» » » Дипломдық жұмыс: Журналистика | Ана тілі газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Ана тілі газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Ана тілі газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы казакша Дипломдық жұмыс: Журналистика | Ана тілі газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы на казахском языке
Мазмұны

КІРІСПЕ…………………………………………………………

І ӘЛІПБИ МӘСЕЛЕСІ: КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН……………

ІІ ӘЛІПБИ МӘСЕЛЕСІНІҢ «АНА ТІЛІ» ГАЗЕТІНДЕГІ КӨРІНІСІ…………………………………………………………

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………
СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ…………………………………………
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………

Бітіру жұмысының өзектілігі. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын даналар сөзі, бабалар өсиетінің бір бөлшегі ауызша жетіп отырса, көп бөлігі тасқа таңбаланып, ақ қағаздың бетіне маржандай тізіліп бүгінгі күнге жетті. Тіпті кейбірін оқи алмай отырған отырған жайымыз бар. Оның себебі қазақтың тарих көшінде түйесін ауыстырған жолаушыдай әліпбиінің бірнеше мәрте өзгеріске ұшырауы болып табылады. Айдауына жүретін, ыңғайына көнетін жайлы түйесін тартып алып өзгесіне мінгізсе, жолаушының астындағы түйесімен алысып жүріп көштен қалып қоятыны секілді қазақ та ой сандығындағы талай маржандарды төгіп, шашып алып, көшке әрең ілесіп келді. Әдейі сүріндіру де болды. Бас аяғы айналдырған 5-6 жылдың ішінде әліпбиін 4 мәрте өзгертуді - әдейі сүріндіру демеген де қалай атауға болады? Өйткені әліпби ауыстырудың соңы сауатсыздыққа әкеліп соғатыны айтпаса да түсінікті. Сол себептен де әліпби - белгілі бір топтың немесе мамандардың ғана талқылар нысаны емес, тұтыс бір ұлттың тағдыры, болашағы. Ахмет Байтұрсынов айтқан халықтың құлағы, көзі һәм тілі баспасөз бұл үлкен мәселеден де шет қалған жоқ. Сонау 20-ғасырдың басынан бері журналист жан айқайының себепшісі болып келе жатқан әліпби мәселесі бүгін де өз шешімін тапқан жоқ. Қайта өршіген үстіне өрши түсуде. Бірі латынға, бірі төте жазуға, үшіншілері көне жазуымыз – рунаға көшейік десе, төртіншілері «басты қатырмай, артық проблема туындатпай кирилше жаза берейік» дейді. Құдды бір, аққу, шортан һәм шаян дерсің. Ал ортада көкпарға түскен серкедей халық бар. Ғалымдар ұсынып отырған харіптердің қайсысы қазаққа тиімді? Бұл сұрақтың жауабы әлі табылған жоқ. Баспасөз бетінде де жан-жақты талқылаулар, пікір-таластар көп. Солардың бірі, қазақ тілінің де, ұлтының да жанашыры «Ана тілі» газетінде материалдар оқырман назарына молынан ұсынылуда. Сондықтан да бір ұлтты тағдырына, бір халықтың болашағына әсер етер, менің бітіру жұмысыма арқау болып отырған тақырыпты ең өзекті мәселе дер едім.
Бітіру жұмысының мақсаты. Бітіру жұмысымның мақсаты – «Ана тілі» ұлттық басылымында жарық көріп отырған ғалымдардың, журналистердің материалдарын, ел ағаларының пікірлерін талдай, саралай отырып, жүйелеу, өз деңгейімде баға беру. Сонау 20-ғасыр басында Ахмет Байтұрсынов бастаған топтың әліпбиге қатысты айтқан ой-пікірлеріне бүгінгі, 21-ғасыр ұрпағының көзімен қарау, оны бүгінгі күнмен салыстыра талдау, менің бітіру жұмысыма артылған міндет. Ол міндетті абыроймен орындаған, орындамағаныма ғылыми еңбекті оқу барысында баға беретін боласыздар.
Бітіру жұмысының нысаны. Бітіру жұмысы «Ана тілі» ұлттық басылымының материалдары негізінде, әсіресе әліпби ауыстыру мәселесі көтерілген кезден, яғни 2006-2008 жылдардағы жарық көрген мақалаларға сүйене отырып жазылып шықты. Бар салмақ та ондағы материалдар мен авторларға түсті.
Бітіру жұмысының ғылыми-әдістемелік негізі. Бітіру жұмысы жоғарыда атап өткен газет материалдары мен белгілі тіл мамандары, тарихшылардың еңбектеріндегі деректерге сүйене отырып жазылды.
Бітіру жұмысының жаңалығы. Баспасөз материалдарын жинақтап, саралап, талдап, оған баға беру арқылы «Америка ашып» немесе жаңадан шайтан арба ойлап таба аламын деп ойламаймын. Бірақ бір ғана «Ана тілінде» жарық көрген әліпби мәселесін талқылаған материалдардың басын біріктіріп, олардың идеялық, тақырыптық, жанрлық ерекшеліктеріне тоқталсам, өзге басылымдармен салыстыра отырып талдасам, журналистика саласын зерттеуге қосқан азғантай ғана үлесім деп білемін.
Тәжірибелік құндылығы. Журналистика өзінше бір ғылым ретінде мойындалмаса да, оның жүріп өткен жолы, бүгіні мен болашағы бар. Журналистика факультетінде студенттерге әліпби мәселесінде журналистиканың тарихынан, оның жанрларлық ерекшеліктері мен пішіндерінен дәріс оқи отырып, қазіргі таңдағы жарық көріп жатқан материалдарға, мақалаларға талдау, сараптау жасай алуға үлгі бола алса, оның өзі үлкен дүние. Өйткені күнделікті баспасөз беттерінде қазақ халқының тарихы қатталып жатыр. Оған бағаны бүгін берсек, болашақ бағаны бізге берері хақ.
Зерттеу әдісі. ««Ана тілі» газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы» деген тақырыпты ашу барысында талдау, саралау, салыстыру әдістері қолданылды.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім, екі тараудан, қорытынды, сілтемелер мен пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Жалпы көлемі ,,,,,,бет.
Бітіру жұмысының мазмұны. Жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, мақсат-міндеттері айқындалса, негізгі бөлімнің бірінші тарауында әліпби мәселесінің өткені мен бүгінгі жағдайын тоқталса, екінші тарауда дәл осы тақырыпты халық назарына ұсынуда «Ана тілі» газетінің ұстанған бағыттары мен материалдардың берілу пішіні қандай, қай авторлар көбірек қалам тербеді деген сұрақтарға жауап ізделінеді.


І-тарау

ӘЛІПБИ МӘСЕЛЕСІ: КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН

Қазақтың әліпби ауыстыруы қажет пе деген мәселе көтерілгенде алғышқылардың бірі болып үн қосқан, ғалымдар мен журналистердің пікірін оқырман назарына ұсынған басылым «Ана тілі» газеті болатын. «LATIN: бір адым алға ма әлде екі адым кейін бе?» деген айдармен Сабыржан Шүкірұлының, Бейбіт Жәлелұлының, Мекемтас Мырзахметовтің, Дастан Елдесовтың материалдарымен қоса, Бегулләһ Ә. ибн Алдамжар әд-Дөйти, Ғаббас Қабышұлы, Эрнест Төреханов секілді азаматтардың да пікірлері беріліп отырды.
Мәселен, «Бағамдар болсақ, Елбасы Үкіметтен бастап тиісті министрліктер мен салалардың, әкімдіктердің мемлекеттік тіл мәртебесін қамтамасыз етуде байсалдылықпен батыл жұмыстар жүргізілулеріне жол ашып беріп отыр. Ал енді осы сөзден кейінгі аңсар мен бағдар қалай дегенге келер болсақ, көңілді қынжылыс кернейді. Тіл мәселесімен айналысатын тиісті орындар мен шашбаукөтергіш кейбір зиялы дегендер Елбасы сөзін шұғыл түрде ұлт әліпбиін латын таңбасына көшіруге берілген Жарлық деп қана ұғынып отырған сыңайлы. Олардың ақпарат жүзіндегі сөздері тек осы латын таңбасына «көшетін уақыттың жеткендігі» қазақ тілінің бүкіл күрделі істері осымен өз өзінен шешіле салатын сыңайлы» /1/ деген журналист Сабыржан Шүкірұлының пікірімен келіспеу қиын. Өйткені шынында да Президент аузынан «латын әліпбиіне көшсек қалай болар екен» деген сөздің шығуы сол-ақ еді, не талдау жоқ, не саралау жоқ біраз «атқамінгендер» латын харпіне көшу қажет, бұл күттірмес шаруа деп, оның артықшылықтарын жұртшылыққа дәлелдей бастады. Латын харпіне көшсек, қазақ тілінің айналасындағы барлық түйінді мәселелер өздігінен шешілетіндей қабылдағандар да болды. Бірақ бұндай пікірлерге Бегуллаһ Ә. Ибн Алдамжар әд-Дөйти секілді азаматтардың пікірлері қайшы келді. Ол кісі былай деп ой өрбітеді, «Мәселен, мен араб әрпімен еркін жазатын Сәбит, Ғабит, Әбділдалардың кириллицаға келгенде, аяғына жем түскен аттай кібіртіктеп сала беретінін көрген кісімін. Мұндай жағдай бүгіндері шетелдерден келіп жатқан қазақтардың бастарында да бар. Міне, осыны ескерсек, Қадырданды Елбасымыздың: «...біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның плюстері мен минустарын зерделеуіміз керек», – деген сөзі өте орынды». /2/ Ал, Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Эрнест Төреханов болса, «Әліпбиді ауыстырсақ, ел есін жиған кезде мемлекет өзінің алдына қойған бірінші кезектегі межелерінен аман-есен өткен соң, біржолата, яғни қазақ халқымен ғасырдан ғасырға ұласар төл әліпбиімізді неге енгізбеске?» /3/ деген ұсыныс-сауал тастайды. Орынды делік. Бірақ қазақпен ғасырдан ғасырға бірге жүрер төл әліпбиі қайсы болмақ? Бүгінде төрт бірдей нұсқаны ұсынып отырғандар бар. Олар: бірінші Латын харпіне көшейік дегендер, екінші төте жазуды ұсынушылар, үшінші көне түркі жазуы рунаны жақтаушылар және төртінші «аш құлақтан тиыш құлақ», кирилмен жаза берейік деушілер. Бір қызығы қазақ осы әліпбидің төртеуінде де жазып көрді. Енді сол өткен тарихтан сабақ ала отырып, болашақ үшін маңызды шешім қабылдайтын уақыт жетті.
Бірнеше ғасырлар бойы әліпби мәселесінің пікір-талас объектісіне айналып отырғандығына төмендегі материалдар дәлел бола алады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінің оқытушысы, ұстазымыз Мәрия Майлықұтованың «Түркістан» газетінде жарық көрген «Алаш арыстарының латын әліпбиі жайлы пікірталасы» материаланда «Тарих беттеріне үңілсек жазу, әліпби мәселесі ауық-ауық пікірталас тудыррып отырған күрделі мәселенің бірі болып саналады. Қазақ даласына ислам дінімен бірге енген араб жазуы он ғасырдан астам қолданыс тапты. Қазақ жерін отарлап алған Ресей патшалығы түркі халықтарын рухани біріктіріп отырған араб жазуының орнына орыс жазуын енгізуді көздеді. Миссионер ғалымдар араб таңбаларының қазақ тілінің дыбыстық жүйесін нақпа-нақ бейнелеудегі олқылықтарын көлденең тартып кириллицаға көшіруге әрекеттенді. XIX ғасыр басындағы қазақ оқығандары сан ғасырлар бойы пайдалынп келген араб таңбаларының кемшіліктерін жоюға тырысты. Олар өз ойларын «Түркістан уәлаяты», «Дала уәлаяты», «Айқап», «Қазақ» сынды басылымдарда ортаға салды» /4/
«Дала уәлаятының газетін» шығарушылардың бірі Д. Сұлтанғазин аталған басылымның 1899 жылғы 22,23 сандарында басылған мақаласында қазақ тіліне орыс әрпін пайдалану керек пе, әлде араб жазуын жетілдіріп қолдана беру қажет пе деген мәселені талқылайды. Автор қазақ халқы басқа түркі халықтары сияқты араб таңбаларын пайдаланып келгенін, оны оны тастап басқа әліпбиді аламыз дейтіндерге қосылмайтынын айта келіп: «Себебі қазақ білмейтін бір бөтен әліпби шығарғанша, бұрынғысын түзеткені жақсы», – дейді. Қазаққа орыс әріптерін енгізуді ұсынатын миссионер ғалым Н. Ильминскийге қатысты көзқарасын былай аңғартады: «Бір білімді адам Ильминский деген қазақ сөздерін орыс әріптерімен жазса керек, орыс әріптеріне бірақ өзгертсе керек дейді. Бұл кісінің сөзі де онша келісімді емес. Себебі бұл Ильминский орыс әліпбиіне көп латын әріптерін қосады және орыстың өз әріптерін бір түрлі қылып өзгертіп, орыс әліпбиін тым қиын қылып жібереді». Д. Сұлтанғазин қазақ сөзін жазуға өзгеріссіз алса, орыс, латын таңбаларының да сәйкес келе бермейтінін, жаңа алфавитқабылдағаннан гөрі «қазақтардың не заманнан бері ғадет алып үйренген» араб әліппесін қазақ тіліне лайықтап бірақ өзгерту туралы ұсыныс жасайды. Осы мазмұндас пікірді 1912 жылы «Қазақ» газетінде басылған А. Байтұрсынұлының «Бастауыш мектеп» деген мақаласынан да аңғарамыз: «...қазақты орысқа аударамыз деген пікір бәрін бүлдіріп отырған. Сол школдар арқылы қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне түсіреміз дейді, қазақ тұтынып отырған араб қарпін тастатып, орыс қарпін алдырамыз дейді. Сол үшін балалар ана тілімен оқымай, орыс тілімен оқысын, ана тілімен оқысада орыс қарпімен оқысын дейді. Өкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі де бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, ал халыққа керегі – өз діні, тілі, жазуының сақталуы», /5/ – деп қазақтың дініне, тіліне, жазуына төніп келе жатқан қатерді ескертеді.
