Отаным -алтын бесігім

Әркімнің өзінің туып өскен атамекені, кір жуып, кіндік кескен жері қымбат болып саналады."Отаным" деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын.Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге,көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін.Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып,еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты.Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті.Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі.Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып,......
Шығармалар
Толық

Мемлекеттік рәміздер - елдігіміздің белгісі

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін алған болатын. Қазіргі кезде тыныш әрі бейбіт өмір сүрудеміз. Сонымен қатар, ел тәуелсіздігінің белгісі - мемлекеттік рәміздер халық жүрегінің төрінен орын алуда. Біздің елде өмір сүріп жатқан әр адам мемлекеттік рәміздерді құрмет тұтып, сыйлайды. Мемлекеттік рәміздерге елтаңба, ту және әнұранымыз жатады.......
Шығармалар
Толық

Туған жер деп соқса дағы жүрегім

Туған жерім - Отаным - Қазақстан. Отанымның мен үшін орны әрдайым ерекше. Қазақстан дегенде естір құлақ өзгеше. Тіпті сол сөздің өзі ыстық секілді.
Қанша жерге, қандай жерге барсақ та үйімізді, отбасымызды сағынып тұратынымыз рас. Ия, тіпті сол уақытта жүрегің әлденеге елпілдеп, «туған жер, туған жер» деп дамыл қағып соғатындай көрінеді. Әр адамның туған жері өзіне ыстық көрінеді емес пе? Мен үшін өзімнің Састөбем айдан да, күннен де артық. Қызық, қазірдің өзінде сәл бір жаққа аз ғана уақытқа шықсақ , дереу сағынып, үйге қайтқымыз келеді. Ал кейін оқуға түсіп, уйден, туған жерден жыраққа кетсек не істер екенбіз? Нендей сезімде болар екенбіз?......
Шығармалар
Толық

Төлеген Тәжібаев

Көрнекті мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз, нар тұлғалы азамат Төлеген Тәжібаевтың туғанына биыл 104 жыл толып отыр. Өзі жоқ болса да, оның шоғы әлі басылмаған жарық жұлдыз 1910 жылы қасиетті де, киелі Арыс топырағында дүниеге келді. «Жігітке – жеті өнерде аз» - дегендей Төлеген Тәжібаев сегіз қырлы – бір сырлы кісі болған. Оған дәлел қазақтың тұңғыш психолог-ғалымы, Қазақ КСР-і ғылым академиясының академигі болған. Осындай азаматы бар қазақ елі бақытты. Төлеген Тәжібаевтың балалық шағы қиын қыстау кезеңде өтті, соғыстың зұлмат жылдарында көзінің ағы мен қарасындай ата-анасынан ерте айрылып,......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киеміз

Барлық игіліктердің ең ұлысы – тәуелсіздік.
У.Годвин

Тәуелсіздік деген тәтті сөз емес. Ол – алаш деп түнемесі дөңбекшіген бабаларымыздың, ағаларымыздың әлде өкініштен, әлде өзекті өртеген намыстан былайғы жақын-жұрағатына көрсетпей, бармағын тістелеп отырып жанарына үйірген көз жасы. Ертеңіміз, елдігіміз не болады деген ұлы уайымы. Қазақ келешекте бодан болып жер бетінен мүлде жойылып кете ме, әлде іргелі елге айналып, көшін түзеп кете ала ма деген жүрекжарды сауалы.......
Шығармалар
Толық

Менің Президентім

Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Бірінші желтоқсан - Тұңғыш Президент күні. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) – тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы . Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымның докторы, академик.......
Шығармалар
Толық

Қазақ тілінің қоғамдағы қолданысы

Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – Қазақ тілі.Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.......
Шығармалар
Толық

Егеменді елімді мақтан тұтамын

Егемендік... Тәуелсіз ел... Қазақстан Республикасы... Иә, бұл сөздер елін сүйетін шын патриоттар үшін қашан да болмасын ыстық естілетіні анық.
Дербес мемлекет болып, көк туымызды желбіреткенімізге аз ғана уақыт болса да уақыт өткен сайын ел өркениеті мен экономикасы жоғарғы деңгейге өрлеп, қарқынды дамуда.
Өткен күнді парақтасақ, азаттық алу үшін басымыздан нелер өтпеді десеңізші?! Халқымыздың тәуелсіздікке дейін көрмеген азабы мен тартпаған зардабы қалмады.......
Шығармалар
Толық

Елімнің рәміздері мақтанышым!

Жұмыр жер бетіндегі мемлекет атаулының қай-қайсында да шет елге өзіндік бет-бейнесін танытатын белгілері-ел нышандары ( туы, елтаңбасы, әнұраны ) болатындығы белгілі. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының да ондай белгі-нышандары болған. Рәміз адамның санасы мен ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Заттың тілдік белгісі сол заттың ақпараты, хабары ретінде түсініледі. Белгі мен мағына арасында тығыз қатынастық байланыс болуында . Халық өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға мән,......
Шығармалар
Толық

Сөзіңнің мәнділігі- мәңгілігі...

Осы, менің бір байқағаным, әдеби шығармаларды немесе шешендік кітаптарды оқып не естісем құлағымның құрышы қанғандай болады. Ондай әңгімелерді естісең қызыға,сүйсіне тыңдайсың. Ал, қазіргі таңда әдеби кітап, шешендік сөздерді оқитын жастар қайда!? Кейбіреулерінің аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп тұрады.т Барынша кедей сөйлейді. Егін арасына шыққан арам шөп секілді, үиреншікті, бұралқы сөздермен сөйлейтін жастарымыз да аз емес, оны күнделікті өмірде де байқап жүрміз.......
Шығармалар
Толық