» » » Реферат: Психология | Агентпен ауырасыз ба

Реферат: Психология | Агентпен ауырасыз ба

Реферат: Психология | Агентпен ауырасыз ба казакша Реферат: Психология | Агентпен ауырасыз ба на казахском языке

Интернеттің пайда болуын ғылым мен өркениеттің арғы-бергі тарихтағы ірі жетістігі десек, артық етпес. Осынау ғаламдық желіде сәт сайын жаңарып, толығып тұратын ақпараттардың толассыз легі арқасында дүниенің түпкір-түпкіріндегі маңызды уақиғаларды қалт жібермей қадағалайтын болдық.
Әлбетте, жұмыр басты пенденің жылт еткен жаңалық атаулыны ерттеп мінуге ұмтылысы – табиғи, қалыпты құбылыс. Құптарлық, қуанарлық іс. Бірақ біздің айтпағымыз бұл емес.
Аз уақытта адамзаттың ортақ игілігіне айналып үлгерген интернеттің ұшан-теңіз пайдасымен қоса, зиянды тұстары да бар екені анықталған. Басқасын айтпағанның өзінде, «Интернетке тәуелділік» дейтін жүйке дертінің атауы ғылыми айналымға енгелі біраз жылдың жүзі болды.
Таяуда АҚШ-тың бір азаматы онлайн-қызметтер үшін бар жиған қаражатын ысырап қылыпты. Бұл ештеңе емес-ау, соның кесірінен интернетқұмар пақырыңыз баспанасынан да айрылған. Үйсіз-күйсіз тентіреп, далада қалған ол ұрлыққа түскен жерінен ұсталыпты. Заң қызметкерлері оның өзінен мұндай теріс жолға түсуінің себебін сұрағанда, әлгі бәтшағар беті бүлк етпестен: «Мен үшін интернетте отыру – үйімнің болғанынан да маңыздырақ. Өйткені мен интернеттен көп достар таптым...», - деп «ағынан жарылыпты».
Біз айтып өткен жағдай әлемде мыңдаған адам шалдыққан интернетке тәуелділік ауруына бір ғана мысал. Ондайлар және өртеңге шыққан шөптей қаулап өсіп келеді. Ғалымдар бұл терминді интернетте шамадан тыс көп отырып, жиі пайдаланатын һәм оны пайдалануға кедергі туа қалса, жүйкесі қозатын адамдарға қолданады. Олар үнемі виртуалды кеңістікті кезіп жүргендіктен шынайы өмірден алыстап, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы бұзылатын көрінеді. Кейбір зерттеушілер бұл ауруды есірткіге, я болмаса, құмар ойындарға тәуелділікпен қатар қояды. Түрлі дерек көздерінде интернетке жіпсіз байланғандардың қарасыны мұқым қолданушылардың 10 пайызын құрайтыны айтылады.
Телекоммуникация және IT саласында зерттеумен айналысатын ICT-Marketing тәуелсіз компаниясының мәліметінше, өткен жылдың аяғында Қазақстандағы интернет тұтынушылардың ұзын саны 3,16 миллионға жетіпті. Яғни, халқымыздың 20 пайызға жуығының интернетке шығуға мүмкіндігі бар. «2010 жылы Қазақстандағы интернет желісін пайдаланушылардың саны 3,5 миллион адамға дейін өседі», – деген Елбасының сөзі де есімізде. Әйтсе де, бұл көрсеткіш Ресейлік Mail.Ru бағдарламасын, оның ішінде м-агент жылдам хабар алмасу қызметін пайдаланушыларға қатысты емес.
M-агент – бұл ТМД көлеміндегі ең әйгілі жылдам хабар алмасу бағдарламасы. Mail.Ru компаниясының деректеріне жүгінсек, м-агентті айына 9 миллион пайдаланушы тұтынып, бір уақытта 2 миллионнан аса адам қосылып отырады екен.
Соңғы бір жыл көлемінде м-агент бағдарламасын ел ішінде жаппай қолдану үрдісі байқалып отыр. Оны қолданушылардың жас мөлшері де, әлеуметтік мәртебесі де шұбар аттың жүніндей ала-құла. Жастар, үлкендер, мектеп оқушылары да агентті арзан әрі ыңғайлы қатынас құралы ретінде пайдаланады. Компьютерді қойып, қыл аяғы қалта телефонына дейін еніп алған бұл бағдарламаның, әсіресе, жастар арасында дәурені жүріп тұр. Бір құрдасымыз айтпақшы, дос ретінде танысса да, ғашығымен табысса да екі ортада осы бір «жеңгетай-агент» жүреді. Тіпті агент арқылы тағдырлары тоғысып, отау тіккендер де бар екенін ара-тұра желауыз жұрттан естіп қаламыз. Әрине, заманына қарай – амалы.
Өкініштісі сол, сырт көзге зәредей зияны жоқ көрінетін осы агент өз қолданушыларына кері әсерін тигізуде.
«Жігіттің қапалысын, азалысын,
Блогпенен жұбатпасаң жазалысың.
Агентсіз, интернетсіз өткен өмір –
