Сатиралық ертегі: Айдарбек қу

Айдарбек қу ел аралап жүріп, Шаншардың бір ауылына келіпті. Әлгі ауылдың бір адамы өліп, соны қойып жатыр екен. Айдарбек жаназаға келген Шаншарларға «майлансын-ақ», – депті. Елеңдеген бір жігіт:
– Ой, мынау қалай, қалай сөйлейді? Кісіміз өліп жатқанда, көңіл айтудың орнына майлансын-ақ дегені несі? Өзіне дүре соғып, қып-қызыл қылып жіберсе қайтеді? – дейді.
Айдарбек:
– Иә, қып-қызыл қылсаң, қыларсыңдар. Қолдарың қанданып тұр екен, – деп, жүріп кетіпті.
* * *
Айдарбек сол бетінде Шаншардың бір бай ауылына келеді. Келсе, әлгі ауылдың байы үйде жоқ, бәйбішесінен рұқсат сұрап, қонады. Түнде бәйбіше етті көп асып, күтеді. Сорпа ішерде Айдарбектің сорпасына үпілмәлік деген дәрі қосып береді. Ол дәріні ішкен адамның іші өтеді екен. Әлден уақытта Айдарбектің іші ауырады, тысқа шығайын десе, есікті мықтап жауып қойыпты. Шаншардың қуларының әдейі істеп жүргенін біледі де, төсекте жатқан бәйбішенің көрпесін ептеп алып, соған дәреттеп, көрпені қайта жауып қойыпты......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Таз, Жалақ, Сулы көз – үш жолдас

«Қу да қу түстен кейін жолдас-ты» деген емес пе? Бір күні түс ауа берген мезгілде табиғаттың гүлденіп, нұр беріп тұрған шақта оңаша ат шаптырғандай ашық даласында таз, жалақ, сулы көз – үшеуі кездесіпті. Біраз отырып, басынан өткен қызықты әңгімелерін қыздыра отырып, таз жолдастарымен: «бір нәрсе ойлап отырмын», – деді.
– Айт, айт! Біз үшеуміз жолымыз түсіп, қосыла қалған екенбіз. Күнде мұндай бас қосылып, көңіл көтеру табыла бермес. Сондықтан қыз күнімізге дейін ескерткіш болу үшін мен ойлағанымды орталарыңа салайын.
Менің жолым алыс, сендерді білмеймін, егер де мақұл көрсеңдер, маған біраз жерге серік болыңдар, бұл – бір. Екінші, сонау мұнарланған төбеге жеткенше мен басымды қасымаймын, сулы көз көзін сүртпесін, жалақ ернін жаламасын. Міні, осыны орындаған күнде біздердің қай жерде жүргенде де қулығымыз тірі жаннан кем болмайды, – деді. Сулы көз жалақ екеуі ақылдасады. «Мұның да айтқанын істеп көрейік. Осы бізден бұрын өткендер «өнерді үйрен де жирен» деп, неге айтты дейсің? О да осындай жастарына үйрене бер деген ақыл ғой, екеуміз де болады дейік, – деп, тазға келді.
Таз:
– Не ойладыңдар, мырзалар!......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Көлдің күйгенін көрген адам

Бір күні бір жаққа барам деп, атқа мініп, ен далада жалғыз өзім келе жатыр едім, бір мезгілде бір нәрсе, «Бақ» еткендей дыбыс естілді. Жан-жағыма қарадым, еш нәрсе көрінбеді. Тағы жүріп келем, тағы «Бақ» етті. Қарадым, дәнеме жоқ. Және жүріп келем, тағы «Бақ» етті. Тоқтап тұрып, бұл немене, анықтап байқайын деп, жан-жағыма айнала қарадым. Еш нәрсе көрінбеді, сонан соң ойладым – құстың дауысы ма деп жоғары, аспанға қарасам, жүк артып, тізілген түйе көшкен ел, үй, Алла-ай, аспанмен ел көшеді екен-ау, – деп ойлап, ауған жүкті әлді өңкей бозбалалар түзетем деп, басқанына «Бақ» еткен түйенің дауысы екен. Сонда білдім – тағы ойладым: әкем айтып отырушы еді-ау, әуеде өзіміздей ел болады деп. Сонда әкеме осы кәрі кісі не боса, соны айтады, басып жүретін жері жоқ, қалай жүре алады деп, нанбаушы едім. Ел болатыны шын екен ғой деп келемін.......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Алдар Көсе мен Қу бала

