Өмірі - ұрпаққа өнеге

Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл. 30-жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашистік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына алып келді. Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды. Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен, батыс майданда белсенді іс-қимыл танытпады. Бұл жағдайды Германия өз мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, Люксенбург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бельгияны жеңгеннен кейін, негізгі күштер талқандалды. Нәтижесінде Франция Германиямен бейбіт келісімге қол қойса, Англия АҚШ-тан көмек сұрауға мәжбүр болды. КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі. “Барбаросса” жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды.
“Солтүстік” тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті “Орталық тобы” Москваға бағытталды......
Шығармалар
Толық

Қазақ елінің мақтанышы

Мен Қазан Нарбол, 2014 жылы Қытай жерінен өзімнің Отаныма, атабабамыздың кіндік тамған жеріне көшіп келдім. Ол кезде мен небәрі төрт жастан бес жасқа қараған шағым еді. Жасым бестен асқан кезде мен аудан орталығындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы орта-мектеп гимназиясының мектепалды даярлық сыныбына қабылданып, қазір осы мектептің 2 «Б» сыныбында оқып жүрмін. Сол кезден бастап ұстазым Нурхия Иембергенқызының әр айтқан сөздерін құлағыма құйып,бойыма сіңіріп өсіп келемін. Қазақ елі, жері туралы, тарихы мен ұлы тұлғалары жайында көп мағлұмат алдым. Елімізден шыққан қаһармандарымыз жайлы жүректен шыққан сөздерімді,өз ойымды ақ қағаз бетіне былайша түсірдім.
Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл толып отыр. ......
Шығармалар
Толық

Жеңіске жеткен сол күн

Ұлы Отан соғысы талай адамның қаны төгілген майдан алаңы. Соғыс - жер үшін, кейінгі ұрпақ келешегі үшін, елдің намысы үшін жауапты майдан. Бірі атасынан, бірі әкесінен, бауыр – қарындастарынан айырылса, бірі ұлынан айырылған сұрапыл жылдар. Бірақ азапқа толы сол жылдардың өз нәтижесі, тарихы, маңызы бар. Жеңіске жеткен сол күнді одақтас он бес ел, соның ішінде қазақ елі де 71 жыл бойы тойлап келеді. Ол ешнәрсе де, ешкім де тарих беттерінен өшпейтінінің, халықтың жүрегінен де, жадынан да мәңгі орын алатынының белгісі.
Бұл соғысқа қазақ елінің тікелей қатысы жоқ деушілер де бар шығар. Бірақ бұл оймен мен мүлдем келіспеймін. Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстан үшін де бұл соғыстың маңызы зор. Қызыл армиядағы қазақ жауынгерлері алдыңғы шепті басқарып, Брест қамалынан Берлинге дейін барды. Қазақ жауынгерлерінің ержүрек, өжет мінезі мен жауынгерлік шеберлігіне барлық өзге ұлт өкілдері тәнті болған. Оған дәлел бес жүз қазақ жауынгері Кеңкс Одағының батыры атағын алған. Осындай мақтануға тұрарлық деректерді тарих, әдебиет беттерінен кездестіргенде бір ерекше сезім пайда болады. Ал Жеңіс күнінде қуаныш, мақтанышқа толы айрықша көңіл – күй жүрегіңді баурайды. Дегенмен, қарттар мен ересек жандардың көңілдері босап, көздеріне жас толады. Қуанышты күні жас алуларының себебі: бір мезет көз алдарына сол соғыс уақытын елестетіп, оққа ұшқан талай қазақ бауырларын естеріне алады. Бұл соғыстың қуанышы мен азабы ел жадында қатар жүреді......
Шығармалар
Толық

Жаңа заман

Ел үшін аянба-ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба-жігіттігіңе сын.
Б.Момышұлы
Әрбір ұлттың өз өткені,тарихы болады. Сондай қайғысы мен қуанышы қатар жүретін қазақ тарихындағы естен кетпес күндердің бірі-22 маусым.КСРО-ға Фашистік Германия шабуылы,жан-жақтан соғыс басталғанын хабарлайтын дауыстар,үреніш,ананың жүрегіндегі қорқыныш,уайым.Міне,дәл осылай бұл күн есте қалды.Қайғы-қасіретке толы жаңа заман басталды.
Отан алдындағы парызын орындау үшін ерлер әскери комиссариаттарға барып,енді шегінерге жол жоқ деген оймен жасы да, кәрісі де соғысқа аттанды.Жүректегі үрейге қарсы тұрып,суық қаруды қолға алып, соғыс шебінде ерлікпен шайқасты. . Бес жыл ішінде қанша мың қазақ баласы отанына оралмады,бірақ қасық қаны қалғанша шайқасып, біздерге жеңіс әкелді.Көптеген неміс шабуылдарына бірлесіп төтеп беріп,майданда өз ерікжігерін көрсетіп, Кеңес Одағының Батырлары атанды. Сондай еразаматтарымыздың бірі-Бауыржан Момышұлы.Ол ержүрек қазақ қаһарманы,Кеңес Одағының Батыры 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды.Сол бес жыл ішінде 27 рет қолына қару асынып, ұрысқа шықты.Басқа да жауынгерлермен бірге Мәскеуді қорғады.Соғыстан ерлікпен оралып, кейінгі жылдары жазушы ретінде соғыс атты өмір мектебіне байланысты “Генерал Панфилов”, “Майдандағы кездесулер” шығармаларын жазды.Сол кітаптардан алынған мынадай қанатты сөзі бар: “ Соғыс-халықтың күш-қуаты, ерік- жігерін сынайтын ұлы емтихан”. Әрине, ол ел тарихындағы үлкен сынақ,бірақ біздің ерлер бір ту астына бірігіп,оған төтеп берді. ......
Шығармалар
Толық

Бізге келген жеңіс

Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 9-шы мамырда 71 жыл толады. Жылдар өткен сайын бізге Ұлы Жеңіс сыйлаған ардагерлеріміздің саны азайып барады. Сондықтан, біздің басты борышымыз, сол майдангерлерімізді сыйлау, құрметтеу, оларға қамқорлық көрсету. Соғыс 1941 жылы басталып 1945 жылы аяқталды. Қазақ елінің азаматтары да соғысқа бірінші күннен бастап қатысты. Отанымызды қорғау үшін жастар да, кәрілер де қатысты. Сол соғыста қаншама адам қазақ тауып, қаншамасы мүгедек болып қайтты, қаншама ана жесір қалып, балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңісте ерлік көрсеткен, ерекше сый-құрметке ие болған майдангерлердің ішінде біздің қазақ аталарымыз бен апаларымыз бар. Біз батырларымызды ешқашан ұмытпаймыз. Біздің елімізде көптеген көшелерге, ғимараттарға, оқу орындарына осы соғыста ерлік көрсеткен қазақ батырларының есімі берілген. Биылғы жеңістің 71 жылдығына орай әр-түрлі қалаларда мерекелік ісшаралар өткізіледі. Ардагерлерге құрмет көрсетіледі. Осы кісілердің арқасында біз бейбітшілікте өмір сүріп жатырмыз. Көп – көп рақмет сіздерге, құрметті ардагерлер!
И.В.Сталин халыққа 1941жылдың 3шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады.Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп майдандағы армияның қатарын толықтырды. Әскери міндеттілерді әскерге алу өте қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Тарихи әдебиеттерде бұл соғыс « Ұлы Отан соғысы» деген атқа ие болды. Бүкіл кеңес халқы ортақ жауға қарсы күреске жұмылды. Алғашқы күндердің өзінде ақын В.Лебедев-Кумач пен компазитор А.Александров жауға қарсы күресте көпке ортақ ән ұранға айналған «Қасиетті соғыс» әнін шығарды. ......
Шығармалар
Толық

Батырдың аты өлмейді

Менің туып – өскен жерімде қаншама батырлар есімдері үлкен құрметпен аталып жатады. Өйткені, батырлар есімі ешқашан атаусыз қалмақ емес. Осындай батырларымыздың аттарын кейінгі жас жеткіншектер ұмытпай, өз еліміздің патриоты болып тәрбиеленуі үшін айтыла бермек. Солардың бірі гвардияшы – панфиловшылардың бірі, Кеңес Одағының Батыры Нұрсұлтан Есеболатов атаның есімін, ерлігін ерекше атағым келеді. Нұрсұлтан атаның 2013 жылы 100 жасқа келген тойы сол туған ауылында аталып өтті. Ал биылғы жылы Ұлы Отан соғысына 71 жыл болмақ. Небәрі, 27 жасында соғысқа аттаңған жас жігіт елі, жері үшін жанын қиып, соғыста қаза болды. Артында жылаған анасы, бауырлары, жерлестері қалды. Ол кісі қайтып келген жоқ. Бірақ, Нұрсұлтан атаның атында ауыл, көше, мектеп бар. Сол ауылда, аудан орталығында батырға арналған ескерткіш пен мұражай бар. Жылда 9 мамыр Жеңіс күнінде ескерткішке барып оқушылартағзым етеді, гүл шоқтарын қояды.
1418 күнге созылған бұл соғыста Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету үшін қасық қаны қалғанша , көкіректерінен жаны шыққанша қазақ халқы да өз үлестерін қосты. Қазақ жауынгерлері Брест қамалынан бастап ,Берлинге дейін барды. Қайран ерлер Сталинград түбіндегі жертөлелерде ,Днепр өткелінде ,Ленинград пен Москва үшін болған шайқастарда көзсіз ерлік көрсетті.Көптеген елді мекендерді азат етті. Олар одақтастарымыз Польша, Румыния, Чехославакия Болгария, Германия жерінде орақ пен балға бейнеленген қып-қызыл туды желбіретіп өтті......
Шығармалар
Толық

Ер есімі-ел есінде

Біздің жүрегіміз темір емес .Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да, ерітіп , күйдіріп жібере алады . Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол- Отанға деген сүйіспеншілік. Бауыржан Момышұлы
Осыдан тура 75 жыл бұрын фашистік Германия 1941-жылы 22-маусымда таңғы төртте 1939-жылы жасаған келісім шартын өрескел бұзып,ойламаған жерден КСРО аумағына шекарамызды бұзып, баса көктеп кірді. Жер шарын дүрліктірген соғыс жайлы суық хабар атақты диктор Левитанның радио арқылы хабарлауымен бүкіл елге тарады. Олар жолындағы деревнялардың бәрін өртеп, адамдарды,тіпті жас балаларды да аяусыз қырып, мал-мүлкін тартып алып,ойына келген жауыздықтарын істеді.
Гитлердің басты мақсаты КСРО –ны жеңгеннен кейін бүкіл елді өздеріне бағындырып ,Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда бірыңғай герман аумағын құруды көздеді .Бірақ ол кезде он бес одақтың қаймағы бұзылмаған, бірге болатын.Кеңес Одағынан қолына қару ұстар азамат болса, соғысқа шақырты- лып, өз Отанын қорғауға аттанды. Бес жылға созылған бұл соғыс күллі адамзат баласының есінде мәңгі қалды. Сан мыңдаған адамдардың өмірін қиған Ұлы Отан соғысының қасіретін тартпаған бірде –бір шаңырақ қалмады. Күнде почта арқылы келген «Қаралы қағаздар», «Соғыста белгісіз жоғалды»- деген жүректі шошытар хаттар, «Майданда ерлікпен қаза тапты » - деген суық жеделхаттар қарт аталар мен әжелерді сүйенішсіз қалдырып, қайран аналарымызды жесір, балалықтың бал дәмін татар шақта бейкүнә сәбилерді қамқоршысыз ,аңыратып, жетім қалдырды. ......
Шығармалар
Толық

Мәңгі жас бейнелер

Мені екінші дүниежүзілік соғыс жайлы деректер көп қызықтырады. Дәлірек айтар болсам ел басына күн туған шақта бес қаруын асынып, қан майданда жаумен бетпе-бет келіп,нағыз қаһармандықтың үлгісін көрсетіп,еліміз тарихында аттарын аңызға айналдырған батыр апаларымыздың бейнелері үнемі көз алдыма келеді. Кешегі өткен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың-қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерліктері туралы біздер көркем шығармалардан, оқулықтардан, кинотуындылардан білеміз.
Айдаһар болып майдан жұтып жатты
Ата мен немеренің аралығын- деп ақын атамыз Қадыр Мырза Әли суреттегендей соғыс зардабы қазақ қыздарының да тағдырын айналып өтпеген екен. Ұлы Отан соғысы басталған күннен-ақ мыңдаған қазақ қызы майданға сұрана бастаған. Тарихи деректерді ақтара отырып төмендегідей мәліметтермен таныстым: 1941-1945 соғыс жылдарында бір миллион 196 мың 164 қазақстандық әскерге алынған .Мұның елеулі бөлігі қыздар болған. Ақтөбе облысынан 1941-1942 жылдары әскерге алынған 80226 адамның 950-і әйелдер мен қыздар болған. Атырау қаласынан 23,Доссор кентінен 4, Қызылорда облысы Арал ауданынынан бірнеше ондаған қыздар мен әйелдер майданға аттанғанын дәйекті деректер анықтайды. Әскерге алынған қыздар соғыс техникалары мен құралдарын жетік меңгеріп алды.Шайқастарда ерлік көрсетті.Халқының абыройын асырды,елінің даңқын шығарды.......
Шығармалар
Толық

