Психология | Арт терапиялық жаттығулар

Көптеген арт-терапиялық жаттығулар көзді жұмып визуализациялау тәсіліне негізделген.Мұндай нұсқауды берген кезде қатысушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алған жөн.Р.Ассаджими мәліметтері бойынша экстраверт адамдарға көз жұмып қиялдау оңай болады, себебі мұндай адамдар көздерін ашқан кезде еріксіз түрде белгілі-бір сыртқы объектіні іздей бастайды.Демек көзді жұму экстраверттерге өз зейінін ішкі өміріне «бұруға» көмектеседі.Интроверттерге керсінше, көзді жұму үлкен қиындықтарды туғызады, себебі олардың назарынсыз да ішкі әлемге бағытталған, ал түрткі ішкі «бейнелер» және психикалық процестер ойдағы визулизация объектісін ығыстырып шығарады.Ал көзді ашу ішкі әлемге бағытталған интроверттердің назарын реттей алады.
К.Юнгтің айту бойынша, индивид әртүрлі психикалық функцияларға қатысты экстровертті немесе интровертті бола алады.Мысалы, сезімдерге байланысты интровертті және ойлауға қатысты экстравертті болады.Визуализация жаттығуы кезінде сезімдермен түйсік біз үшін үлкен маңызға ие, себебі негізінен түйсік көруге байланысты.Сондықтан сензитивті экстраверттерге ашық көзбен визуализациялау кезінде үлкен қиындықтар туады.Сонымен бірге сензитивті интроверттерге керсінше жұмған көзбен визуализациялау қиын болады.
Сонымен арт-терапия жұмысы сияқты шығармашылық процес болып табылады.Көптеген мамандардың айтуы бойынша арт-терапия үшін уақытты, құралдарды, материалдарды қолданудың икемділігі тән.
Арт-терапия қорынан мысалдарды, өзгертілген және арт-терапиялық жаттығулар (М.Либман,М.Наумбург,Д.Уэллер) төмендегідей:
«Айна»
Осы жаттығудың әртүрлі нұсқалары белгілі.Мұнда бір қатысушы көшбасшыны, екіншісі оған бағынушы адамның рөлін атқарады.Көшбасшының міндеті-өзінің артынан ерту, ал бағынушы адам көшбасшысының қимылдарын дәлме-дәл, сол қарқында қайталауға тырысады. Екеуінің сезімдері мен қайғыруларын талқылап болған соң ролдердің ауысуы жүреді. Жаттығудың аяғында қатысушылар қай ролде өзін сенімдірек, ыңғайлы сезінгенін анықтап алған маңызды.
Осы жаттығудың қолдың тактильді контакты қолданылатын басқа да түрі де қызықты. Қатысушылар жақын ара қашықтықта бір-біріне бетпе-бет тұрады да, саусақ ұштарын түйістіріп синхронды қимылдар жасайды. Кейінірек әр жұптың қимылдары қаншалықты үйлесімді болғаны талқыланады.
«Кеңістікте сурет салу»
Қиялдағы бояу жаққышпен жасалатын «сурет кеңістігіндегі» (ауада) көсілмелі қимылдар бірте-бірте саусақтардың моторикасын жетілдіретін штрихқа өту керек. Жаттығуды жұппен де, топпен де орындауға болады. Топпен орындау кезінде қимыл мен оның қарқынының сипатын арт-терапевттің өзі ұсынады, ал кейін қалау бойынша топ мүшелері өздері орындайды. ....
Рефераттар
Толық

Психология | АДАМНЫҢ РУХАНИ ДҮНИЕСІ

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой - әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір – біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым – қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөз бен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл – ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір – бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде – ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың ``Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде`` деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс - әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.....
Рефераттар
Толық

Психология | АДАМ ЭВОЛЮЦИЯСЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

Эволюция деп органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тарихи даму процесін айтады. Тірі организмдердің тарихи даму жолдарын, қозғаушы күштері мен жалпы заңдылықтарын эволюциялық ілім түсіндіреді.
Тірі табиғаттың дамуы туралы алғашқы ой-пікірлер ертедегі Үндістан, Қытай, Египет, Грекия ойшылдарының еңбектерінде жазылған. Онда табиғаттағы барлық зат қозғалыста, өзгерісте болады, олардың біреуінен екіншісі дамып, қарапайымдарынан күрделі формалар қалыптасады делінген.
Б.з. 2 мың жыл бұрын Қытайда мүйізді ірі қараның, жылқының, балықтың жаңа тұқымдарын және өсімдік өсімдіктердің ғажайып түрлерін шығарумен айналысқан. Осындай жұмыстардың нәтижесіне байланысты ертедегі ойшылдар: "Тірі организмдер даму барысында бір түрден екішігі түрге айналады" деген пікірде болған. Солардың бірі Гераклит: "Барлық тірі организмдер, тіпті адам да ең алғашқы материядан табиғи жолмен дамып жетілді", — дейді.
Орта ғасырларда Еуропада христиан дінінің дамуына байланысты "тіршілікті құдай жаратты, ол өзгермейді" деген діни көзқарастар қалыптаса бастады. Бұл көзкарасты швед ғалымы К.Линней де жақтады. Бірак ол жануарларды жүйелеуде адамды маймылдармен қатар бір отрядқа орналастырып, олардың арасындағы туыстық байланысты көрсетті.
Кейінірек, XVII—XIX ғасырлар аралығында, бірқатар әйгілі ғалымдардың еңбектерінде сыртқы орта жағдайларына байланысты организмдердің өзгеретіндігі туралы пікірлер айтыла бастады. Ж.Бюффон өзінің "Табиғи тарих" атты еңбегінде: "Бейорганикалық заттардан, алдымен, өсімдіктер, одан кейін жануарлар мен адам пайда болды", — деп, түрдің өзгергіштігін қуаттады.
А.И.Герцен: "Құрылысы мен тіршілік әрекеттері ұқсас организмдер арасында міндетті түрде туыстық байланыс бар, сондықтан олардың шығу тегіде бір",—деп жазды. Органикалық дүниенің эволюциясы туралы осындай дұрыс ой-пікірлер айтылғанымен, түрлердің өзгеруі мен түр түзілуінің себептерін ешкім анықтап, ашып көрсете алмады.
Алғашқы эволюциялық ілім. Органикалық дүниенің эволюциясы туралы алғашқы ілім XIX ғасырдың басында жарық көрді. Оның негізін француз ғалымы Ж.Б.Ламарк (1744—1829) қалады. Ол 1809 жылы басылып шыққан "Зоология философиясы" атты еңбегінде: "Түрлер тұрақты емес, олар уақыт өткен сайын өзгеріл, біршама жетілдірілген жаңа түрге айналады. Олай болса, тірі табиғатта қарапайымнан күрделіге қарай бағытталған тарихи даму жүреді", — деді және ол әрекетті эволюция деп атады. Ламарк бірінші болып ғылымға "биология" терминін енгізіп, бүкіл жануарлар дүниесін омыртқасыздар және омыртқалылар деп екі топқа бөлді.....
Рефераттар
Толық

Психология | Адам аралық қатынастар психалогиясы

Адам аралық қатынас дегенiмiз – қарапайым да күрделi проблемма. Күнделiктi тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкiн емес.
Адам арасындағы қатынастардың түрi келесiдей: жеке және қызметтiк, дара және топтық, тең құқықты және тәуелдi, қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар екi адам арасындағы сүйiспеншiлiк пен жеккөрушiлiктен, сыйластық пен араздықтан, сенiм мен күдiктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орны мен мiндетiне тәуелдi емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруi де мүмкiн; өз қызметiн ойдағыдай атқарып жүрген мұғалiм бiр шәкiртiне үлкен сүйiспеншiлiк танытса, екiншiсiн көргiсi келмейдi.
Қызметтiк қатынастар топ не мекеме мүшелерi арасында олардың сол топтағы құқы не мiндеттерiне орай қалыптасады.
Егер ара қатынастар әрбiр адамның меншiктi қажеттерi сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынастар тұстай жүйелiкке сүйенiп, екi, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретiнде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.
Тең құқықты қатынастар – қатынастар мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi теңгерiлген жерде, ал тәуелдi қатынастар құқықтары мен мiндеттерi бiрдей болмаған жағдайда қалыптасады.
Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесiмдi қатынастар нышан бередi.
Топ iшiнде кейбiр тұлғалардың ұнамды ниеттерi екiншi бiреулердiң келеңсiз ниеттерiмен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой тiктейдi.
Адамдардың бiр-бiрiне деген өшпендiлiгi болған жерде дау-дамайлы, жанжалды қатынастар өрбидi.
Адамдар арасындағы, тiптi кейде бiр тұлғаның да бойынан көрiнетiн адамдық қатынастар түрi мiне осындай. Бұл қатынастардың бәрi өмiрде адамдардың бiр-бiрiне беретiн бағалары мен мiнездемелерiнде, әр адамның басқаға бағытталған iс-әрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен сезiмiнде көрiнiс бередi.
Тұрақты да келелi қатынастар жүйесi қалыптаспаған ортада адамның өрелi өмiр сүруi өте қиын, себебi әрбiр жеке адамның да, топ мен ұжымның да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалық шақта орныққан адам аралық қатынастарға орай адам азаматтық қасиеттерiн тiктейдi. Ересекткрiң төңiрегiндегiлермен қатынасын сол ортаның көңiл-күйi айқындалып, алға қойған мұрат-мақсаттардың сәттi орындалуы не кедергiге ұшырауы мүмкiн.
Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс – бұл остракизм, қоғамнан алыстау, яғни кейбiр адамдардың көпшiлiк арасында сиымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерiлеп қалуы. Мұндай адамдар көпшiлiктiң жек көрушiлiгiне тап болып, назардан тыс қалады, елеңбейдi. Осыдан өзi қатарларынан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершiлiк қасиеттерiнен айырылып, қауымдық өмiр тiршiлiгiнен айрылғандар да кездеседi.....
Рефераттар
Толық

Психология | Агентпен ауырасыз ба

Интернеттің пайда болуын ғылым мен өркениеттің арғы-бергі тарихтағы ірі жетістігі десек, артық етпес. Осынау ғаламдық желіде сәт сайын жаңарып, толығып тұратын ақпараттардың толассыз легі арқасында дүниенің түпкір-түпкіріндегі маңызды уақиғаларды қалт жібермей қадағалайтын болдық.
Әлбетте, жұмыр басты пенденің жылт еткен жаңалық атаулыны ерттеп мінуге ұмтылысы – табиғи, қалыпты құбылыс. Құптарлық, қуанарлық іс. Бірақ біздің айтпағымыз бұл емес.
Аз уақытта адамзаттың ортақ игілігіне айналып үлгерген интернеттің ұшан-теңіз пайдасымен қоса, зиянды тұстары да бар екені анықталған. Басқасын айтпағанның өзінде, «Интернетке тәуелділік» дейтін жүйке дертінің атауы ғылыми айналымға енгелі біраз жылдың жүзі болды.
Таяуда АҚШ-тың бір азаматы онлайн-қызметтер үшін бар жиған қаражатын ысырап қылыпты. Бұл ештеңе емес-ау, соның кесірінен интернетқұмар пақырыңыз баспанасынан да айрылған. Үйсіз-күйсіз тентіреп, далада қалған ол ұрлыққа түскен жерінен ұсталыпты. Заң қызметкерлері оның өзінен мұндай теріс жолға түсуінің себебін сұрағанда, әлгі бәтшағар беті бүлк етпестен: «Мен үшін интернетте отыру – үйімнің болғанынан да маңыздырақ. Өйткені мен интернеттен көп достар таптым...», - деп «ағынан жарылыпты».
Біз айтып өткен жағдай әлемде мыңдаған адам шалдыққан интернетке тәуелділік ауруына бір ғана мысал. Ондайлар және өртеңге шыққан шөптей қаулап өсіп келеді. Ғалымдар бұл терминді интернетте шамадан тыс көп отырып, жиі пайдаланатын һәм оны пайдалануға кедергі туа қалса, жүйкесі қозатын адамдарға қолданады. Олар үнемі виртуалды кеңістікті кезіп жүргендіктен шынайы өмірден алыстап, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы бұзылатын көрінеді. Кейбір зерттеушілер бұл ауруды есірткіге, я болмаса, құмар ойындарға тәуелділікпен қатар қояды. Түрлі дерек көздерінде интернетке жіпсіз байланғандардың қарасыны мұқым қолданушылардың 10 пайызын құрайтыны айтылады.
Телекоммуникация және IT саласында зерттеумен айналысатын ICT-Marketing тәуелсіз компаниясының мәліметінше, өткен жылдың аяғында Қазақстандағы интернет тұтынушылардың ұзын саны 3,16 миллионға жетіпті. Яғни, халқымыздың 20 пайызға жуығының интернетке шығуға мүмкіндігі бар. «2010 жылы Қазақстандағы интернет желісін пайдаланушылардың саны 3,5 миллион адамға дейін өседі», – деген Елбасының сөзі де есімізде. Әйтсе де, бұл көрсеткіш Ресейлік Mail.Ru бағдарламасын, оның ішінде м-агент жылдам хабар алмасу қызметін пайдаланушыларға қатысты емес.
M-агент – бұл ТМД көлеміндегі ең әйгілі жылдам хабар алмасу бағдарламасы. Mail.Ru компаниясының деректеріне жүгінсек, м-агентті айына 9 миллион пайдаланушы тұтынып, бір уақытта 2 миллионнан аса адам қосылып отырады екен.
Соңғы бір жыл көлемінде м-агент бағдарламасын ел ішінде жаппай қолдану үрдісі байқалып отыр. Оны қолданушылардың жас мөлшері де, әлеуметтік мәртебесі де шұбар аттың жүніндей ала-құла. Жастар, үлкендер, мектеп оқушылары да агентті арзан әрі ыңғайлы қатынас құралы ретінде пайдаланады. Компьютерді қойып, қыл аяғы қалта телефонына дейін еніп алған бұл бағдарламаның, әсіресе, жастар арасында дәурені жүріп тұр. Бір құрдасымыз айтпақшы, дос ретінде танысса да, ғашығымен табысса да екі ортада осы бір «жеңгетай-агент» жүреді. Тіпті агент арқылы тағдырлары тоғысып, отау тіккендер де бар екенін ара-тұра желауыз жұрттан естіп қаламыз.....
Рефераттар
Толық

Психология | Бөбектің психикалық дамуы

Егер нәрестенің психикалық даму тым қарапайым түрде кездессе, алдағы екі жылдың ішінде психикалық даму ірі өзгерістерге ұшырайды. Бөбек жасының аяқ кезінде 3 жастағы кезі бала ақыл-ойының дамуы жағынан недәуір жетістікке жетіп қалады. Психолог Блеренс Гудинаф өзінің таныстарына мынаны ұсынады: «Сіздер жаңа туған баланы бақылаңыз да, оның қолынан не келеді, не келмейтінін біліңіз. Бұдан соң ересек кісілерді бақылап интеллект жағынан алып қарағанда қаблеті қандай екен , соны біліңіз. Осыдан соң бебекті алып, ол жаңа туған балаға, не ересектерге ақыл-ойы мен іс жағынан ұқсас па екен, соны біліңіз»,-дейді. Сонда Гудинафтың айтайын дегені, жаңа туған бала мен үлкендердің психикалық дамуының тең ортасы деуге АҚШ психологы Э. Торндайк қосылыпты.
Бөбек психологиясының дамуына негізгі әсер ететін негізгі фактордың бірі- оның қарапайым ойындары және балалар бақшасында тиісті өнерге үйренуі сызуға не үй салу т.б. бұл бөбектер үшін өзінше әрекеттің түрлері, сондықтан ойын мен жаңағы іс-әрекеттер бөбек психологиясының дамуына үлкен әсер етеді. Бөбектерде ойынның тек қарапайым түрлері ғана кездеседі. Мысалы, ойыншықтармен ойнау осы жас кезеңінің аяғында кездеседі. Әуелгі кезде бөбектер ойыншықтың сылдырлауына, не бояуына мән берсе, бірақ нендей жәндіктің не машинаның бейнесі екеніне мән беріп жарымайды. Бөбек жасында ойынншыққа байланысты ұлдар мен қыздардың ойыны бірдей емес. 3 жастағы қыз аюдың ойыншығын оған бергенде оның үстіне көйлек тігіп, кигізіп, кішкентай тарелкаға ас салып қасықпен оны тамақтандыралы, ұлға осындай ойын ұсынғанда ол бас тартып, бұл әйел жынысына жататындардың қызметі, сондықтан оған қатысы жоқ екенін айтады. Ал ұлдар таяқты ат қып мініп, « осы менің атым » деп жүгіретіні кездеседі. Осындай ойынға кішкентай қыз балалар әуес келмейді. Олар да жаңағыдай істің өздеріне қатысы жоқ екенін біледі. ....
Рефераттар
Толық

Психология | Бөбек жасындағы қабылдау ес ойлау

Егер нәрестенің психикалық даму тым қарапайым түрде кездессе, алдағы екі жылдың ішінде психикалық даму ірі өзгерістерге ұшырайды. Бөбек жасының аяқ кезінде 3 жастағы кезі бала ақыл-ойының дамуы жағынан недәуір жетістікке жетіп қалады. Психолог Блеренс Гудинаф өзінің таныстарына мынаны ұсынады: «Сіздер жаңа туған баланы бақылаңыз да, оның қолынан не келеді, не келмейтінін біліңіз. Бұдан соң ересек кісілерді бақылап интеллект жағынан алып қарағанда қаблеті қандай екен , соны біліңіз. Осыдан соң бебекті алып, ол жаңа туған балаға, не ересектерге ақыл-ойы мен іс жағынан ұқсас па екен, соны біліңіз»,-дейді. Сонда Гудинафтың айтайын дегені, жаңа туған бала мен үлкендердің психикалық дамуының тең ортасы деуге АҚШ психологы Э. Торндайк қосылыпты.
Бөбек психологиясының дамуына негізгі әсер ететін негізгі фактордың бірі- оның қарапайым ойындары және балалар бақшасында тиісті өнерге үйренуі сызуға не үй салу т.б. бұл бөбектер үшін өзінше әрекеттің түрлері, сондықтан ойын мен жаңағы іс-әрекеттер бөбек психологиясының дамуына үлкен әсер етеді. Бөбектерде ойынның тек қарапайым түрлері ғана кездеседі. Мысалы, ойыншықтармен ойнау осы жас кезеңінің аяғында кездеседі. Әуелгі кезде бөбектер ойыншықтың сылдырлауына, не бояуына мән берсе, бірақ нендей жәндіктің не машинаның бейнесі екеніне мән беріп жарымайды. Бөбек жасында ойынншыққа байланысты ұлдар мен қыздардың ойыны бірдей емес. 3 жастағы қыз аюдың ойыншығын оған бергенде оның үстіне көйлек тігіп, кигізіп, кішкентай тарелкаға ас салып қасықпен оны тамақтандыралы, ұлға осындай ойын ұсынғанда ол бас тартып, бұл әйел жынысына жататындардың қызметі, сондықтан оған қатысы жоқ екенін айтады. Ал ұлдар таяқты ат қып мініп, « осы менің атым » деп жүгіретіні кездеседі. Осындай ойынға кішкентай қыз балалар әуес келмейді. Олар да жаңағыдай істің өздеріне қатысы жоқ екенін біледі. ....
Рефераттар
Толық

Психология | Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктері

Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін). Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ бірқатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері, аттап басу рефлекстері және т. б. жатады. Олардың бәрі баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жүйке және ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады. Сыртқы,әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған: нерв клеткаларының тармақтануы жок, дерлік, өткізгіш жолдар сақтағыш миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткен мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігін емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудін, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады. Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты — анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе (тиісті мөлшердегі сырт әсерлердің болмауы), оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) кимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. ....
Рефераттар
Толық

Психология | Баланың мектепке бейімделуі

Алты жасқа дейінгілер психикасының басты ерекшелігі — тәңірегіндегілерден ұйрену қасиетін баланың тез қабылдайтьшдығы. Осының арқасында ол айналадағы болмыс пен табиғат кұбылыстарына, адамдардың әлеуметтік тіршілігіне қатысты эмоциялық қатынас жайында мағлұмат беретін сөздерді оңай меңгереді. Бұл ретте жалпы ақыл-ой дамуы мен осыған байланысты дүние көрінісінің баланың өмір жағдайына, тәрбиесіне тікелей қатысты болатынын есте тұтқанымыз жөн.
Қазіргі заманғы алты жасар баланын, ақыл-ой дамуы ерекшеліктеріне объективтік тұрғыдан талдау жасау үшін дүние керінісі туралы бала түсініктеріне және танымдық процестердің даму ерекшеліктерін талдауға арнайы жүгінген пайдалы. Бұл орайда сонымеи бірге алты жасар баланың жеке басы дегеніміз не, оған қандай сезімдер тән және бұл сезімдердін, әсер күші қандай дейтін. нәрселерге дұрыс бағдар жасалуы тиіс....
Рефераттар
Толық

Психология | Бала құқығы конвенциясы

Өткен жылдар - Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту, оның қазіргі демократиялық, құқықтық республика ретіндегі белгілерін қабылдау уақыты болды. Қазіргі кезде демократиялық нысандарымыз қалыптасу үстінде. Республикамыздың заңдары заман талабына сәйкестендіріліп, жаңадан жаңғыртылып, қоғамымыздың демократиялық жаңғыру жолымен алға басуына мүмкіндіктер жасалды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабында көрсетілгендей мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы- халық. Азаматтарымыздың көгеріп, көркеюі- мемлекетіміздің басты мақсаты болып табылады
Адам құқығы мен бостандығы қатысты мәселелерді талдап қарайтын болсақ, мемлекетіміздің оған ерекше мән беріп келе жатқандығын байқаймыз. Оған аз уақыт ішінде еліміздің демократияға айқын бет бұрып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық құрылыстың негізі етіп қалағаны, ішкі және сыртқы саясатты қалыптастырғаны дәлел.
Адамзат баласы ғасырлар бойы адам құқығы мәселесіне ерекше назар аударумен келеді. Талай-талай қақтығыстар, соғыстар, көтерілістер болғанда да әрбір жаңа ұрпақ адам құқықтарын қорғай отырып, адам құқықтары мен бостандықтарының субьектілерінің кең шеңберіне таралуына ұмтылыстар жасады.
Қоғамның ең басты негізі- жеке тұлғаның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін маңызды құқықтар мен бостандықтар. Қазақстан Республикасының құқықтық демократиялық мемлекет ретінде алдына қойған және 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциямызда бекітілген негізгі мақсаты- адам мүддесін мемлекет мүддесінен жоғары ұстап, оны қамтамасыз ету. Бұл бағытта мемлекетіміздің ең бір атқаратын қызметі- мемлекетте адам құқығын қорғау, оны толық жүзеге асырылуына кепілдік беру. ....
Рефераттар
Толық