Ілияс Жансүгіров (Ғазизаның аузынан)

Ғазиза - менің атым, затым әйел,
Алла алса, арманым жоқ жанымды аяр.
Ел надан, еңбек білер ешкімім жоқ,
Мұң айтып, наз шаға алмай, өсек жаяр.
Тең тауып, құрбы сүйіп күлмеген соң,
Кеміріп жеп арман - қайғы көңілімді аяр. .....
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Заводта)

Қабат - қабат салынған,
Бөлек - бөлек болат үй,
Электр шамы жағылған,
«Тұр, жұмысшы, киім ки!»
Деп, гудогі гүрілдейді.
Ұршықтар ойнап, билеп би,
Дөңгелектер дүрілдейді.
Машинада қоңыр күй... .....
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Майдан)

Алдымда айқын айнам бар,
Алдымда жойқын майдан бар
Ағарту елді - майданым!
Майданда қан ішпеймін,
Майданда іс істеймін,
Майданда майда майдамын!
Аң беруге ауылға,
Аң беруге бауырға,
Шаң беруге жауыңа.....
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Заман)

Зар, зар, зар, зар заман,
Зарлатып өткен о заман.
О заман кетсін өзімен,
Күлдірген бізді бұ заман.
Заманымда зырлаймын,
Жыламаймын, жырлаймын......
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Көш - жөнекей)

Жалындап шығыс жиек талауратып,
Күн шықты, жаздың таңы баяу атып.
Бозторғай көкке шықты күнді мақтап,
Көмекейі бүлкілдеп, қоңыраулатып.
Кезімді көкке тігіп шаңырақтан .....
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Саудың сандырағы)

Бедерсіз, бұлтсыз, бұйра көк
Көлеңкем бе, үйім бе.
Шырайы шымқай шам шапақ,
Шатырым ба, шиім бе.
Жастығым ба асқар, қымқап қыр,
Жатырмын ба үйімде.
Масатым майса, бәйшешек,
Төсегім бе, үйім бе.
Шымылдық - шалғын, жақпар тас,.....
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Беташар)

Айт - айт, келін, айт, келін,
Аттың басын тарт, келін.
Сауысқаннан сақ келін,
Жұмыртқадан ақ келін.
Келін келді көріңіз,
Көрімдігін беріңіз.
Ала - құла демеңіз,
Атын айтып беріңіз......
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Қорқамын)

Курстан оқып күйбеңдеп,
Мұғалім болдым мығымдап.
Төрт амалдан түртектеп,
Тіл құралдан тығындап.
Құйқалақ бала, шым мектеп,
Оқытып бердім қимылдап.
Отын - су жоқ дірдектеп,
Жел жабықтан ыңылдап.
Құм төсеніп, шаңға аунап,
Өкпе болды балаларым,
Көкірегі сырылдап......
Өлеңдер
Толық