Күндерде бір күні Алдар көсе деген алдауыш бар, ешкім оны жеңе алмайды деген хабарды естіп, сол кезде аты шыққан Қу бала деген бала іздеп шығады. Қу бала, ақырында, Алдар көсені іздеп табады. Екеуі амандасып, көріседі. Алдар көсе баланың жөнін сұрайды. Қу бала:
– Алдар көсе деген сіз боласыз ба, мен жолдас болайын деп келдім, – дейді.
Алдар көсе:
– Маған жолдас болсаң, әуелі бастан бір сомға бір қой алып кел, – деп, Қу балаға бір сом береді. Бала бір сомды алып, жүгірумен қыр астындағы қойшы қартқа келеді. Қартқа амандасқан соң, қарт баланың жұмысын сұрайды. Қу бала:
– Ата, маған бір лағыңды сат, – дейді. Қарт:
– Бір сомға ал, – дейді. Қу бала лақты алып шығып, аз жүреді де, кері барып, қартқа:
– Ата, лағым да саған кетсін, бір сомым да саған кетсін, маған бір тоқты бер, – дейді.......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Айшаның Алдар Көсемен кездесуі

Алдардың аты шыққан алдаушы еді,
Алдауға Алдар жанын жалдаушы еді.
Алдармен бір-екі ауыз сөзге келсе,
Алданбай ешбір адам қалмаушы еді.
Келсе де, жасы елуге сақал-мұрт жоқ,
Жасы үлкен дегенге ешкім нанбаушы еді.
Көрмеге мүләйімдей бір жас жігіт
Сөйлесе, алдына жан салмаушы еді.
Иегі жас баланың өкшесіндей,
Әжімсіз бетін кіршік шалмаушы еді.
Сол үшін атанып ед «Алдар көсе»
Әркімді алдауменен әлденеше.
Жүзбе-жүз таныстығы болмағанмен,
Адам жоқ білмейтұғын Алдар десе.
Алғалы Алдар бір күн жолға шықты,
Әркімді-ақ алармын деп, Алла берсе,......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Алпыс сиырлы молда

Бір молданың алпыс сиыры болыпты. Қасындағы көрші жігіттің бір керемет, тұқымы жақсы бір сиыры болыпты. Молда бұл сиырға өте қызығады да жүреді екен. Молда ойлайды: осы жігіттің сиырын нендей әдіспен түсіріп алсам екен деп, ойлай-ойлай, мынау әдісті табады.
Қолына кітабын алып, айғайлап, жігітке естіріп мынау сөзді айтып, зарланып отырады.
– Егер де бір кім ерсе,
Молдаға бір сиыр берсе,
Алла тағала ол кімсанаға алпыс сиыр нәсіп етер, – деп, бүгін де, ертең де жігітке естіріп соғады да қояды. Жігіт ойлайды: осы молда шын айтатын болар, бұған бұл бір сиырды берейін, Алла маған алпыс сиыр берсе, бір күнде байып кетпеймін бе? – деп ойлап кетіп, әйеліне ақылдасса, әйелі:
– Ойбай, салып берме, – десе де, жігіт әйелінің тілін алмай, сиырға жіп тағып әкеліп, молдаға береді. Молда дұға қылып, бетін сипап:
– Алла тағала саған менің сиырымдай алпыс сиыр береді, –дейді. Молда дегені болған соң әлгі жақсы сиырды бітеу қораға қойып, көркейтемін деп жемдейді.......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Молданың тобасы

