Қазақша есім мағынасы: Абай (-ев, -ева) » ZHARAR © 2016 | қазақша есімдер тізімі абай мағынасымен, қазақша есімдер мағынасымен, қазақша ұл есімдері мағынасымен, қазақша есімдер тізімі ер балаға мағынасымен ,




  • »

Қазақша есім мағынасы: Абай (-ев, -ева)

Қазақша есім мағынасы: Абай (-ев, -ева) казакша Қазақша есім мағынасы: Абай (-ев, -ева) на казахском языке

Абай (-ев, -ева) - қазақ халқының ұлы ақыны Құнанбаев Ибраһимнің екінші есімі. Бұл есім "бала ұлы ақын Абайдай болсын" деген мақсатпен кейінгі ұрпақтарға жиі қойылып отырған. Солардан тараған балалар Абаев, Абаева деген фамилияларға ие болып отыр. Абай "сақ, әзір, дайын" (ҚТТС, 1, 32). - Абай отырмасаң сүтіңді ақтарып, өзінді майып етеді, - дейді (Қ. Қамбаров, Алтай аясы). Абай болды. 1. сақ болды. Асылы абай болу керек (М. Қаратаев, Даладагы дабыл). 2. ес болу, бас-көз болу. Өйтеуір абай болып, анда-санда айгайлап қойып, өзі де ығып келеді (Ғ. Мүсірепов, Оянған өлке). Алайда, сөз етіп отырган Абай есімінің шығу төркіні туралы әртүрлі пікір бар: 1) Ертеректе айтылған бір пікір бойынша; абай "ел ағасы, ол тува тіліндегі абыгай "от ағасы", "аға", татар тіліндегі абзыкай "ағай" сөздерімен төркіндес" десе (ҚТТА, 1960, 169-6.), 2) Абай Құнанбаев өмірбаянын зерттеушілердің пікірінше: "Зере бәйбіше Ибраһим деп атауға тілі келмей еркелетіп Абай атандырған" дейді (Абай, Шығ.тол.жин. 1961, 11-6.). 3) Абайдың шын аты Ибраһим; кейіннен шешесі еркелетіп "Абай" деп кеткен дегенді айтады (ҚҮЭ, I, 10-6.).
Бұл есімнің бірінші сыңары аба~ава және оның варианттары: аба, абай, абый, абака, абаға көптеген түркі тілдерінде ұшырайды. Қырғ. аба 1. "аға"; 2. "әкесімен туыстас адамға айтылатын құрмет сөз"; 3. "үлкен аға"; 4. түстік диал. "үлкен ағалардың үлкені, құрметтісі" (Юдахин, 17-6.). Түркм. аба - "әке, папа", осм. түрк. абаі - "үлкен аға", тел. абаі - "әке", қызыл. абай -"үлкен аға", саг. аба - "жасы үлкен аға" (Радлов, I, 213-6.), тув. абыгай — "мырза", тат. абзыкай, абый "аға", "үлкен аға" (ТРС, 18), алт. хак. абака, абага "аға, ағай"; "қария", "шал", "үлкен аға", "қадірлі", "құрметті" (Севортян, 54, 65), ұйғ. абу-қа - "аға", "әкенің үлкен я кіші туысы", жағ. абаеа "аға" (Буда-гов, I, 2-6.). В. В. Радлов кезінде "абака сөзі аба+ака, аба-\-ага тәрізді екі сөзден бірігіп барып, кіріккен" деген пікір айтқан еді. Ал осы сөз туысы бөлек кейбір тілдерде, мөселен, моңғол тіліндегі авга "немере аға", авгай "жасы үлкен адамдарды сыйлағанда айтылатын сөздермен де байланысты екені шүбәсіз" (Хабшай, 13).
Біздің пікірімізше, Абай - ұлы акынның үй-іші, әжесі тілі келмегендіктен қойған есім емес, халқы қадірлеп қойған екінші аты, мағынасы "ел ағасы", "ел қадірлісі, құрметтісі" болса керек. Оның бастапқы түбірі аба болса, соңғы қосымша й құрметтеу, сыйлау мәнін білдіретін жұрнақ екені даусыз. Оны тіліміздегі атай (ата+й), ағай, бабай, әкей, әжей сөздерімен па-ра-пар қарауға болады.


Санат: KZ портал » Қазақша Есімдер мағынасы жинағы | | 455
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Есімдер мағынасы жинағы, қазақша есімдер тізімі абай мағынасымен, қазақша есімдер мағынасымен, қазақша ұл есімдері мағынасымен, қазақша есімдер тізімі ер балаға мағынасымен, , қазақша есімдер тізімі абай мағынасымен, қазақша есімдер мағынасымен, қазақша ұл есімдері мағынасымен, қазақша есімдер тізімі ер балаға мағынасымен, Қазақша есім мағынасы: Абай (-ев, -ева) қыз бала ұл есімдері мағынасымен имена на казахском языке для мальчиков қыз балаға ұл балаға есім таңдау қазіргі жаңа заманғы есімдер /қазақша есімдер мағынасы мен қазақша есімдер қыз балаға мағынасымен красивые имена девушек красивые имена мальчиков казахов современные имена

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .