ХІІ ғасырда бүкіл әлемді дүр сілкіндірген, дүниежүзінің тарих-географиялық жағдайын күрт өзгерткен ірі оқиғалар болды. Бұл өзгерістер Шыңғыс ханның (1156-1227) басшылығымен құрылған монғол империясының дүниеге келуіне байланысты. Шыңғыс хан 1206 жылы император болып жарияланды. Мемлекеттің басты кәсібі жаулаушылық саясатын жүргізу болды. Асқан қолбасшы, шебер ұйымдастырушы дүниежүзін түгелдей жаулап алып әлемдік империяға құруға ұмтылған Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары әлемнің үлкен бөлігін басып алды. Монғол әскерлері Қытайды,Кореяны, Сібір халықтарын, Керей және Найман хандықтарын, Қыпшақ хандығын, Хорезм мемлекетін, Ауған, Иран, Кавказды, Орыс жерлерін, Шығыс Еуропа мемлекеттерін түгелдей жаулап алып жермен-жексен етті. Монғолдар жаулаған жерлерде Шыңғыс ханның ұрпақтарының билікте болуы ресми заңдастырылды. ....
Қазіргі таңда азаматты ерекше алаңдататын мәселердің бірі - қоршаған табиғи ортаның бүгінгі жай-күйі. Табиғат - тіршілік атаулының анасы, адамның өмір сүруінің бірден-бір көзі. Табиғаттың барлық құрамдас бөліктері бір-бірімен өте тығыз байланысты, өзара тәуелді. Даму ырғағы бір-бірімен үйлесімді байланысты болғанда ғана табиғат заңдылығы бұзылмайды. Адам табиғи қорларды - тағам, құрылыс материялдарын шаруашылықты игеру мақсатында пайдаланады. Мұның бәрі табиғаттың даму ырғағын өзгертпей қоймайды. Бүгінгі таңда өндірістің қарқындап дамуы тек табиғи қорлардың сарқылуын ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаның шектен тыс ластану мәселесін де туғызып отыр. Өндірістен шығатын керексіз заттармен ең алдымен - ауа, су қоймалары, топырақ ластанады. Өндіріс қалдықтары топырақты құнарсыздандырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне жағымсыз әсер етеді. Өндірісті өз мүддесі үшін дамытқан озық ойлы адамзат табиғаттан пайдалы затты алады да, оған зиянды қалдықтарын тастайды. Жиырмасыншы ғасырға дейін адам баласының табиғатқа келтірген залалы Жер шарының әр түпкірінде әрқалай болып келсе, қазір бұл әсер бүкіл ғаламшарды қамтып отыр. Сондықтан да табиғат-анаға перзенттік сүйіспеншілік пен мейірім, қамқорлық көрсету - адамзаттың ұлы парызы. Табиғатқа аялы қамқорлық қажет. Сонда ғана ол адамзаттың тіршілігі үшін ғана емес, ұдайы гүлденуінің де кепілі бола алады. Табиғатпен қарым-қатынаста адамдар белгілі бір үйлесімділікті берік сақтауы тиіс. Табиғаттың да өз даму заңдылықтары бар, оған нұқсан келмеуі керек. Әйтпесе, табиғат өте қатал. Ол адамдардың тәкаппарлығын, қателіктерін әрдайым көтере бермейді. ....
