Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (О әрпі бойынша ат қою)
ӨМІРШЕ - араб тілінен алынған — өмір бақи, мәңгілік.
РАСИМА - араб тілінен — рәсім, әдетті берік ұстаушы.
ПАРАСАТ - араб тілінен — ақыл, сана.
АБДОЛЛА - Араб тілінен аударғанда "абд" сөзі құл дегенді, олла (алла) Құдай дегенді білдіреді. Есім "Құдайдың құлы" дегенді білдіреді. Бұл есім өзбек халқында кең таралған, қазақ халқында кең қолданысқа туспеген.
АБАТ – парсы сөзінен шыққан ныспы. «Абад» сөзінің аудармасы «гүлденген, жайқалған, жайлы» деген мағынаны білдіреді. Бұл есім жаңа туған сәбиге «ғұмыры тек жақсылыққа толы болсын, жас құрақтай жайқалып өссін» деген ниетпен қойылса керек.
АБАЙДІЛДӘ – өткен ғасырдың елуінші жылдарында қабырғалы қаламгер М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы жарыққа шығып, ел ішіне кеңінен насихаттала бастаған тұста өмірге келген ныспы. «Абай сияқты ғұлама, білім қуған данышпан, ел қамын ойлаған жанашыр болсын» деген ырыммен қойылады. Абай мен оның жұбайы Ділдәнің құрметіне халықтың шексіз махаббаты болып жеткен бұл есім халық арасында өте сирек кездеседі.