Кішкентайқызымызға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрдайым көз қуанышымыз болып, аман – есен ортамызда жаздай жадырап, гүлдей құлпырып жүре берсін. Ең бастысы, қазақтың қызы деп атқа лайық болсын.
«Киімге жамау түссе де, көңілге жамау түспесін» деген. Ендеше, үнемі көңілі жақсылықтан жадырасын.
Тынышбаев Мұхаммеджан ( 12.5. 1879 жылы бұрынғы Жетісу облысы Лепсі уезінде Мақаншы Садыр болысы – 1938 , Ташкент ) –– Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері , тарихшы ғалым , қазақтан шыққан тұңғыш темір жол инженері. 1900 ж Верныйдағы ер балалар гимназиясын алтын медальмен бітірген. Гимназияда оқып жүргенде Тынышбаев өзінің ізденімпаздығымен жан-жақтылығымен ерекшеленіп, 1899 жылы Верный қаласында өткен А.С. Пушкиннің 100 жылдық мерей тойында баяндама жасады. Гимназия директоры Жетісу облысы әскери губернаторына жолдаған өтінішінде Тынышбаевты « тамаша шәкірт қана емес, нағыз талант иесі » екендігін мәлімдеп жоғарғы оқу орнында білім алуына арнайы степендия бөлуді сұрады . 1900 жылы жол қатынасы институтына түсіп, 1906 жылы бітіреді. Студент кезінде қоғамдық саяси өмірге белсене араласып, баспасөз беттерінде отарлық сынайтын мақалалар жазып , патша өкіметінің жүргізіп отырған саясатына қарсы үгіт насихат жүргізді. Патша үкіметіне оппозициядағы партиялардың ұйымдастырған іс-шараларына ат салысады. 1905 жылы қарашада автономияшылдар одағы ұйымының ұйымдастыруымен өткен съезге қатысып, сөз сөйледі. Ол сөзінде патша өкіметінің қазақ жерінде жүргізіп отырған отаршылдық саясатын айыптай отырып , ендігі уақытта ұлттық езгідегі халақтарға автономия берілуін талап етті. Институтты бітірген соң инженер маман ретінде Орта Азия темір жол құрлысына жіберіледі. 1907 жылы Екінші мемлекеттік Думаға депутат болып сайланады және онда агрокомиссия құрамында қызмет етеді . Дума таратылған соң Орта Азия темір жол құрлысына айрықша өкіметті нұсқайшы инженер болып тағайындалып , Әмудария өзені арқылы өтетін көпірді салуға қатысады.1922 жылдан Түркістан АКСР –сі су шаруашылығы басқармасында , Ташкентте жер суландыру бөлімінде , Қызылорда қаласының құрылыс- жөндеу жұмыстарында , Жетісу губерния атқару комитетінің жол бөлімінде еңбек етіп , өзін білікті инженер маман ретінде таныта білді . 1927 жылдан Түркістан – Сібір темір жол құрлысында еңбек етті. Тынышбаевтың кәсіби шеберлігі Түркісіб құрлысын салу барысында айрықша танылды. Осы еңбектеріне қарамастан Тынышбаев кеңестік биліктің қуғын-сүргініне ұшырап, Түркісібті салып жатқан кезінде 1930 жылы тамыздың 3- інде тұтқынға алынады. Оған « тап жауы » « буржуазияшыл ұлтшыл » деген айып тағылды. Кейінгі жылдары үнемі бақылауда болған ол , ақырында кеңестік саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болады. Алматы қаласындағы Қазақ көлік және комуникация академиясына, көшеге Алматы облысы Сарқант ауданының бір ауылына Тынышбаев есімі берілді. ....
"Қиын" оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психологиялық-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім Мұның өөі "қиын оқушылар" санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бір уақыттарда "қиын оқушыларға" көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар аз емес. Сондықтан "қиын оқушыларды" ерте жастан - бастауыш кезеңнен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. "Қиын оқушыларды" тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі өте зор. Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі. Бұл мақсаттың нәтижелі жүзеге асуы үшін Қазақстан Республикасында білім беру мен тәрбиенің мазмұнын жаңарту мәселесі алға қойылып, халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру көзделіп отыр. Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, имандылық, инабаттылық, мейірімділік, кішіпейілділік, ата-мекеніне, еліне деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе. Сондықтан оқушылардың ішінде ерекше категория болып табылатын "қиын оқушыларға" адамгершілік тәрбие берудің формаларын, әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндетті жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі. Құндылық проблемасы өмірдің өзінен алынған. Табиғат пен-қоғам құбылыстарына құндылық тұрғысынан қарау адам өмірінің негізі болып табылады. Құндылық қатынас адам мен қоғам өмірінде қажетті, жалпыға ортақ және мәңгілік фактор болып табылады. ....