Ұлыбритания¬¬-парламентарлық монархия. Ұлыбританияның бір тұтас конституциясы жоқ. Бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан конституциялық актілерге: парламент заңдары, сот прецеденті, келісімдер мен әділеттік право салалары жатады. Мемлекеттік басшысы- король (королева). Корольдік билік-өмір бақи және атадан балаға қалатын мұра. Король атқару өкіметтің жоғарғы басшысы, сот жүйесін басқарып, қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы болып саналады, мемлекеттік англикан шіркеуін және Ұлыбритания елдері бірлестігін басқарады. Король билігі тек қағаз жүзінде ғана. Іс жүзінде корольдің билігі мен өктемдігі бүтіндей үкіметтің министрлер кабинетінің қолында. Ұлыбританияның заң шығаратын өкіметі- екі палаталы парламент (құрамында король, лордтар палатасы және қауымдық палата). Екінші дүниежүзілік соғыстан жеңімпаз болып шыққанмен де, Ұлыбританияның экономикалық және саяси позициясы едәуір әлсіреді. Адам шығыны Бірінші дүниежүзілік соғысқа қарағанда аз болды, бірақ материалдық шығындары бірнеше миллиард фунт стерлингке жетті. Ол АҚШ-ка ұзақ уақыт бойы экономикалық және саяси тәуелді болып қалды. Ұлыбритания өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны жөнінен жетекші капиталисттік елдерден көп кейін қалды. Бұл жылдардағы жағдайды Ұлыбританияның соғыс жылдарындағы премьер-министрі У.Черчиль «Триумф және қасірет» деп атады. 50 жылдардың соңында ГФР, ал 60 жылдардың соңында Жапония өнеркәсіп өнімін өндіру дәрежесі жөнінен Ұлыбританияны басып озып, оны капиталисттік дүниеде 4-орынға ығыстырды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін империалзмнің, оның ішінде Британ империясының отарлық жүйесі күйрей бастады. Ұлт- азаттық қозғалысының мықтап өрлеуіне байланысты Британ империалистері Үндістанға тәуелсіздік беруге (1947) мәжбүр болды, бірақ елді діни наным бойынша екіге бөлінді. Бирма мен Цейлон (Шри Ланка) егемендік алды (1948). Езілген халықтардың күресі Ұлыбританияны отар елдерінің бәріне дерлік тәуелсіздік беруге мәжбүр етті. Отарлық империяның ыдырауы ағылшын империализмін күрт әлсіретті, бірақ Ұлыбритания көптеген бұрынғы иеліктерінде едәуір экономикалық және саяси позицияны сақтап қалды. Ұлт-азаттық қозғалысына қарсы күресу мақсатымен Ұлыбритания агрессиялық блоктарын ұйымдастыра бастады. Таяу Шығыс пен Африкадағы отарлық позицияны нығайту үшін Ұлыбритания 1956 жылы Франция және Израильмен бірге Египетке қарсы қарулы шабуылы жасады. Совет Одағының, басқа да социалисттік елдердің Египетті қолдауы және дүние жүзіндегі прогресшіл жұртшылықтың қарсылық білдіруі нәтижесінде Ұлыбритания мен оның одақтастары Египетке қарсы соғысты тоқтатуға мәжбүр болды. ....
Жобаның мақсаты парниктік газдардың, басқа да зиянды заттардың қалдықтарын тұрғын үйлерде және қоғамдық ғимараттарда тұтынуды төмендету, тұрмыстық қалдықтарды қысқарту, қалада экологиялық қолайлы орта жасау есебінен азайту болып табылады. Таяу күндерге дейін тұрғын үй мен коммуналдық қызмет үшін төленетін ақыны мемлекет белілеп келді. Бүгіндері тұрғындардың бұл қызметке толық ақы төлеуі қарастырылуда. Салынған ғимараттардың көпшілігін пайдалану мерзімнің өтіп кеткендігі қиындық туғызуда. Қазақстандағы қалалардың тұрғын үй қорының 50 – 60 проценті жер сілкінуге төзімділік талаптарына сәйкес келмейді. Жаңа орталық – Астананың құрылысын салуда жер асты сулары қиындық келтіруде, бұл өте сапалы, тез арада өзін-өзі өтейтін технологияны талап етеді. Каспий теңізінің деңгейі көтеріліп, су астында қалу қаупі көбейді. Атырауды салу жобасына ұқсас проблемалар мұнда да туындап отыр. Сонымен қатар бір шаршы метрдің өзіндік құны 90 – 100 долларға дейін, одан да төмендетілетін табиғи экологиялық материалдардан энергияны сақтайтын тұрғын үйлер салудың әлемдік тәжірибесі де бар. Қазақстанда жылу сақтау деңгейі төмен бұрын салынған 250 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануда. Тұрғын үй қорында жылудың ысырабын төмендетудің республика үшін маңыздылығы ерекше. Ғылыми-зерттеу институттарының мәліметтері бойынша пайдаланудағы тұрғын үйлердегі жылу энергиясының шығыны есептелген мөлшермен салыстырғанда 25 – 30 проценттен асады. Жобада энергияны үнемдейтін құрылыс технологиясына маркетингтік зерттеу жүргізу қарастырылған. Жекелей энергиямен жабдықтаудың жағдайға байланысты жүйені таңдау жүргізіленді. Бұл жүйеге жел, күн қуатын, биогаздың органикалық қалдықтарынан, мұнай кеніштерінің қуалай соққан газы, мұнай өнімдерінің қалдықтарын, көмір шахтыларынан шыққан метанды, т.