Жыл басына таласқан хайуанаттар

Мақсаты: Балаларға он екі жыл атаулары туралы түсіндіру. Балаларды достыққа, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, плакаттар, үнтаспа.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын түрлері.
Мотивациялық қозғаушы кезең.
Тәрбиешінің іс - әрекеті:
Шаттық шеңбері.
Балалар мен бірге қайталайды.
- Бүгін біздің оқу іс - әрекетімізге көптеген қонақтар келді. Барлығымыз амандасайық.
Балалардың іс - әрекеті:
Арайлап атқан таңға сәлем! Жылуын шашқан күнге сәлем! Жайнап өскен бізге сәлем! Білім беріп тәрбиелеген, Апайларым сіздерге сәлем!
- Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Іздену ұйымдастырушылық кезеңі.
Өткен оқу іс – әрекетіне ой қозғау.
- Біз қай мемлекетте тұрамыз? - Қазақстан. - Қазақстанның елордасы қай қала? - Астана. Бас қаламыздағы қандай көрікті жерлерді білесіңдер? - Бәйтерек, Нұрастана мешіті, т. б. - Астана сөзі неше буыннан тұрады? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Қайталау – білім анасы

Мақсаты: 1. Жыл бойы өтілетін дыбыстар мен әріптерді қайталау. Буын, сөз, сөйлем туралы түсініктерін бекіту.
2. Ойын элементтері арқылы оқушылардың ой - өрісін, шығармашылығын арттыру, тілін, ойлау, еске сақтау қабілеттерін жетілдіру, сөздік қорын кеңейту. Балаларды зейінділікке, өз беттерімен тез ойлауға үйрету.
3. Білім алуға деген құштарлығын, пәнге деген қызығушылығын арттыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Ойын - сабақ.
Көрнекілік: Қызыл, көк түсті текшелер, магнит тақта, магнитофон, интерактивті тақта, үлестірмелі суреттер, плакаттар.
Әдіс - тәсілдер: Ойын, көрнекілік, сөздік, практикалық......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Шана. Қыс қызығы

Сабақтың мақсаты: Қыс мезгіліндегі ерекшеліктерді балаларға түсіндіру. Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.
Көрнекілігі: Қыс мезгілін бейнелейтін суреттер, шанамен сырғанақ теуіп жүрген балалар суреттері.
Әдісі: Әңгімелеу, сұрақ жауап, топпен жұмыс, түсіндіру.
Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
- Балалар, бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңбер жасайық.. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Аналар мерекесі

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
Ақ жаулықты әжелер, асыл да
Аяулы аналар,ару қыздар!
Сіздерді 8 Наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз!
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық .
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әр бір күнің әр айың.
Қадірлі аналар көңілі,
Көктемдей жайнап гүл ашсын.
Бақытқатолып өмірі -
Шаттыққа шаттық ұлассын!.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Аналар-мәңгі жасасын

Жүргізуші:
- Аяулы біздің ата-аналап мен әжелер, Сіздерді Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Біздің сәбилеріміз сіздерге, аналарға деген ыстық лебіздері мен шексіз махаббатарын ән мен таппақ арқылы жолдамақ. Қабыл алыңыздар!
Армысыздар, аяулы аналар,
Армысыздар әжелер мен апалар!
Мерекемен құттықтайды сіздерді,
Шашу шашып, өнерімен балалар.
- Балалар сонда қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады,қар ериді, жер көктейді, бәйшешектер шығады,құстар қайтып келеді)
- Қазір қандай ай? (Наурыз)
- Сонда бүгін қандай мереке? (Аналар мерекесі)
- Балақайлар, аналардың бүгінгі мерекесіне жайындаған қандай сыйлықтарын бар? .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Шана

Мақсаты: Қыс қызығы туралы тусінік беру
Технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Қолданылатын көрнекі құралдар: Бейнелі қыс мезгілінің суреті
Балалар бірінің қолынан ұстасып залға кіреді(музыка ойнап тұрады)
Тәрбиеші:Балалар бізге бүгін коп апайлар қонаққа келіпті. Ендеше сол апайлармен амандасып алайық
Балалар:
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз
Тәрбиеші:Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:Қыс
Тәрбиеші:Қыстын неше баласы бар?
Балалар:Үш: Желтоқсан, Қаңтар, Акпан
Тәрбиеші:Дұрыс, балалар. Бүгін желтоқсанның 7 күні. Бізге қыстын шуақты күні шуағын төгіп жылуын беріп тұр. Ендеше біз бір-біріміздін алақанымыз арқылы жылы лебізімізди білдірейік. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Қожа Ахмет Ясауиге арнау

Өзіңсің ғой жаршысы жаңалықтың,
Даралықтың символы даналықтың.
Түркінің төл баласы өзіңізсіз,
Бастауысыз атақты сан алыптың!

Түркінің мақтан тұтар ардағысың,
Кешегі Арыстан баб жалғауысың.
Хикметпен ақыл...
Өлеңдер
Толық

Салт пен санамыз егіз болсын десек

Салт – дәстүр, әдет-ғұрып ұғымы тек қазаққа ғана емес барлық ұлтқа тән ұғым. Ежелден сол елдің нанымы мен танымы, сенімі мен ұғымы негізіндегі құрылым болып табылады. Қай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Қазақтың қанына сіңген қасиеттері: бауырмалдығы мен ақжарқындығы, қонақжайлығы мен қамқорлығы дәстүрінен көрініс табады. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Сонымен ұлттардың салт-дәстүріндегі мінездері мен қасиеттері бір-біріне ұқсап, бірін-бірі толықтырады. Біздің елімізде салтты қатаң сақтау ерте кездерден бастау алған......
Шығармалар
Толық

Рахмет, Анашым!

«...Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған»
А.М.Горький
Ана жайлы ойыңды айтып тауыса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анама маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Жер бетінде анасын жақсы көрмейтін адам жоқ шығар, сірә. Әр сәбидің дүние есігін ашқанда өз анасы болады. Бұл әлемде қанша ана болса да, барлығының тілеуі бір. Олар балаларының мейірімді, адал, адамгершілік қасиеті мол, кішіге қамқор боларлықтай азамат болғанын қалайды және сол жолға түсуі үшін еңбегін аямай жұмсайды.......
Шығармалар
Толық