Менің сүйікті кітабым

Қыркүйек айы болатын. Осыдан бір жыл бұрын мен оқитын мектептің мемориалдық мұражайына саяхат жасағанымыз бар. Ұлы жазушы М.Әуезовтың туған күні қарсаңында өтілетін арнайы сабақ пен түрлі мәдени іс-шаралардың мазмұны қандай әсерлі. Сондай бір кезде мұражайда ілінген суреттер тарихына көз жүгірттім. Ғұлама жазушының біздің Шаянға келіп, бірнеше күн қонақ болғаны, халықпен жүздесіп, өмір түйіткілдерін сезініп,ауданның әлеуметтік тіршілігіне, рухани жағдайына, әсіресе , өнер-білімге көп көңіл бөлгенін білдім. Мектептің атақты жазушы есімімен аталуы да тегін емес екен. Тәрбие көзі білім ошағынан таралатынын айта келіп, ауылдағы ескі мектеп жайын көрген жазушы осы мектептің салынуына мол үлес қосыпты.......
Шығармалар
Толық

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие

«Адамзатқа ең алдымен білім емес тәрбие берілу керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп жерлесіміз ғұлама ғалым Әл-Фараби айтқандай, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына тәрбиенің нәрлі дәнін егетін ең басты ошақтың бірі мектеп болса, сол тәрбие жүйесінің өзегі – мектеп ұжымы. Қазіргі уақытта руханилық пен адамгершілікке негізделген, демократия мен гуманизм ұстанымдарына сәйкес білім беру мен тәрбиелеудің қазақстандық үлгісі жүзеге асырылуда. Қазақстандық ұлтжандылықты, азаматтықты, рухани құндылықты, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында тәрбие беру жұмысының 12 бағыты айқындалды.......
Шығармалар
Толық

Қазақстан - алтын бесігім

Жер шарындағы кез-келген адамның Отаны, туған жері болады.Туған елге деген, жерге деген ыстық махаббат әр адам жүрегін тербейді, жүрегінде өмір бойы сақталады.Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден- ақ ру тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, ұлын құл, қызын күң еткізбеудегі батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдар мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен.......
Шығармалар
Толық

Қазақ елінде туғаныма мақтанамын

Өзбек болып туғаныма мен ешқашан өкініп көрмеппін,басқада болмыстарға көп екіленіп,өкініп көрген болсамда өзбек болып туғаныма өкінбеппін- сірә.Қалай ғана Аллаһ Тағаламыз осынау ұлаңғайыр
ұлылық,дарабоз даналық,маңғаз мерей,пайымды парасат,қонақжайлылық силапты Өзбегіма. Менің ойымша әрбір өзбек «Менің ұлтым - өзбек,тілім – өзбек тілі» деген ойды оншалықты мән бере ұғына бермегенімен, «су түбінде жатқан тас,жел толқытса шығады» демекші,бәрібір нағыз намыстанғанда қәзіргі кейбір мәселе айналасындағы келеңсіздіктер түп-тамырымен жойылары анық. Тегі осынау ұлаңғайыр даланы жайлап жатқан халықтың санасы,парасаты,ой-өрісі ......
Шығармалар
Толық

Менің ауылым

Туған жер -адам өмірінде киелі орын алады.Нақты осы жер оны елімен,өткенімен және болашақпен байланыстырады.Міне,сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезім оянады.Міне,менің де туған жерім бар,ол-Отырар.Мен негізі қатты қуанам.Осындай өлкенің топырағынан жаралғаныма.Жалғыз мен емес Отырар топырағынан жаралған барлық адам куанатын сезінентін сияқты.Негізі Отырар ауданының ішіндегі кішігірім ауылда Қоғам ауылында дүниеге келдім.Біздің қоғамымызда қалыптасқан бір түсінік бар ол басқа бір ортаға барған кезде «Қайдансың?» деген сұраққа ауыл десең,адамда бір менсінбеушілік,төмендету сияқты ......
Шығармалар
Толық

Еңселі елімнің ертеңі

Қазақ... Бұл сөздің түп қазығын қазбаласақ сонау ҮІІ-ҮІІІ ғасырларға барып тіреледі. Сол заманда да еркіндікке жаны құмар халық. Ежелден есімі ел аузына еш кетпеген халық. Жаны жамандыққа қас, жақсылыққа бір табан жақын халық. Көңілін тапсаң,сол қазақтан жақсы халық жоқ ғаламда, мейірлене мейманын күтіп құрақ ұшады, ал сатқындықтың суынан дәм татар болса оңдырмай өзіңе әділдікпен дәріс беріп қасына жоламастай етеді. Қымызы мен қымыранын сапырған , қылышымен жауын қайырған бір өр халық.......
Шығармалар
Толық

Мен - қазақпын, қазақпын деп мақтанамын

Иә, мен - қазақпын! Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың ұрпағымын.
Ата-бабаларымыздың асыл арманы еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп,"Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас"деп жырлап өткен ата-бабаларымыздың арқасында мың өліп, мың тірілген қазақ халқы
талас - тартыспен жүріп, тәуелсіздікке ұмтылумен келді. Тәубә! Бұған да жеттік!......
Шығармалар
Толық

Жырақта...

Ауыл өмірі.Ауыл таңы.Ауыл үні.Бұл қастерлі атаулар бір-брімен біте қайнасқан ұғымдар.Ауыл өмірінің қоңырқай тіршілігін,ауыл адамдарының арман қиялын тек қана ауыл баласы жан жүрегімен ұғына алады,барша түйсігімен түсіне біледі. Менің өлкем қашан да күн нұры азаймаған шуақты Оңтүстік,тарих қойнауынан үнсіз ғана сыр шертетін ұлы Отырар даласы.Ғылымның сан саласында өшпестей қолтаңбасын қалдырған,әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл - Фарабиді ,қазақтың қара күшін дүние жүзіне танытқан алып Қажымұқанды,құлағында күй,көмейінде саз ойнаған композитор Шәмші Қалдаяқовты,барша түркі елдерінің ақыны Мұхтар Шахановтарды туғызған топырақтан болу мен үшін үлкен бақыт.......
Шығармалар
Толық

Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым

1996 жылы 16-желтоқсанда өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздеріміз дүниеге келді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Рәміздерін жасау бүкіл халықтық сипат алып көптің ісіне айналуы да кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шағармашылық белсенділікке жол ашты. Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді. Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті рәміздері бар. Қазақстан республикасының рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұранының сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгіленді.......
Шығармалар
Толық

Қазақстан – мәңгілік ел!

Қазақстан – ұшқан құстың қанаты, шапқан аттың тұяғы талардай, кең – байтақ, дархан даланы мекен еткен жаны жомарт қазақ халқының Отаны.
Бүгінгі таңда, Қазақстан – тәуелсіз мемлекет! Тәуелсіздік – қазақ жұртына оңай келген жоқ. Сан ғасырлардан бері дербес ел болуды көксеген халқымыз мұра болып келе жатқан кең байтақ жерді, ақ білектің күшімен, найзаның ұшымен келген ұлан-ғайыр өлкемізді өзге жұрт өкілдері таптап кетпес үшін қасық қаны қалғанша күресті, жері, елі үшін талай күнәсіз жастардың қаны төгілді.......
Шығармалар
Толық