Жеңіс үні

Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ . Әрбір көктем бізді ойша сонау ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады . Неге жарты ғасырдан асса да сол сұрапыл соғыс зардаптары халық санасында сақталуда? Иә, соғыста қираған қалалар мен ауылдар әлдеқашан қалпына келтірілді. Бірақ соғыс салған жара әлі жазылған жоқ . Соғыс кезінде жақын жандарынан айырылмаған жанұя жоқ шығар, сірә ! Сол бір қаралы жылдары 27 млн. кеңес адамы құрбан болғаны әркімге аян .
Жеңіс...
Жеңіс таңы атты бүгін,
Тойладық біз шаттық үнін.
9-мамыр Жеңіс күн деп,
Лүпіл қақты жүректерім.
5 жыл бойы еш аянбай жанын беріп соғысты,
Әр күн үшін адамдардың қабырғасы қайысты.
Мүгедек боп қалды қанша қыршын біздің боздақтар,
Жеңіс үшін тағдырлары талай жолға тоғысты.
Соғыс жалмап, аға, іні, бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды. .....
Шығармалар
Толық

Менің елімнің жеңісі

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтті. Осы жеңіске жету үшін қаншама аға-әпкелеріміз соғыста ерлік көрсетті, қан төкті. Өздерінің ұрпақтарының еркіндікте, бейбітшілікте өмір сүруі үшін жанын салды. Қан майданда жан аямай соғысты. Қаншама қиыншылықтарды бастарынан өткерді. Сондықтан, біз оларға үлкен құрметпен қарауымыз керек. Біздің осындай бейбітшілікте өмір сүріп жатқанымыз, еш соғыссыз өтіп жатқан күніміз, бәрі-бәрі қазақтың батыр ұлдарының арқасы. Ұлы Отан соғысының басталғанына да 75 жыл да болды. 22 маусым- барлық посткеңестік елдердің тарихындағы ең қайғылы күннің бірі.
Осыдан 75 жыл бұрын, 22 маусым күні таң ата бастағанда фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың осы жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінен соғысқа қатысуға ерікті жандар алынды. ......
Шығармалар
Толық

Ұмытылмас Ұлы Жеңіс

1945 жылы 8 мамырда Германия өзінің жеңілгенін мойындады, Ұлы Отан соғысы осылайша Кеңестер Одағының жеңісімен аяқталды. Бұл жеңіс КСРО құрамындағы барлық елдер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін Ұлы Жеңіс еді. Бүгінде біз осы Ұлы Жеңістің 71 жылдығын атап өтудеміз. Соғысытың тарихына тоқталатын болсақ: Германия байлығы мол, жері кең, ең керекті әрі пайдалы кен байлықтардың бәрін қойнауында сақтаған, алып держава Кеңестер Одағының жеріне көз тікті. Герман әскерлері КСРО аумағына басып кіргеннен-ақ, жерін қорғау үшін кеңес адамдары өз еріктерімен соғысқа аттанып жатты.
Олардың арасында қазақстандықтардың үлесі де аз емес еді. Майданға Қызыл Армия қатарына бір миллион екі жүз мың жерлестеріміз қабылданды. Бұл сұрапыл соғыс әсер етпеген бірде-бір шаңырақ болмады. Әр үйден кем дегенде екі адам әскер қатарына алынды. Ұлдарының, әкелерінің, аға-бауырларының не өлі, не тірі оралатынын білмей үйлерінде қалған әйелдер мен аналардың әр күні қорқынышпен өтті. Ал, отбасында соғысқа баратын ерлері жоқ нәзік жандылар да Отанын қоғауға аттанды. Олар қолдарына қару алып, тіпті танк, ұшақ сияқты ауыр техникаларды да басқарған. Осындай ержүрек нәзік жанды Қаһарман атағына ие болған апамыз Хиуаз Доспанова. Тұңғыш ұшқыш әйел, қазақ қызының әуеде ұшақты басқарып жүріп жасаған ерліктері соғыс жылдары барлық КСРО-ға белгілі еді. Әйелдер авиаполкінің құрамында майданға аттанған Хиуаз Доспанова ол кезде 20 жаста еді. Осындай жасында әуе техникасын жетік меңгерген ол, түнгі мезгілде жау шептеріне әуеден шабуыл жасаған. Ол штурман еді. Авиацияда штурманның атқаратын жұмысы өте маңызды. Кез-келген оқыс жағдайға дайын болып, әуедегі шайқастан ұшақты ішіндегі жауынгерлерімен қоса аман алып шығу керек болды. Осы міндетті абыроймен атқарған батыр апамыз көптеген жоғары марапаттарға ие болған. Еліне деген сүйіспеншілігі, бойындағы намыс пен күш-жігерінің арқасында «Гвардиялық» деген атақ алды. Соңынан «Тамань», «Қызыл Ту», «Суворов» ордендерінің иегері атанды. Әуедегі ерліктің тамаша үлгісін көрсеткен қазақтың ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова «Халық Қаһарманы» деген атақтың иесі. ......
Шығармалар
Толық

Ермек елдік бастауы

Ермекке толып өткені,
Ұмытылмай тұрды ел ісі,
Соғыстың соңғы көктемі,
Солдаттың асқақ жеңісі.
Ғабиден Қожахмет
Соғыс – атауы құлаққа жағымсыз, тіршілікті қан жылытатын, қасіретке толы сөз. Осыдан 71 жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Неміс фашистерінің аңсап келген арманына төрт жыл ішінде батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Фашистердің мақсаты жер бетін отарлап билік құру еді. Германия, Италия секілді елдер бүкіл әлемді өздеріне қаратпақ болды. Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың берекетін алған фашистердің жоспары іске аспай, өздері сол соғыстың зардабын тартты. Бұл соғысқа 61 мемлекет жан-жақты ат салысты. Р.Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта өз ізін қалдырды. Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Т.Бигельдинов, М.Ғабдуллин секілді батырларымыздың ерлігі арқасында қазіргі тату өмірімізге бейбіт заманымызға, қуанышты күнімізге жеттік......
Шығармалар
Толық

Соғыс - күйретуші күш

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс - күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын қасірет!
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн! Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп,ерліктің тамаша үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Отан соғысынан оралған ардагерлеріміздің саны жыл санап азаюда. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жығып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні! Бұл күннің толғауы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақта тарих ұмытпайды!
Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңе теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш әрине “Бірлік”. Қаншама халық бір тудың астында бірігіп күштерін бір арнаға салды. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді.
«Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады......
Шығармалар
Толық

Ауыл табиғаты

Бергі тас, Көк ала айғыр, Желтау тауларының арасында орналасқан кішкене ауыл.Ерекше табиғат аясында орналасқан осынау Қойсалған жерінің де өзіндік тарихы бар. Ел-ел болғалы, адам-адам болғалы атам қазақтың кәсібі мен азығы төрт түлік мал болған. Бір жылдары ауыл халқы үшін ауыр күн болған. Қуаңшылық, жұт жылы ел адамдарының аштықтан аман қалуына осы төрт түлік малдың бірі қой себеп болған деседі. Азығы бітіп, шарасы таусылған ауыл адамдарына көмек ретінде жақын маңдағы ауылдардан қой әкелген. Сөйтіп өзекті өртеген аштықтан құтылуға қой себеп болып, ауылды Қойсалған деп атаған. Ауыл табиғатын Еркеш Ибраһим жырға қосқан.
Қойсалған жері көк орма,
Тебіренді көк арман.
Найзағай бұлтқа қамшы іліп,
Теңселеді тал-шілік.
Қайранда шіркін, Қойсалған!
Өмір күнделікті тіршілік қамымен өтіп жатты. Қашанда өмір біреуге қуаныш, біреуге қайғы, енді біреуге молшылық пен жоқшылық әкелетін әдеті ғой. Елемесовтар отбасының да өмірде көріп жатқан қиындығы аз емес еді. Елемесовтар отбасына келген балалардың бірінен соң бірі шетінеп кете берді. Бұл отбасы үшін жоқшылықтан да қиын, ауыр қайғы еді. Сүйтіп жүріп шүкіршілікпен өздерін жұбатып, құдайға сыйынған отбасына қуаныш сәулесі үңілді. Отбасына тағы бір жаңа сәби келді. Мәлік деп азан шақырып атын қойды. Мәлік арабша патша, билеуші деген мағына береді екен. Отбасының кішкене «патшасы» өте зерек болып өседі,бірақ әлжуаз,нәзік болады. Бірде ол өзінің оқығысы келетінін айтады. Әкесі сен үшін жұмысты кім істейді, әрі ауылда мектеп те жоқ екенін айтады. Әжесі Мадиян немересінің сөзін сөйлейді. Сүйтіп Мәлік көрші ауылда екі жылдық училищені бітіреді......
Шығармалар
Толық

Ерлік рухын таратушы

Шығыста қазақ сияқты қызын еркін ұстаған халық жоқ. Бабаларымыз қыздың бетін бүркемеген. Керісінше, әйелді ерлермен тең қойып, ерлікке, өжеттікке баулыған. Қысылтаяң шақта қазақ қыздарының «ереуіл атқа ер салып», қоңыраулы найзамен жауға шапқаны да содан. Сайын даланың төсін билеген жауынгер халықтың қыздары қашан да ер болған. Өктемдікке қарсы болған. Жау жағадан алғанда намыс үшін өліспей беріспеген. Ұлт рухының қорғаушысы болған. Қазақ қыздарының жанкешті ерлігіне қатпарлы тарих куә. Ел-жұрты олардың аруағына тәубә етіп, ұрпағына өнеге қылады, тәрбиеге діңгек етеді.
«Қос шынар» қоры қоғамдық қоры - ерлердің ерлігін ұрпақ тәрбиесін ұран еткен бірлестік. Тек қазақтың ғана емес, бүтін шығыстың қос шынарына айналған арулардың атын иемдеген қор 2000 жылы мамыр айында құрылды. Сол жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 45 жыл толған еді. Осы жылдар ішінде «Қос шынар» қоры ұрпаққа үлгі болар қыруар іс тындырды.
Қазақтың қайсарлығының, тектілігінің белгісі сынды, ұрпаққа мәңгі өнеге саналатын тұлға — Әлия апамызды, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы біздің бәріміз де қадірлейміз, бәріміз де мақтан тұтамыз. Бірақ ортамызда бір адам бар: ол Әлияға қатысты барлық пікірді, титтей де болсын ақпаратты нақ бір өзіне айтылып жатқандай қабылдайды; өзінің туған күнін ұмытса да, «Әлияның туған, қайтыс болған күндері ұмытылмаса, әр жыл сайын осы даталар міндетті түрде атап өтілсе» деп, анда-мұнда шапқылайды да жүреді; Әлия туралы бір ауыз сөз жазған журналист оған ең бір жақын адамындай көрінеді; Әлияның туған ауылы, жерленген жері жөніндегі бұрынғы деректерге қатысты дау көтерілген тұстарда, шыр-пыры шығып, күндіз-күлкі, түнде ұйқыдан айырылған бір адам болса, ол- осы кісі. Ол - Ғалымжан аға Байдербес. Осылай өмір сүріп келе жатқанына-қырық жыл.......
Шығармалар
Толық

Жеңіс сарбаздары

Аға ұрпақтың Ұлы Отан соғысының от жалынды ерлік істері, соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы қажырлы еңбектері біз үшін өшпес өнеге, өлмес мұра. Н.Ә.Назарбаев
Екінші дүниежүзілік соғыс тура немесе жанама түрде болса да. Өз шеңберіне Жер шарының барлық құрлықтарын, мемлекеттері мен халықтарын дерлік тартты. Бұл соғысқа бүкіл Жер жүзі халқының 80 пайызы тұратын 61 мемлекет қатынасты.
1940 жылы жасалған «Барбаросса» жоспарына сай Германия қысқа мерзім ішінде Архангельск-Еділ-Астрахан шебіне шығуды көздеді. «Барбаросса» жоспарын жасағанда фашистік Германияның басшылары КСРО-ны «көптеген ұлттардың жасанды әрі әлсіз бірлестігі», «ішкі бірліктен айырылған этникалық конгломерат» ретінде қарастырды.
И.В.Сталин халыққа 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады. Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық жерде әскери құрамалар мен бөлімдер құрыла бастады. Қазақстанда кеніш, шахта, түсті және қара металлургияның байыту фабрикалары, мұнай өңдеу зауыты іске қосылды. Ұлы Отан соғысында қазақтың көптеген ұл-қыз батырлары ерлікпен шайқасты. Соның ішінде зор мақтанышпен үрімдей жас бүршік Әлияны сөз еткім келеді.....
Шығармалар
Толық

Ерлікке тағзым

Ей, ұрпағым! Батыс жақтан сол бір жыл, Қасірет алып соғыс деген үн келді. Әлемімнің болса да ортақ ай, күні, Ұмытылар ма қаралы жыл әйгілі. Жамылды елім сонау бір жыл бір сәтте Қасірет пен қайғыны. Аш қасқырдай жанарлары қанталап, Жау төнгенде Отаныма анталап, Кеттім мен де жау шебіне ең алғаш, Ел тілегі,ел үмітін арқалап.
«Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Бүгін таңғы сағат төртте неміс басқыншылығы тұтқиылдан шабуыл жасап, Отанымызға соғыс ашты.Барша азаматтарды Отанымызды қорғауға шақырамыз» -деп Левитанның радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін бақандай төрт жылға созылған, тарихта болмаған ірі-ірі, жойқын шайқастарымен белгілі Ұлы Отан соғысы басталды. Кеңестер елімен «соғыспау» туралы жасалған шартын опасыздықпен бұзған фашист әскерлері соғыстың алғашқы сағаттарынан бастап-ақ кеңес әскерлерінің маңызды орындарын жаппай бомбалады. 1941 жылы 22 маусымда басталған Ұлы Отан соғысына ел басына күн туғанда, біздің ата-әжелеріміз, аға-апаларымыз да қолына қару алып, елін,жерін қорғау үшін майдан алаңына аттанды. Иә, соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ сан миллиондаған адамдар Отанын жаудан қорғауда кеудесін оққа төседі, жанын қиды. Осындай қиын қыстау кезеңдерде «Біздің ісіміз-әділ, жау талқандалады, біз жеңіп шығамыз!» деген үндеу майдан шебінде жүрген әрбір сарбазға күш бергендей жігерлендіре, рухтандыра түседі. Ақыры, біз Жеңіске жеттік! Қанішер неміс басқыншыларымен шайқасқан Кеңес әскерлерінің үміттері мен сенімдері ақталып, армандары орындалды.......
Шығармалар
Толық

Мақтанышым сен едің

1941 жылдың тамылжыған маусым айының 22 жұлдызында шырт ұйқыда жатқан елді дүріс еткен мылтықтың ащы дауысы оятты. Бұл 1939 жылы екі ел арасында мәліме болған Риббентроп-Молотов келісімін шорт кесілген белгісі еді. Қалың ел соғысқа еш қамсыз жатқан дәрменсіз халде. Қазақтың қаракөз қыз- жігіттеріне рухани күш берген ақын-жазушы, сазгерлердің қаламында сап түзеді. Ең алдымен еліне, Отан деген махаббатын Жамбылдың жауға қарсы қарымды қаламынан туған "Ленинградтық өренім" өлеңі өмірдегі қиындыққа төтеп беретін бірден - бір рухани дем болды. Қайратын қайраған, жігерін жасытпаған туындыда: Лениншградтық өренім
Мақтанышым сен едің... деп басталады. Тарихи деректерге сүйенсек, 1941 жылдың 24 маусымында В.Лебедев-Кумачтың "Известия" және "Красная звезда" газеттерінде ("Свещенная война") "Қасиетті соғыс" өлеңі жария етілді. Соғыстың төртінші күндерінде өлең мәтініне ән жазылады. А.Александров осы өлеңге ән жазды. Бірақ оның сөзі мен нотасын жазуға жариялауға уақыт болмағандықтан, ол жаңа туындыны бормен тақтаға жазып шығады. Әншілер мен музыкаттар өз қойын дәптерлерінен көшіріп алады. 26 маусым күні Мәскеудегі Белорус вокзалында бұл әнді әлі майданға аттанып үлгермеген КСРО-ның Қызыл Тулы қызыл әскері орындайды.Бұл ән ерексіз сені еліктіріп, жеңіске деген үмітке жетелейді. Сол күндерден бастап, «Қасиетті соғыс» деп аталған ән жеңістің әнұранына айналды. 19421943жылдар аралығында майденгерге жеңіске деген сенімін жігерлендіру мақсатында қазақстандық концерттік биригада құрылды. Ұлы Отан соғысында жауқазын ғұмыры қиылған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова (1925-1944жылдары) рухына арнап көше аты да берілді, ескерткіш те қойылды, өлең де жазылды. Ал қаһарман қызға жасалған тағзымдардың ішіндегі ең ерекшесі Сейдолла Бәйтерековтың «Әлия» әні еді. «Әлия» әні дүниеге 1975 жылы келген екен. Көзі тірісінде сазгер былай деген екен: «Ән ойымда біраз жүрді. Күрделі әуен жадымды баурай жөнелді. Басында ыңылдап қана жүрдім. Бірде Бәкір Тәжібаевтың жыр жинағын қолыма алып, аша бергенім мұң екен, көзіме ақынның Әлия Молдағұловаға арналған өлең жолдары түсті. Жадымда жүрген әуенге салып едім, құйып қойғандай дәл келді. Бұл ән арнау емес, бұл ән - жоқтау. Балғын қыздың ерлігін ұлықтау, ел жадында қалдыру үшін осындай ән қажет-ақ». Соғыс жылдарын көзімен көрген, көкірегіне түйген Сырбай Мәуленовтың "Соғыстан қайтқан солдаттар" әнінің шығу тарихы да осы сұрапыл соғыстан жеңіспен оралған сарбаздардың өмірін суреттейді. ..
Шығармалар
Толық