Отты жылдар жаңғырығы

Мен соғыстым, жоғалды жолдасым көп,
Өмірде жауыздықтар болмасын деп.
Мен жеңдім, жаралы ормандарға,
Жаралы құстар келіп қонбасын деп.
Мұқағали Мақатаев
Біздің халқымыз қай уақытта да өз намысын, өзініңелімен жерін, Отанын білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған халық. Қандай да қиындыққа төзген, мойымаған, оны жеңе білген. Осындай зұлматтың бірі – Ұлы Отан соғысы. ҰлыОтан соғысы басталғанына биыл 75 жыл болды, ал Жеңіске 71 жыл толмақ. Осыншама жылдар өтсе де бұл қырғын соғыс, оның салған жарасы, халқымыздың естен кетпес ерлігі ұмытылмайды.
Рас, қайғы-қасірет бар қаптаған,
Ғұмырлар бар батқан және батпаған.
Әкелгенмен, әр адамға бір қайғы
Сол жылдарға қарғыс айту жат маған, - деп ақын Мұқағали жырлағандай сол бір сұрапыл жылдар тарихта өшпес із қалдырды. Біз XXI ғасыр ұрпағы, қазіргі заманның жастары 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жайлы тек тарихтан ғана білеміз кітаптан оқып, кинолардан көреміз. Сол зұлмат жылдардағы халықтың тартқан тауқыметін соғыстан жеңіспен аман-есен оралған ата-әжелеріміздің әңгімесінен естідік. Елге қауіп-қатер төнген отты жылдарда, сын сағатта біздің Қазақстаннан барған ерлеріміз де Отан үшін, Ел үшін,Жеңіс үшін жандарын пида еткен. Қазақстаннан майданға шақырылған мыңдаған адамдардың көпшілігі ұрыс даласында ерлікпен қаза тапса, кейбіреуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Кеңес одағы Батыры атағын алған 500қазақстандықтардың ішінде Т. Бигелдинов, Л. Беда, И. Павлов, С. Луганский Батыр атағын екі мәрте, ал Шымкенттегі Чугуев әскери училищесінің түлегі И. Кожедуб үш мәрте иеленіпті.....
Шығармалар
Толық

Жеңіс жолы жалғасады

Мен оқушымын.Менің өмір жайлы толғаныстарым мен өзіндік философиям, көзқарастарым мен өмірлік ұстанымдарым әлі де қалыптасу үстінде. Дегенмен мен өткен жылы ғана 70 жылдығы тойланған еліміздің Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіне шын жүректен қуанып, соғыс атаулыға бар пейіліммен лағнет айтқандардың бірімін. Себебі менің арғы атам Көмеков Нәдір осы соғыста хабарсыз кеткен. Ауылдан аттанған атпалдай азаматтың із-түссіз жоғалуы деген нағыз қасіреттің қасіреті екен. Әжеміз өзі өмірден өткенше батысқа қарап телмірумен күнін батырып, таңын атырыпты. Үзілмеген үміт, сағыныштан сарытап болған сенім, азаматын аңсаған арман көкейді тескен күдікке бой бермеген. Белгісіздік жанын жеп, тағатсыздықтың тұңғиығына батқанда әжеміз ,тіпті, соғыстан аман келгендерге қызғана, «ерлікпен қаза тапты» деп қара қағаз келгендердің жанұясына қызыға қараған. Ай, пендешілік-ай десеңізші! Өлі-тірісін білмей, сананы сансыратқан сансыз сұрақтың жауабын таппағаннан, өмірден өтті деген хабарын естіп, армансыз жоқтағанның өзі де бір ғанибет екен –ау! Сол сұм соғыстың салған жарасы,міне, 75 жылдан бері әлі сыздап келеді. Ал ,бұл жара тек біздің әулеттің ғана көкірегіне түскен жоқ еді.
Қаншама ана баласынан айрылып, аңырап қалды, қаншама әйел жарын,жастығын жоғалтты, қанша бала ботадай боздап, әке мейірімі мен ата батасынан шектелді. Жесірдің көз жасы мен жетімнің жоқтауы жер-дүниені тітіретті. Қара жердің қабырғасы қасіреттен қайысты. Ұлы ғаламның тыныштығы бұзылып, адамзаттың арына дақ түсті.......
Шығармалар
Толық

Біздің көше батыры

Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарлы зұлмат - екінші дүниежүзілік соғыс туралы шығарма жазуды бастағанымда, бұл тақырыпты он бетке болсын, жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Себебі, соғыс-уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап. Бұл тақырыпты шын мәнінде ашу үшін сол сұрапыл соғысты өз көзімен көрген адаммен сұхбаттасқанды жөн көрдім. Жеңіс үшін өмірін, жастық шағын қиған, тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып, су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміз жылдан-жылға, күннен-күнге азаюда, олардың тірі қалғандары, арамызда жүріп Жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен санарлықтай. Сондай ержүрек батырлардың бірі - менің жерлесім, Құлсары қаласының тұрғыны Әбдірахман Елубаев.
- Сәлеметсіз бе, ата! Маған сіздей ұлы адаммен кездескен, сіздей батырды көзбен көрген үлкен қуаныш! Менің сіз туралы, соғыс туралы барлығын білгім келсе де, сіздің мазаңызды ала бермей, сұрақтарымды нақты, қысқа қоюға тырысамын. Ата, сіз соғысқа қалай шақырылдыңыз,қандай жерлерде ұрыстыңыз?......
Шығармалар
Толық

Жеңіс жаңғырығы

Ұлы Жеңіске биыл 75 жыл толып отыр.
Жеңіс! 1945 жылдың 9мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі Рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді.
Біз, Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс.
Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы.
Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ, кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз.......
Шығармалар
Толық

Ұлы Жеңіске тағзым

Жатқанда Отан жері отқа жанып,
Тұрғанда туысқандар жауда қалып,
Жеңбесек, жойқын қайрат шығармасақ,
Жігіттің неге жүрміз атын алып?
Ж.Молдағалиев
Соғыс... Бұл –үлкен қасірет. Барды жоқ ететін, тауды жер ететін күйретуші күш! Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Әркімнің көзінен жас, жүрегінен қан ағызған сұрапыл жылдар. Талайды жақындарынан, туған бауырларынан айырған, сүйгендерінен қол үздірген, ардақты аналарды бауыр еті балаларынан ажыратқан соғыс жылдары жетім мен жесірдің санын көбейтпесе, азайтпады. Әр ай сайын жақындары майданға кеткен сарбаздардан хат күтетін. Бірақ хат орнына қара қағаз келмесе екен деп жаратқанға жалбарынатын. Себебі әр апта сайын бір қазақ ауылына ондаған қара қағаз келетін. Қара қағаз майданда сарбаз мерт болса ғана келеді. Ал жақындарының мерт болғанын кім қаласын? Әрине, ешкім де ондайды қаламайды ғой!......
Шығармалар
Толық

Елін қорғау-елге сын

Ұлы Отан соғысының ерлік шежіресі шексіз.Кеңес халқының фашизмге қарсы қасиетті соғыс тақырыбы оқырман жүрегін әрқашан толғандырады.Танкінің гүрілі жер жарып,ауыр зеңбіректерді сүйреп,айналаны шаңға бөктіріп,аттылы-жаяуы аралас үздік-создық шұбатылған әскердің алды биік дөңнің басына шыққанда,арғы беттегі жартылай қираған,үстін түтін аралас қалың тұман басып жатқан қасіретті соғыс алаңы тым аянышты.Ерлік керек десеңіз... Соғыс. Атауының өзі-көз алдыңызға жетім бала,жесір әйел,берекесі кеткен жұрт, қара қағазды елестететін қасірет.Соғыс қасіретпен қоса қасиеттіде әкеледі. Ерлік,Отанға деген махаббат,рух,намыс,жігер барлығы да осы соғыс кезінде пайда болады емеспе? Иә,біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата-әжелеріміздің әңгімелерінен соғыстың не екенін біліп, түсініп, жанымыз түршігеді. Болашақ ұрпақ үшін жанын қиған ата-бабаларымыздың ерліктері жылдар тұрмақ,ғасырлар өтсе де,ұмытылмастай тарихта жазылып қалды. Екінші дүниежүзілік соғыс-адамзат тарихындағы ең ірі жанжал,ең ірі шиеленіс.1941 жылы 22 маусымда гитлерлік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына қарсы соғыс бастады.Германияның КСРО-ға шабуылы бастала салысымен, Кеңес Одағының басшылары В.М.Молотов және И.В.Сталин өздерінің сөйлеген сөздерінде бұл соғысты Отан соғысы,кейіннен Ұлы Отан соғысы деп атады.Соғыстың бірінші сағатынан бастап бірнеше мың шақырымға созылған кеңес-герман майдан шебінде кескілескен шайқастар басталды.Осы кезден бастап-ақ гитлерлік әскерлер жергілікті тұрғын халық пен Қызыл Армия әскерлерінің қарсылығына тап болды......
Шығармалар
Толық

Ел ерімен еңселі

Ел үшін аянба – ерлігіңе,
Жұрт үшін аянба –жігіттігіңе сын!
Бауыржан Момышұлы
Міне, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да – 75 жыл толып отыр! Яғни, біз 75 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні, дәл осы шаттық хабарды естіп, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының халықтары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста - 1418 күн мен түндерді, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Сонда да, Берлиндегі Рейстах қамалының үстінде Жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы Жеңіске Қазақстаннан шыққан қаһарман жауынгерлердің қанымен, жанымен, мына – жарық өмір үшін аянбай ұмтылған үлестері мол еді. Иә, 1945 жылдан бері көп оқиға болды. Бірнеше ұрпақ ауысты. Елімізде түрлі күрделі оқиғалар болды. Әлемнің саяси картасында «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» мемлекеті орын тапты. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы ерлігі әлемді таңқалдырып, мойындатты. Біздің қазақстандықтардың қосқан ерлік- үлестерін біз мақтан етеміз.
Аға ұрпақтың ерлігі мен әскери даңқы жас ұрпақты Отанымыздың болашағы үшін азаматтық жауапкершілікке, елін қорғауға әзір болу рухына тәрбиелейді. Олардың ерлігіне тағзым етіп, бас июіміз қажет. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз оңбаған адам» деп Бауыржан Момышұлы атамыздың айтқанынан, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағандығы өз халқын сүйетіндігінен болса керек......
Шығармалар
Толық

Отан деп соққан жүрегі

Жатқанда Отан жері отқа жанып,
Тұрғанда туысқандар жауда қалып,
Жеңбесек, жойқын қайрат шығармасақ,
Жігіттің неге жүрміз атын алып?!
Жұбан Молдағалиев
1941 жылдың 22 маусымның таңы шапағат атып келе жатқан шағы еді... Дала құлпырып көк майса шалғын қыз көйлегіндей желкілдеп, құрбақа шұрылдап, құстары тамылжыта ән салып, шегірткесі шырылдап, адам баласы қолымен жасай алмайтындай табиғи симфониялық таңғажайып кез еді. Осындай мамыражай кеңістік тыныштығын кенеттен шыққан мотоциклдің, машинаның және танктың қосыла шыққан гүрілі әлем-тапырық етті. Бұл - басқыншы Германияның Кеңес Одағына жарияламай, тарихта болмаған күшпен басып кіруі еді. Бұл кезеңде қазақ елі Ресей мемлекетінің отаршылдығында болатын. Жалғыз қазақ емес, тағы да оннан астам мемлекет Ресейге бодан еді. Сол уақыттағы идеологиялық саясат өте қатты қарқынмен жұмыс істегені соншалық, осы соғыстың алдында ашаршылықтан қазақтың жартысы қырылғаны, жазықсыздардың репрессияға ұшырап, атылып түрмеге қамалғаны, тағы басқа зардаптарға қарамастан сол сәтін "ең бақытты елдің азаматтарымыз" деп мақтаныш тұтты. Ақиқатты білетіндер болса, олар үнсіз қалды. Өйткені, қылышынан қан тамып тұрған қанішер Сталиннің жандайшаптарынан зәрезап болғандар бір-біріне сөз айтудан үркіп сақтанатын.......
Шығармалар
Толық

