Тарих | Монғол шапқыншылығынан кейінгі мемлекеттердің саяси-құқықтық жағдайы

Тарих | Монғол шапқыншылығынан кейінгі мемлекеттердің саяси-құқықтық   жағдайы

ХІІ ғасырда бүкіл әлемді дүр сілкіндірген, дүниежүзінің тарих-географиялық жағдайын күрт өзгерткен ірі оқиғалар болды. Бұл өзгерістер Шыңғыс ханның (1156-1227) басшылығымен құрылған монғол империясының дүниеге келуіне байланысты. Шыңғыс хан 1206 жылы император болып жарияланды. Мемлекеттің басты кәсібі жаулаушылық саясатын жүргізу болды. Асқан қолбасшы, шебер ұйымдастырушы дүниежүзін түгелдей жаулап алып әлемдік империяға құруға ұмтылған Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары әлемнің үлкен бөлігін басып алды. Монғол әскерлері Қытайды,Кореяны, Сібір халықтарын, Керей және Найман хандықтарын, Қыпшақ хандығын, Хорезм мемлекетін, Ауған, Иран, Кавказды, Орыс жерлерін, Шығыс Еуропа мемлекеттерін түгелдей жаулап алып жермен-жексен етті. Монғолдар жаулаған жерлерде Шыңғыс ханның ұрпақтарының билікте болуы ресми заңдастырылды. Басқа әулеттің билікке қол созуға құқығы болмады. Артықшылықпен пайдаланатын Шыңғыс әулетінен тараған ұрпақтар жалпы ақсүйек-төрелер, ал ру-тайпа басындағыларын сұлтандар деп атады. Тіпті ол мемлекеттер бытырап бөлініп қайта құрылған жағдайда да басқа ақсүйек емес әулеттер билікке келе алмады. Мұның екі себебі болса керек. Біріншіден, Шыңғыс ұрпақтарының ел билеу дәстүрі зорлықпен және насихатпен қоғамдық санаға сіңіріліп дәстүрге айналды.Екіншіден, мұндай дістүрді бұзу арқылы билік басына келген бөтен әулеттерді Шыңғыс тұқымдары қатаң жазалап жойып отырды. Тіпті құдіретті Әмәр Темірдің өзі бұл дәстүрді қатаңсақтап «хан» деген лауазымды алмай «әмір» атағымен шектеліп, жанында Шыңғыс ұрпағынан хан ұстады.Оның үстіне Әмір Темір Шыңғыс әулетіне күйеу-гураган атанғын алған және өзін Шыңғыстың жолын жалғастырып, оның империясын қалпына келтіруші санады.
Монгол үстемдігі орнаған территорияларда Шыңғыс ұрпақтарының ел билеу дәстүрі берік сақталып келді. Қытайда болсын, Иран мен Орта Азияда болсын Шыңғыс ұрпақтары ел билеу дәстүрін және жаулаушылық саясатын онын әрі жалғастыра берді.
Мәселен Қазаұстан жерінде орнаған мемлекеттерден олар тарихи сахнадан кеткенше Шыңғыс ұрпақтарының мемлекет басқарғанын көреміз. Қазақстан жеріндегі мемлекеттерге Шыңғыстың үлкен баласы Жошы ханның және екінші ұлы Шағатайдың ұрпақтары билік құрды.
Шыңғыс хан көзінің тірісінде өзі жаулап алған алған жерлерін үлкен әйелінен туылған төрт ұлына бөліп берді. Бұл жерлер ұлыстар деп аталды. Үлкен ұлы Жошының ұлысына Ертіс өзенінен батысқа қарай монғолдардың атының тұяғы жеткен жерлер берілді. Сонда Шығыс, Орталық, Батыс Қазаұстан немесе еліміздің көпшілік бөлігі Жошы ұлысына кірді.
Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайға Жетісу, Сырдарияның бойы және Мавереннахр берілді. Үшінші ұлы Үгедейге батыс Монғолия мен Тарбағатай өңірі берілді. Кіші ұлы Төлеге шаңырақ иесі ретінде Монғолия және Қытай берілді.
Сонда Қазақстан территориясы түгелге жуық негізінен Жошы мен Шағатай ұлысына қарады, Шығыс Қазақстанның аз ғана бөлігі Үгейдей ұлысына кірді.
Жошы ұлысының мұрагері оның ұлы Бату хан болды. Бату хан Шыңғыс ханның жорықтарын жалғастырып орыс князьдарын, Чехословакия, Польша, Венгрия, Югославия, Румыния жерлерін басып алып Адриат теңізіне жетті. Осы Ұлан байтақ жерде Батудың 1242 жылы негізгі салуымен Алтын Орда атты алып мемлекет дүниеге келді.
Шыңғыс ханның жаулап алған территориялары алғашқы кезеңде бір мемлекет болып есептелді. Мемлекетті елдің астанасы Қарақорымда отырған Ұлы хан басқарды. Шыңғыстан кейінгі ұлы хан оның өсиеті бойынша сайланған Үгедей (1227-1241) болды. Онан кейін Күйік (1242-1248) (1246 жылға дейін оның шешесі Турақа регент болды), онан соң Мөңке (1248-1260), Құбылай (1260-1295), Ұлы хан болды. Ұлы ханды Шыңғыс ұрпақтарынан тараған ұлыс басшылары, ірі қолбасшылар мен Шыңғыстың басқа да ұрпақтарының Ұлы Құрылтайы (жиналысы) сайлады. Ұлы Құрылтай Шыңғыс империясының ең жоғарғы органы болды. Ұлы Құрылтайды өткізуге дайындық аса жауапты түрде жүргізілді. Онда Шыңғыс ұрпақтарының арасында билік үшін үлкен күрес жүргізілді. Мәселен 1242 жылғы Ұлы Құрылтайға Европаны жаулауды тоқтатып қайтып келе жатқан Батуды әдейі күтпеді. Себебі Ұлы хандыққа Батудың өзі немесе оның жақтасы өтіп кетуі әбден мүмкін еді. Оның есесіне Бату хан өз Ұлысы алтын Орданың негізін салды. Дегенмен ол Ұлы ханға бағыныштылығын сақтады. Батудың қолдауымен Ұлы хан болып Күйіктен соң Мөңке сайланды.
Алып империяны бір орталықтан басқару мүмкін болмады. Біртіндеп ұлыстар өз билігін қолдарына алды. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