Өмірге саналмайды қазақ үшін...», – деп, елімізге танымал айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлының әзілдегені бар. Әзіл де болса, ар жағында зіл жатқанын байқау қиын емес.
Жоғарыда мысалға келтірген интернетқұмар ұрының жай-күйін жастарымызға таңудан аулақпыз. Алайда қазірдің өзінде күндіз-түні агентті айналшықтайтындардың пайда болғанын көріп жүрміз. Ондайлар кейде «Ауру қалса да агент қалмайды» деп қалжыңдап қойғанымен, кәдуілгі жүйке дертіне шалдыққандарын байқамай қалатын сияқты. Яғни «Жүзігі барда Сүлеймен, жүзігі жоқта сүмірейгеннің» кебін кигендерін кейіннен біліп жатады... Осы орайда, агенттің өзіміз білетін ең «белсенді» қолданушыларымен әңгімелескен едік.
Елмейір ЖЕБЕҰЛЫ (бүркеншік ат), журналист:
– Тәулігіне 10 сағат агентте отыру мен үшін үйреншікті жағдайға айналған. Жұмыс күндері бір уақытта 80-90 танысыммен сөйлесуге мүмкіндік бар. Кейде достарым мені «агенттің тұрақты тұрғыны», «агент ғылымдарының кандидаты» деп қалжыңдап жатады. Бұл бағдарламаның өз құдіреті бар. Соны ұқтым. Мысалы, жайшылықта досыңның бетіне айта алмайтын нәрселерді агент арқылы «жылы» түрде өңтаңбалар (смайлик) арқылы жіберуге болады. Әрине, зиянды жақтары да баршылық. Кейде белгілі бір себептермен агентке кіре алмай қалсам, өзімді адам баласы аяқ баспаған аралда жалғыз қалған Робинзон Крузодай сезінем. Әзірше бұдан бас тарту мен үшін қиынның қиыны боп тұр. Жақында интернетте «агент жабылады екен» деген гу-гу әңгіме шыққанда біраз ойланып қалғаным рас. «Енді күніміз не болады?» деген ой көңілді мазалағанын жасырмаймын.
Ақмоншақ ЖҰМАЙ, студент:
– Агентте күніне 7-8 сағаттан көп отырамын. Түнімен көз ілмей, таңды атырған кездерім де болған. Кезекте тұрғанда, қоғамдық көліктерде немесе жалықтырар бас қосуларда агент – таптырмайтын ермек. Бірақ оқуыма көп кедергі келтіреді. Бір күн қолданбасам, бірдеңеден құр қалғандай боламын. Көңіл-күйім нілдей бұзылып, не істерімді білмей жүремін.
Айзат МӘМЕНОВ, мектеп оқушысы:
– Бұл агент мен үшін есірткі секілді. Аз уақыт қолданбасам, бірдеңе жетіспей тұрғандай болады. Қазір мен үшін сабақтан бұрын, агент алдыңғы кезекке шыққан. Бұның дұрыс емес екенін білем, бірақ қолымнан ештеңе келер емес. Біртүрлі мінез-құлқым да өзгергендей. Телефоныма шұқшиям да отырам, тіпті кейде біреу маған сөйлеп, сұрақ қойып жатса да мән бермей қалам. Сыныбымызда 26 оқушы бармыз, кем дегенде, тең жартымыз сабақ үстінде қалта телефоны арқылы агентпен «айналысамыз». Партаның астына тығып отырсаң, мұғалімдер мүлде байқамайды.
«Көрмегенге көсеу таң» дейтіндей емес, елімізде заманауи ақпараттық технологиялардың игеріле бастағанына аз уақыт өткен жоқ. Бірақ көптеген жастарымыздың виртуалды әлемге тәуелді халге түскені алаңдауға тұрарлық мәселе. Әрине, үстірт қараған кісіге осыған бола дабыл қағудың реті жоқтай көрінеді. Рас, бұл жерде ешкімді кінәлай алмаймыз, себебі ол адамның өзіне байланысты. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызғанға» агенттің пайдасы зор екенін жоққа шығармаймыз. Дегенмен оның да шегі болғаны дұрыс. «Шектен шыққан нәрсенің бәрі харам» деген сөз бар пайғамбар хадисінде. Қатары күн санап өсіп бара жатқан «агентшілеріміз» де осы бір қарапайым ғана қағиданы басшылыққа алса жөн болар еді.......



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 41 | 16.03.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Агентпен ауырасыз ба туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Агентпен ауырасыз ба на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Психология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Агентпен ауырасыз ба, реферат Агентпен ауырасыз ба туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Агентпен ауырасыз ба на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Психология жоспарымен казакша реферат жоспар Агентпен ауырасыз ба, Реферат: Психология | Агентпен ауырасыз ба реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы