Құмарбек Қалиев | Бір күні

.. — Табыс қалай? ... — Мәз емес, оны да ай сайын бермейді. Басқа баратын жер жоқ, сонан жүресің осылай, Доха, жарты кірпіш әперіп жіберші, болса

... — Ей, жартыны көбейтіп жібергендерің не, қазір тағы по-колхозному боп шығады анау сияқты ... — Фундаменттен кетіп тұрғанын көрмейсің бе, әйтпесе мен білмей тұр деймісің? ... — Бұл сендерге Алашыбайдың стайкасы емес халтурить ететін, бұл атаның мәңгілік мекені, дұрыстап істеңдер асықпай

... — Жарайды, сен айтпасаң білмейді екенбіз, қазір қалған қатарлармен түзеледі ғой. Осы темпті ұстасақ, түске дейін бітіп те қаламыз. – Құдай бұйырса де.

— А-а-а, солай екен ғой, жарты күрек сарыбалшық қосыңдаршы, раствор кіріксін.

.....
Әңгімелер
Толық

Жеңіс күні

Әр қазақтар тойлайды жеңіс күнін,
Он алтыншы желтоқсан тәуелсіздік алған күн
Көп тер төгіп соғысқан қазақ елі,
Осынау бір тәуелсіздік күні үшін.
Қазақ жерінің түкпір – түкпірінен тойлайды,
Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаған
Тәуелсіздік біздікі деп тойлаған.
Тақпақтар
Толық

Ғабиден Қожахмет | Жеңіс күні немесе туған жер ұғымы

Станса басынан колхозға қарай бастай беретін аттылы-жаяу талай жол қылған қара жолдың бойында жол қапшығын арқалаған Жеңіспен оралып келе жатқан солдат келеді. Солдаттың дәл қазір қай майданда соғысқаны да, оның қандай бөлімде соғысқаны да маңызды емес. Бәрінен де маңыздысы – оның туған ауылынан мүлде жырақ жерде өткен соғыстан кейінгі өзінің туған жерін – қазақ ауылын сағынып келе жатқандығы.

Солдатты енді бір сұрақ қинайды. Ол алдынан шыққан ақ шашты ананың: «Менің ұлымды көрмедің бе?» – деген сұрағы. Ақ шашты ана ұлынан «қара қағаз» алған екен ғой. Мүмкін ақ шашты ананың ұлы мен соғыстан қайтқан солдат құлын-тайдай тебісіп бірге өскен жандар шығар? Мүмкін екеуі майданға да қарайлас алынған шығар? Бірақ соғыс алақандай ғана ауылдың көлеміндей жерде өткен жоқ қой. Мүмкін екеуі екі майданда соғысқан шығар? Көрмеген.

— Тілектестің көкесін көрмедің бе?

Қара торы келіншек солдатқа үмітпен қарайды. Тілектестің көкесінен де «қара қағаз» келген екен ғой. Бірақ Тілектестің көкесінің де, ақ шашты ананың ұлының да сүйегі жат жерде қалып қойып, солдат өзінің ауылына аман-есен келіп тұрғанына жазықты емес қой.

Рашид Мұсабаев орындайтын «Жеңіс күні» әнінің мына бір сөздерінде (музыкасы Д.Тухмановтікі, сөзін жазған В.Харитонов, сөзін аударған Бегілдә Алдамжар) соғыстан қайтқан солдаттар Аналарға есеп береді:.....
Әңгімелер
Толық

Антон Чехов | Қаскүнем

Сот тергеушісінің алдында үстінде шұбар көйлегі, бұтында қырық құрау дамбалы бар бір телтиген, ересен арық мұжық тұр. Өзінің түк қаптап, шешек шұқырайтқан бұп-бұйра беті мен салбыраған қап-қалың қасының астынан әрең көрінген көздерінде бір тұнжыраған сұсты сипат бар. Талайдан таралмай, ұйысып қалған шашы бөріктей болып, түріне бұрынғыдан да бетер, өрмекші сықылды сұстылық бере түскендей. Жалаң аяқ тұр өзі.

— Денис Григорьев! - деп бастады тергеуші - Берігірек кел де, менің сұрауларыма жауап бер. Шілденің жетісі күні таңертең теміржол қарауылшысы Иван Семенов Акинфов

141-шақырымда жолмен келе жатып, рельсті шпалға бекітетін гайканы суырып алып жатқан жеріңде сенің үстіңнен түскен. Сол гайка мынау, мінеки!.. Өзіңді ұстағанда әлгі гайка бойыңнан табылған. Осылай болып па еді?

— Немене?

— Акинфовтың айтқанындай, бәрі осылай болып па еді?

— Білемін, болған.

— Жақсы, ал енді гайканы не үшін суырдың?

— Немене?

— Сен өзің "неменеңді" қоя тұр да, сұраққа жауап бер: гайканы не үшін суырдың?

— Егер зәру болмасам, суырмас та едім, - дейді Денис қырылдап, төбеге көзінің қиығымен қарап қойып.

— Бұл гайканың саған не керегі болып еді?

— Гайка ма? Гайкадан біз салдауыр жасаймыз... .....
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Әуезов | Үш күн

I

Оған енді көп заман болды...

Көлбайдың бір ерекше кейіп отырған күні еді. Үш қанат қара лашығының ішінде су тезекті қоздандыра алмай, өңеші қызарғанша үрлеп отыр. Кешегі нөсерден кейін құрғақ отын тұратын Көлбай үйі ме? Әл-дәрменін жиып, от басына шөгіп ап, тағы-тағы үрлейді. Ащы түтін қолқасын атып, көзінен жас ағызады. Бірақ тұтанбайды. Түтіні құрғыр шаңырақтан шықпайды. Кішкене үйдің ішін бықсып, шалқып, мор болып, басып алды. Өзі барып шапқан тобылғысын жеткізіп алайын дегелі әлденеше күн болса да, бай үйі көлік берді ме?

— Әй, итшілеген қу дүние-ай! — деп, кішкене қол көрігін босағаға лақтырып тастап, қалаулы тұрған тезектің бірнеше томарын алып, қолымен үге бастады... Басы, көзі, қойны-қоншын ораған сасық көк түтіннен бетін бұрып босағаға қарады...

— Мына пәлесі тағы жатыр ма еді жаратқан? — деп одан да көзі тайқыды. Тесігі үңірейіп, бір жарты қазан жатыр. — "Түске шейін жамап болып, өзі алып келсін!" — деген бұйрықпен байдың үйі жіберіпті, бүгін құлқын сәріден.

— Алты ай жаздай қара күреш табыс таптырмады! Құдайдың құтты күні не өзі, не жақынының ісін жібереді де отырады. Бай үйінен келген іс болса, ол ақысыз іс деген сөз. Себеп? Себебін несіне сұрайсың? Оған бай да, Көлбай да жауап бере алмайды. Тегі қоңсылық шығар. .....
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Әуезов | Ол күнгі Алматы

Қара ұрт оны әбден түсінеді. Бірақ көптен көріспегендіктен мынаның қалайша оралдырып жүргенін естімек еді. Өзінікіне ұқсай ма, жоқ па? Соны байқамақ. Сондықтан:

— Шын ба, елуге жете ме? — деді.

— Жетпей қоя ма? Өзің ойлап көр. Охотыға қалай шықтым, солай кем болса бір түс киіз, бір сырмақ, немесе алаша, кілем, не болмаса сандықта жатқан ішік, шапан алам! — деді. "Охоты" деген соңғы айларда бұлардың тілінде ауылға барып, шабуыл жасап қайту мағынасында болатын. Семіз қызылдың бұл айтқаны шын екенін осы Фонтан көшесінің өзі-ақ өн бойында көрсетіп тұр.

Әр көшенің басынан кіре бере, Тәшкен аллеясына шейін байқап отырсаң: әлденеше бақшаларда, немесе тәуір үйлердің терастарында ылғи қызарып, аламыштанып, жарқырай жайылып тұрған қазақы қолды жасауды көресің. Бұл үйлердің бәрі де қала чиновниктері мен көпес, немесе мещан атауының үйлері. Соның кейбірінде әдемі оюлы сырмақ, кейінде шебер кестелі түс киіз, кейінде су жаңа; мұндай қызарғаны жоқ үйлер салам шатырлы, аласа дуалды кедей шоқпыт үйлер ғана. Одан басқаның бәріне қазақ аулынан шыққан жасаулы келіндер түскен дерсің.

Бағанағы шал-кемпірді шошытқан қала бұл күндерде сол айналасын жалмап жұтып, қызара бөртіп тұрған талан-тараж қаласы еді. Семіз қызыл осы жасауларды әлгі чиновник, тілмаш, көпестердің үйіне жеткізіп, арзан қол қып өткізушінің бірі еді. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Мұғалімдер күні бүгін

Мұғалімдер күні бүгін, күні ұстаздың шаттанған,
Шәкіртіне дем бергізген жеткізеді деп баққа арман.
Ұстаздардың күні бүгін бар тілегі өмірде
Сол шәкірттің өрге жүзген еңбегімен ақталған.

«Мұғалімдер күні бүгін» өлеңінен


«10 «А» класына – математика, 3-кабинетте, 10 «Б» класына – әдебиет, 5-кабинетте». Бұл 80-жылдар ішінде өзімізге физика пәнінен сабақ беріп, №25 мектепте 90-жылдардың ішінде де сабақ беріп барып, құрметті демалысына шыққан оқу завучымыз Сәбит Жалғасбаев ағайдың даусы. Сәбит Жалғасбаев ағай мектеп радиосынан оқушыларға сабақ кестесін хабарлап жатыр. Осымен бірге электр қоңырауы да үсті-үстіне безілдеуде. Соның арасында Сәбит Жалғасбаев ағай оқушыларды сабаққа кіруге қоңырау соғылып кеткенін айтып асықтыруда.

«...Мұғалима есікті ашып, сыртқа беттей берген сәтте-ақ, тентек қоңырау ақыры өз дегенін жасап үлгереді. Оның ортасындағы ұзынша тілі қабырғасына барып соғылады. Бар болғаны бір-ақ мәрте соғылуының өзі жеткілікті. Дауыс тым алысқа кетеді.

Осы кезде сыртта тұрған оқушылар ішке қарай лап қояр еді. Себебі шәкірт санасы қоңыраудың әмірлі үніне бағынып үйренген». Сайт бетінде бұдан бұрын жарық көрген «Қоңырау» әңгімесіндегі бұл көрініс 90-жылдар ішіндегі №25 мектептің өмірінен алынып жазылған болатын. Өтпелі кезең аталған осы бір уақыттарда 80-жылдар ішіндегі мектеп маңдайындағы радионы былай қойғанда, электр жарығының болмауына байланысты электр қоңырауының өзі де үнсіз қалған еді. Сондықтан да әңгіме: «Электр жарығының уақытша шектеліп тұруына байланысты үстел үстінде жез қоңырау тұрар еді. Жез қоңырау – осы қалпында моп-момақан» деп басталатын еді. .....
Әңгімелер
Толық

Ілияс Жансүгіров | Шаруа күні


Бүгін және «Шаруа күні» деген мейрам еді. Жақсы өсірілген шаруа өніміне өкімет бүгін бәйге бермек.

Әркім-ақ өз шаруасының бір-бір нұсқасын алып келіп, көрмеге қойған. Көрген комиссиялар барлығын жазып- сызып, үлгілі шаруаның алдыңғы бәйгесі мен мақтау қағазын Бадыраққа тағы әкеліп берді.

Жұрт жалпағынан құттықтап жатыр.

Бұларға Бадырақ пен Жеңсік ақ шатырдың астында тұрып, бас иіп ризашылығын білдіреді. Дәл осы кезде Бадырақтың көңілі тасқындап кетіп жан-жағына қарады.

Айналаның бәрі де қалалы қазақ шаруасы. Жұрттың бәрінің өзің ажарлы, киім киісі салтанатты. Біреуден біреудің дәулет артықшылығы жоқ секілді. Баяғы «бай, жалшы» дейтін қазақ ұғымы мұнда жоқ. Бәйгеден келген екі аттың үстіндегі екі пионер немересі жұртқа көсемдік қылып тұр. Қуанышқа кенелген Жеңсігі қасында, автомобилі астында.

Осыны көріп Бадырақтың көңілі тау суындай тасып кетті. Жүрегі ойнақтап тайдай тулады. Өткен бұлдыр күннің азабынан жүректің түкпіріне бұғып қатқан шер-мұңы босанып, бусанып, тас балқып, мұз жібіткендей болды. Өмірдегі бейнет теперішінде темірленген денелерде сіңірлер сықырлап жұмсарып, кедейлікте кепкен жүйкенің жүйесі босады.

Тасқындаған жүректің әлегімен алапты шарасынан алған екі ескі көз жаутаң қағып, кірпіктен қуаныш әсерімен жылым жас жерге төгіліп-төгіліп кетті.

Бұл жас біріншіден — өмірдегі денеде қалған жан жарасының ертедегі езгіндігінің шайындысы еді.

Екіншіден — жаңа дәуірдегі дәулетке тасыған жүректің тамшысымен көпірген көңілдің көбігі еді.

.....
Әңгімелер
Толық