Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өз ғұмырын тек өлең жазуға, орыс және басқа да тілдерден аудармалар жасауға арнамаған. Сонымен қатар публицистикалық шығармаларын яғни "қара сөздерін" жазып қалдырғаны белгілі. Ал енді қара сөздерінің біршамасы не жайлы жазылғандығын және өзім нендей нәрсені түйгенімді жазайын!
Ең алғашқы қара сөзінде алдағы өмірінде нені кәсіп қылып, қайтіп өткізетіні жайлы талқылап, жазған. Ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, софылық қылып дін бағу, балаларды бағу....
Үйлену тойы әрбір отбасының басына туатын қуанышты жайт. Ата-ана той-думанның барынша жақсы өтуіне тер төксе, келген меймандар өздерінің ізгі ниетті тілектерін білдіріп әлек. Алайда, тойда сөз сөйлеуден қашқақтап журетіндер де кездесіп жатады. Ойда жоқта тұрғаныңызда асабаның микрофон төсеп қалуы ыңғайсыз жағдайға қалдырмас үшін жас жұбайларға арналған ең әсерлі тілектер топтамасын ұсынады.
Құрбан айты мүбәрәк болсын! Отыз күн оразаның ішіндегі тілектеріңіз қабыл болсын! Алла тағала келер жылдардың айт мерекесіне аман-есен жеткізуге жазсын!
Болсын аман туыстарың, Жаман іске жұғыспағын. Болмашыға өкпелесіп, Достарыңмен суыспағын.
Мен тілеймін оңдасын деп, Ұлы Алла қолдасын деп. Осы отырған......
Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.
Созылмалы панкреатит – ұйқыбез паренхимасының, түтіктерінің зақымдануымен дамитын және этиологиялық фактордың тоқтауына қарамастан өрістейтін, соңында бездің склерозына, экзо-, эндогендік функцияларының жетіспеушілігіне әкелетін ұйқыбездің созылмалы қабыну-дистрофиялық ауруы. Этиологиясы. 1.Ішкілікке салыну(90%). Күн сайын 100-ден алкогольді немесе 2 –л ден сыраны ішу 3-5 жылдан кейін ұйқыбезде гистологиялық бұзылыстарды дамытады. 2.Барлық гипертензия – бауырдан төмен биллиарлық түтіктерде қысымның биіктеуі (Фатер емізігінің стенозында, Одди сфинктерінің түйілуінде, холедохта тастың тірелуінде, және онекелішектік гипертензияда болатын). 3.Дуоденобиллиарлық рефлюкс (Одди сфинктерінің шамасыздығынан, дуоденостаздан болатын). 4.Алиментарлық фактор- майлы, қуырған тағамды асыра жеу, белоктың жетіспеушілігі, витаминдер, әсіресе А витаминінің тапшылығы. 5.Вирустық инфекция (Коксаки В, гепатиттің вирустары). 6.Дәрмектердің әсерлері (ұзақ қолданған цитостатиктер, эстрогендер, нитрофурандар, қабынуға қарсы дәрмектер, тиазидтік диуретиктер, холинэстераза ингибиторлары). 7.Гиперлипидемиялар (ұйқыбездің паренхимасы мен тамырларына шамадан тыс май жиналуы және бос май қышқылдарының улық әсер етуі). 8.Гиперпаратиреоз (ұйқыбездің түтіктерінде тастардың түзілуі, кейіндеу-кальцинозы). 9.Жедел панкреатиттің созылмалыға ауысуы. Патогенезі. Алкоголь ұйқыбездің секрециясын күрт күшейтеді және сөлінде белоктың мөлшерін арттырады. Бөлінетін сөл белокқа аса қаныққан ерітінді болғандықтан, құрамындағы белок ұсақ түтіктерде уыз тәрізді ұйып түтіктердің өтімсіздігіне әкеледі. Қысымның биіктеуінен, түтікшелердің немесе ацинустардың базальдік мембраналары жарылады, бездің паренхимасына өткен ферменттер оны бейтараптайды. Қанға «тасып»түскен ферменттердің әсерінен өзге ағзаларда жүйелі зақымданады. Бездің өз-өзін бейтараптауынан химиялық некроздар дамиды. Бездің секрециясы неғұрлым күшті болса, деструкцияның көлемі де соншалықты. ....
Созылмалы гастрит- асқазан кілегей қабығының жасушалық инфильтрациясымен, регенерациясының бұзылысымен жүретін және үнемі бездік эпителийдің атрофиясына, кілегей қабықтың ішектік метаплазиясына алып келіп, асқазанның секрециялық моторикалық инкрециялық функцияларының жетіспеушілігін туғызатын, асқазан кілегей қабығының созылмалы қабыну ауруы. Этиологиясы. Созылмалы гастрит- полиэтиологиялық ауру. Дамуына алып келетін себептер: • хеликобактерлік инфекция (95%) • аутоиммундық фактор (15-18%) • дуоденогастральдік рефлюкс; • ұзақ қолданған дәрмектердің әсері, стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектердің, калий хлоридінің, резерпиннің, туберкулезге қарсы дәрмектердің т.б • алиментарлық факторлра (уақтылы тамақтанбау, тамақты дұрыс шайнамау жұту, аса өткір, ыстық немесе салқын тағамдарға әуесқойлық) • зиянды әдеттер; • өзге ағзалардың аурулары ( анемия, өкпенің, жүректің, бүйректің жетіспеушілігі, созылмалы холецистит, панкреатит, дуоденит;) Созылмалы гастрит дамуының ең басты себебі- хеликобактерлік инфекция- 90-95% Патогенезі. Аталған факторлардың ұзақ әсер етуінен асқазан эпителийінің регенерациялық қасиеті төмендейді, қабыну процессі дамиды, жүре келе қалыпты эпителий мен бездер жойылып, асқазанның кілегей қабығында атрофиялық және ішектік метаплазия процесстері туындайды. Кілегей қабықтың атрофиясы ақырында асқазан секрециясының жетіспеушілігіне әкеледі. Жіктемесі. Созылмалы гастриттің 3 түрін айырады: атрофиясыз; атрофиялық; ерекше түрлері; Атрофиясыз гастриттің басты себебі- Н. Pylori. Атрофиялық гастриттің өзі 2 түрге бөлінген: аутоиммундық және мультифокальдық. Мультифокальдық деп асқазанның бір бөлігінен алынған биоптаттарда, тұтас емес, көп ошақты атрофияның және НР болуымен дамитын түрін айтады. Бұл гастриттің ракқа жиі айналатын түрі болып саналады. ....