Әңгіме: Құмарбек Қалиев | Бір күні

Әңгіме:  Құмарбек Қалиев | Бір күні казакша Әңгіме:  Құмарбек Қалиев | Бір күні на казахском языке

... — Табыс қалай? ... — Мәз емес, оны да ай сайын бермейді. Басқа баратын жер жоқ, сонан жүресің осылай, Доха, жарты кірпіш әперіп жіберші, болса

... — Ей, жартыны көбейтіп жібергендерің не, қазір тағы по-колхозному боп шығады анау сияқты ... — Фундаменттен кетіп тұрғанын көрмейсің бе, әйтпесе мен білмей тұр деймісің? ... — Бұл сендерге Алашыбайдың стайкасы емес халтурить ететін, бұл атаның мәңгілік мекені, дұрыстап істеңдер асықпай

... — Жарайды, сен айтпасаң білмейді екенбіз, қазір қалған қатарлармен түзеледі ғой. Осы темпті ұстасақ, түске дейін бітіп те қаламыз. – Құдай бұйырса де.

— А-а-а, солай екен ғой, жарты күрек сарыбалшық қосыңдаршы, раствор кіріксін.

... — Тасын қайда жасатасың? — Осында, художник Бақберді жасап жүр екен. — е-е, ол профессионал ғой, баяғыда Алматыдан бітірген дейді, ішіңкіреп кетті ғой, әйтпесе, мықты ғой ол ... — Әй, солар неге ішпесе жүре алмайды екен, ә, ана жылы музейді сәндеді ғой үшеу, үшеуі де «Қастеевті» бітірген дейді, сонда бір айда бір күн сау жүрген жоқ, қайта ішпесе бастары ауырып жұмыс істемейді, сөйтіп директор апайдың қанын ішті біткенше. — Творчество адамдары солай болады дейді ғой ... — И-и-и, қайдағы творчество, алкаш десеңш баяғы. — Сол Баха міне, тағы созып жүр, әйтпесе бүгін басын үйлегенде тасын да қойып жібереміз бе деп едім, оған болмады. — Е, тасы дайын болса орнату қанша дейсің, қайта сол Баханың ауылда жасап жүргеніне құдай де, әйтпесе, бұрын қаладан тасыды емесп пе кісілер. — Енді қайтеді мұқтаж болған соң. Бәрі қойып жатса, елден қалай ғана қаласың?! Тақтаның размері бағана өзің айтқан ғой — Иә, тастың бәрі бір стандарт екен — Олай болса үш қатардан кейін көлденең белдеуді жабасыңдар, Бека, естідің бе? — Естідік, естідік. Ей, осы сенің ақылыңсыз қалай күн көреді екеміз, ә? ...-Соны ұқсаңдар, алладан күндіз-түні ағаларыңның амандығын тілеңдер, мен барда ешкімнен кемдік көрмейсіңдер, Ноха, сен, анда бұрғы бар, соны ал да бір кірпішті тес ортасынан, ай орнатуға. — Осы сенікі неге ылғи да Ноха, Доха, Баха, Бека болып тұрады-ей, аттарын дұрыс айтсаң авторитетің түсе ме? — Ей, сені – Нұрмұхамбет, Доханы – Дөненбай, Баханы – Бақберді деп неше рет қасасам тілім жауыр болмай ма, бір айтқаннан тіл ала қоятын сендер ме?..

— Осы силикат мықты ма, қызыл кірпіш мықты ма? – Оны не қыласың-ей, қаладан коттедж салғалы жүрмісің?!. – Жоқ, мына зираттарды қарашы, бұрынғылары – ылғи қызыл кірпіш те кейінгілері – силикаттан, неге дегенім ғой. Әркім қолына түскенінен салады да, оған неге басыңды ауырттың, одан да растворың жететін болса, андағы жерде Яхон қалсын да, сен шүберек алып қабырғаны ысқылай бер, кепкен соң, лай алынбайды. Алла-ау, бәрін біледі-ей, осынша біліммен бізбен бірге қалай жүрсің, ә? – Он жыл мектепте бұның білгені – «Үшбұрыш – қатаң фигура» деген бір ереже еді, өмір ақылды қылады-ау, сірә... –Өй, өшіп қалдың ғой. Ә, бәсе, үндемейтін бізге ғана мықты екенсің ғой, мыналар бірі қуып, бірі атып еді қайда тығыларыңды білмедің бе, онда анау өзеннен шайынатын екі шелек таза су алып кел, сен жеткенше бұлар да басылар...

— Мына біздің жақта ғой, марқұмының басын қарапайым ғып үйлейді, көбінде осындай төрт құлақты қоршау, қараңдаршы бәрі солай ... – Бәрі солай емес, әне, ағашы да, темірі де, тіпті шымы да бар, әркімнің жағдайы біледі де. – Жоқ, жағдай ғана емес, бұл байқасаң, уақыт диктовать ететін мода деуге бола ма екен, әлде бәсеке ме, әйтеу, осы ескерткіштер қайсысы қай кездікі екені бірден көзге ұрып тқрады, осыдан отыз жылғымен қазіргіні салыстыршы, айырма жер мен көктей, бүгінгі әлдеқайда қымбат та сәнді. – Папам айтқан, развалдың кезінде осында немістер кепті, киноға түсіріп жүр дейді, солар зиратты көргенде «Сіздерде тірілерден өлілер жақсы тұрады екен» - депті. – Менің де жаңа айтпағым сол сияқты болатын, бізде көбіне қарапайым дедім ғой, басқа жақта кейбір зираттар тура мавзолей сияқты екен, соны ғой Тілештің айтып жүргені – «... Сондай күмбездің бірінде үлкен ғып “Тілеш”-деп жазған жазуды көргенде ішіне кіріп өле қалғым келді» - деп. – Мұсылманда сол қате дейді ғой. – Не қате? Тілештің өлгісі келгені ма? – Жоқ, зиратты қымбат тас, темір, бетоннан салған, адамды Алла топырақтан жаратты, топырақ боп тынуы керек екен. – Дұрыс айтасың, сол сияқты мен де естігем, осыдан жиырма жылдай бұрын осында бір үлкен молда ата тұрыпты. Сол кісі ылғи жаңағы сен айтқан сияқты уағыз айтады екен. Көпшілік «рас-ау, молдекеңнің айтқаны – құран сөзі» - деп бас шұлғиды да, артынан молданың айтқанын істемейді, елдің істегенін істейді. Сол ата өзінің басын шымнан үйлеуді тапсырыпты балаларына, олар солай істепті де, осы қорымның бір жерінде болуы керек. - Ал, одан кейінгі жас имам әкесіне күмбез орнатты әне. - Соған қарап бұл шараны да былай деп ешкім кесіп айта алмайтын шығар. Бұрын қайта әр жердің өз заңы бар сияқты еді, қазір бір жердің өзінде әркім ойына келгенін істейтін болып жүр ғой. Тіпті сүйекті күн шыққанша көміп үлгеріп, орынын тегістеп тастайтындар шығыпты. – Ыстапыралла, мынау сұмдық екен, сен осы бізге лапшу не вешаешь случаем, а? – Жоқ, ол рас айтып отыр. Мен де естігем биікте отырған бір ағамыз тура сөйтті деп. – Сонда не боп барамыз-ей, кімге сенеміз, қалай жүреміз, қайда жетеміз? – Сен қиналмай мына көкеңді тыңда: көптен бөлінбе, елдің алдына шықпа, артына қалма. Мен осы айтқанымды құлағыңа құйып ал да толпада меннен көз жазып қалмасаң, сен қиналатын мәселе шешілді де осылай. – Да-а-а, қалай десең де бізде өткен адамды аттандыру қиынның қиыны – Қазақ баяғыда айтты емес пе-«Өлім, қайда барасың? Бардың малын шашуға, жоқтың к...н ашуға» - деп. – Сендер Әлімбектің не айтқанын естіп пе едіңдер? – Е, ол не айтушы еді. – Жоқ, естігеміз жоқ. – Доханың маңдайды шығарғаны ғана қалды ғой, басқаларың болса да біттіңдер, уақыт өтсін, тыңдаңдар. – Ал, құлағымыз сізде. – Әлімбек айтыпты: «Әкем өлді, он баласы болса – он жақты, улап – шулап, тиын – тебендерін алып келгенімен, бәрі бұл жаққа бөтен болып кеткен, әшейін, қонақ сияқты, жөн айтқаннан басқа көмектері жоқ, бар ауырлық өзіме түсті. Жерледім, жетісін, қырқын, жылдығын бердім, басын үйледім, тасын қойдым, мұның моральдық жағын айтпағанда, материальный ущербтің өзі қанша. Осының бәрін есептеп келгенде әкемнің өлмей – ақ қойғаны дұрыс ед» депті. – Во, қалай айтқан!.. – Әй, анау айтады, шайқы емес пе бір жүрген. – Ой, ол шын Мюнхаузен ғой, одан басқа кімнің ойында келеді мұндай сөз, ә?!. – Ендеше, одан әрі тыңдаңдар, анау әкімдікте істейтін Баймолдаев ағайдың жанында сайлау кезінде біраз жүрдім былтыр, сонда оның Әлімбекпен кластаспын дегенін естіген соң, бір реті келгенде осы әңгімені айтып бердім, айтып бердім де өзім шыдамай күліп жәбергенім бар емес пе, қарасам, ағам қабағын түйіп қатты ойланып отыр екен, мен ыңғайсызданып күлкімді тия қоймаймын ба?!. Ана кісі әлден уақыттан барып: «В-о-о-т, дурак – деп басын шайқады да – Сонда ущерб шығады деп әкесі өлмеу керек что ли...-демесі бар ма-Қойшы-ей, осы жерді қиыстырып жоқсың ба?..-Құдайға рас, тура осылай деді – Баяғыда бір қыз жігітпен жаңа танысып отырып «Үйде апайым бар, меннен өткен сорақы»-деп мақтаныпты ғой, мынауың тура соның кері екен де – Ей, жігіттер мен болдым, қарап жіберіңдерші маңдайы қалай шыққанын. ...Онда, Бека, ай осында ма, багажникте ме, алып келші, мен соңғы кірпішті қоям қазір, содан кейін айды орнатамыз, сонымен атамыздың басын үйледік дейміз, бұйырса...

— Осы айдың қалай тұрғаны дұрыс? – Қалай тұрғаны не, бет жағы құбылаға қарайды, болды емес пе? – Жоқ, оны айтып тұрғаным жоқ, әне, қарашы ана зираттарға, кейбіреуінің айы алдынан қарағанда «С» әрпі сияқты, кейбіреуі оған – керісінше, қайсысы дұрыс? – Шынында, солай екен-ау, соны бір қарамаппыз ғой. – Кеше мешітке барғанда молдадан сұрап алу керек еді, ойда болмағанын қарашы... – Сен де «Ақсақ қой түстен кейін маңырап», әбден біткенде «...біреуі С сияқты, біреуі С емес сияқты...» - деп... – Енді мен көргенімді айтып тұрмын ғой, дұрыс болсын дегенім де. – Ей, дауласпаңдаршы, әне, Байата су алып келіп қапты, соның білмейтіні жоқ, келсін, сұраймыз. – Ей, ол қашан білмеймін деуші еді, қазір тағы бір өтірікті қиыстырады.

— Түүүһ, екі қолым үзіліп кете жаздады ғой, былай жап-жақын көрінгенмен, өрге қарай таусылып бітпейді екен. Ей, Бекадан басқаларың бітіп қойып, бостан бос отырсыңдар ғой. Мені азаптамай, сол өзенге өздерің барып шайына салсаңдар, хандықтарыңнан таяр ма едіңдер. – Онда қызық болмай кетеді, Бека да бітіп қойған. Бір үлкен сұрақтың шешімін таба алмай, бір айтса осы айтар – деп, ақылгөйімізді тосып жүр бағанадан. – Е, айта бер онда, неменеге аузыңа маржан салып тұрсың? – Айды қалай қоямыз? – Қалай қойғаны несі, бағана айттым емес пе... – Жоқ, былай ма, әлде, былай ма? – Ымм, тоқта,.. ойланайық кішкене. – Әне, айттым ғой жаңа, бұл өмірі білмеймін демейді ғой. – Т-ә-ә-к, атамыз сексеннен асты, тоқсанға таяды, немере-шөберелерін көрді, арманы жоқ, ендеше, «С» ғып қой. – Неге «С»? – Ай туады, одан соң толады, одан кейін кеміп, өшеді. Адамның өмірі де солай. Кеміген ай «С» сияқты. – Мұны сен оқып білдің бе, молдадан естідің бе? – Жоқ, өзім ойладым. – Айттым ғой бәрін біліп тұрады өстіп қайсысы шын, қайсысы өтірік екенін ұқтырмайды. – Жарайды, Бека, Байекеңнің айтқанымен қой, қате болса, өзі келіп түзетсін. Ал, улап-шулап жүріп ағамыздың мәңгілік тұрағын да үйледік. Құрал-саймандарды мәшінге салдыңдар ғой, қалған материалдарды бір жерге жинаңдар, жетпеген кісілер пайдаланар. Енді шайынып алыңдар, содан кейін атамызға бір дұға бағыштаймыз да қайтамыз, бұйырса... – Байатаң осы, қар жерде власты бірден қолына алады, қалай бағынғаныңды білмей қаласың. – Оған да қабілет керек қой – Мастерство и интеллект не пропьешь дейді ғой, бұл мектептен осылай емес пе...

— Ал, ағамыздың жатқан жері жайлы болсын. Қозғалайық енді...



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Құмарбек Қалиев Бір күні туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Құмарбек Қалиев Бір күні на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Құмарбек Қалиев Бір күні туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Құмарбек Қалиев Бір күні на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналган интересные рассказ, Әңгіме: Құмарбек Қалиев | Бір күні ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер