Бұрқырап қара дауыл соғып тұрған, Көкорай түсі қашып солып тұрған. Шыдамай қатты ызғарлы жел өтіне, Бүрісіп ағаш, шөптер тоңып тұрған. Көрік жоқ ойда-қырда шығып жүрсең, Естілмес құс, құрт даусы құлақ түрсең. Қақтанған, жамыла түсіп, от маздатып, Көресің кемпір-шалды үйге кірсең. Масатыдай құлпырған......
Ақылы асқан данышпандар елінде Бағаланбай, қырын көзбен қаралар. Шетке даңқы, атағы асып кеткенде, Қарсы болар ауылында ағалар! Жарты жан боп сорлы болған соқырға, Тілін алып, таяғы алдан жол бастар. Байқай алмай, құлар....
Сарғайдым күннен күнге қуат кеміп, Қалың ой - қара жылан жүректі еміп. Ақырын бітіп барам жанған шамдай, Көзіме ыстық жастар мөлт-мөлт келіп. Апырм-ай, ауыр болды-ау күнді өткізу, У жұтып, айдан ұзын түнді өткізу!- Қозғалып, сөйлеп, ойнап, тірі жатып, Өлем деп жас өмірден күдер үзу. Соғасың жиі-жиі, жүрек.....
Қараңғы, дауылды түн cap далада, Патшалық құрған өлім айналада. Шыраққа қолымдағы от тұтаттым, Үмітпен біразырақ деп: «Жана ма?» Тұрса да қара бұлттар көктен төніп, Соқса да жел жынданып, өршеленіп, Мың шүкір, әлсіз қолда.....
Қылмыстан жазып Тәңіріге, Қарсы келіп әміріне, Қуылды Адам жұмақтан. «Қайт,- деген,- қара жеріңе, Бесігіңе, көріңе!»- Бұйрық болды бір хақтан. Батпас жарық күні жоқ, Періштелер үні жоқ, Айнала - өлім тып-тыныш. Өткелсіз биік тауы бар, Есепсіз түрлі.....
Мана көкті қаптап еді қара бұлт, Күн күркіреп қорқытып, ұшырып құт: Көк тұнжырап мұңайып, қабақ жауып, Көз ашқанда аспанда жарқылдап от. Бұрқыратқан екпінді дауыл еді, Сабап құйған жиіркеніш жауын еді. Қорқып-сасып, жан-жануар есі шығып, Бәрі-ақ іздеп баспана тауып еді. Бұлт айықты, көк жүзі болды ашық, Бар нәрседен қайғы......