Журналистика | Журналистік зерттеу

Отандық журналистиканың мазмұнын қарастырғанда негізінен жанрлық тұрғыдан үш топқа бөліп қарастырамыз: ақпараттық, сараптамалық және көркем-публицистикалық. Ал батыс елдерінің баспасөзі туралы айтар болсақ, айталық АҚШ-та нақты журналистика және зерттеу журналистикасы.
Журналистика әлемі – алып мұхит. Ақиқат жолындағы арпалыс пен айқасқа толы, буырқана бұлқынып, шарпысып жатқан сезімтал әлем. Ол күн сайын сені өзінің түпсіз тұңғиық құпиясына еріксіз тарта береді. Ал, сол әлемнің шыңырауына түсіп кетпеу үшін де даралық пен қабілет, пайым, парасат пен байқампаздық керек. Ізденімпаз жанға нәтиже – мол, білім, тынымсыз еңбек, өз ісіне деген сүйіспеншіліктің арқасында келеді. Ізденіс пен азапты арпалысты өз өмірінің кредосы етіп алған журналист қауымының қалам тербемейтін, араласпайтын саласы жоқ. Бәрінде де іс - әрекеттерді өз жан дүниесімен сезіне өз биігінен баға беріп, ой тұжырым жасайды. Парасат әлеміндегі кейіпкерлердің көңіл – күйіне ене отырып солармен бірге тыныстап, шынайы сезім шуағына бөленеді. Осының бәрі де «шеберлік» дейтін мәнді ұғыммен етене байланысты. Шеберлік жоқ жерде ойлы да көркем дүниенің өмірге келмейтіндігі әлімсақтан белгілі. Десек те, бізде күні бүгінге дейін тележурналистикадағы жекелеген даралықтардың методологиясы тиянақты зерттеліп, қорытылған емес. Қазақ тележурналистері бұл саланың жетістіктерін толық меңгеріп, игеріп кете алған жоқ.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Журналистер құқығының қорғалуындағы шетелдік тәжірибе


Журналист мамандығы дүние жүзіндегі ең қауіпті мамандықтың бірі ретінде белгілі. Қоғамның жоғын жоқтайтын, түсін түстейтін, қоғамдық пікір қалыптастыратын журналистер. Елге араша түсіп, халықтың жан ашыры болатын да журналистер. Бірақ күнделікті осы жан ашырлардың құқықтары белден басылып, өмірлері мен шығармашылықтарына түрлі қауіп-қатер төніп тұрады. Осыған орай «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қордың жұмысын қарай келе, Қазақстандағы рөлі мен қызметіне тоқталып өттім. «Әділ сөздің» негізгі мақсаты мен міндеті қандай, журналистердің құқығын қалай қорғайды, сондай-ақ, өзге елдердегі баспасөз өкілдерінің құқығы қалай қорғалатыны сияқты тақырыптарды көтердім.
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры өз жұмысын 1999 жылдың 12 сәуір күні бастады. Аталған қордың басты мақсаты – елімізде еркін, объективті, прогрессивті журналистиканы қалыптастыру. Ал жұмысының негізгі бағыты – заңымызды одан әрі жетілдіріп, БАҚ және журналистердің құқығын қорғау мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін заң жағынан сауаттандыру. Өйткені мемлекеттік пен жекеменшік баспасөз журналистерінің заң саласынан сауаты жеткіліксіз болғандықтан, олар сан алуан қиыншылықтар мен өмірдегі түрлі жағдайларға ұрынып жатады. Аталған қордың негізгі артықшылығы – бұқаралық ақпарат құралдарының мүддесін қорғап, журналистерге заң тұрғысынан кеңес беру, ал керек кезде сот ісіне араласып, БАҚ мүддесін қорғау болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Асқар Егеубаев публицист

Әрбір журналистің бүгінгі күнгі жанкешті еңбегі – ертеңгі ел тарихы. Бұл үрдіс сонау ертедегі жазу-сызу пайда болған күннен бастап жалғасын тауып келеді. Бағзы замандардан бізге жеткен балбал тастардағы жазбалар – тарихымыз бен мәдениетіміздің, рухани дүниеміздің қазынасына қосылған қаймағы қалың, құнарлы мұралар. Отандық баспасөз беттерін парақтап көрсек, елдің кешегісі мен бүгіні, ертеңі менен келешегі сара жолдай сайрап жатыр. Біздің осы өмір сүріп жатқан дәуірімізді ақпарат ғасыры деп ерекше әспеттеп жар салып жарнамалаймыз. Сонымен қатар жаһандану деген жаңа түсінік пайда болып, әлемдік ақпарат кеңістігінің өрісі кеңіп, дүниенің төрт бұрышындағы жаңалықпен танысуға мүмкіндік туды. Осындай ақпарат тасқынының толассыз ағынына төтеп беру үшін жаңалық пен хабарды екшеп қабылдап, асылдан жасықты айыра білетін білік пен талғампаздық тағы да қажет болады. Осы орайда қоғамдық сананы, қоғамдық ойды қалыптастыруға публицистер еңбегі елеулі қызмет атқарады. Сондықтан мен бітіру жұмысымның тақырыбын «Асқар Егеубаев – публицист» деп алдым. Бітіру жұмысының негізгі тақырыбына көшпес бұрын ең әуелі публицистика мәніне тоқталып, түсінік бере кеткенді жөн санадым. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | 31 арнадағы Информбюро ақпараттық қызметі

Журналистика қоғамымыздағы «төртінші билік» деп танылып, өміріміздің айрылмас бөлшегіне айналды. Ахмет Байтұрсынов айтқандай, «Халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» болып, қалың көпшіліктің мұң-мұқтажының жоқтаушысы қызметін атқару, яғни билік пен халықтың арасындағы дәнекерші болу. Дегенмен, заман талабына орай журналистиканың қоғамда атқаратын қызметтері де айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отырады. Бүгінгі таңда жұртшылықтың ақпаратқа деген сұраныстары артып келеді, яғни БАҚ-тың ақпараттық функциясы дамуда. Осы орайда еліміздің электронды бұқаралық ақпарат құралдары да жұмыла еңбек етуде, олардың елдің соңғы жаңалықтарына деген сұранысын өтеу жолындағы қажырлы жұмыстары бүгінгі күнде жақсы деңгейден бағалана бастады. Мемлекеттік телерадиоарналардағы ақпарат берудегі өзіндік ұстанымдары, саясаты көбіне ресми бағытта, әрі қатаң қалыптағы сипатта болса, тәуелсіз электронды ақпарат құралдарында тақырып таңдаудағы еркіндік пен оқиғаға қатысты сын пікірлердің орын алуы қалыпты жағдайға айналып келеді.
Зерттеу жұмысын «31-телеарнадағы» «Информбюро» ақпараттық бағдарламаға арнауымыз да осы жоғарыда айтылған ойды нақты тұжырымдар арқылы дәлелдеу. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Қазақстан ұлттық телеарнасындағы ойын сауық бағдарламалары

Қазір ақпарат заманы. Ақпараттар тасқыны кәдімгі Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызуға» мүмкіндік тудырып отыр. Батыс пен Шығыстың мүдделері тоғысқан, Америка бүкіл әлемнің қожасы болуға талпынған, Ресей ТМД елдеріндегі ықпалын жоғалтпауға күшін салған, Қытай аждаһадай аранын ашқан бүгінгідей заманда қазақ ақпаратының бәсекелестікке төтеп берерліктей мүмкіндігі болуы керек.
ХХІ ғасыр ақпарат билік құратын ғасыр болуы керек. Бұрын билік идеологияның, қарудың қолында болды. Енді ақпараттың қолына көшетін кез жетті. Ал, ақпарат ғасырында ақпараттың экспансияның астына көміліп қалмау біз үшін басты мақсат. «Қазақстан ұлттық телеарнасында» соңғы жылдары жасалып жатқан оң қадамдар, жаңа ізденістер осындай мақсаттың үдесінен туған секілді. Қазақ баспасөзінің жаңа белесі туралы профессор Намазалы Омашев былай дейді: «Қазақ баспасөзі жаңа үрдіске иек артып келеді. Бұқаралық ақпараттың көз-жанарын байлап, екі өкпесін қысқан тас қамалдың есігі ашылып, ішіне саңылау түскендей газет, журналдардың тілі стилі бұрынғы қалпын жойып жаңа леппен, жаңалықпен көрініс табуда. Ақпарат ағынында бәсекелестік пайда болды. Ал, бәсеке дегеніміз ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Ана тілі газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы

Бітіру жұмысының өзектілігі. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын даналар сөзі, бабалар өсиетінің бір бөлшегі ауызша жетіп отырса, көп бөлігі тасқа таңбаланып, ақ қағаздың бетіне маржандай тізіліп бүгінгі күнге жетті. Тіпті кейбірін оқи алмай отырған отырған жайымыз бар. Оның себебі қазақтың тарих көшінде түйесін ауыстырған жолаушыдай әліпбиінің бірнеше мәрте өзгеріске ұшырауы болып табылады. Айдауына жүретін, ыңғайына көнетін жайлы түйесін тартып алып өзгесіне мінгізсе, жолаушының астындағы түйесімен алысып жүріп көштен қалып қоятыны секілді қазақ та ой сандығындағы талай маржандарды төгіп, шашып алып, көшке әрең ілесіп келді. Әдейі сүріндіру де болды. Бас аяғы айналдырған 5-6 жылдың ішінде әліпбиін 4 мәрте өзгертуді - әдейі сүріндіру демеген де қалай атауға болады? Өйткені әліпби ауыстырудың соңы сауатсыздыққа әкеліп соғатыны айтпаса да түсінікті. Сол себептен де әліпби - белгілі бір топтың немесе мамандардың ғана талқылар нысаны емес, тұтыс бір ұлттың тағдыры, болашағы. Ахмет Байтұрсынов айтқан халықтың құлағы, көзі һәм тілі баспасөз бұл үлкен мәселеден де шет қалған жоқ. Сонау 20-ғасырдың басынан бері журналист жан айқайының себепшісі болып келе жатқан әліпби мәселесі бүгін де өз шешімін тапқан жоқ. Қайта өршіген үстіне өрши түсуде. Бірі латынға, бірі төте жазуға, үшіншілері көне жазуымыз – рунаға көшейік десе, төртіншілері «басты қатырмай, артық проблема туындатпай кирилше жаза берейік» дейді. Құдды бір, аққу, шортан һәм шаян дерсің. Ал ортада көкпарға түскен серкедей халық бар. Ғалымдар ұсынып отырған харіптердің қайсысы қазаққа тиімді? Бұл сұрақтың жауабы әлі табылған жоқ. Баспасөз бетінде де жан-жақты талқылаулар, пікір-таластар көп. Солардың бірі, қазақ тілінің де, ұлтының да жанашыры «Ана тілі» газетінде материалдар оқырман назарына молынан ұсынылуда. Сондықтан да бір ұлтты тағдырына, бір халықтың болашағына әсер етер, менің бітіру жұмысыма арқау болып отырған тақырыпты ең өзекті мәселе дер едім. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Шетелдердің балалар журналистикасы

Журналист - әмбебап мамандық. Бұқаралық ақпарат құралдарының ең басты қызметі – қоғамдық пікірді қалыптастыру болса, балалардың өмірге деген көзқарасының қалыптасуына да масс-медианың ықпалы зор екені айқын. Журналист ең алдымен қоғамға қызмет етуші тұлға. Сондықтан оның еңбегінің әрбір жемісі адам бойына адамгершілік, имандылық, ізгілік, еңбекқорлықты сіңіре отырып, ой-өрісін кеңейтіп, эстетикалық танымын дамытуға қызмет етуі керек. Бүгінгі таңда жастар өмірін теледидарсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан телехабар мағынасыз жасалмауы тиіс. Балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарламалар жоғары білімділік пен біліктілікті, қоғамдық-саяси белсенділігін таныта отырып, жастардың үлкен өмірге жолдама алуына көмектесуі тиіс. Яғни бұқаралық ақпарат құралдарына – газет, журнал, телевидениеге қоғамның ертеңіне кепіл болатын жас ұрпақты тәрбиелеуде жүктелер жауапкершілік мол.
Бұл мәселе қазіргі кезде тек біздің елде ғана емес, әлемді толғандырып отырғаны ақиқат. Жаһандастыру үрдісінде жарқын болашақ үшін әлем лаңкестік, нашақорлық, түрлі ауруларға қарсы бірігіп күресуде. Осының барлығы дерлік адам, әсіресе жас ұрпақ психологиясына ерекше әсер етеді. Сондықтан біздің ғылыми зерттеуімізде негізгі қарастырып отырған мәселе де осыған үндес.
Бұл бітіру жұмысымызда негізгі қарастыратынымыз - шетелдердегі балалар журналистикасының ерекшеліктері. Осы тақырып аясында жұмыс істей отырып, біз шетелдегі балаларға арналған телебағдарламалар арқылы өз еліміздегі балалар бағдарламаларының балалар тәрбиесінде атқарып отырған қызметін сараптаудан өткізуді ұйғардық.
«Балалық шақ күн сайын айналада болып жатқан оқиғаны, құбылысты сол қалпында немесе жаңаша қабылдау. Туған жерді, Отанды тану осы қабылдаудан өріс алады. Сондықтан да сәби жүрегіне адам жанының сұлулылығы мен дүниеде ешбір асыл затқа теңдесі жоқ Ұлы Отан ұғымын қалыптастыру осы кезден басталады» деп жазады ұлы педагог В.А.Сухомлинский. Осы пікірге сүйенсек, балалар журналистикасында қантөгіс, күш көрсету, қорқыту, ұрып-соғу, ұрлау, сабау сияқты көріністерді көрсетуге немқұрайдылық танытпауымыз керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Уәлихан Омарұлы публицист

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Бүгінде мемлекетіміз тәуелсіздігін алған тұста қоғамымыздың даму тарихында жаңа беттер ашылып, жаңа кезең орнады. Бүкіл тіршілік, тынысымызға жаңа леп соны серпін, бұрын-соңды естіп білмеген басқаша бағыт бағдар әкелді. Еліміздің егемендік алып, төрткүл дүниеге танылуы республиканың қоғамдық-саяси және мәдени- рухани өміріне түбегейлі өзгерістер әкелгені рас. Талай жылдардан бері бір жақты, үстем идеология мүддесі тұрғысында бағаланып келген халықтық қазыналарға жаңаша көзқарас туды. Бұған қазақ мәдениеті мен әдебиетінің даму тарихында елеулі орын алған Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Міржақып Дұлатұлы сынды танымал тұлғалардың қызметі мен шығармашылығының саясат құрсауынан азат болуы бірінші кезекте ықпал етті.
Ел өміріндегі осынау өзгеге кіріптарлықтан бостандыққа қарай жасалған алғашқы қадамдар басқа да белгілі қаламгерлердің мол мұрасы шаң басып, қаттаулы қалған небір асыл азаматтарымыздың шығармаларын заман рухына сәйкес қайта зерделеу мен зерттеуге мүмкіндік тудырып отыр.
Қазіргі азат өмір тіл айналымына «демократия», «жариялылық», «жаңару» деген сияқты ұғым, тіркестер енгізді. Өткен өмір, жүрген жол, асқан асуларымызды сын көзбен қайта бір қарап шығуды, бұрмаланған тарихи шындық, болмыс, құбылыстарды қалпына келтіруді, 30-50 жылдардағы қиянатты саяси айыптау мен заңсыздықтардың құрбаны болғандарды ақтауды, өнер өкілдерінің қалдырған қымбат мұраларын халқына қайтаруды, оны ел игілігіне айналдыруды талап етіп тұр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Маркетингтік ақпарат жүйесі және маркетингтік зерттеу

Бүгінгі жаңа құндылықтардың пайда болуы, бұрынғы стереотиптердің жойылуы, демократиялық қарым-қатынастардың қалыптасуы жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. ХХ ғасырдың басындағы зиялыларымыз айтып кеткендей, елдің дамуы мен тыныс-тіршілігінің айнасы оның баспасөзі екендігі шындық. Қоғамдық пікірді қалыптастырушы бұқаралық ақпарат құралдары да жаңа қатынастарға бейімделе бастады. Сонымен қатар журналистердің санасы да жаңарып, әділетті қоғамның әділ жаршыларына айналды. Журналист еңбегі қоғамға қандай да бір пайда әкелетіндігі шындық. Ең болмағанда қоғамдық пікірді қалыптастырады.
Журналистика мен маркетингтің байланысы неде? Бұқаралық ақпарат құралдары ең алдымен оқырман, тыңдарман, көрермен сұранысын жан-жақты, жете зерттеп алуы керек. Яғни, оның (мақсатты аудиторияның) не оқысы келеді, қандай хабар тыңдап, қандай бағдарламаны тамашалағысы бар? Ал ертең ше? Осындай зерттеуден кейін, аудиторияның мұқтаждығы мен қажеттілігін ескеріп жасалған ақпарат өнімдерінің сұранысқа ие болмауы мүмкін емес. Ал маркетинг – қаржылық, ұйымдастырушылық тұрғыдағы проблемаларды шешеді. “Өндірілген нәрсені сату емес, сатылатын нәрсені өндіру”. Бұл қызметті басқару мен маркетингтің негізгі ұраны. Кез-келген нәрсені өндірмес бұрын тұтынушының қажеттілігін зерттеу қажет. Осыдан келіп бұқаралық ақпарат құралдарының маркетингі ұғымы туады. Бұл жердегі аудиторияға ұсынылатын тауар физикалық зат емес, ақпараттық өнім, журналист материалы. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Корпоративтік журналистика

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдары – компанияның клиенттеріне, қызметкерлеріне немесе бизнес бойынша серіктестеріне бағытталған басылымдар. Кейде жарнамалық рөлді де атқара алатын тұстары бар. Бұқаралық ақпарат құралдары компанияның өз күшімен шығаруға немесе арнаулы баспаға тапсырысқа беруге болады.
Классификаторға сәйкес корпоративтік медиа және бұқаралық ақпарат құралдары үш негізгі түрге бөлінеді:
1) b2b (business-to-business) – серіктестерге бағытталған корпоративтік басылымдар. Мұндай басылымдар максимальді ақпаратты және пайдалануға ыңғайлы болып жасалады. Бұл жағдайда сапа ең жоғары деңгейде болуы керек. Тек мазмұны ғана емес, оны беру әдісі де сапалы болуы керек. Осылайша бәсекелес артықшылықтары полиграфия, дизайн, қалыптау болып табылады.
Көптеген кәсіпкерлер қазіргі медианарық жағдайында іскерлік коммуникацияның үдерісі оңай емес деп айтады. Бұқаралық БАҚ-тағы тапсырыспен жазылған материалдар белгілі бір деңгейде өздерінің беделін түірді. Жекеменшік корпоративтік журнал немесе газет бизнес-байланыстарды жайғаудың және іскерлік ортада компанияның бейнесін қалыптастырудың ең ілгерілеу құралы болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық