Қазақстандағы азық-түлік бағасы күрт қымбаттап кетті

Қазақстандағы азық-түлік бағасы күрт қымбаттап кетті

2015 жылы желтоқсанда 2014-тің дәл осы мерзімімен салыстырғанда азық-түлік бағасы 10,9 пайызға қымбаттаған.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2015 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда анағұрлым қымбат.

Нақтырақ айтсақ, қанттың бағасы-19,8 пайызға, балық пен теңіз өнімдері-19,5 пайызға, сұйық май-18,5 пайызға, жеміс пен көкөніс өнімдері-17,3 пайызға, кофе мен шай және какао 16,9 пайызға өскен.

Онымен қоймай, халық көп тұтынатын ұн мен кондитерлік тауарлар 15,2 пайызға, нан-14,4 пайызға, макарон өнімдері-10,2 пайызға, дәнді-дақылдар-9,5 пайызға, ұн-8,2 пайызға және сүт өнімдері-6,4 пайызға шарықтаған.

Ет пен еттен жасалатын өнімдер 2,9 пайызға, шұжық 2,1 пайызға қымбаттапты. Ең қымбат ұн ақтаулықтарда болса, ең арзанын павлодарлықтар тұтынатын болып шықты.

Жаңадан жиналған жемістер-26,7 және қант 20,1 пайызға қымбаттапты. Тоқыма бұйымдарының бағасы 35,4 пайызға, кабельдік теледидар қызметінің тарифі 51,3 пайызға қымбаттаған.

Тіпті тұрғын үй – коммуналдық қызметтері болса жылыту бағасы-14 пайызға, суық су – 12,7 пайызға және кәріз құбыры жүйесі -10,3 пайызға қымбаттаған.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Құрбан айт 2021: қашан, құрбандық шалу шарттары, дұғасы, құрбан малының жасы, жарамды мал 18.07.2021, 0
» Асқар Мамин: 600 мың педагогтің жалақысы 25 пайызға артады 13.07.2021, 0
» Space X осы жылдың қыркүйегіне дейін бүкіл әлемді интернетпен қамтамасыз еткісі келеді 12.07.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы