Экономика | Бюджет-салық саясатының қысқа және ұзақ мерзімі

I.Кіріспе
1.1.Бюджет-салық саясатының қысқа және ұзақ мерзімдегі мақсаты, құралдары
Мемлекеттің экономикаға әсер етуі салық салу құралдары арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік шығындар мемлекеттік бюджеттің қаржыларын пайдалану нәтижесінде мүмкін болады, ал салық бюджетті қаржымен қамтамасыз ететін бірден-бір құрал.
Бюджет-салық саясаты ( қазыналық (фискалдық) саясат) – мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шараларжұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-теңдігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Ынталандырушы бюджет-салық саясатының (қазыналық экспансия) мақсаты – қысқа мерзімді кезеңде экономикадағы циклдік құлдырауды жою. Ол үшін мемлекет шығындарды (G) өсіріп, салық мөлшерін төмендетуді немесе біріктірген, құрастырма шараларды жүзеге асырады.
Ұзақ мерзімдік кезеңде ынталандырушы бюджет-салық саясаты өндіріс факторларын кеңейтуге және экономикалық әлуеттің өсуіне алып келуі мүмкін. Бұл кешенді салық реформасының жүргізілуіне байланысты болады. Ал ол өз кезегінде Орталық банк жүргізетін тежеуші ақша-несие саясатымен және мемлекеттік шығындардың құрылымын оңтайландырумен байланысты. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Агрономия | Алматы облысы Кербұлақ ауданы жағдайында себу мерзімінің сүрлемдік жүгерінің сапасы мен өніміне әсері

КІРІСПЕ

Алматы облысы республиканың оңтүстік шығысындағы өсімдік шаруашылығы саласымен айналысатын ірі аймақ. Облыста егіншілікпен қатар, сүтті және етті ірі қара малдар шаруашылығы дамыған.
Сондықтан, өңірде мал шаруашылығын жеткілікті мөлшерде мал азығымен қамтамасыз етуде жоғары өнімді, сапасы жоғары дақылдарды өсірудің практикалық маңызы зор.
Кербұлақ ауданының көптеген шаруашылықтары шөл-далалы жерлерінде орналасқан. Ауадан экономикасын көтеріп, жергілікті халықтың әл-ахуалын жақсартуда жетекші роль мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Әзірге ауданда мал шаруашылығын өркендетудің мүмкіндіктері толық қанды пайдаланылмай отыр. Сол себепті, ірі қара малдың тұрақты берік мал азығы қорымен қамтамасыз етуде, мал азығы рационында сүрлемдік дақылдардың үлесін арттыру қажет. Себебі, олардың қорытылғыштығы жоғары, сүт қуғыш өсімдіктер. Өңірдегі негізгі сүрлемдік дақыл – жүгері.
Дақылдың дәнін қамырланып пісуге дейін апару, құрғақ заттар үлесін дәнінде 50%, ал жалпы өсімдікте 28% жеткізеді. Әзірге ауданда сүрлемдік жүгерінің өнімділігі төмен. Дақыл өнімділігінің төмендегінің басты себебі, оның қарапайым технологиямен өсіріліп, ерте орылуы, яғни сүттену сатысында сүрлемге салу.
Қазіргі кезде, өндірісте қолданылып жүрген жүгері сорттары мен будандары ерте және орташадан ерте мерзімде пісетіндер.
Сондықтан, олардың дәнінің қамырлану сатысында әбден жинауға болады. Аталған сатыда жүгеріні сүрлемге жинау өнімділікті көтерумен бірге, оның сапасын жоғарылатады.
Өңір диқандарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі, сүрлемдік жүгеріні қарқынды технологиямен өсіру арқылы собығын қамырлану сатысына жеткізіп ору. Қарқынды технологиямен өсіруде күтіп-баптау шараларына үлкен мән беріледі. Себебі, вегетация дәуірінде, әсіресе оның бастапқы сатысында жүгері баяу өседі де, танаптар арамшөптермен күшті ластанады. Жүгері танаптарында арамшөптер күресу қатараралықтарды өңдеу арқылы жүзеге асырылады.
Танаптың арамшөптермен ластану көрсеткіші өңдеу саны мен сапасына тікелей байланысты.
Сондықтан диплом қорғаушы шаруашылық жағдайында өндірістік тәжірибе қойып, онда ол сүрлемдік жүгері қарқынды технологиясының негізі буыны – қатараралықты механизациялау әдісімен өңдеудің сүрлем өнімділігіне және оның сапасына әсерін зерттеп, эксперимент нәтижелері бойынша дипломдық жұмыс орындады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ақшасы аппаратпен 5 сағат саналған олигарх мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Ұсталған кезінде үйінен табылған ақшасы 5 сағат бойы саналған Ақтөбенің атақты олигархы уақытынан бұрын бостандыққа шықты. Атышулы Мейіржан Өндіргенов рақымшылыққа ілініп, оның жаза мерзімі қысқартылған деп хабарлайды ктк арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Қазақстандықтарға жинаған зейнетақысын ертерек алуға рұқсат беруі мүмкін

«БЖЗҚ» басшысының орынбасары Сәуле Егеубаева зейнетақы заңына өзгеріс енетін болса, қазақстандықтар зейнетақыны мерзімінен бұрын алып, оны оқуға, ипотекаға және еміне жұмсай алатынын мәлімдеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңалықтар
Толық

Қазақстанда мемлекет есебінен үй алатындардың тізімі өзгерді

Қазақстан елордасында баспанаға зәру адамдар есебіне тіркеу үшін талап етілетін тіркелу мерзімін үш жылдан бес жылға дейін ұзартуды, ал”толық емес отбасы” ұғымына тек жесірлер мен әйелі қайтыс болған ер азаматтарды ғана жатқызу ұсынылуда.
Жаңалықтар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы