Абай шығармашылығындағы бүгінгі қазақ

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Абай Құнанбаев

Абай – қараңғы қазақ көгіне нұрын шашқан дана дария. Ақиық жан өзінің өнегелі өлеңдерінде халқымыздың тұрмыс – тіршілігімен сабақтасып келе жатқан кертартпа мінездеріне тоқтау салып, жастардың жарқын болашағына үлкен үміт артады. Жүрегінің түбіне терең бойлауға шақырған дара тұлға байырғы жұртымыздың көзге көрінерлік кемшіліктерін қара сөздерінің адуынды күшімен жаза білді. Сол сарқылмас мол мұраның толқыны бүгінгі жаңа заманның жағалауына келіп, алыс айға талпынған жас жүректерді бұрыс жолдың бағытына мойын бұрмай, даналардың жолымен жүруге үгіттейді.

Бүгінде Абай армандаған жас буындардың бейнесі қалай қалыптасып келеді? Қазіргі таңның жарқын мақсатын болашақпен байланыстыратын ХХІ ғасырдың өрендері өресі кең бабаларымыздың дала төсіне сіңген үні мен жаһандану жаңғырығының арасында қайсысының айтар ойына құлақ түрерін білмей адасып жүр. Шартарапты шарқ ұрған шағаладай арпалысқа түсіп жүрген жастар әлемдік даму жолын ұлттық дәстүрлерімізбен сабақтастыру үшін не істеуі керек? Бұл сұрақтың жауабын махаббатты ғадауатпен майдандастырған ақынның «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінің терең толғанысты шумақтарынан табуымызға болады.

Керек іс бозбалаға – талаптылық,

Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.

Кейбір жігіт жүреді мақтан сөйлеп,

Сыртқа пысық келеді, көзге сынық,.....
Шығармалар
Толық

Көз жасымен суарылған гүл

Қазақ халқы… Бұл атау қайдан шықты, қалайша бұл халық солтүстігінен оңтүстігіне қарай 1600, батысынан шығысына дейін 3000 шақырымға созылып жатқан дархан даланың иесіне айналды? Әрине, тарлан тарих беттерінде әлемге қонақжайлығымен танылған халықтың хандық болып құрылып, бір киіз үйдің бір шаңырағының астындағы ошақта бір алау болып тұтанып, түтін түтеткен уақыты 1465 жыл деп саналады. Бірақ, қалайша әр түрлі жерден нәр алған ағаштар бықсымай жанып, киелі шаңырақтан түтін болып шығып, кең далаға тіршілік тынысын сездірді?! Ол халықтың тайға таңба басқандай мәдениетінің берік, тілі, ділі, дінінің ортақ әрі рухани байлықтарының меңіреу жатқан кең сахара төсіне тезірек сіңісіп кетуінен болса керек.

Ел басына күн туса, толарсақтан саз кешкен батырлар, ертеден шапса, кеште озған, ылдидан шапса, төске озған ақындар жүріп өткен сартап жолдарды жас ұрпаққа әйгілеп тұрған суреткер дала қаншама ұлы оқиғаларды ішіне бүгіп жатыр десеңші. Сондай оқиғалардың бірі салт – дәстүріміздің қаймағы саналатын Оңтүстік Қазақстандағы тұлпарлар туған, сұңқарлар қонған Түлкібастың төрінде де болған-ды.

Түн. Айлы түннен сүт еміп, тыныштықтың тамыры соғып тұрған даланы Ақсу мен Жабағылы жоталары құшағындағы бесігіне таңып алып, үнсіз тербетіп тұр. Мүлгіген дала тыныштығын бұзып, киіз үйдің шұрық тесігінен бұзық май шам жарығы сығалайды. Май шам орнынан қозғалмай тұрғанымен, екі түрлі жұмысты бірдей атқарып тұр екен. Оның бірі түнгі аспанның ерке жұлдыздарына қыр көрсетіп, жерден жарық шашып, қайсарлығын танытса, екіншісі үстінде жатқан тіршілік иесін мәңгілік ұйқы сапарына аттандырған төсекті құшып, жылап отырған, жасы 24-25 шамасындағы, маңдайын кекілімен бүркеген, аққұба өңді, айдай көрікті қызды жалғыз қалдырмайын деп, нұрлы жарығымен бидай өріспен өрілген шашынан сипап тұр. Қыздың көз жасының бұлақ болып төгілуіне не себеп болды екен, әлде басына түскен қиындықтарының көптігін бетіне сызық болып түскен әжімдері көрсетіп тұрған, жасы 50-53 шамасындағы ер адамның көз жанарының көмескіленіп бара жатқанына қайғыра ма? Білмедім... осы кезде қыз жанарының астында көз жасына суарылып жатқан оң қолына бір затты қысып алған. Дәнге ұқсайды. Иә, шынында да гүлдің дәні. Қыздың қолындағы қандай дән, төсегінде жатып, дүниауи тіршілікке тәуелсіз сапарға аттанған адамның бұл қызға қандай қатысы бар..? Оны білу үшін қыздың өткеніне оралайық........
Шығармалар
Толық