Әлемнің құлпырған кезі

1941 жыл ақпандатқан,
Сыртта аяз.
Ауылымызды ақ қар жапқан
Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін,
Алапат- аспан, жерді аттандатқан.
Мұқағали Мақатаев
1941жылдың жазы! Дүниенің ажары кіріп, әлемнің құлпырған кезі. 22маусым күні неміс басқыншыларының КСРО жеріне басып кіруі жайлы суыт хабар осы мамыражай уақыттың шырқын бұзды. Табиғатқа да , адамзатқа да бұл хабар ауыр соққы болып тиді.
Германия тағылық таңбасын жасыра алмайтын зорлық- зомбылықтың еліне айналды. КСРО халықтары "өлсек өлерміз, бірақ жерімізді неміс басқыншыларына бере алмаспыз",-деп Отанды қорғауға аттанды. Қазақстандық ұл-қыздар соғыстың алғашқы күндерінен-ақ қолдарына қару алып, Отан алдындағы парыздарын өтеуге өтініш білдіріп, өз еркімен майдан даласына аттанды. Қазақстанда құрылған әскери бөлімдер Ұлы Отан Соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес әскерлерінің құрамында мыңдаған қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград, Сталинград, Брест қамалдарын қорғауға қатысты. Ұлы Отан соғысындағы біздің қазақ халқының, қазақстандықтардың ерлігі ғаламат. Жас берендеріміз ата- бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін жалғастырды. Ұлы Отан Соғысында қазақ халқының жауынгерлік, Отаншылдық рухы әлемге танылды. Қазақ халқының жауынгерлік рухын көтеруде Алатаудың ақиық ақыны Жамбыл Жабаев :
Шегінгенің - өлгенің, ......
Шығармалар
Толық

Тарихи Ұлы Жеңіс

Менің атам Айтбаев Амантай қазіргі таңда зейнеткерлікте, еңбек ардагері, кезінде жас жеткіншек ұрпаққа әскери даярлық пәнінен ұстаздық еткен ұлағатты ұстаз, парасатты педагог болған. Атам маған туған жеріміздің тарихына байланысты көптеген тарихи әңгімелер айтады. Кей кездері Қазақстан тарихына байланысты да сұрақтар қойғанымда, терең ойлана отырып, пайымдап жауап береді. Міне, биыл да тарихымызда болып өткен Ұлы Отан соғысының басталғанына 75 жыл, аяқталғанына 71 жыл толыпты. Менің шығарма жазуыма себеп болған атамның әңгімесі осылай басталған еді:
«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Диктордың үні салмақты, әрі сұсты шықты. Күллі әлем құлақ түріп, қалт тына қалды. Сәл үнсіздіктен соң диктор сөзін қайта жалғады. Соғыс басталды. Неміс фашистері Кеңес Одағының шекарасына опасыздықпен басып кірді. Бұл 1941 жылғы маусым айының 22-сі еді. Еуропаның тең жарымнан астам елін қанды табанмен таптап, дандайсып, қаруланған неміс фашистер армиясы біздің елімізге тұтқиылдан баса-көктеп, кіріп кетті. Сол бойда олар таңғы тәтті ұйқы құшағынан оянып үлгермеген шекаралық елді мекендерді бомбалап,оқтың астына алды.
Фашистер шабуылдың алғашқы сәтінде-ақ қалалар мен селоларды аяусыз қиратып, өртеп, бүлдіріп, жазықсыз адамдарды қатыгездікпен азаптап, ішке қарай сұғынып кіре берді. Дүние жүзінде тұңғыш Социалистік ел атанып, бостандық алған Отанымыздың тағдыры қыл үстінде тұрды. Ер азаматтарымыз амалсыз қолдарына қару алып, туған елін қасық қаны қалғанша жаудан қорғауға бекем бел буды. Өйткені, елдің – елдігін, жарқын болашақтың тағдырын шешер сындарлы шақ туған еді. Қаһарланған халқымыз айбаттанып, опырып - жапырып келген озбыр жаудың аяусыз қылығынан сасқан жоқ. Қайта етекжеңін тез жинап, жұдырықтай жұмылып, ынтымақтастықпен бірігіп, туған елдің туын көтеріп, сапқа тұрды. Әскери комиссариатқа халық ағылып, келіп жатты. Алғашқы күннің өзінде өз еріктерімен майданға баруға тілек білдірушілердің ішінде біздің Ақсу ауданының көптеген ұландары болды. .......
Шығармалар
Толық