Дарқан тағдыр сені маған жолықтырды қайдан Өміріме нұрлы көктем болып кірдің, айнам. Бір сәтке де босай алмай өзің жайлы ойдан, Жүрегімде басталды бір майдан.....
Қанаттыны қарынды Жеңген заманда, Сендей жаны дарынды Серік табам ба? Қайырмасы: Нағыз достық махаббаттан бір де кем емес, Досы жоқтарды тағдыр жебемес.....
Сәлем, ұлы Сыр елі, Күріш елі, ырыс елі, шындық елі, жыр елі. Досы түгіл, қасына да әр кез ашық жүрегі Өлкелік өр дәстүріңді бүкіл қазақ біледі. Бар түрікке сағыныш боп қалып қойған өлместен, Құдіретті Қорқыт бабам сенде туып, сенде өскен. Көне дәуір көгіндегі біздің дара санамыз — Топырағыңнан қуат алған Асан-қайғы бабамыз. ....
Темір мен темір қосылмайды екен, Мың градустан артық балқытпаса егер. Көңіл мен көңіл қосылмайды екен, Қос үмітке ортақ жол шықпаса егер. Сау басты дауға шататыны қалай, Ежелден бұлар ойқас қауым ба? Бітіспес жаулық жататыны қалай Молекулалардың шайқастарында? ....
Қазанын оттан түсірмей кеткен, жомарттық жеңген жүрегін, Ақ көйлегімен туған, бақ көйлегімен туған азамат ердің бірі едің. Сараңның бір жыл жейтұғын асын бір сәтте ғана таратып, Тұрушы ең содан рахат тауып, көңліңнен әппақ таң атып. ....