Мәңгі өшпес ерліктер

Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.
Бауыржан Момышұлы
Міне, қаншама азаматтар Отан үшін жан алысып, жан беріскен Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл болды. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз еңбек еткен жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көздері жасқа толып төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпай, әке орнына әке, аға орнына аға бола білген аналар, қыз – келіншектер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып, бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы Жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туғантуысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді еске салады.
Қазақ – ел басына қара бұлт үйірілген шақта жалғыз жанын шүберекке түйген жауынгер халық. Ұлан – байтақ даласының жаудың қол астына өтіп бара жатқанына намыстанып, қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған, осылайша майданда ерлік көрсеткен. Тіпті арыға бармай – ақ кешегі Ұлы Отан соғысының тарихына көз салсақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанын анық көреміз. «Тізе бүгіп, тірі жүргеннен, тіке тұрып, өлген артық» деп Бауыржан Момышұлы бастаған ел азаматтары ел үшін арпалысып, болмайтынды болдырып, жеңіп шықты, батыр атанды. Мәселен, осы Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанның 500-ден астам ұлы мен қызы «Кеңес Одағының Батыры» атағын алды. Олардың жүзден астамы «Даңқ» орденінің иегері атанды.......
Шығармалар
Толық

Отан үшін от кешкендер

«Жұртым» деп – жұмылып, «Елім» деп езіліп қызмет ет.
Бауыржан Момышұлы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1999 жылы 20 қаңтарда сөйлеген сөзінде: «Даңқты өткенімізден күш ала отырып, жаңа ғасырға нық қадам басамыз», – деген еді. Қазақ халқы өз тарихында қиынқыстау кезеңдерді, аласапыран заманды басынан көп кешкен. «Ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен» деген мағынадағы сөз – халықтың сол мезгілдерді суреттеп сөйлегені. Ел басына күн туғаңда, адамзат тарихында, әсіресе қазақ тарихында елеулі орын алған оқиғалардың бірі – Ұлы Отан соғысы болып келеді.
Соғыс... Бұл сөз өзінің қатыгездігі мен зұлымдығымен, адамдарға деген жек көрушілігімен жасқандырады. Соғыс өрті алай-дүлей боран, құтырған құйын, бейтаныс апат секілді ес жиюға, саналы түрде ойлануға мүмкіндік бермей, кеңес халқының, оның ішінде біздің қазақ халқының басына қара түнек болып үйірілді. Бірақ алғаш күннен-ақ қазақ халқы өз Отанын қорғау үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, басқыншыларға қарсы тұра білді. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Қара бұлтты сейілтіп, күн шуағын сыйлаған ардагерлер қатары жылдан жылға сиреп қалса да, фашизмге соққы берген аталарымыз болашақ ұрпақтардың жарқын келешегін қамтамасыз ету үшін қасық қандарын аяған жоқ. Арада қанша жыл өтсе де қан майданда «Отан үшін» деп алға ұмтылған, қаһармандықпен ерен ерліктің үлгісін көрсеткен жауынгерлер есімі ешқашан ұмытылмайды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының, бірлігінің дәлелі еді. Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аттары аңызға айналған батырларымыз – тау тұлға......
Шығармалар
Толық