Ертеде бір молда есегімен келе жатып, ескі қыстауға кез болыпты. Келсе, ешбір қыбырлаған жан жоқ. Тек ұшып-қонып, шықылық қаққан құстарды көреді. Жағалай қораның ара-арасымен өтіп, көгалдау жерге келіп, түседі. Түсіп, есегінің ауыздығын алады. Есегі оттап жатады, өзі судың басына келіп, дәрет алып отырады. Бұл молданың бет алысы Топар бойында біреу шақырған екен, шақырған себебі – шақырған кісінің бір баласының сұлу әйелі болады, ол баласын менсінбейді екен. Содан молдаға:
– Дуа оқып, басын айналдырып бер, – деп, шақырған екен. Сонымен молда шақыруын қабыл етіп, жол шегіп, келе жатқан екен. Дәретін алып болып, молда бесін оқуға кіріседі. Есегі оттап тұрады, содан төскейге қарай бетін түзеп, намазын оқуға кіріседі, әуелі азан айтып алады, екі құлағын ұстап, азанын айтып болған соң «Аллау әкбар», – [деп], қолын жайып, бата қылады. Сәждеге басын қойып, бір-екі еңкейе бергенде, артынан біреу келіп, түртіп қалады. Бірақ молла пісмілләсін айтумен намазын оқып, тұра береді. Әлгі түрткі қайта-қайта молданың арқасынан жыбырлата түседі. Молда қарайын десе, намазы бұзылатын, қарамайын десе, тиыштық бермей барады. Бір мезгілде:
– Аһ-һ, бісміллә, – деп секіріп, анадай жерге түседі. Қараса, шашы дудыраған, жалаңаш бір адамзат пиғылы бар біреу екен. Молда жиырма шақты қадамдай жерге барып, ақырады:......
Ертегілер
Толық

Туысқандар, туыс

Туыс бауыр ағайындар туысым оңды болсын мынау сенің жұмысың, баршаңызға ақ жол тілеймін қашанда ертеңгі күн не боларын кім білсін.

Құттықтау, тілектер
Толық

Сатиралық ертегі: Алдар Көсе мен молда

Күндерде бір күн Алдар көсе молдаларды мұқатуға шығады. Ол өз үйінен кетерде әйеліне:
– Үйді жақсылап жина, мен молданы шақырып келермін.
Келісімен: «Шай қайнат, әйел», – дермін, сен төсектен қозғалмай жата бер, екінші рет айтармын, онда да тіл алма, мен сені өткір пышақпен бауыздармын, сен тауықтың қанын толтырып, қуықты тамағың астына байлап, жат. Мен одан соң:
– «Молдеке, әйелім өліп кетті. Оқуыңды оқы», – дермін. Молда бірдеме оқыса, тірілме! Содан соң мен өзім келіп, құлағыңа түтікпен сыбырлармын, сен «Қатты ұйықтап кеткен екенмін», – деп, ұшып тұра кел, – дейді.
Әйелі мақұлдап:
– Жарайды, – деп, қалған екен.
Көсекең түтігін жанына салып, бір қу молданың үйіне келеді. Молда келсе, зулатып дін кітаптарын оқып жатыр екен дейді. Алдар көсені көріп, молда:.....
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Алда әкпар

Бұрынғы заманда бір Алда әкпар деген жаңылысқыш адам болған екен. Оның бір қатынынан басқа еш нәрсесі жоқ екен. Бір күні қатыны Алда әкпарға:
– Базардан ет алып кел, – депті. Алда әкпар қанша алып келейін десе, қатыны:
– Дансер-Пансер ет алып кел, – депті.
Алда әкпар қалтасын қолына ұстап алып, дансер-пансер есімнен шықпасын деп, «Дансер-пансер, дансер, пансер», – деп, кетіп бара жатып, қырманын көтерейін деп жатқан бір байдың адамдарының үстінен шығыпты. Байдың адамдарының қасына барып та, «Дансер- пансерін» қоймапты. Сонда байдың адамдары ұстап алып, өлгенше ұрыпты.
– Енді не дейін? – десе, «Шашқа береке», – депті. «Шашқа береке, шашқа береке», – деп, кетіп бара жатса, бір таз басының шашын іскекпен жұлып, азаптанып отыр екен. Жанынан өтіп бара жатып, «Шашқа береке» деп, кетіп бара жатса, таз ұстап алып, өлгенше ұрыпты.
– Енді не дейін? – деп сұраса, таз:
– Бірің қалмай қырыл, – депті......
Ертегілер
Толық