Ұлттық банкінің резевтері активтері.
2) Монитарлы алтын
3) Шетел валютасы
4) ХВК несиелері.
Қазақстанда төлем балансын Ұлттық банк ерекшелігі - мұнда қаражаттардың ағымы, олардың мерзім ішіндегі өзгерісі ғана көрсетіліп босалқы бөлшектер мен қорлар есепке алынбайды. Мұндағы ағымдағы операциялар шотында оң қалдықтың болуы тауарлар мен қызметтердің экспортын, табыстар мен трансферттердің түсімін білдірсе, ал теріс қалдықтың түзілуі тауарлар мен қызметтер импортын, төленген табыстар мен трансферттердің болуын сипаттайды. Капиталдармен жасалатын операциялар шотындағы оң көрсеткіш сол елдің ризидент еместер алдындағы міндеттемелерінің өсуін және резиденттер жағынан резидент еместерге деген талаптардың қысқаруын сипаттаса, ал теріс шама елдің резидент еместер алдындағы міндеттемелердің қысқаруын және резиденттер жағынан резидент еместерге қойылатын талаптардың өсуін сипаттайды.
Төлем балансының есеп айырысу балансын ажырата білу қажет.
Есеп айырысу балансы – елдің шетелге қатысты талаптары міндеттемелері.
Мұндай талаптар мемлекеттік міндеттемелерге мемлекеттік (алтын – валюта және басқада) және жеке активтер, тікелей инвестициялар, алынған және берілген несиелер, қаржы және қаржы емес карпорациялардың міндеттемелері жатады. Төлем балансының бір айырмашылығы есеп айырысу балансында басқа елдерге қатысты төлем жасалмаған барлық талаптар мен міндеттемелер қамтылады.




II. Төлем балансының құрылымы және оның жағдайына әсер ететін факторлар.

II.1 Төлем балансының принциптері мен құрылымы.

Әр мемлекетке өздерінің сыртқы экономикалық жағдайын білуі үшін оларға кезеңдік статистикалық мағлұматтар керек. осы мағлұматтарды төлем балансынан көруге болады. Ол – белгілі бір кезеңде сол елдің сыртқы экономикалық іс - әреке,т балансын айқындайтын статистикалық құжат. Ол келесі құбылыстарды көрсетеді:
а) белгілі бір елдің өзінен басқа әлем арасындағы тауарлық, қызметтік, табыстық операциялар.
ә) меншіктегі өзгерістер және сол елдің алтын манитарлық, арақатынастарға арнайы ақша резерві (СДР) жәнеде басқа елдерге қарағанда сол елдің қаржылық талаптар және міндеттемелеріндегі өзгерістер.
б) Бір жақты аудармалар (перевод) және орын толтырушы жазбалар. Олар өзара шешуге келмейтін операциялар мен өзгерістерді бухгалтерлік есеп бойыншам теңестіруге қажетті төлем балансының құрамының негізгі болып табылатын принциптер:
Бірінші принцип – қандай да бір елдің белгілі бір кезеңдегі барлық сыртқы экономикалық операцияларды түгелдей қамту ( жыл, ай, тоқсан). Сыртқы экономикалық операциялардан айыра білу үшін ХВҚ ең алдымен резиденттер мен резидент еместер арасындағы операцияларды түсыну қажет.
Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу және валюталық бақылау" заңында "Резиденттер".
а) Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұратындар уақытша басқа елдерде болушылар.
ә) Қазақстан Республикасында орналасқан, оның заңдылығына сәйкес орнатылған заңды ұйымдар.
б) Қазақстан Республикасында орналаспаған және оның заңдылығына сәйкесемес орнатылған өндірістер, ұйымдар, оларды заңды ұйым болып табылмайды.
б) басқа елдерден кез-келген дипломатиялық және т.б. арнаулы өкілдер.
"Резиденттер емес ":
а) Қазақстан Республикасының сыртында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына уақытша келушілер.
ә) басқа елдің заңдары бойынша құрылған басқа елде орналасқан заңды ұйымдар.
б) шетел заңдары бойынша құрылған Қазақстан Республикасы сыртында орналасқан ұйымдар мен кәсіп орындар.
в) Қазақстан Республикасындағы шетел дипломатиялық арнаулы елшілер, халықаралық ұйымдар, олардың филиалдары мен өкілдері.
г) Қазақстан Республикасында орналасқан а және б пунктерінде көрсетілген «резидент еместердің» филиалдары мен елшілері.
Екінші принцип – операциялардың екі қайтара бухгалтерлік жазбасы нәтижесінде бір баптағы (статья) дисбаланс келесі баппен теңеледі. Төлем балансы төлемдік операциялардың тыс операцияларды да қамтиды. Осындай төлемге қатысы жоқ операциялардың бірі – біржақты аудармалар (яғни, қайта төленбейтін біржақты негіздегі төлемдер) ХВҚ – жеке мемлекеттерге арнайы ақша резерв (СДР – ге) береді;
Алтынның монетизациялануы және демонстизацияланды; алтынға деген әлемдіе бағаның өзгеруіне байланысты ұлттық валюта резервін қайта бағалау. Сондықтан да төлем балансы тек төлемдер емес төлем операцияларын қамтиды.
Төлем балансының құралуы мен бағалауды Халықаралық Валюта қорының әдістемесі (төлем балансын құру бойынша нұсқау, ХВҚ басылымы 1993 ж.) негізінде стандартталған есептеу ережелері мен анықтауларына сәйкес жүзеге асырылады.
Төлем балансын құру мен анықтамаларының негізгі ережелеріне:
- резидент пен резидент еместер арасындағы операцияларды есепке алу.
- Операцияларды екі жақты жазу жүйесімен есепке алу.
- Қорлар көлемін емес, ағымдарды ғана көрсету
- Әр түрлі валюталарда көрсетілген операциялар мен төлем сомаларының құндық көлемін біркелкі есептік көрсеткішке келтіру.
- Операцияларды түрлері мен экономикалық секторлар бойынша тіркеу.
Қазіргі заман жағдайларында резиденттік мәселе күрделене түскенін атап кету қажет. Ол әлемдік шаруашылықтағы капитал интерұлттануы, транұлттық корпорациялар іс - әрекетінің кең ауқымдылығы, еңбек күші миграциясының қарқымдылығы мен сол сияқты процестерге байланысты.
Егер де төлем балансы резидент пен резидент еместер арасындағы барлық мәмілелерін тіркейтін болса, экономикалық мәмілелер ұғымына түсінік беру маңызды. Экономикалық әдебиеттерде экономикалық мәмілелер деп бір ел резидентінен басқа ел резидентіне активтерге құқық меншігінің өтуі немесе экономикалық қызмет көрсетудің, тауарға құқықтық меншігінің өзгерісін көрсететін кез келген құндық айырбасталады.
Бұл мағынада кез келген экономикалық мәмілелер әрқашанда екі жақты болғандықтан, олар төлем балансында екі жақты, олар төлем балансында екі жақты жазу әдісі бойынша есептеу жүйесіне сәйкес көрсетіледі. Осы елдің тұрғысынан қарағанда мәмілелердің бұл жақтары дебеттік және кредиттік баптарға бөлінеді. Көп жағдайларда кредит операциялары оң белгісімен, ал дебеттіктер теріс белгісімен жазылады.
Кредит – бұл құндардың кетіп, осы елге оның орнын толтыратын құндардың келуі немесе төлемдер түсуі тиіс. Ал дебет – құндардың келуі және ол үшін ел резиденттері төлемдерді жүзеге асыруы тиіс екені белгілі.
Екі жақта жазу әдісі есебінде кредиторлық жазулар сомалары дебетік жазулар сомаларына тең болып, жалпы нәтижесі нөлге тең болуы тиіс. Көптеген алдын ала дайындау есебін өңдеу негізінде жинақталған төлем балансына төлемдер мен түсімдерді немесе елдің басқа елдермен жүргізген операцияларындағы міндеттемелері мен талаптарындағы өзгерістерді көрсететін көрсеткіштер енеді. Сөйтіп төлем балансын құру принципіне сәйкес оң көрсеткіштердің қорытынды сомасы оның теріс көрсеткіштер сомасына тең болып, барлық жағдайларда формальді тепетеңдікті қамтамасыз етуі қажет. Осыған тепе – тең болады. Бірақ тәжірибеде есептер балансы шықпайды. Оның негізгі себептеріне мәліметтердің әр түрлі көздерден алынуы, кейбір баптар бойынша ақпараттардың төмендетіліп көрсетілуі немесе есептеуде көрсетілмеуін айтуға болады. Сонымен қатар әдістемелік және есептік сипаттарға қателіктер мен байқаусыздықтар да орын алады. Сондықтан төлем балансының барлық есептерінде «таза қателіктер мен байқаусыздықтар» бабы болып, ол есептеуді көрсетуге тиіс болған операциялары бағалаудағы қателіктер мен байқаусыздықтарды көрсетеді.
Төлем балансының құрылымын қарастырайық. Операцияларының сипатына қарай басылымдарды жарияланатын төлем балансы негізгі екі бөлімді біріктіреді.
Төлем балансының құрылымы:
I. Ағымдағы операциялар балансы
1. Сауда балансы (сыртқы сауда операциялар бойынша төлемдер мен түсімдер)
а) экспорт
ә) импорт
2. Қызметтер балансы (халықаралық тасмал, факт) кемемен тасылған жүк үшін төленетін ақы, сақтандыру және тағыда басқа және комерциялық емес төлемдер (патент үшін төлем).
II. “Копитал және несие қозғалыстарының балансы”.
Төменде төлем балансының стандартты топтастыралуының құрылымы берілген ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 25 | 13.01.2019



Загрузка...

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Қазақстан Республикасының төлем балансы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Қазақстан Республикасының төлем балансы, курстык Қазақстан Республикасының төлем балансы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар Эконом, Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының төлем балансы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін