Туған күн (Құда, Құдағи - 70 жас)

Қадірменді тойшы қауым, ағайын!

Қадірлі....., Сізді адам өмірінің айтулы белесі 70 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы құтты болсынымызды айту үшін құдағиларыңыз екеуміз Астанадан арнайы келіп отырмыз. Сіздермен құда-жекжат болғалы жиырма жылдан асты. Осы уақыт ішінде үнемі сыйластықта.....
Құттықтау, тілектер
Толық

Үйлену тойға арналған құттықтау-сөздер  

 

Бір бойдақ досына:
– Менің әйелім әдемі, ақылды, пысық әрі адал болады – деп мақтанады екен. Сөйтсе досы қалжыңдап:
– Сен өзің сол шарттардың төртеуін де орындай алар ма едің? – деген екен.
Мінеки, достар, біздің күйеу жігіттің жұлдызы оңынан туған екен – таңдаған жары әдемі, ақылды, пысық және адал екені байқалады.
Жаңа өмірдің есігін ашып, табалдырығын аттағалы тұрған бұл екі жасқа тілейтініміз: қатар ұшқан аққудай жұптарың жазылмай, әрдайым бірге болыңдар. Шаңырақтарың биік, керегелерің кең, босағаларың берік болсын. Бақытты болыңдар!

Құттықтау, тілектер
Толық

Жаңа жыл

Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір!
Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады. Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып тарайды. Қай-қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2016 жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа 2016 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

Құттықтау, тілектер
Толық

Мерекелік, Мейрамдық

Көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі – 8 наурыз мейрамын бәріміз асыға күтеміз. Ер азаматтар бұл күні гүл, сыйлық дайындап, анасының, қарындасының, сүйіктісінің жүрегіне қуаныш сыйлауға асығады.
Құрметті қыз-келіншектер! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін!
Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып....
Құттықтау, тілектер
Толық

Жастар бас қосқан кештерде

Шынайы махаббат күшінің құдіреттілігі сондай – мылқауға тіл бітіріп, соқырға жанар береді, ауруды жазып, өліні тірілтеді.
Махаббат – ұлы жалғанда ең,
Теңесер оған кәне, күш!
Махаббат – асыл арман мен
Өртену, жану, сағыныш.
Махаббат – қуға жат мекен,
Құдірет оның аты....

Құттықтау, тілектер
Толық

Бірлік күні құттықтау, тілек

Баршаңызды бүгінгі 1 мамыр халықтар достағы күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Достықтарыңыз берік, жандарыңызға сәттілік серік болсын.

Құттықтау, тілектер
Толық

Тойға тілек

Бүгінгі тойыңыз ырыстың бұлағы болсын. Отбасыңыз үбірлі, шаруаңыз дүбірлі болсын. Алдыңызда ақ мол болып, басыңызға бақ келіп қонсын.

Құттықтау, тілектер
Толық

Үйлену тойға арналған құттықтаулар, тілектер

Қазақ - тойшыл қауым. Онымен таласымыз жоқ. Әйткенмен шешен бабаларының ұрпақтары бүгінде қуанышқа жиналса, ауыздарына сөз түспей біраз қысылып қалып жатады. "Өмірлік тілектер" болып сақталған "Көлдей көңіл, өзендей өмір, зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас қанат" тілеу, әрине, артықтық етпейді. Бірақ бұл тілектердің заман тоздырғанына да біраз болды. Жас жұбайларға арналған тілектерді жаңартатын кез келді. Біз сіздерге жастардың неке тойында айтуға болатын біршама тілектер шоғырын ұсынбақпыз. Бастысы – тілегіңіз жүрегіңізді жарып шыққай! 

Құттықтау, тілектер
Толық

Ата-анаға жаңа жылдық құттықтаулар, тілектер

Әкешім! Өмірдің соқпағына қарамастан бізді өрге тартып келе жатқан, суыққа бір тоңдырмай мәпелеген, бар ыстық махаббатын бізге төккен Сіз, бірінші құттықтауға лайықсыз. Жаңа жыл тек жақсылықтарымен қуантсын! Деніңіз сау, жарқын жүзіңізді мұң шалмай, балаларыңыздың қуанышына марқайып отыра беріңіз!

Құттықтау, тілектер
Толық

Құттықтау - тілек (sms): 8 наурыз (анама, әжеме, апама, сүйікті әйеліме, қарындасыма)

8 наурызда бәріміз де Аналарымызды, Әжелерімізді, сүйікті жандарымыз бен қарындастарымызды құттықтағымыз келеді. Бірақ кейде бетінен сүйіп, гүл шоғын ұсынатын мүмкіндігіміз болмайды. Осындайда SMS құттықтаулар да махаббатыңызды жеткізе алады.

Құттықтау, тілектер
Толық