Біз - мәңгілік ел балаларымыз

Балалық өтті білдің бе,

Қарттық жасқа келдің де,- деп Абай өкініш білдірген балдай тәтті балалық шақ десеңші!?Қанбаған ойын, тарқамаған құмарлық алаңсыз еркелік... айта берсем таусылар емес. Біз - әлем балаларымыз. Әлемде қанша халық бар, сонша халықтың ұрпағы- балалары ғой. Бәрі-бәрінде бақытты балалық па, ойланып көрейікші... Мен бейбіт елде бақытты өмір сүріп өз қалауыммен білім алып, ата-анамның қамқорлығына бөленудемін. Не ішем, не кием деген қажеттілік жоқ. Мен- сондай бақытты баламын. Санам- сергек, ойым- ұшқыр, жан жағым- аман. Бұған артық не керек маған?!

Теледидарды қосып, шетел хабарларын тыңдасам немесе газет ақтарып оқып отырсам, неше түрлі оқиғаларды оқып ,жағамды ұстаймын. Соның көбі- балалар десем де болады. Өйткені мені өзім құралпы балалар өмірі, тағдыры қызықтырады ғой. Құлдықта ұсталған балалар, зорлық- зомбылыққа ұшыраған сәбилер, зиянды әрекетке бой алдырған балалар, тіпті панасыз қанғыбастар қаншама? Оларды көргенде, қатты қиналамын. Сәбилік күлкі алаңсыз бақытты балалық шақ қайда қалды деп?..

Әлемнің барлық балаларының тілегі- бейбітшілік. Қатыгез жандар оған да қаяу салды. Жазықсыз зардап шегіп, ата-аналарынан айырылғандарын естігенде, көкірегің қарс айырылады.Анау Беслан оқиғасы, ұшақ апатының құрбандары, қанды қақтығыс арасында құрбан болғандарды айтпай кетуге болмас......
Шығармалар
Толық

Мемлекетке адал қызмет ету

Мемлекетке адал қызмет ету – өз еліңнің патриоты болу Мемлекетке адал қызмет етудің ең үлкен дәлелі – адамның өз елін сүйетін патриоты болуынан көрініс табады. Жалпы мемлекетке адал қызмет пен патриот болу – ажырамас егіз ұғым. Ең алдымен, осы ұғымдардың мағынасына тоқтала кетсем. Мемлекеттік қызмет деген не? Мемлекеттік қызмет – мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады. Сонымен қатар, біздің елімізде мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесідей жүзеге асырылатынын білемін. Олар: Қазақстан Республикасының барлық заңдылықтарын білу, туған жеріне деген сүйіспеншілік, қазақстандық патриоттық сезімі аса биік болып, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы мен азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделері алдындағы басымдылығы. Ал, патриот дегеніміз кім? Патриот дегеніміз – өз ұлтын, тілін, діні мен ділін сүйетін, туған тарихы мен ата-бабамыздан жеткен салт-дәстүрін дәріптейтін, өзімен бірге өмір сүріп жатқан адамдарға махаббаты шексіз, өз ұлтының, елінің дамуына барынша үлес қосатын адам. Дегенмен, заманың түлкі болса, тазы болға салып, өзінің тілінде сөйлеуге арланып, атақ мен дәреже, байлық үшін Отанын сатып, өзге елдерде сұлтан болып жүргендер, немесе өзінің лауазымын асыра қолданып, қалықты қанап, мемлекетті тонап жүргендер де аз емес. Соларға қарап қынжылып, жүрегім ауырған кезде, Қазақ еліне деген махаббатым арта түседі. Сол себептен шығар, мен өскенде елбасымыз сияқты халқыма адал қызметкер боламын деп ойлаймын. Адал қызметкер деген кім? Оның іс-әрекеті, адалдығы неден көрінеді? Адал қызметкер болу – әр азаматтың Отанына деген махаббатынан бастау алады......
Шығармалар
Толық

Мен әкеме ұқсағым келеді, еліктегім келеді

Әкең – қазақ, шешең – қазақ қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың.
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын, деп әрбір әке баласына өсиет қалдыратыны анық.

Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ деген өнегелі ұғымды ойға түйіп, отырып мен өз әкеме ұқсағым келеді. Әкем содай мейрімді , қарапайым жан. Әкемнің ағасы, інілері бар оларда мейрімді және қарапайым адамдар. Атамызда ақ көңіл, балаларын өзінен артық көреді. Әсіресе қыздарын жақсы көреді. Менің әкем өз әкесіне ұқсайды, ал мен әкеме ұқсағым келеді. Әкем өте намысшыл, жаман қылық көрсетпеуімді талап етеді. Оның кейбір істеріне еліктегім келіп тұрады. Адам баласы отбасында нені көрсе, үлкен болып, өскенде, сол көрген нәрсені қайталауы мүмкін ғой. Менің әкеме атамыз қандай тәрбие берсе, әмекем маған сондай тәрбие беруде. Олар балалық шақтарында өте тату-тәтті болып өстік, сендер де тату болыңдар дейді,- бізге әкеміз. Менің ағам, әпкем бар. Олар анамызға жақын. Әкем өзін бізбен достық қатынаста ұстауға тырысады. Бос уқытында бізбен бірге уақыт өткізуге , мүмкіндік туғызады. Ол жұмыс көп істейді, ерте кетеді кеш келеді. Сонда да бізге көп көңіл бөледі. Әрбір мерекеге бірге барамыз. Ақылын айтып , өзі бізге үлгі көрсетеді. Оның достары көп. Сабақ орындауға ,ойнауға маған көмектеседі. Ол оқушы күнінде спортпен, би үйірмесіне баратын екен. Мен билеуді ұнатамын. Оның достары көп. Әкемнің сыныптастары, достары келгенде айтып отырады менің әкем туралы. Достары жыл сайын бізге қонаққа келеді. Әкемдер оларға барады. Олар үнемі балалық кездері туралы айтады. Маған әкем туралы тыңдау ұнайды. Ол адамдармен тез тіл табысады. Барлығын бірдей қабылдайды. Оны жұмыс орнында да сыйлайды, беделі жоғары әріптестерінің арасында.....
Шығармалар
Толық

Біржан сал Қожағұлұлы - әлеуметтік өмір жыршысы

Біржан - қазақтың сал - сері ақындарының ағасы, ұстазы, жанашыр өнерпазы. Өнер дамыған сайын Біржан мұрасы мәңгі бірге жасамақ.
Есмағамбет Ысмайлов

Біржан сал үш бірдей өнер иесі - асқақ үнді ақын, сазгер, әнші. Ол – қазақтың әншілік – орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген, аса дарынды халық композиторы, қазақтың қайталанбас бір туар тұлғасы. Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген Біржан сал бозбала кезінен әнші - ақындардың қасына еріп той - думанның сәніне айналған. Бозбаланың ақындыққа бейімдегені елінің, жерінің, табиғатының, өскен ортасының ықпалының көп пайдасы тиген. Өзінен үлкен Ержан, Нұржан деген ағалары болған сол заманның шаруашылық жұмыстарын өздері атқарғандықтанда болар, ол алаңсыз ән мен өлеңге үйір болғаны. Оның сыртында сол кездің сал - серілері, әнші-ақындары: Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері - Біржан салдың ұстаздары болған. Жастайынан ақын әнші, өлеңші, домбырашы атанады. 1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсері тиеді. Біржанды өз құлағымен тыңдаған данышпан Абай: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең - менше сүй, - деген мәңгілік жетерлік сөз қалдырған........
Шығармалар
Толық

Қарты бар үйдің қазынасы бар

Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: "Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден немересіне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр болама деп қорқамын..." деген екен. Рас, қазақ ұрпағына ұлағатты тәрбие бере алған, ұлтжанды ұл, қылықты қыз тәрбиелеген. Ал қазір біз сол ғасырлар бойғы ұлы құндылықтарымыздан ажырап барамыз. Бұл - бүгінгі қоғам дерті. Бесік жырын шетелдің у-шу, даңғаза әуеніне алмастырса, ертегінің орнын телеарна мен компьютердегі атыс-шабыс ойындар, фильмдер, мен түрлі мультфильмдер алмастырды. Өкініштісі сол, сәбиін "әлдилеп" ән айтып еміренетін әжелер азайды, бесік жырын білмейтін аналар көбейді, ұлдарын атқа мінгізіп өсіретін аталарымыз жоқтың қасы. Атам қазақтың ұрпақ тәрбиесін жоғары қойғандығы соншалық, туған-туыс, бір рулы ел болып, бүкіл ауыл болып атсалысқан. Әсіресе, бұл жерде үйдегі көпті көрген қарт ата мен әженің тәрбиесі үлкен рөл атқарады. Ал бүгін сол ата-әжелеріміз бала тәрбиесіне қаншалықты деңгейде мән беруде?

Адамның асыл қасиеттері мен адами болмысы өз отбасында қалыптасады. Отбасында алған үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие арқылы ғана Отанға деген сүйіспеншілік сезімі орнығады. Ал отбасындағы басты құндылық ұлттық тәрбие деуге болады. Сол ұлттық тәрбиенің дәнін себуші жандардың бірі - әжелер екені даусыз. Әже алдын көріп, тәлімін алғандардан қазақтың сүт бетіндегі қаймағындай болып, тарихта есімі қалған ұлылар қатары көп-ақ. Зередей зерделі ұлағатты әжеден аңыз-әңгімелер естіп, жыр-дастандар тыңдап өскен бала Абай дана Абайға, қазақты танытқан ұлы ақынға, зор тұлғаға айналды......
Шығармалар
Толық

Қасиетті жерім - Қазақстан

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты? – десе біреу,- Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел – дағы от ал менен.

М. Мақатаев

Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен – ақ сіңіруге ұмтылатындығынан туған жер жайлы мақал – мәтелдерден, аңыздар мен батырлық жырларынан көреміз. «Ит – тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп, ерекшелеп көрсетеді. Туған жерін сағынғанда патшалығын да тастап, елге тартқан Бейбарыс баба туралы аңыз да жүрекке жылы. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын Егеулі найза қолға алып, еңку – еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту - әрбірімізге парыз. «Елің үшін отқа түс – күймейсің» дегендей, туған елінің бостандығы, жерінің азаттығы үшін күрескен әр замандағы ардақты ерлерін туған елі ешқашан ұмытқан да емес, ұмытпақ та емес ? «Алға қарайтын кез келді. Іске кірісер кез келді. Ерік – жігерімізді танытатын кез келді!» - деп Тұңғыш Президентіміз ауыл халқына да үндеу тастады. Бүгінде алтын бесік ауыл зор өзгерістердің бастауында тұрғандай. Өйткені келешек Қазақстанның нағыз ұлтжанды тұлғалары ауылдан туып шықпақ.Елбасымыз Нұрсұлтандай басшыларды, Шерхан, Әбіштей сөз зергерлерін, Бекзат пен Ермахандай дараларды тудырған алтын бесік – құтты қазынасы мол қазақи әлемнің біздің келешегіміз үшін берері әлі алда. «Таланттар ауылда туып, қалада өледі» деген сөз бар біздің қазақ халқында. Бұл біздің түп тамырымыз – ауылдың құрметіне сай айтылған сөз деп ойлаймын......
Шығармалар
Толық

Сен туралы айтпауға хақым бар ма?

Туған жер деген кезде көз алдыма ең бірінші туған өлкем "Қайыңды" елес береді. Асқар тау, жасыл орман, мөлдір бұлақсыз-ақ осы бір ауыл сәл жырақтасам өзіне тартып, сағындырып тұрады. Туған жер әр тасымен де, тамшы суымен де, күн қақтаған топырағымен де ыстық болатыны да содан болар?! Балалық шақтың бал күні өткен, тәтті күндердің естеліктері сақталған, арманымның асқар шыңына қадам бастаған ауыл ыстық болмаған да ше?
Мұхит та емес, теңіз де емес, көл де емес
Ойыл-өзен!
Терең де емес, енді емес,
Көктем келіп, мұз жарылып жатқанда,
Сол бір кезден көз алдыма келді елес-деп, осы ауылдың түлегі, ақын Ертай Ашықбаевтың жырына арқау болған Ойыл өзенінің оң жақ бүйірінде орналасқан, қырға шықсаң шашыраңқы орналасқан жүз үйдің арқа-жоңы анық көрінетін ауыл, сол – Қайыңды. Біздің Қайыңды! Менің Қайыңдым! Менің жұмақ мекенім...

Жүйіткіп өткен жүрдек пойыздай зымырап өте шыққан алаңсыз балалық шағым осы ауылдың шаңы бұрқыраған көшелерімен, есіп аққан толқыны бұйра-бұйра Ойыл өзенінің жағасында өтті. Аспанмен таласар биік-биік таулары болмаса да, арқасын қыста қар жауып әсемдейтін, баурайы көктемде қызылды-сарылы әсем гүлге оранып тәтті иіс сыйлайтын, жазда күн қақтайтын қыраттары мен үшін әсте асқар таудан кем емес. Асық атып, асыр салып жүріп-ақ осы ауылға ғашық болғам. Бетімнен сүйіп өткен самалы желіне, даланың жұпарын аңқытқан ақ жауынына ғашық болғам. Жаздың аптаған ыстығын, қыстың сұрапыл боранын елемей, жазы бауға, қысы тауға жетелеген ауыл маған асқақ арман, шым шабыт, қайтпайтын қайрат сыйлады. .....
Эсселер
Толық

Ел болам десең

«Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса,ел болғаның қайсы?» деп қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов айтып өткендей біз өзімізден үлкендерден үлгі-өнеге алып,ал кішілерге тәрбиелік қағидаларды көрсетеміз. Дүние есігін ашқаннан бастап ана сүтінен нәр алып,әке өнегесін тыңдап,тал бесіктен бойымызға нағыз тәрбие жиямыз. «Отан отбасыдан басталады» демекші, отбасының әр адам өмірінде алар орны бөлек деп ойлаймын.Әрине,тек отбасы емес, дос-жаран мен ұстаздардың да атқарар рөлі зор.Мектепке барған кезде де өзімізге керек мәліметті жинап,болашағымызды ойлауымыз қажет.Себебі,он бір жыл көзді ашып жұмғанша өте шығады екен.Осы уақыт ішінде сабақты жақсы оқумен қатар,достарымыздың арасында да сыйлы бола білу қажет деген ойдамын.Дос арасында сыйлы болу-жаман қылықтармен алда болу емес,керісінше ақылдылықпен,жақсы мінезбен,қайырымдылықпен өмір сүре білу.Дегенмен,қазіргі жаман әдетке салынып,болашағын ойламайтын жастардың әрекетін көргенде ішім ашиды.Біз жастар қазірден,тіпті,бала кезден ел үшін қандай іс жасай аламын,қалайша ата-анамның абыройын асқақтатамын деген сұрақтарды миымызда қорыта білуіміз керек деп есептеймін.Себебі, туып-өскен жеріміз бен мәпелеп өсірген ата-анамыздың орны бәрінен жоғары тұрады.Қандай жағдай болмасын ұлтымызды жоғалтып алмауымыз керек.

Әр баланың өміріндегі ең маңызды жан-ата-ана.Біздің мінезіміз бен қылықтарымыздың басым бөлігі сол кісілерге ұқсайды.Өзіміз байқамасақ та,біз көп жағдайда ата-анадан көрген іс-әрекеттерімізді қайталап жататын секілдіміз.Сондықтан отбасы құру,отбасындағы бала тәрбиесі жөніндегі проблемалар әрдайым өзекті деп ойлаймын.Қазіргі таңда байлық,атақ-абырой сияқты түкке тұрғысыз заттарға ғана қарап отбасы құрып жатқан жастар бары рас.Ал адам байлықтан да жалығатын күн жетеді.Дегенмен отбасы құрған адамның ойы жан-жарымен самай шашы ағарғанша бір болып, қиындыққа мойымай, саналы ұрпақ тәрбиелеу болады деп ойлаймын.Өкінішке орай жастардың ойы адами қасиеттерге жетпек түгілі, көк қағаздан әрі асатын түрі жоқ.Ал бұның арты әрине жастардың ажырасуымен аяқталады.Ал ортадағы баланың жағдайы тіптен қиын деп ойлаймын.Менің ойымша баланы бір адам тәрбиелеген жеткіліксіз.Бала отбасында кімнің қандай рөл атқаратынын,қандай міндеттері бар екендігін фильмдер мен кітаптардан ғана емес, өмірде де көруге құқылы......
Эсселер
Толық