Абай Құнанбаевтың Қара сөзі [42]

Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі - жұмысының жоқтығы. Егер егін салса, я саудаға салынса, қолы тиер ме еді? Ол ауылдан бұл ауылға, біреуден бір жылқының майын сұрап мініп, тамақ асырап, болмаса сөз аңдып, қулық, сұмдықпенен адам аздырмақ үшін, яки азғырушылардың кеңесіне кірмек....
kz
Толық

Абай Құнанбаевтың Қара сөзі [43]

Адам ұғылы екі нәрседен: бірі - тән, бірі - жан. Ол екеуінің орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили, қайсысы кәсиби - оны білмек керек. Ішсем, жесем демектің басы - жибили, ұйықтамақ та соған ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен, көрсем екен деген арзу, бұлардың да басы - жибили. Ақыл, ғылым - бұлар - кәсиби. Көзбенен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады. Ол хабарлардың ұнамдысы....
kz
Толық

Елбасы күніне 300 бет мақала оқиды

Бүгін "Назарбаев орталығы" ғылыми-зерттеу көп салалық мәдени орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мерекесі қарсаңында, "Тұңғыш - Первый" деректі кино апталығының 5-ші күні өтті.

Фото: 1tv.ru
Фото: 1tv.ru

Айтулы шараға ҚР Президентінің Кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Дәурен Абаев келіп қатысты, деп хабарлайды baq.kz тілшісі.

Ол кездесу кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты жастарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Кино апталығына арнайы келген Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Астана қаласы гуманитарлық колледжі мен "Тұран" колледжінің білімгерлерімен кездесіп, сұхбат құрды:

"Бүгінгі сіздермен кездесуден бас тарта алмадым. Өйткені болашағымыз, еліміздің ертеңі тікелей сіздерге байланысты. Бүгін сіздерге Президентті басқа ракурстан көруге мүмкіндік болса деймін. Адам бәріне өзінің қажымас қайратымен, адал еңбегімен жетеді. Сіздер үшін оның жарқын мысалы – Нұрсұлтан Әбішұлының тұлғасы.

Жаңалықтар
Толық