б. ұқсатудан алынған қуатты пайдалану енеді. Жылыту мерзімі барынша ұзақ солтүстік аймақтардағы бағдарламаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Экологиялық тауарлар мен тұрғын үй салуғаарналған жабдықтарды сатып алу мен өндіру жолға қойылады. Экологиялық қоныстар Көкшетаудағы эксперименттік ғимараттарды жылылау немесе қайта қалпына келтіру және жабдықтары мен технологиясын сататын және жасайтын сауда орталығын салу қолға алынады. Негізгі жауап кершілік ҚР Экология және табиғи ресурстар министірлігіне, энергетика, индустрия және транспорт министірлігі жанындағы тұрғын үй мен құрылыс саясаты жөніндегі комитетке, Сәулетшілер одағына, Дизайнерлер одағы жанындағы жобалық болжамдар лабораториясына, Алматы энергетика және байланыс институтына, тұрақты қоныстар ассоциациясына және фирмасына (Новосібірдегі Академқалашық), қазақ құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу институттарына жүктелген. ....
Әрбір ғылым саласының ,пәннің өз реттеулерін жүргізу кезінде қолданатын , өзіне тән болып табылатын арнайы ұғымдары болады. Статистиканың да өз қызметін белгілі бір уақыттар аралығында атқаруыеа және ол үшін арнайы әдістерді , әдістемелерді қолдануға байланысты тек ғылымның осы түрінде ғана тән болып табылатын арнайы ұғымдары категориялары болады. Ол ұғымдар мен категориялар осы ғылымның арнайы құралдары болып табылады, яғни статистика өзінің мақсатына жету үшін белгілі бір ұғымдарды пайдаланады және қолданады. Статистика пәнін қарастыру барысында қолданылатын ұғымдардың саны көп , бірақ олардың ішіндегі кейбіреулері ерекше маңыздылығына , жиі қолданылатындығына байланысты арнайы түсіндіру , сипаттауды қажет етеді . Олардың қатарына мыналар жатады: белгілер, статистикалық жиынтық, вариация , статистикалық көрсеткіш, көрсеткіштер жүйесі және статистикалық заңдылықтар. Статистикалық белгілер ретінде , зерттеуге алынатын құбылысты сипаттайтын , оның өзге құбылыстардан негізгі айырмашылығын білдіретін , сондай-ақ кейде зерттеуге жататын құбылысқа тікелей қатыстылығы болмаса да оны қосымша тұрғыда маңызын ашатын құрамдарды алуға болады. Әлеуметтік –қоғамдық құбылыстардың кез-келген түрі құбылыс ретінде бағалау үшін олар белгілі бір белгілерді иеленуі керек . Яғни құбылыстың түріне түсінік берілгенде , міндетті түрде оның ерекше белгілері ескеріледі. Сонымен, статистикалық белгілер дегеніміз, құбылыстың өзіне ғана тән ерекшеліктерін сипаттайтын және зерттеу жұмыстарында бақыланатын , өлшенетін құрамы болып табылады. Құбылысты жалпы сипаттайтын белгілер мен құбылыстың бірліктерін сипаттайтын белгілердің арасында ұқсастықтар мен айырмашылықтар кездеседі. құбылыстың өзін ғана сипаттайтын белгілер, әдетте сол құбылыстың маңызын, мазмұнын , ерекшелігін анықтайды. Мұндай белгілер ол құбылыстың өзге қоғамдық құбылыстардан айырмашылығын білдіріп тұрады. Статистикалық белгілер сандық және сапалық белгілер деп екіге бөлуге болады. Бұлай бөөлу, өзге ғылым салаларында да кездеседі. Сапалық белгілер сан түрінде бейнеленбейді. Сапалық белгілерді статистикада кейде атрибутивтік белгілер деп те айтады. Сапалық белгілердің бір көрінісі балама белгілер болып табылады. Балама белгілер тек сөз түрінде ғана беріледі және бұл белгі -нақты бір құбылыс белгісінің екі мағынадан тек бір мағынаға ие болуын беріледі. Сандық белгілер құбылысты немесе жиынтық бірліктерінің құрамын тек белгілі бір шама түрінде сипаттауды білдіреді. Құбылыстың құрамын сипаттайтын шамалар тек сан, цифр түрлерінде ғана кездеседі. Статистикалық жиынтықтағы белгілер мағынасы және зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне қарай бірнеше түрлерге бөлінеді: негізгі және қосымша, вариациялық, нәтижелік факторлық, елеулі және елеусіз белгілер. ....
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында тарихта және саясатта елеулі өзгерістер болғанына куәгерміз. Демек, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен мемлекеттік егемендігі туралы Декларация 1990 жылы 25-қазанда қабылданды. Мұнда “Қазақ Советтік Социалистік Жоғарғы Советі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, Республиканың барлық азаматтары үшін лайықты және тең тұрмыс жағдайын жасауға ұмтыла отырып, Республикадағы тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп санай отырып, жалпыға бірдей адам праволары деклорациясын және ұлттардың өзін-өзі еркін билей правосын тани отырып, қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып, ізгілікті демократиялық-праволық мемлекетті құруға бел байлауды негізге ала отырып, Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялайды және осы деклорацияны қабылдайды”, - деп көрсетті. Артынша бір жылдан кейін 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасының (ҚР) Жоғарғы Кеңесі “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” ҚР Конституциялық Заңы қабылданып, Қазақстан мемлекеті өз тәуелсіздігін жария етті. Онда былай деп жазылды: “ҚР тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта бүкіл үкімет билігіне ие болады, өзінің сыртқы және ішкі саясатын дербес аяқтап, өзі жүзеге асырады. Дербес мемлекет ретінде ҚР халықаралық көлемге шығарды, өзінің басқа мемлекеттермен қатынасын халықаралық құқық нормалары негізінде құрады. ҚР аумағы бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды деп жарияланды. Ұлттардың азаматтары енді біртұтас Қазақстан халқы болып танылады. Мемлекеттік өкімет Қазақстан халқының еркін білдіреді. Мемлекеттің өкімет билігінің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну қағидасы тұңғыш рет танылады деп бекітілді. 1993 жылы 28-қаңтарда ҚР Жоғарғы Кеңесінің 12-сайланған 9-сессиясында дербес тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Конституциясын қабылдады. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтуда халыққа қызмет ететін азаматтардың ең көлемді құқықтары мен бостандықтарын, т.б. жариялауда халықтың еркін білдіретін мемлекеттік жаңа органдар құруға бұл Конституцияның зор маңызы болды. Президент Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен жаңа Конституция жобасы әзірленіп, бүкіл халықтық баспасөзде жарияланды. Бүкіл халықтық дауыс беру референдум нәтижесінде 1995 жылы 30-тамызда ҚР жаңа Конституциясы қабылданды. ....
Еңбекақы – қызметкердің орындаған жұмыс көлемі мен белгіленген еңбек шарты және мансап инструкциясына байланысты төлем. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттеледі. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынылуына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, "Еңбек ақы төлеу туралы" ережесін дербес әзірлей алады, сондай – ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, "Қызметкер туралы" ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім – шартын жасау үшін ғана емес, сондай – ақ ол шығыстар мен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет. Жалақының номиналды және шынайы түрлері болады. Номиналды жалақы дегеніміз – жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес. Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатысты және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері: 1. Еңбектің саны мен сапасына, шығарылым нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен жалақы қорының пайдалануына бақылау жасау; 2. Субъектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақтылы есептеу; 3. Жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу; 4. Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу; 5. Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу; 6. Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен жалақы туралы деректерді алу; 7. Еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептемені жасау.....
Перитонит деп - ішастарының жедел қабынуын айтады. Ол жергілікті және жалпы белгілермен, дененің өмірге маңызды ағзалары мен жүйелерінің қызметтерінің айқын бүзылыстарының дамуымен сипатталады. Перитониттің этиологиясы әрқилы, біріншілік және екіншілік перитонит деп жіктелу жүйесі қалыптасқан. Біріншілік перитонитке ішқуысына микробтардың енуін айқындайтын кіреберістері жоқ, ол жағдайда микрофлора гематогенді, лимфогенді жолмен және жатыр түтіктері арқылы енуі мүмкін. Бұл жағдай өте сирек, шамамен 1% жағдайда кездеседі. Перитонит ешқашан өздігінше пайда болмайды, әдетте ол құрсақ қуысындағы ағзалардың әртүрлі ауруларының асқынуынан және жарақаттануынан туады. хирургиялық аурулардың ішінде перитониттің дамуына себепші болатын аурулар: жедел аппендицит (55,4%), жедел холецистит (8,9%), і ішектің түйілуі (7,6%), қысылған жарықтар (6,8%), асқазан мен 12-елі ішектің ойық жарасының тесілуі (6%), жедел панкреатит (4%), ішектің жарақатық зақымдары (4%) шарбы майы мен қан тамырларының тромбозынан болған қуық тесілуінен болған пельвиоперитонит, әйелдер жыныс мүшелерінің қабыну ауруларынан болған онкологилық операциядан кейінгі аурулар жағдайында пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ перитонит жіктелуінде септикалық және асептикалық түрлерін де ажыратады. ....
Нарықты экономика несиеге берілген кез-келген ресурстарға процент түрінде ақы төлеуді қатаң талап етеді. бірақ практикада процент қарыз капиталының бағасы ретінде қарастырылады. Қарыз капиталы капитал – меншік иесі, өзіндік қозғалыс түрі бар ерекше тауар, оның иесіне өндіріс саласына қатыспай-ақ қосымша құнның бір бөлігін процент түрінде иемдену мүмкіндігін береді. Қарыз берушінің қолында қарызға берген капиталы үшін төлем қарыз процент түрін қабылдайды. Қарыз проценті қосымша құнның ерекше формасы. Өндіріс немесе сауда қызметін істеуші қызмет иесі, қарыз ала отырып, ақша иесіне алынған соманың белгілі бір бөлігін процент түрінде төлейді. Қарыз проценті қосымша құнның бір бөлігі, оның кәсіпкерлер қарыз берушіге беруге міндетті. Қарыз капиталынан түскен пайда екі бөлікке бөлінеді: капитал иесінің иемденетін проценті мен қарыз алушы иемденетін кәсіпкерлік табыс. Қарыз процентінің белгілі дәрежесі немесе нормасы бар. Процент нормасы қарыз капиталына алынған жылдық табыс сомасының, қарызға берген капитал сомасына қатынасы. Қарыз капиталын пайдаланғаны үшін төлем процент нормасы арқылы көрініс алады. Процент нормасы қарыз капиталынан алынған жалдық табыстың бүкіл қарыз капиталына қатынасымен өлшенеді. Егер, қарызға берген капиталды 100 мың доллар деп ұйғарсақ, ал осыдан жылдық табыс 6 мың доллар болады, онда процент нормасы ----- - 6 процентке тең. Қарыз проценті белгісіз өлшем, оның орта пайда нормасымен байланысты болатыны, соңғысы ең жоғарғы шек, әдетте, қарыз проценті одан асып кете алмайды. Бұдан шығар қорытынды, пайда нормасының төмендеу тенденциясының орын алуымен, процент нормасы да төмендейді. Процент қалай пайда болады және ие не үшін төленеді ? Жаңа классикалық теорияның пайымдауынша пролцент уақыт үшін төлем. Себебі, игіліктердің бүгінгі бағасы мен ертеңгі бағасында (келешектегі) айырмашылық болады.....