Қазақша - орысша тәрбие сағат: Халықаралық отбасы күні (Отбасы – адамгершіліктің алтын қазынасы)

Тәрбие сағат тақырыбы: Отбасы – адамгершіліктің алтын қазынасы
Тема воспитательный часа: Семья – основа нравственности

Тәрбие сағат мақсаты:
1. Оқушыларға Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру;
2. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу.
3. Отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету.
Тәрбие сағаттар
Толық

Бір аптаның ішінде Қазақстанда жол апаттарында 108 адам қаза тапқан

Жол бойында қатер сейілмей тұр. Өткен бір аптаның ішінде Қазақстанда 500-ден астам жол көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан 108 адам қаза тапқан.

719 адам түрлі деңгейде дене жарақаттарын алды.

Түркістан-Балтакөл тас жолында ГАЗ-53 жүк көлігі жолдың қарсы бағытына шығып, бар жылдамдығымен жүйіткіп келе жатқан "Хюндай-Старекс" автобусына соғылды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, тағы 6 адам түрлі жарақат алған.
 
"Болған оқиға жерінен Газ автокөлігінің жүргізушісі қашып кеткен. Бірақ кеше кешке қолға түсті. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Қалған жолаушылар сол Түркістан қаласындағы ауруханада", - дейді ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы Салтанат Қаракөзова.

Жаңалықтар
Толық

Адам қаңқасы

Тірек-қимыл мүшелер жүйесінің маңызы: тірек-қимыл мүшелер жүйесіне қаңқа мен бұлшықеттер жатады. Бірімен-бірі дәнекер ұлпалар (шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектерден қаңқа түзіледі. Қаңқа ағзаның тірегі, ал бұлшықеттер қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Тірек-қимыл мүшелер жүйесі адамның тік жүру қалпын (пішінін) сақтайды (омыртқа жотасы мен жамбас белдеулері). Қаңқа мидан бастап, барлық ішкі мүшелерге корғаныш қызметін атқарады. Мысалы, ми бірімен-бірі берік байланысқан ми сауытын құрайтын сүйектердің.......
Рефераттар
Толық

Ірі қараның биологиялық ерекшеліктері

Ірі қараның биологиялық ерекшеліктері. Эволюциялық, дамуы барысында адамға қажетті биологиялық ерекшеліктерін қалыптастырған ipi қараның анатомияльқ құрылысы мен физиологияльқ процестерінде біршама айырмашылық бар.

Қоректену типі жағынан шөп қоректілерге, ал қорытуы жағынан күйіс қайыратындарға жатады. Ipi қараның күйіс қайыруы олардың ас қорыту жолдарының құрылыс ерекшеліктерне байланысты мәселе. Ipi қара асқазаны көп камералы келеді Оның үш алдыңғы белігінде без болмайды, қарын сөлі бөлінбейді. Сондықтан олар желінген......
Рефераттар
Толық

Адам, кісі, халық, жұрт

Адам деген ардақты ат.

Адамдықтан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен ас жоқ.

Еңбек – адамның көркі,
Адам заманның көркі.

Ат аяғынан семірер,
Адам құлағынан семірер.

Адам тастай берік,
Гүлдей нәзік.

Адамның күні адаммен.

Адам бір-біріне қонақ.

Ат жақсысын мақта,
Адам жақсысын жақта.

Адам қайғысы – заман қайғысы.

Жасық адам жасына жетпей қартаяр,
Асыл адам жасына жетпей марқаяр.
Мақал-мәтелдер
Толық

Адам, жан, кісі, көп, көпшілік

Адам бір-біріне қонақ.

Адам қайғысы - заман қайғысы.

Күн күркіресе, көп дүркірер.

Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ.

Адам ойға тоймас, қасқыр қойға тоймас.

Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.

Ас адамның арқауы.

Құс жаманы саңғығыш,
Адам жаманы қаңғығыш.

Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.

Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.

Жақсы адам тауып сөйлейді,
Жаман адам қауып сөйлейді.

Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.

Аққу айдынын аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Мақал-мәтелдер
Толық