Шыңғыс хан ХII – XIIIғғ Моңғол жерін біріктірген. Моңғолша аты Тимучин "Құрыш" деген мағынада. Әкесі Ясукай батыр. Ясукай батыр құс аулап жүріп,олқыноуыт аймағынан әйел алып келе жатқан меркіттің Дәу Шіледу дегеніне кезігіп, Ясукай батыр үйіне шауып келіп, ағасы Негуін тәйжі мен бауыры Даридай – отшы екеуін ертіп алып, Дәу Шілеуді қуады.Үшеуі оның артынан қуып жете алмаған соң қайтады, жолда Уәлін Үжінді Ертіп алады. Ясукай батыр Уәлін үжінді үйіне алып келіп өзіне әйел етеді. Ясукай батыр татардың Темүжін-үкі,Қори-бұқа деген адамдарын ұстап әкелгенде, екіқабат Уәлін-үнжіннен Онынның Делуін бұлтық деген жерінде Шыңғыс хаған туады, Шыңғыс хаған туғанда, оң қолымен асықтай қан шеңгелдей туылыпты. Татардың Темучин-үкісін ұстап әкелген кезде туды деп ырымдап, атын Темучин қойыпты. Ясукай батырдың Уәлін-үжіннен: Темучин, Қасар, Қашиун, Темугі деген төрт ұл бір қыз Темүлін туады. Ясукайдың екінші әйелі Сошигіл шешейден Бектұр мен Белгітеи деген екі бала туады. Ясукай батыр Темүжін Тоғызға келген кезде, Уәлін шешенің төркіні – Олқыноуыт елінен, нағашы жұртынан қыз іздейін деп,оны ертіп барады.Жолай Сексір мен Шікіркудің арасында отырған Қоңыраттың Дей шешенге кезігеді.Дей шешен Ясукайды үйіне ертіп барады. Дей шешеннің қызы Ясукай батырға ұнайды. Қыздың есімі –Бөрте екен Темүжіннен бір жас үлкен, онда екен. Ясукай бұл үйге бір қонып, баласын құданың үйіне қалдырады. Өзінің жетек атын құдалықтың белгісі етіп тастап кетеді. Өзі жолда Сексірдің сары даласында кетіп бара жатып, келін түсіріп той жасаған татарларға кезігіп, әбден шөлдегенсоң, бір үйге түседі.Татарлар Ясукай батыр ішкен сусынға у қосып береді. Ясукай ол жерден аттанып, жолда келе жатқанда қаты қиналып, үш күн дегенде әрең үйіне келеді. Ясукай дауыстап: Менің ішім өртеніп барады. Менің қасымда кім бар? дегенде, Шырқа ақсақалдың баласы Меңлік: Мен бармын, дейді, Меңлігім менің сөзімді сен тыңда. Ұлымның қабырғасы қатпаған еді. Теміжүнімді қайныма тастап, Қайтып келе жатқанда, татарлар у берді, ішім өртеніп барады. Жетім қалған бауырларыңды, Жесір жеңгеңді саған тапсырдым . Теміжүнді тез барып алып кел, менің қадірлі Меңлігім.Осы сөзді айтып Ясукай қайтыс болады. Меңлік Ясукай батырдың айтуы бойынша Дей шешенге барып: Ясукай ағай, Теміжүнді қатты сағынғандықтан, Теміжүнді алмақ болып келдім,- дегенде, Дей шешен: Құда баласын сағынса, жіберейін. Кешік тірмей қайта келтірсін, - дейді. Бұл сөзге риза болған Меңлік Теміжүнді алып қайтады. Сол жылғы көктемде Амбығай хағанның ханымы Орбай мен Соқатай зиратқа барып тілек тілегенде, Уәлін үжін кешігіп барғандықтан, несібесінен құр қалады. Жағдайсыз әйел балаларын осында қалдырып көшейік, сендер де ертпеңдер, - деп, соның ертеңінде тайшуыттың Тарғұдай- қырылдағы мен Тадойн-кірті Онын өзеніне қарай қозғалады....
Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар (жылау, іңгәлау т. б.) байқалғанымен, бұларда дыбыстық сипат болмайды. Жеке дыбыстардың көрінуі үш айдан былай қарай байқалады. Мұны баланың уілдеуінен (дауысты, дауыссыз дыбыстардың қосылуынан пайда болатын реакциялар) жақсы көруге болады. Уілдеудің өзі оның үлкендерден естіген сөздеріне, дыбыстарына орайлас жасалатын реакциялар. Мәселен, үш-төрт айлық бала "мә", "ға", "ге" секілді жеке буындарды, бес-алты айдан былай қарай "ма-ма", "па-па" деген екі буыннан келетін жеке сөздерді айтатын күйге жетеді. Сегіз айлық бала сөздің интонациясын, дауыстың ырғағын аңғара алады. Бірақ жеке сөздердің айырмашылықтарын, олардың мәнін әлі толық ұға алмайды. Бір жарым жастан былай қарай бала жеке сөздерді айтуға үйренеді. Оның алғашқы сөздері "мама", "папа", "ата", "әже", "аға" деген сөздерден басталады. Алғашқыда шағын сөздерді ғана айта алады. Үш-төрт буыннан түратын күрделі сөздерді айтуға шамасы келмейді. Бала алдымен дауысты дыбыстарды, кейінірек дауыссыз жөне сонор дыбыстарды, соңынан дауыссыздардың қатаң, үяң түрлерін меңгереді. Балаға ызың дауыссыздар мен (ж, ш) ысылдап шығатын дауыссыздарды ұғыну қиынырақ болады, "л", "р" дыбыстарын төрт-бес жасқа дейін дұрыс айта алмайды. Екіден былай қарай баланың сөздік қоры қауырт өседі. Мәселен, жас жарымдағы балада 10—15 сөз болса, екіге келгенде 300, үш жаста мыңға жуық сөзі болады. Үш жастан былай қарай ана тілінің заңдылықтарын стихиялы түрде үйренуге кіріседі. Баланың алғашқы сөздері бір не екі сөзден құралады, ол бір сөзбен-ақ айтайын дегенін аңғартады. Мәселен, "әже су" дегені, "әже маған су бер" деген мағынаны білдіреді. Кейде осындай сөздерін ым-ишараларымен жеткізеді. Сөз заттың нақтылы сигналы ретінде көрініп, белгілі нәрсеге меңзеліп айтылады, Бала үлкендермен сөз арқылы байланысқысы келеді. Осындай сөздер оның практикалық әрекеті мен нақтылы қажетін өтеуге байланысты туып отырады. Баланың алғашқы кездегі сөзінде зат есімдер көп болады, бұл сөздер айналасындағы заттармен, адамдармен қатынасында елеулі роль атқарады. Кейіннен етістіктер, есімдіктер, тағы басқа сөз таптарын да қолданады.....
Мектепте оқытуға баланың психологиялық даярлығы — мектепке дейінгі балалық шақ кезеңіндегі психикалық дамудың басты қорытындыларының бірі. Мектпке бару — бала өміріндегі шешуші кезең өмір мен іс-әрекеттің жаңа күйіне, қлғамдағы жаңа орынға, үлкендер және құрдастарымен жаңа қарым-қатынастарға көшу болып табылады. Оқушы орнының өзгеше ерекшелігі оның оқуының міндетті, қоғамдық мәні бар іс-әрекет екендігінде. Оқу үшін бала мұғалімнің, мектептің, үй ішінің алдында жауап береді. Оқушыны өмірі мектеп балаларының бәріне бірдей және қатал ережелер жүйесінде бағындырылады. Оқудың негізгі мазмұны барлық балаларға ортақ білімдерді меңгеру болып табылады. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың мүлде ерекше типі қалыптасады. Мұғалім баланың жақтыратын не жақтырмайтын үлкен адамдардың бірі емес. Ол балаға қоғамдық талаптар қоятын нақтылы адам болып табылады. Сабақта алынатын баға — баланың жеке өзімен қарым-қатынас емес, оның білімдерінің, оның оқу міндеттерін орындаудың нақтылы өлшемі. Сынып оқушыларының арасындағы қарым-қатынастардың да балабақшада орнаған қарым-қатынастардан айтарлықтай айырмашылығы бар. Білімдерді меңгеру бірден-бір мақсатқа айналады, ойын немесе тапсырманың жемісті формаларымен бүркемеленбей айқын күйінде көрінеді. Балалардың мектепте алатын білімдері ғылыми сипатта болады. ....
Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Төлем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді. Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына – операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің экспорттық операциялары елдің импорттарынан артық болған жағдайда төмен балансын активті (оң), ал кем болған жағдайда – пассивті (теріс) сальдоллы деп атаймыз. Оң төмен балансы импортқа қажет шетел валютасымен қамтамассыз етеді. Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады: 1. ағымдағы операциялар сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың) 2. капитал қозғалысының байланысы, ұзақ мерзімді инвестициялар – тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы 3. тұрақтандырушы тармақты қорларды қайта бағалау және қозғалысы. Халықаралық валюта қоры қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері 4. қорлардың соңғы өзгерісі алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі. Егерде ҚР-ң ұлттық валютасы теңгемен басқа елде, мысалы Ресейде сауда жасасаңыз ол төмен бола алмайды. Себебі Ресейде мемлекет белгілеген өзіндік валюта бар. Ал егерде Ресей азаматтары ҚР-ң аумағында сауда жасауға ниет білдірсе, онда ол төмен құралы ретінде «теңге» валютасын қолдануы керек. Мысалы, Қазақстандық компания Ресейде бір компаниясына ұн сатты дейік. Ресейдегі сатып алушы қазақстандық жабдықтаушыға ұнның құнын теңгемен төлеуі қажет. ҚР-ң әлемдік экономика қоғамына тең құқылы мүшесі ретінде енуі үшін басқа елдердің либералды халықаралық қаржылық капитал қозғалысы тәжірибесіне сүйенуі керек. Мысалы, егер 1990 жылдары капиталды сыртқа шығару ағымдары, өнеркәсібі дамыған елдер болатын. Олар негізінен үш ел еді: АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония. Ал Еуропада үлкен экспортер болып – Голландия, Швеция, Швейцария саналад ....
Қара топырақ тегі-жаралуы (гензис) туралы үш болжамды көзқарас (гипотеза) айтылған олар: теңіздік, батпақтық және құрылық-өсімдік. Зерттеушілер теңіздік болжамды гипотеза бойынша қара топырақты теңіз орнында қалған лайы деп санаған (Паллас 1799, Пецольд 1851). Мурчисон болса (1842) оны юра дәуірінің мұз сулары шайып кетуінен қалған балшықты қара тақта тастар азығы деп есептеген. Бұл болжамдардың қазір тек тарихи маңызы бар. Батпақты болжамды жақтайтындар дала аймағы бұрын аса батпақтанған тундра болған деп жорамалдаған. Бірақ кейін климаттың жылынуына және ыза деңгейінің төмендеуіне байланысты, лай батпақ орнында тундра өсімдігі ығыстырылып (Эйхвальд, 1850), жергілікті дала өсімдіктері дамуы арасында (Борисяк,1852) қара топырақ қалыптасқан. Құрылық- өсімдік (растительно-наземное) пікір бойынша қара топырақ пайда болуын шабынды-далаалық және далалық шөптесіндермен байланыстырады. Осы пікірге Ф.Рупрех «Қара топырақ геоботаникалық зерттеулер» (1866) атты еңбегінде бірінші негіздеме берген, яғни қара топырақ құрамын шөптесіндер қалдықтарының ыдырауынан жаңа күрделі органикалық зат-қара шірінді түзілуімен түсіндіріледі. Аталған пікірді В.Докучаев «Орыс қара топырағы» (1883) атты еңбегінде толық дамытып қалыптастырған, яғни қара топырақтың құраушы жыныста қара шірінді шоғырлануынан пайда болғанын дәлелдеп көрсеткен. Сондай-ақ шөптесіндер дамуына, қалдықтарының ыдырауы жылдамдығы мен бағытына және қара топырақ құрамына дала климатының ықпалы ерекше екенін айтқан.....
Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері. Айтылып өтілгендей, мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын_ болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі " баланың өзінің көп уақытын ойынмеи алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады. Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Ьаланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бірсыпыра праволар беретінін біледі. ....