Экономика | ҚР дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР – ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).
Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстанның сақтандыру нарығы мен сақтандыру ұйымдарына талдау

Сақтандыру – сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру көлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. [1, 4б]
Осы біріктіру жұмысында: сақтандырудың мәні, сақтандыру нарығының түсінігі, қызметі, құрылымы мен түрлері қарастырылады. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы, сақтандыру ұйымдарына талдау жасалып, алдағы уақытта сақтандырудың дамитыны туралы баға беріледі.
Зерттеу тақырыбының мәні. Сақтандырудың сенімді, әрі тұрақты жүйесі экономикалық сақтандырудың жоғарғы дәрежесі, олардың нарықтық экономикада табысты қызмет етуін көрсетеді. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі сақтандыру ролінің өсуіне қажетті алғышарттарды туғызады. Бір жағынан, сақтандыру халықты әлеуметтік қорғаудың маңызды элементі ретінде, ал басқа жағынан едәуір ақша қаражаттарын жұмылдыра отырып, мемлекет экономикасына институтционалды инвестор ретінде шыға алады. Осының барлығы сақтандырудың экономикадағы ролінің маңызды екенін көрсетеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстандағы экономикасының дамуындағы отын өнеркәсібінің ролі

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының отын өнеркәсібіне талдау жасау қазіргі кездегі өзекті мәселелердің біріне жатады, өйткені тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдары елміздің экономикасы төмен құлдырап, тек 1995 жылдан бастап қана ол бірте-бірте көтеріле бастады, ал 2005 жылы еліміздегі жалпы ішкі өнім көлемі 1995 жылмен салыстарғанда екі есе өсті. Экономикамыздың өсуінде отын өнеркәсібінің ролі зор. Республиканың Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Республиканың отын өнеркәсібінің 2015 жылғы дейінгі даму стратегиясын» қабылдады. Міне, осындай дәрежеге жету үшін қандай жұмыстар жүргізілді және экономикамыздың дамуының басты бағыттары қандай болды, ел экономикасындағы отын өнеркәсібінің ролі қандай деген сұраққа жауап беру үшін осы жұмыста көптеген статистикалық мәліметтерге талдау жасалынып, ел экономикасы дамуының басты себептерін айқындау қазіргі уақытта өте қажет.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау

Қазақстан Республикасында Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 Жарлығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында әзiрледi. Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын 1992 және 2000 жылдардағы кезең iшiнде iске асыру Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiктiң жасақталуы мен қалыптасуына негiз қалады. Шағын және орта кәсiпкерлiк экономикасының жинақылығы салыстырмалы түрде аздаған инвестициялары мен тәуекелiнiң неғұрлым аздығымен қысқа мерзiм iшiнде, бiрiншi кезекте тауар айналысы саласындағы сол кездегi жағдайды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкiндiк бердi.Қазақстан ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын мемлекеттік реттеу

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей: «... ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады» [1]. Осы орайда ұлттық компаниялардың алатын орны да ерекше.
Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Жұмыстың негізгі бөлімінде алға қойған міндеттер шешімін табады. Бірінші бөлімде - «мемлекеттік меншікті басқарудың теориялық негіздері». Мұнда меншік, мемлекеттік меншік категорияларының мәні, оның атқаратын қызметтері, мемлекеттік меншікті басқарудың шетелдік тәжірибесі және ұлттық компаниялар қызметінің маңыздылығы сипатталады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген қоғамдық және саяси құрылыста мемлекеттік сектор елдің негізгі экономикалық тіректерінің бірі болып табылады және мемлекеттік басқарудың маңызды саласы болып табылады.
Қандай да болмасын көлемде кез келген ел экономикасына мемлекеттік сектор қажетті және әлемнің барша елдерінде мемлекеттік секторға маңызды орын берілетіндігі айқын көрсетілген.
Екінші бөлім - «Қазақстан Республикасындағы ұлттық компаниялардың дамуын талдау». Қазіргі таңдағы мемлекеттік мүлікті, сонымен қатар ұлттық компанияларды басқарудың жағдайы талданып, бірнеше ұлттық компаниялар қызметіне сипаттама берілген. Сонымен қатар, мұнай-газ саласында қызмет ететін «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының қызметін талдауға баса назар аударылған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамыту перспективалары

Сақтандыру – сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру көлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Осы біріктіру жұмысында: сақтандырудың мәні, сақтандыру нарығының түсінігі, қызметі, құрылымы мен түрлері қарастырылады. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы, сақтандыру ұйымдарына талдау жасалып, алдағы уақытта сақтандырудың дамитыны туралы баға беріледі.
Зерттеу тақырыбының мәні. Сақтандырудың сенімді, әрі тұрақты жүйесі экономикалық сақтандырудың жоғарғы дәрежесі, олардың нарықтық экономикада табысты қызмет етуін көрсетеді. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі сақтандыру ролінің өсуіне қажетті алғышарттарды туғызады. Бір жағынан, сақтандыру халықты әлеуметтік қорғаудың маңызды элементі ретінде, ал басқа жағынан едәуір ақша қаражаттарын жұмылдыра отырып, мемлекет экономикасына институтционалды инвестор ретінде шыға алады. Осының барлығы сақтандырудың экономикадағы ролінің маңызды екенін көрсетеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы

Адамның жеке мүлкі пайда болған кезінен-ақ ұрлау,өртену, басқа да апаттар нәтижесінде сол мүліктің жойылу қаупі сезіле бастады.
Өндіріс күштерінің даму барысында тәуекел факторлары да өсті. Өз мүліктік мүддесін сақтау барысында мүлік иелері зардап орнын толтыру мақсатында мүдделі меншік иелері арасында біркелкі шығынды үлестіру ойына келді.
Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ең үлкен апат болған жағдайдың өзінде барлық шаруашылық орындары зардап шекпейді, ал табиғи апаттың өзі айтарлықтай сирек болып тұрады. Осы жағдай жеке материалдық қорларды құрмай, қоғамдық “қойма” құруға әкеледі және осы “қойма” мүшелерінің саны неғұрлым көп болса, солғұрлым қаражат мөлшері аз болады.
Осылайша, ынтымақты тұйық шығынды үлестіру қажеттілігі нәтижесінде қоғмадық қатынастардың “сақтандыру” деп аталатын жаңа категориясы пайда болды. Сақтандырудың алғашқы формасы натуралды қорларды құру түрінде болып келді: астық, жем-шөп және т.б. Осы қорлардан зардап шеккен шарушылықтарға көмек көрсетілген болатын. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту және талдау

Қазақстанда тұрақтанып келе жатқан"~ әкімшіліктік-бюрократиялық модельдің орнына келген шаруашылықтың нарықтық жүйесі мемлекет қолында реттеу функцияларының сақталуы аркылы әрекет ететін әкономикалық жүйенің кәсіпкерлік типіне негізделеді.
Философиялық көзқарастан кәсіпкерлікті адам жанының ерекше күйі, іскерлік романтика формасы, адамға тән қабілеттіліктерді іске асыру құралы ретінде сипаттауға болады. Кәсіби мағынада кәсіпкерлік өз бизнесін үйымдастыра алу, сонымен байланысты функцияларды табысты жүзеге асыру деп қарастырылады.
Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі кезде қайта жандануы болып өтуде. 1917 жылға дейін елде кәсіпкерлік орын алған, бірақ өндіргіш күштердің дамуының әлсіз деңгейінің салдарынан ол кезде айтарлықтай тарамады.
Кеңес үкіметінің жылдарында кәсіпкерлік түсінігі әкономиклық сөздіктен мүлдем шығарылып тастаған, ал кәсіпкерлік термины теріс қабылданантын. Енді біз бүрыңғыдай «кәсіпкерлік», «іскерлік» деген терминдерді басты қолданамыз ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы индустриалды инновациялық дамуы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму үлгісін қалыптастыру алдағы жылдардың басты бағыты болып отыр. Экономиканың негізгі секторы болып табылатын өнеркәсіпті қайта индустрияландыру оның даму үрдістерін жеделдете түсетіні белгілі. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі өнеркәсіптің жалпы қосылған кұнының үлесі 30% құрайды. Соңғы жылдары қол жеткен табыстармен катар ол жерде орын алып келе жатқан кемшіліктер де аз емес. Өнеркәсіпте шешімін таппаған мәселелер макроэкономикалық, аймақтық-салалық және қаржы аясына теріс ықпалын тигізуде. Өндіргіш күштерді орналастырудағы аумақтық диспропорция, шикізаттық бағыттың басым болуы, толық өндірістік циклды интегралданған кешендердің аздығы, оңдеуші салаларда негізгі қорлардың тозу дәрежесінің 30-40 %-ды құрауы, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басым көпшілігінде икемді технологияның аздығынан нарық конъюнктурасының өзгерісіне тез бейімделе алмайтын өндірістік қуаттың 20-50% - дай ғана пайдаланылуы — өнеркәсіптің индустриялық деңгейін көтеруді талап етіп отыр.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы инвестициялық іс әрекетті бағалау

Бітіру жұмысының тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық іс-әрекетті бағалау»
Жұмыстың көлемі: 78 бет.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер және қосымша материалдардан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты сынды мәселелер қарастырылады. Негізгі бөлім 2 тараудан тұрады. 1 тарау «Инвестицияның теориялық негіздері», 2 тарау «Қазақстан Республикасының іс-әрекетін бағалау» тақырыптарына бөлінген. Қорытынды бөлімде жұмысқа жалпы талдау, анализ жасалған.
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері: Қазақстан Республикасының инвестициялық іс-әрекетін бағалау жолдарын, өзекті мәселелерін, теориялық негіздерін басшылыққа ала отырып, төмендегідей мақсаттар мен міндеттерді басты бағытқа алуға болады:....
Дипломдық жұмыстар
Толық