Кеңес үкіметі орнағаннан кейіннен де әліпби мәселесі күн тәртібінен түспегенін сол тұстағы баспасөз материалдарынан көруге болады. Ал, КСРО құрамына енген түркі халықтарын араб таңбаларынан латынға көшіру мәселесі көтерілген тұста қазақ зиялыларының арасында қызу пікірталас туындады. 1923-1929 жылдары қазақ баспасөзі «арабшылдар» мен «латыншылдар» пікірталасына кеңінен орын берді. «Еңбекші қазақ», «Ақ жол», «Сарыарқа», «Жаңа мектеп», «Жаршы» сынды басылымдарда Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Міржақып Дулатұлы, Елдес Омаров, Нәзір Төреқұлов, Әбдірахман Байділдин секілді арыстарымыздың аталған мәселеге қатысты жарияланымдары жарық көрді. Белгілі қоғам қайраткері, журналист Әбдірахман Байділдин «Еңбекші қазақ» газетіндегі «Біздің жобамыз» атты мақаласында Мәскеуде қызметте және оқуда жүрген қазақ жастарының латыншылдар ұйымын ашқанын айта келіп, күн тәртібінде бұл мәселенің қойылу себебін былай түсіндіреді: «Елді сауаттандыру керек. Бұл игі істі тездетуге араб әрпі жарамсыз, тез хат танытып, тез жаздыруға қолайсыз. Оның баспа ісіне де кедергілері көп. Саны 24-28, ал басуға, жазуға келгенде 100-ден асады. Шым-шытырық нүктелер көп, жазу оңнан солға қарай, ал цифрлар солдан оңға қарай оқылады, пән белгілеріне жарарлық таңбалар жоқ». /6/
Ахмет Байтұрсынұлы «Ақ жол» газетіндегі «Баспа қаріптерін түзету туралы» тақырыпты мақаласында «Әзірбайжан жобасы латын хәрпін алу болса, ол тіпті алынбайтын жобаға ғой. Халыққа хат таныта алмай жүргенде, хат білгендерімізден айырылып қалуымыз мүмкін», деген пікір білдіреді. /7/
Мәскеуде, Ташкенттте латыншылдар ұымдары құрылды. 1924 жылы маусым айында Орынборда өткен Қазақ-қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде осы мәселе кең көлемде талқыланды. Съезде баяндама жасаған Ахмет Байтұрсынов түрік жұртының тоқсан пайызы араб таңбаларын пайдаланып келеді, әрқайсысының хат мәдениеті бар, бір әріпті тастап екінші әріпті ала қою оңай жұмыс емес, мұндай қаржы мен қайратқазақ түгіл, түріктің қай жұртында борлса да жоқ дегенді айтады. Ғалым сол тұстағы қазаққа латын әліпбиіне көшуден гөрі, қазақ тіліне ыңғайлы жасалған өз әліпбиінің (төте жазудың) тиімді екенін жан-жақты ғылыми негізде дәлелдеуге тырысады. Аталған жиында латын әліпбиіне көшуді ұсынып Нәзір Төреқұлов сөйлеген сөзінде «Біз латын әрпін қазаққа күшпен алдырғалы отырғанымыз жоқ. Латын әрпі үйрену жазуға тым пайдалы, жеңіл. Түрік әрпінің біреуі төрт түрплі, латындікі бір ғана түрлі» деп араб таңбалаына қарағанда латын әліпбиінің баспа ісіне, бала оқытуға жеңілдігін дәлелдеуге тырысады. Осы съездегі қызу тартыс жайлы қаламгер Ерғали Алдоңғаров «Еңбекші қазақ» газетінде былай деп жазды: «Ахметті жақтап талай шешендер түрлі дәлелдер келтіріп, мысалыға қаріп белгілерін, сан белгілерін, қаріпті жию, теру жеңілдігін айтты. Латын қарпін қолдануға әлі ерте, орыс халқы алмағанда біз неге аламыз, қаріпке қызығып – мәдениетімізден айырыламыз деген түрде қарсылық білдірді».
Қаламгер Ерғали Алдоңғаров «Еңбекші қазақтың» жауапты хатшысы бола жүріпі, халыққа мәселенің мән-жайын түсіндіруді өзіне борыш санаса керек. «Өнердің басы – әліпби» деген мақаласында «Заман талабы, өркениетке жету жолы – латын таңбаларына көшу болып отыр. Партия жолынан таймай, бірті-бірте осы әріпке көшкеніміз жөн, керітартпалыққа салынбалық», – деп басу айтады. /8/
Әліпби мәселесі жөнінде 1926 жылы наурыз айында Баку қаласында Түрік білімпаздарының сиезі болды. Аталмыш жиынға Қазақстаннан Ахмет Байтұрсынұлы, Біләл Сүлейұлы, Елдес Омарұлы, Әзиз Байсейітұлы барды. Съезге түрік нәсілді ұлттардың көбінің өкілдерімен қоса Бартолбд, Олденбург, Крымский, Менсел сынды батыс халықтарының профессорлары да қатысты. Съезде қосымша баяндама жасаған Әлімжан Шарапұлы «...емле түзеу жүзінде түрік жұртының алдағысы қазақ. Қазаққа латынға көшіп көп қаражат шығын шығарудың қажеті жоқ. Латын қарпінің қазіргі қарпімізден артықшылығы шамалы» дегенді айтады. Ахмет Байтұрсынұлы да азғантай күшімізді мектеп үйлерін салу мен оқулықтарға жұмсаумыз керек. Қаріп мәселесіне мұқтаждық туып отырған жоқ дегеннен танбады.
Майлықұтова М. «Түркістан» газетінде жарық көрген «Алаш арыстарының латын әліпбиі жайлы пікірталасы» деген материалында қазақ зиялылары арасындағы әліпби мәселесі айналасындағы даулары, пікір-таластары осымен біте қойған жоқ дей келе, 1927 жылы Қызылордада шыққан «Әліппе айтысы» деп аталатын жинаққа арабшылардың да, латыншылардың да пікірлері толық енгізілді. Ахмет Байтұрсынұлының араб әліпбиін жақтаған баяндамасы, Телжан Шонанұлының латын таңбаларын жақтап сөйлеген сөзін, сондай-ақ, Елдес Омарұлының, Әлімқан Ермекұлының, Мұстапа Бұралқыұлы, Абдулла Байтасұлы сынды қаламгерлердің де пікірлерін ұсынғандығын айтады.
1928-1929 жылдары латын-қазақ әліпбиінің жасаушыларының бірі Халел Досмұхамедұлы болды. Х. Досмұхамедұлы қазақ халқы қолданып отырған араб таңбаларын тастап, латын қаріптерін алуға қарсы болғандығын мынадай пікірлерінен аңғартады: «...Нәзір (Төреқұлов) айтқандай, менің латын әрпін алуға қарсы екенім рас. Бірақ латынға қарсы екенімді біле тұра маған латын әріптерінің жобасын жазып беруге тапсырған соң, сол жобаны жасағаным да рас».
Латын қарпіне көшуге байланысты пікір-талас 7-8 жылға созылды. Қазақ зиялыларының көпшілігінің қарсылығына қарамастан қазақ елі 1929 жылы 24 қаңтарда Қазақстан Орталық кеңес комитеті IV сессиясының қаулысымен латын қарпіне көшірілді. Жаңа әліпті мерзімді басылымдар арқылы насихаттау бағытында Орталық Жаңа Әліпби Комитетінің 1929 жылы «Жаршы» журналын шығарды. 1935 жылы жаңа қаріпті насихаттау мақсатында «Төте оқу» газеті жарық көрді. Аталған басылым 1939 жылдың ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 94 | 12.12.2018


Загрузка...

KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Ана тілі газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Журналистика дипломдық жұмыстар, Ана тілі газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы, дипломдык Ана тілі газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумыстар, Дипломдық жұмыс: Журналистика | Ана тілі газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін