Мұхтар Шаханов (Қауіпті молекулалар)

 Мұхтар Шаханов (Қауіпті молекулалар)

Темір мен темір қосылмайды екен,
Мың градустан артық балқытпаса егер.
Көңіл мен көңіл қосылмайды екен,
Қос үмітке ортақ жол шықпаса егер.
Сау басты дауға шататыны қалай,
Ежелден бұлар ойқас қауым ба?
Бітіспес жаулық жататыны қалай
Молекулалардың шайқастарында?
Ізденсең, терің тамшылар әлі,
От керек отпен бәстесуге де.
Енбеген заттар бар шығар әлі
Менделеев шалдың кестесіне де.
Тартады не сый заманың тағы,
Шын достықтың ғана табылмас құны.
Жасасын құрылыс алаңындағы
Құм менен цемент бауырластығы!
Шошынған үміт, тосырқаған арман,
Ызалы мұңын себуде саған.
Молекулалары қосылмағандардан
Қаншама зиян шегуде ғалам.
Бұзылды лезде отасқан талғам,
Бірікпес бұлттар ауып келеді.
Рухы, діні шатасқандардан,
Абайла, үлкен қауіп келеді

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!