Елге қауіп төнбесін

Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді жеңген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн.
Қадыр Мырза Али
Ұлы отан соғысы... Не деген ауыр сөз. Осы сөзден біздің атабабаларымыздың қандай ерлікпен қаза болғанын көреміз. Олар елі үшін, жері үшін жан аянбай күрескен.
Фашистік Германия мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы жиырма екінші маусымда жарияламастан, тұтқиылдан КСРО - ға шабуыл жасады. Сол кезеңнен бастап Ұлы Отан соғысы басталды. Ұлы Отан соғысы төрт жылға созылды. Бұл соғысқа алты жүз мыңнан астамы қазақ батырлары болатын. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап – ақ жауға тойтарыс беру үшін зор үлесін қосты. Соғыс жылдарында республикамызда ондаған әскери құрама жасақталды. Атқыштар, атты әскерлер қанды майданда жанқиярлық ерліктің үлесін көрсете білді. Бес жүздей Қазақстандық ерен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры деген ең жоғары атаққа ие болды. Осы соғысқа қатысқан үлгі тұтарлық батыр қыздарымыз да бар. Олар: Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова. ......
Шығармалар
Толық

Өз ұлтын сүюшi адаммын

Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк
Бауыржан Момышұлы
Ұлы Отан соғысы...
Адам баласы үшін соғыстан асқан кесапат жоқ. Соғыс! Жалғыз ауыз сөз. Бірақ қандай қорқынышты?! Соғыс дегеніміз – қайғы-қасірет, қантөгіс, өлім-жетім. Соғыс дегеніміз – күн сайын туған-туыстан, жақын-жорадан, қарулас досыңнан айырылу.Тарихта небір алапат соғыс болғанмен, солардың бірде-бірі екінші дүниежүзілік соғыспен теңесе алмайды Осы соғыста қаншама адам қаза тауып, қаншамасы мүгедек атанды.Елімізде соғыс оты шарпымаған шаңырақ қалмады.Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да . Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған қайсар жауынгерлеріміздің бірі – Бауыржан Момышұлы еді. Ұзын бойлы, қара сұр Момыштың ұлы Бауыржан сол кезде отыздың үстіндегі жас жігіт еді......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіз елдің ертеңі

Мен XXI ғасырдың ұрпағымын. Мен бейбіт, тәуелсіз елдің ертеңін жалғастырушы болашағымын. Осындай елде жас ұрпақ алаңсыз еш қайғысыз, азат өмір сүру үшін ата-бабамның жасаған ерлігін ұмытпаймын. Үстіміздегі жылы адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 71 жыл толады. Бірақ, Ұлы Жеңістің ұмытылмайтындығы сияқты, соғыс та біздің санамызда ұмытылмас із қалдырды. Адамзат тарихындағы осы бір жойқын соғыста миллиондаған адамдар мерт болды, қаншамасы мүгедек болып қалды, миллиондаған адамдар хабар-ошарсыз кетті, тылда да халқымыз қанша қиындық көрді...
2015 жылдың 9-мамырында селомыздағы жауынгер ескерткішінің жанындағы салтанатты жиында алғаш рет ешқандай соғыс ардагері болмады. Ең соңғы ардагер бұл жиынға келе алмады, себебі денсаулығы жоқ екен. Мен өзімнің ұстазым Гүлшат Мүсілімқызы Рамазанованың өз шығармашылығынан оқыған «Соғыстың соңғы солдаты» өлеңін тебірене тыңдадым. Ұстазымның толқыған жан дүниесі, өзегін өртеген өкініші менің де жүрегімді дірілдетіп, терең ойға шомдым. «Ол кім екен? Қандай адам? Соғыста қандай жерде соғысқан?»- деген сұрақтар көңілімнен шықпады. Ақыры мен ол кісімен таныстым. Ол жайында негізгі бөлімде әңгімелемекпін.2. Негізгі бөлім: а) Ұлы Отан соғысы парақтарынан.
КСРО жеріне басып кірместен бұрын 12 мемлекет басып алған және 14 одақтасы болған жау Баренц теңізінен Қара теңізге дейінгі аралықта зор майдан шебінде соғыс ашты. Гитлер «тұтқиыл» шабуылмен Кеңес елін талқандап, әлемдегі алғашқы социалистік мемлекетті құртып, кеңес адамдарын құлға айналдыруды, Кеңес елін өз отарына айналдыруды көздеді. Бірақ, кеңес халқы тұтқиылдан шабуыл жасаған жауға қарсы тұра алды. Майданға кеткен мыңдаған ерлердің орнына барлық жұмысты ұйқысыз, ас-сусыз еңбек еткен әйелдер мен балалар атқарды. Соғысқа дейін бір сағатта істеген істерін соғыс уақытында бір минутта істеуге тырысты......
Шығармалар
Толық

Бір үзік жас

1945 жыл мамырдың 9-ы неміс фашист басқыншыларының тарихта Ұлы Отан соғыс деген атпен қалған соғыста қайта бас көтерместей болып жеңілген күні. Бұл жеңіс бұрынғы совет одағы халықтарының «Барлығы – майдан үшін, барлығы – жеңіс үшін!» деп жанқиярлықпен шайқасқан Ұлы ерлігінің арқасында жеткен жеңіс. Бұл қырғын шайқасқа Шұқыркөл ауылынан 125 адам аттанған. Соның ішінде соғыс даласында 62 адам қалып, 63 елге аман оралды. Бүгінде елге оралған 63 адам да о дүниелік болған. Сол, сұм соғыс ауыртпалығын көрген жандардың бірі Екпін Әйіпұлы Кеншінбаев. Екпін Әйіпұлын әңгімеге тартпақ болып, үйіне бет алдым. Сексенді алқымдаған, әлі де тың қартты үй ауласындағы орындық үстінде жолықтырдым. Қайратты жүзінде аздаған әжімнің ізі көрінгенмен, жүзі жылы, көзі өткір қария мені жайдарлы қарсы алды. Күрсініп алып, орнынан тұрды. Үйге беттедік. Үйге кіріп жайғасқаннан кейін, соғыс жайлы айтуды сұраған менің сұрағыма қарт ойланып барып, ойлы көзімен алысты шолып, соғыс салған жара есіне түсті ме екен бір күрсініп алып, әңгімесін бастады. Соғыс басталған жылы мен небары 6 жастағы бала едім. Әкем Әйіптен Екпін, Жеткін деген екі ұл қалған. Інім қызылша ауруына шалдығып ерте қайтты.
Әкем соғыстан оралмады. Мен ағайын-туыстың арқасында ер жеттім. Тағдырдың тәлкегімен шешем мені ағайынға тапсырып, өзі тұрмысқа шығып кетті. Менің өсіп ержетуіме ерекше үлес қосқан Ысқақ ағам. Әкемнің туған ағасы. Өкініштісі сол ағам да өмірден ерте озды. Қария соғыс салған жараны былайша баяндады. Тағдыр біздің балалық шағымызды соғыс өртінің ауыртпалығына тап келтірді. Ауылда қалған қариялар мен аналарымыз, ес білген балалар шаруашылық жұмысына араласты. Таң сәріден тұрып, кеш жатып, дала қостарына түнеп өз еңбектерімен жеңіске үлестерін қосты......
Шығармалар
Толық

Соғыс және тағдыр

Ұмытуға хақымыз жоқ оларды,
Олар біздің бақыт үшін қан төккен
Өмір деген қандай тәтті ұғым! Бар әлемнің әр пендесі, жануары мен жәндігі өмір үшін күреседі, әр күннің шуағына шомылып,әрбір сәтке шаттанады. Иә, біз бақытты жандармыз! Өйткені біз Тәуелсіз,егеменді, байтақ елде өмір сүріп жатырмыз.Бақытты елде мереке де көп. Әйтсе де ,9мамыр-Жеңіс күні әр адам жанына жылулық, мейірімділік сыйлайтын күн болып саналады.Өйткені бұл күн бізге аталарымыздың сыйлаған бақытты күні іспеттес.Аталарымыз болмаса біздің еліміз,халқымыздың қанды қол фашисттердің зұлымдығынан құтыла алмас еді. Жалпы бұл уақытты бір ғұмырға теңеуге де болады. Алла оңдап, сұм соғыста біздің әскерлеріміз жеңіске жетті. Содан бері, міне, біраз жыл өтті. Еліміз де еңсесін тіктеп басын көтерді. Бейбітшілік пен келісім заманында ғұмыр кешудеміз. Сондықтан бізге осындай бейбіт заманды сыйлаған, осындай керемет өміріміз үшін жандарын қиған ата-бабаларымызды естен бір сәт шығаруға, оларды елемеуге, рухтарына тағзым етпеуге біздің хақымыз жоқ. Қан майданнан аман келген батырларымыздың да жыл өткен сайын көзі азайып барады. Майдан қоркынышымен өмір үшін жан таласты олардан артық ешкім білмес. Қанша жерден жау мықты болса да, оларды алға қарай бір адым да бастырмай, қаза тапқан қайран бабаларым-ай... Майдан ауыртпалығын ер-азаматтарымыз көтерсе, ер-азаматтарымыздың қажеттілігін ауыл-аймақтағы көздері жәудіреп, келер күннен тек жақсылық пен қуаныш күткен қаракөз қызкеліншектер көтерді.......
Шығармалар
Толық

Соғыс зардабы

1942 жылы шілде айында жарты жылға созылған Сталинград шайқасы басталды. Фашистік Германия совет әскерінің қарсылыстығын тез арада жойып, тоқтамас шерумен Волгаға дейін жетуді жоспарлаған. Волга мен Дон өзендерінің арасында қанішер соқтығыстарда көптеген әскерін жоғалтқанымен, қарсыластарымыз біздің әскердің қорғанысын бұзып, Сталинградтың солтүстігіндегі Волгаға қол жеткізді. Күндіз-түні қантөгіс соғыстың шуы басылмады, бүкіл қала от пен түтін астында қалды. Волганың өзі алау астында көрінді. Соғыс шегі қараша айында Волга өзенінен бір шақырым жерде өтті, көптеген стратегиялық маңызды биіктер фашистердің қол астында болды және сол биіктерден фашистер совет әскерлерін атқылады. Көптеген адамдардың мерт болғанына қарамастан, Сталинград қаласын алуға бірінен соң бірі жаңа вермахттың бөлімдеріне келіп жатты. 62 әскер басқарушысы генерал Чуйков В.И. былай деп жазған: «Гитлер бүкіл Германияны осы бір қаланы алу үшін құрбан етуге дайын болып көрінді».
1942 жылы күз айында Сталинград ауданына 70-тен көп жаңа дивизиялар жұмылдырылды, қарсалыстан күші 2 есе өскендей болды. Бірақ дұшпан жерімізге тереңдей кірген сайын, Сталинград қорғаушыларының қарсыластығы күшейе түскендей болды. Сталинград жерінің әр метрін, әр көшесін, әр үйін тіспен қорғады.
Біздің жерлесіміз, Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Архипович Легостаев Сталинград шайқасына қатысқан кезінде жарақат алып көрген тәжірибелі солдат еді, бірақ сол жерде басынан кешкенді соғыс аяғына дейін көрмеді. «Сталинград жерін қатерлі темір-терсек басып қалды. Топырақты уыстап алып, саусақ арасынан терсек, қолында оқ болмаса, жарқыншақ қалар еді. Бұл жерде болған нәрсені сөзбен айтып жеткізуге болмас . Тоқтаусыз бомбылау, артиллериялық және минометтік атыстар. Бірінен соң бірі жалғасқан немістік әскерлердің шабуылы. Шайқас трактор зауытының ғимараттарында да жүргізілді, әр көше үшін, әр ғимарат үшін қантөгіс болды. Ғимараттар кейде «қатпар- қатпар пирогті» еске түсірді. Астыңғы қабатта біздікілер, ортаңғыда – жау, одан кейінгі қабатта -біздікілер. Кезектес жетістікпен ғимараттан бір-бірімізге отпен қуып отырдық ». Сталинград қабырғаларында гитлерлік ең мықты әскерлерді жинап, оларға керемет соққы беріп, қала қорғаушылары осы қантөгіс соғыста жеңіске бет бұрды. Сталинград түбіндегі жау әскерлері 1943 жылы 2 ақпанда көзі жойылды. Сталинград түбінде 200 күн шайқас кезінде вермахт 1,5 миллион адам жоғалтты......
Шығармалар
Толық

Бейбіт өмір

Ұлы Отан соғысы аяқталып, бейбіт өмір сүріп жатқанымызға биыл 71 жыл. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік есте қалатын күн.. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз, біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған. Бүгінде әр халық өз батырларын дәріптеп, қастерлеуде, аттарын асқақтатуда. Олардың ерлігін баяндайтын көптеген әңгімелер мен өлеңдер жазылған еліміздің барлық қалаларының, саябақтарында, көшелерінде шағын аудан, ауылдарында олардың ерлік, ержүректілігіне арналып, ескерткіштер қойылған. Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағындағы өзге елдердің азаматтары сияқты біздің елдің де ер азаматтары мен қыздары бірінші күннен соғысқа қатысты.
1941-1945 жылдар аралығында болған соғыс еліміздің қаншама адамдарының өмірін қиды, еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін тынбай жұмыс істеді. Елімізге төнген үлкен қауіп соғыс барлық адамзат баласын біріктірді. Осы барлық халықтың бірігуінің арқасында Жеңіске жетті. Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да көп. Солардың бірі менің Мусин Хамзе атам. Соғыс басталғанда ауылдың ер азаматтарымен бірге соғысқа аттанған екен Сол соғыстан менің ержүрек атам қайтпады. Мен өзімнің дәл бүгінгі күндей бақытты өмір сүруіме өз үлесін қосқан атамды мақтан етемін......
Шығармалар
Толық

Номерлі ата

...Соғыс деген суық сөз
Жүректі дір еткізер
Ойланатын келді кез
Тілекке не жеткізер...
Қадыр Мырзалиев
Тәтем қалада тұрады. Ауылға анда санда келгенде бізді, балаларды ертіп, ауыл сыртындағы Өтеген батырдың кесенесіне алып барады. Жаз айы аяқталып қалған кез болатын. Бабамыздың кесенесіне барып үш шақырымдық жолда жаяу келе жатқанбыз. Тәтем жол бойындағы бір қабірге тоқтап Құран аяттарын бағыштады, ойланып көп отырды. –Тәте бұл кісі кім? Ескерткіштің төменіндегі мына сандар қандай мағына береді, деп сұрадым. Сол кезде тәтем:- Тайыр ата соғыс басталғанда он сегізде екен. Ағаларынан қалмай соғысқа аттанады. Сталинград қаласын жаудан азат етуге қатысады. Кейін Белорусь майданына қосылады. Кеңес әскері Польшаның астанасы Варшава қаласына барғанда тұтқынға түсіп, қамалады.
Неміс фашистерінің түрмесінде отырған жерінен Освенцим концлагеріне алып кетеді. Нағыз тозақты сонда көрген болса керек ата. «Тірідей адамдарды үлкен пештерге лақтырғанын, иттердің балалардың етегінен тартып,тістелегенін көрдік қой. Концлагерге келгенде екі күннен соң мына санды білегімді күйдіріп жазды. 15777-бұл менің реттік саным. Кейін сол қолыма 74/2/113 деп жазды. Бұл менің концлагердегі орным. Қыстың аязды күндері жалаңаяқ, жалаң бас лагердің сыртын айнала жүгірткен кездерді есіме алғым келмейді, небір азапты балаларым көрмесін деп тілеймін.......
Шығармалар
Толық

Жеңіс тұғыры

«Отан – оттан да ыстық» әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары, жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай ыстық. «Отан» десе әрбір адамның жүрегіне жылы тиері анық. Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс - күймейсің» дегеніндей, Отан үшін еткен әрбір еңбек зая кетпейді. Отанды сыртқы жаудан қорғап, қадірлеп, қастерлеу әрбіріміздің міндетіміз, қасиетті борышымыз. Отан - ата-бабаларымыздың білегінің күшімен, найзасының ұшымен, қасық қаны қалғанша небір жаумен дамылсыз күресіп, мықтап қорғап келген асыл құндылығымыз. Халқымыздың басынан небір қиын-қыстау кезең өтті емес пе?! Соның бірі - Екінші Дүниежүзілік 1941-1945 жылдар аралығында өткен Ұлы Отан соғысы. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Көзге жас келтіріп, көңілге мұң ұялататын ауыр кезең-ді. Сол жылдары әрбір үйдің іргесін қалап, тұтқасын ұстап отырған ер азаматтары мен әрбір үйдің қаншама сүйікті ұл-қыздары майданға аттанып, қыршынынан қиылды.
Ошағының отын үрлеген аналар, жәутеңдеген жетім қалған балалар, майданға кеткен әрбір жанды үміттерін үзбей асыға, зарыға күтті емес пе?.. Төрт жыл... 1418 күн өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін сан қилы соғыс жүріп жатты. Майданда жүріп қаншама қиын кезеңдерді бастан кешіріп, қолындағы суық қаруын өзіне қарсы тұрған жауға кезеп, бүкіл өмірін Отанына арнаған, Отаны үшін өмірін, артында қалған етжақындары үшін жандарын қиып ерлік көрсеткен қаншама азаматтарымыз болды емес пе? Соғыс жылдары КСРО 270 млн. азаматынан айырылған екен. Оның ішінде 4101 мыңы қазақстандықтар болып жатты. Отаны үшін «Жұмыла артқан жүк жеңіл» дегендей, бұл соғыста тылда жүргендердің барлығы да «Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!» деген ұранмен күн демей, түн демей тойып тамақ ішпесе де, таңнан тұрып, қара кешке дейін жұмыс істеді. Үлкендермен қатар балалардың да тигізген үлесі мол болды. Еңбекке жарағанының барлығы қажырлы еңбек атқарды, сөйтіп жеңіске өз үлестерін қосты.....
Шығармалар
Толық

Бір үзік сыр

Демім ішіме сыймай, жүгіріп, табалдырықтан аттаған бойы үйдің тыныштығына көзім жетті. Сықырлап басқан әрбір қадамым күнде көретін, қабырғада ілініп тұрған, көздерінде терең мағына жатқан, әкемнің көздерінен аумайтын суретке бүгін де көзім түсіп, қасына еріксіз жақындадым. Атам болатын. Мойнына асылып, иіскеп-иіскеп сүйіп, арқасына жүгіріп барып құшақтап, дауысын өз аузынан естімесем де, оны қатты жақсы көретінмін. Бір-ақ сурет. Мауқымды басатын. Әкем мен анамнан естіген ең әдемі, керемет сөз - «атаңа ұқсайсың» деген сөз. Әкеме келіп: «Атам қайда? Неге ол бізбен бірге емес? Неге мен атамды көрген емеспін?» деген мыңдаған сұрақтарыма естіген жауабым «Ол да сені жақсы көреді. Атаң өте алыста» деген бір ауыз сөз болатын. Мүмкін мені аузынан сүті кетпеген сәби көрді ме, әлде кішкентай кеудемдегі үп-үлкен жүрегімді жаралағысы келген жоқ па, әйтеуір сөздері ащы емес еді. Бірақ сөздері алдаса да, көз алдамайды ғой. Сұрақтарыма жауап тым кеш, қолыма жырым-жырым, беттері санаулы ғана, сарғайып, тозып кеткен, құдды бір отқа кіріп шыққандай дәптер мен бір уыс хаттарды ұстаған кезде айтылды.
Жасым отыздың жартысына келгенде ғана әкем менімен ересек адамдарша сөйлесе бастады. Жүрегім қас айырылғандай болды. Дәптерді құшақтаған күйі бөлмеме жүгіріп келіп, үстелдің астына кіріп, беттерді сабырсыздана ақтара бастадым. Атамның иісі. Бауырыма басып, қатты-қатты құшақтап алдым......
Шығармалар
Толық