Сот ұғымы түсінігі шешімі айырмашылықтары

Сот ұғымы түсінігі шешімі айырмашылықтары

1993 жылы 28-қаңтарда ҚР Жоғарғы Кеңесінің 12-сайланған 9-сессиясында дербес тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Конституциясын қабылдады. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтуда халыққа қызмет ететін азаматтардың ең көлемді құқықтары мен бостандықтарын, т.б. жариялауда халықтың еркін білдіретін мемлекеттік жаңа органдар құруға бұл Конституцияның зор маңызы болды. Президент Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен жаңа Конституция жобасы әзірленіп, бүкіл халықтық баспасөзде жарияланды. Бүкіл халықтық дауыс беру референдум нәтижесінде 1995 жылы 30-тамызда ҚР жаңа Конституциясы қабылданды.
1993 жылы 28-қаңтарда Жоғарғы Кеңестің 12-сайланған 9-сессиясында қабылданған ҚР Конституциясында мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде тұңғыш рет 16-тарауда “сот” деген атаумен “Сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа, Жоғарғы төрелік:
- республика соттарының қызметі үшін тиісті жағдай жасау мақсатында оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырды;
- сот статистикасын жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырды;
- сот шешімдерін орындату жөніндегі жұмысты ұйымдастырды;
-судьялардың тәуелсіздігін орындауға бағытталған шараларды әзірлеп, жүзеге асырды.
Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ.
Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ал бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады. Соттар қайсы біреулердің еркіне қарамастан, тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысанында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады.
Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдермен кінәлі тараптарды (талапкер немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талапкердің пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге мәжбүрлейді. Кінәліге қылмыстық жазаны тек сот тағайындай алады.
Істі сот отырысында қарау мен шешу Конституцияның 77-бабында аталған принциптеріне негізделеді.
Өзге ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамның өзіне сот міндетін алуына құқығы жоқ.
Қандай да атпен болсын арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді. ҚР соттардың мамандандырылуы және осы мақсатта: шаруашылық, салық, отбасы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі, әкімшілік және басқа мамандандырылған соттар құрылуы мүмкін. Мамандандырылған соттардың (қалалық) сот мәртебесі болады, олар сот жөніндегі жарлықта көрсетілген ережелерді қолданады.
Сот билігін тікелей жүзеге асыру заңдылықты сақтау, судьялардың тәуелсіздігін баршаның заң мен сот алдында бірдейлігін, тараптардың ашық пікір білдіруі мен тең құқықтылығын, қаралатын істің жариялылығын қамтамасыз ету сияқты принциптермен іске асырылады. Кез-келген азаматқа құқық бұзушылық кез-келген шешімдер мен мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымдық және басқа да адамдардың Республика Конституциясымен және заңдарымен көзделген құқықтарға, бостандықтарға және заңды мүдделерге нұсқан келтіретін немесе оны шектейтін іс-әрекеттерінен сот арқылы қорғану кепілдігі берілген. Барлық соттарда және сот ісін қараудың кез-келген сатысында да азаматқа кәсіби заң көмегін алу және қорғану құқғына кепілдік берілген.
Соттардың шешімдерін, үкімдерін, өзге де қаулыларын, сондай-ақ олардың заңды үкімдерін, талаптарын, тапсырымдарын және басқа да өтініштерін барлық мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ Республиканың бүкіл аумағындағы азаматтар міндетті түрде орындаулары тиіс, оларды орындамау, сотқа деген көзқарастың өзгеше көріністері үшін заң бойынша жауаптылық белгіленеді.
Азаматтық және төрелік істер бойынша сот сот атқырушылары және сот приставтары институттары арқылы өз шешімдерімен жауапкерді тәртібі үшін жауап беруге, сот шешімдерін атқаруға мәжбүрлей алады.
Үкім заңды күшіне енгеннен кейін сот бір күннен асырмай, орындалуға тиісті жазбаша өкімді үкімді жүзеге асыратын орынға жібереді. Талапкердің заңды мүддесін қорғау мақсатында сот талапарызды қанағаттандыру жөнінде шаралар қабылдайды, атап айтқанда: мүлікті немесе жауапкерге тиесілі ақшалай қаражатты тұтқынға алады. Сот шешімін орындау ол заңды күшіне енгеннен кейін соттың талап етушіге атқару парағын – барлық борышкерге бірдей міндетті құжат берумен қамтамасыз етіледі.
Сот қабылдаған шешім тек мемлекеттік органдары, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін ғана емес, соттың өзі үшін де міндетті түрде орындалуы тиіс. Сот шешімінің тек оның тиісті сот сатыларында заңмен шектелген қатаң тәртіпке қайта қарау тәртібі мен күші жойылуы және өзгертілуі мүмкін.
Сот шешімін қасақана орындамаған не оны орындауға кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттың қызметіне араласуына жол бермеушілік нақты істерді шешкен кезде судьялардың Конституциялар мен заңдардың нормаларын басшылыққа алатындығын, нақты істер балрық мәселелерді өзінің ішкі сенімімен шешетіндігін және бірде-бір мемлекеттік немесе қоғамдық мекеменің, бірде-бір лауазымды адамның судьяға нұсқау беруге құқығы жоқ екендігін, қандай да бір істі болсын шешу тек қана сотқа жүктелгендігі білдіреді.
ҚР Әділет министрлігі ҚР Жоғарға Кеңесінің Пленумына республикалық заңдарды қолдану мәселелері жөнінде соттарға басшылық түсіндірмелер беру туралы ұсыныстар енгізуге құқылы болды.
Аудандық (қалалық) халық соты ауданда, қалада (аудандық бағыныстағы қалалардан басқа), қаладағы ауданда құрылады. ҚР Жоғарғы Кеңесі Әділет министрлігінің ұсынысы бойынша аудан мен қалаға бір аудандық халық сотын құра алады және де осы органдардың ұсынуымен арнайы мамандандырылған (кәмелетке толмағандар, семьялық және басқа да) соттарды құра алады.
Аудандық (қалалық) халық соты басқа соттардың жүргізуіне заңмен жатқызылған істерден басқа барлық азаматтық істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарады. Және олар сот практикасын зерттей отырып, оларды қорытты.
Облыстық және Алматы қалалық соттарының судьяларын ҚР Жоғарғы Кеңесі 10 жыл мерзімге сайлады және олардың алдында есеп берді. Облыстық және қалалық соттарының сан құрамын ҚР Әділет министрлігінің ұсынуы бойынша ҚР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы белгілейді. Облыстық және Алматы қалалық соттарының халық заседательдерінің халық депутаттарының тиісті кезеңі 5 жыл мерзімге сайлайды және өздерін сайлаған органдардың алдында есеп беріп отырады. Облыстық, Алматы қалалық соттары төрағалардан, төрағалардың орынбасарларынан, соттың мүшелері мен халық заседательдерінен тұрды және мұндай құрамда жұмыс істеді:
- соттың президиумы;
- азаматтық істер жөніндегі алқасы;
- қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы;
Облыстық, Алматы қалалық өкілеттігі: өз өкілеттігі шеңберіндегі істерді бірінші сатыдағы сот ретінде кассациялық тәртіппен қадағалау тәртібімен және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарады:
- аудандық (қалалық) халық соттарының сот қызметін кадағалауды жүзеге асырды, сот практикасын зерттеді және оны қорытты, сот статистикасын талдады;
- өздеріне заңмен белгіленген басқа да өкілеттікті жүзеге асырды.
ҚР Жоғарғы Соты:
А) өз өкілеттігі шегінде істерді бірінші инстанциядағы сот ретінде;
Ә) сот істерін қадағалау тәртібімен және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарады;
Б) Сот практикасын зерттеп қорытты, сот статистикасына талдау жасады, соттарға сот істерін қараған кезде туындайтын заңдарды қолдану мәселесі бойынша басшылық түсіндірме берді;
В) ҚР Жоғарғы Кеңесінде Заң шығару (Жоба) инициативасын жүзеге асырды. ҚР Жоғарғы Соты Төрағасын, орынбасарын, сот алқаларының төрағаларын, Жоғарғы Сот судьяларын 10 жыл мерзімге, ал оның халық заседательдерін 5 жыл мерзімге ҚР Жоғарғы Кеңесі сайлайды.
ҚР Жоғарғы Сот құрамы:
- Жоғарғы Сот Пленумы;
- Жоғарғы Сот Президиумы;
- Жоғарғы Сот азаматтық істер жөніндегі сот алқасы;
- Жоғарғы сот қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы.
ҚР Жоғарғы Соты жанынан ғылыми-консультациялық кеңес құрылды. Негізінен, бұл жалпы соттар жүйесін құру 1990 жылғы 23-қарашада қабылданған “Қазақ ССР сот құрылысы туралы заңмен” реттелді.
Сөйтіп, бұл “Сот құрылысы” туралы заң бойынша сот жүйесі 3 буынға бөлініп, Жоғарғы Сот, Облыстық және Алматы қалалық, аудандық (қалалық) халық соты деп көрсетілді. Әдетте буын мен инстанция бір-бірімен тығыз жасасып жатқанымен, оларды ажырата білу қажет. Буын – сот құрылысы ұғымы – сол соттың белгілі бір аймақтағы қызметіне байланысты сот жүйесінде алатын орны айқындалады. Инстанция – сот ісін жүргізу ұғымы – сот ісін жүргізудің сипаты, сот инстанциясындағы сітерді қараудың мақсаттарын негізге алғандағы сот қызметінің бір түрі.
1992 жылғы 24-маусымда бұл заңға әскери соттарын енгізу туралы өзгерістер мен толықтыру енгізілді.
ҚР аумағында әскерлер “Әскери соты, армиялар (бірлестіктер), құрамалары мен гарнизондар әскери соттар” құрамына кірді.
Әскери соттардың судьяларын ҚР Жоғарғы Кеңесі 10 жыл мерзімге сайлайтын және оған есеп беріп отыратын. Әскери соттың судьясы болу үшін, сайлау күніне қарай 25 жасқа толған, міндетті әскери қызмет атқаратын, жоғарғы заң білімі және офицерлер құрамының әскери атағы бар ҚР азаматы әскери соттың судьясы болып сайлана алатын.
Әскери соттардың халық заседательдері болып міндетті түрді әскери қызметті атқаратын ҚР азаматы сайлана алады. Әскери соттың халық заседательдері әскери бөлімдер әскери қызметшілерін жиналыстарына ашық дауыс беру арқылы 2 жыл мерзімге сайланған және олар сайлаушылар алдында есеп беріп отырған.
ҚР Төрелік соты экономикалық қатынастар және оларды басқару процесінде пайда болатын дауларды ҚР Конституциясы және ҚР заңдарымен белгіленген құзырет пен тәртіп шегінде шешу жөніндегі ҚР Сот билігінің дербес, тәуелсіз органы болып табылады.
Төрелік сот органдарының міндеттері мыналар болып табылады:
1. Кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды, сот әділдігін жүзеге асыру жолымен дауларды шешу жөнінде заңдардың біркелкі де дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету;
2. Заңдылықтың сақталуына құқықтық құрылымдармен ықпал ету; экономикалық қатынастарда заңдылық бұзылуының алдын алу.
ҚР Төрелік соты өз құзыретінің шегінде:
1. Шағымдарды қарайды және:
- кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың арасындағы, соның ішінде бірлескен кәсіпорындардың және шетелдік заңды ұйымдардың қатысуымен;
- кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және халық депутаттары жергілікті кеңестерінің арасындағы шаруашылық дауларын шешті.
2. Басқару органдарының, өкіметтің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың жоғарғы тұрғын органдарының өз құзыретіне сай келмейтін не заңдарды бұза отырып шығарған актілерінң күшін толық немесе ішінара жою туралы шағымдарды қарады.
3. Заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстарды дайындады.
4. ҚР Жоғарғы Төрелік сотына заң шығару инициатива құқығы берілді.
5. ҚР аумағында орналасқан кәсіпорындар арасындағы қадағалау тәртібімен алынған даулар жөніндегі ҚР Жоғарғы Төрелік сотының шешімі түпкілікті болып табылады.
ҚР Жоғарғы Төрелік соты, облыстық және Алматы қалалық Төрелік соттары ҚР Төрелік соттар жүйесін құрады. ҚР Жоғарғы Кеңесі, Жоғарғы Төрелік сот Төрағасының ұсынуы бойынша басқа да төрелік соттарды құруға мүмкіншілігі болады. ҚР Жоғарғы Төрелік соты Төрағадан, Төрағаның орынбасарынан, Жоғарғы Төрелік сот судьяларынан тұрады және мына құрамда жұмыс істеді:
1. Жоғарғы Төрелік сот Пленумы.
2. Жоғарғы Төрелік сот Президиумы.
3. Жоғарғы Төрелік сотының шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру жөніндегі алқасы.
4. Жоғарғы Төрелік сотының дауларды шешу жөніндегі алқасы.
Облыстық және Алматы қалалық төрелік соттары төрағадан, төрағаның орынбасарынан және судьяларынан тұрады.
ҚР Жоғарғы Төрелік сотының судьяларын ҚР Төрелік соты Төрағасының ұсынуы бойынша ҚР Жоғарғы Кеңесі 10 жыл мерзімге сайлайды. Облыстық және Алматы қалалық Төрелік сотының судьясын ҚР Жоғарғы Төрелік Соты Төрағасының ұсынуы бойынша ҚР Жоғарғы Кеңесі 10 жыл мерзімге сайлайды.
Төрелік соттың судьясы болып 25 жастан кіші емес, Жоғары заң білімі және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы бар қажетті кәсіби қасиеттерді бойына сіңірген ҚР азаматтары сайлана алады. Судья болып сайлануға ұсынылғанға дейін кандидат стажер ретінде 6 айдан 1 жылға дейінгі мерзім ішінде төрелік сотта тағылымдамадан (стажировка) өтеді.
Төрелік соттың судьялары мынадай жағдайда қызметінен босатты:
- өздерінің мәртебелі атағына сай келмейтін халықтар жасаған не соттың олар туралы заңды күшіне енген айыптау үкімі болған ретте;
- жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы бойынша;
- басқа қызметке сайланса немесе өздерінің келісімімен басқа жұмысқа ауыстырылса;
- өз тілегі бойынша оларды сайлаған орган қызметінен босатты. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?