» » » Реферат: Физиология | Диалектикалық көзқарас негізгі принциптері мен формалары

Реферат: Физиология | Диалектикалық көзқарас негізгі принциптері мен формалары

Реферат: Физиология | Диалектикалық көзқарас негізгі принциптері мен формалары казакша Реферат: Физиология | Диалектикалық көзқарас негізгі принциптері мен формалары на казахском языке
Диалектиканың негізгі категориялары.
Диалектика даму процесі туралы жан-жақты әрі терең мазмұнды ғылым ретінде негізгі заңдармен бірге категориялар жүйесін де қамтиды. Категориялар заттардың, құбылыстар мен процестердің жалпы әрі маңызды жақтарын, байланыстары мен қатынастарын көрсететін ғылымның негізгі түсініктері болып табылады. Барлық ғылымдар өзіндік категориялар жүйесі арқылы өздері зертейтін объектілердің мәндік сипатын, ішкі заңдылықтарын ашып көрсетеді. Басқа ғылымдар секілді философияның да өзіндік ғылыми түсініктері, категориялары бар. Алайда философиялық категорияларқамту ауқымының кеңдігімен, ең жалпылама байланыстар мен қасиеттерді бейнелеу арқылы дараланады. Олардың ішінде, әсіресе, диалектиканың өзара қатынастығы жұпталған категорияларының маңызы ерекше. Мұндай категориялар жүйесін диалектиканың негізі емес заңдар деп те атайды. Себебі, олардың даму процесін қарастыра отырып, диалектиканың негізгі заңдарын толықтыра түседі.
Енді категориялар қалай қалыптасады деген сұраққа тоқтала кетейік. Олардың қалыптасуы адамның өзінің пайда болумен, өсіп-өркендеуімен, оның санасының, ойлау жүйесінің жетілуімен тікелей байланысты. Бұл процестің түбінде еңбек белгілі. Басқаша айтқанда, категориялардың пайда болып, қалыптасуы еңбектің, қоғамдық практиканың нәтижесі. Адамдар практикалық іс-әрекет барысында түрлі заттар мен құбылыстарды «көзбен көріп, қолмен ұстап» дегендей, қыр-сырына үңіледі, қасиеттерін, байланыстарын, ерекшеліктерін аңғарып, көкейге ұялатады, сөйтіп барып түсініктер, категориялар есебінде түйіндейді. Сондықтан да категорияларды дүниені танып білу барысында баспалдақтар десек, әбден орынды болады. Алайда категориялардың мазмұнды адамдардың санасынан, ақыл-ойынан тәуелді емес. Категориялар объективті түрде өмір сүретін құбылстардың өзіне тән байланыстар мен қатынастар бейнелейді. Ендеше категориялардың мазмұны объективті. Оларды тек өмір сүру тәсілі тұрғысынан ғана субъективті деуге болады.
Айналадағы барлық заттар, құбылыстар мен процестер үздіксіз қозғалыста, өзгерісте болғандықтан, олардың арасындағы байланыстардың, қатынастардың бейнесі есебінде категориялар да өзгеріссіз қала алмайды. Олар да өзгереді, дамиды, қозғалыста болады. Қоғамдық практика ілгері басқан сайын категорияның да мазмұны тереңдей түседі.
Енді диалектиканың өзара қатынастағы жұпталған категориялар жүйесіне тоқталайық.
Жекеше, өзгеше және жалпы
Материалдық дүние алуан түрлі заттар, құбылыстар мен процестер түрінде өмір сүретіні белгілі. Дара затты, құбылысты, процесті бөлік деп қарастыруға болады. әр бөліктің тек өзіне ғана тән, қайталанбайтын белгілері, байланыстары мен қасиеттері болады. Мәселен, нақты студентті басқалармен шатастырмаймыз, оның өзіндік қабілеті, бет бейнесі, т.б. ерекшеліктері бар. Заттың, құбылыстың, процестің өзіне ғана тән, қайталанбайтын ерекшеліктері жекеше деген ұғымды білдіреді. Ендеше, көпше дегеніміз – белгілі бір құбылыстар тобына ортақ маңызды ұқсас белгілер жиынтығы. Көпшенің ауқымы мен қарымы әр деңгейде болып келеді. Қамту ауқымы өте кең көлемді көпшені жалпы деп атайды. Сонда бөлке дегеніміз тұтас зат, құбылыс, процесс есебінде жекеше мен көпшенің бірлігі, оған жекеше мен өзгелермен ортақ, ұқсас көпше белгілер де тән. Өзгеше деген категория жекеше мен көпшенің арасындағы диалектикалық байланысты білдіре отырып, осы екеуінің арасындағы дәнекерлік қызметті атқарады. Өзгешенің мәні мынада. Ол жекешеге қарағанда көпше, ал одан ауқымды, әрі кең көпшемен салыстырғанда жекешенің міндетін атқарады. Мысалы, «Асқаров–студент, ол Қазақстан Республикасының азаматы» дейтін болсақ мұнда Асқаров-жекеше, студент-өзгеше, ал Қазақстан Республикасының азаматы-жалпы болып табылады.
Философия тарихында жекеше мен жалпының өзара байланысына қатысты түрлі пікірлер, ағымдар орын алған болатын. Мәселен, реализм бағытын ұстаған философтар көпше, жалпы жекешеден тәуелсіз, дербес өмір сүреді деп есептейді. Бұлардың бір тобы көпше, жалпы тек рухани, идеалдық формада ғана өмір сүреді десе, екінші бір топтағылар жалпы, көпше қашанда материалдық мән-мағынаға ие деген тұжырымға келеді. Дүниені танып білу жекешеден көпшеге, одан жалпыға өрлеу арқылы жүріп отырады.
Себеп және салдар
Бұл дүниеде себепсіз және одан туындайтын салдарсыз ештеңе де жоқ. Себептілік әлемдегі алуан түрлі байланыстардың бір өткінші кезеңі. Басқаша айтқанда, себептілік деп құбылыстардың, процестердің немесе олардың жақтарының ішкі байланысын, олардың өзара бір-біріне әсер ету негізінде тиісті өзгеріс туғызуын айтамыз. Мәселен, суды қыздыра берсек, ол ақырында буға айналады. Бір-бірінен ымырасыз күреске түсетін топтардың пайда болуы мемлекеттің өмірге келуіне себеп болды.
Ал енді себеп деген не, салдар деген не? Себеп дегеніміз екі немесе бірнеше құбылыстың, заттың олардың ішкі жақтарының өзара байланысқа түсіп, бір-біріне әсер етуі барысында ол құбылыстар мен заттарда, олардың жақтарында тиісті өзгерістер туғызуы. Ал салдар дегеніміз өзара әсер етуі нәтижесінде құбылыстарда, заттар мен олардың ішкі жақтарында пайда болған өзгерістер. Жоғарыдағы мысалдарда суды қыздырып қайнатуға жеткізу барысында молекулалардың қозғалысқа түсуі-себеп, ал булану-салдар немесе тап күресі-себеп, ал мемлекеттің пайда болуы салдар. Себепсіз еш нәрсе болмайды. Себептілік-бүкіл ғалам құбылыстарына тән жалпылама қасиет.
Себептілік, немесе себеп-салдарлық байланыстарға тән мынадай ерекшеліктерді бөліп көрсеткен жөн. Біріншіден, себептілік жалпы объективті сипатқа ие байланыс. Әлемде себепсіз-салдарсыз еш нәрсе жоқ. Мұны мойындайтын философтаоды детерминистер деп, ал себеп салдарлы байланыстардың объективтілігін мойындамайтындарды философия тарихында индетерминистер деп атайды. Екіншіден, себеп және салдар категориялары түрлі процестердің, оқиғалар мен құбылыстардың пайда болуын ашып көрсетеді. Үшіншіден, бір құбылыстан екіншісініңтууы белгілі бір жағдайлардың болуын талап етеді. Жағдай дегеніміз-затар мен құбылыстардың өмір сүруі мен дамуы үшін қажетті объективті факторлар жиынтығы.

Мүмкіндік пен шындық.
Табиғат пен қоғам құбылыстарының, бүкіл әлемнің дамуын олардың мүмкіндіктен шындыққа айналуы деп қарауға болар еді. Бұрын айтылғандай, жаңа нәрсенің пайда болуы үшін белгілі бір жағдайлар мен алғышарттарды мүмкіндік деген ұғыммен айтуға болады. Мүмкіндік-дамудың объективті тенденциясы. Ол белгілі бір даму заңдылығының негізінде пайда болады. Шындық дегеніміз- мүмкіндіктің заңы, объективті, қажетті тұрғыда жүзеге асқан түрі, бірақ жүзеге асуы ықтимал құбылыс. Мүмкіндік пен шындықты даму процесінің қайнар көзі дей отырып, олардың арасындағы байланысқа сынар жоқ қарауға болмайды.
Егер біз мүмкіндіктің шындыққа айналуында дамудың нәтижесі, оның белгілі бір қорытындыға келуі маңызды роль атқарады десек, онда метафизикалық ұшқарлыққа ұрынамыз. Себебі, даму процесіндегі мүмкіндік пен шындықтың өзара байланысы өте бай ішкі және сыртқы көптеген қатынастарды туғызады. Бұл қатынастырды ашу, олардың диалектикалық мәнін түсіну даму тенденциясын анықтауға мүмкіндік береді. Өйткені, Гегельше айтқанда, жалаң тәжірибеге ғана көңіл бөліп, даму тенденциясын айыру – дамуды «тірі өлікке» айналдыру, олай болса даму процесіндегі сансыз көп мүмкіндіктердің ішінен негізгісіне көңіл бөліп, оның қалыптасуы, жетілуі жолына назар аудару диалектикалық ойлардың басты міндеті. Мүмкіндік пен шындықтың диалектикалық арасынан туындайтын қайшылықтарға назар аударған жөн. Ол қайшылықтар әртүрлі жағдайда көрінеді. Өйткені, толып жатқан мүмкіндіктердің ішінен негізгі, қажетті, заңды деген мүмкіндіктер ғана жүзеге асады. Сондай–ақ , мнмкіндік пен шындықты, диалектиканың басқа да категорияларын бүгінгі қоғамдық дамудың өзекті проблемаларымен тығыз байланыстырып, дүние танымның теориялық құралы ретінде пайдалануымыз қажет.
Қажеттілік және кездейсоқтық
Мүмкіндік пен шындықтың диалектикалық байланысы арқылы қажеттілік және кездейсоқтықтың мәнін ашуға болады. Өйткені, дамудың өзі ең алдымен шындықтың сыртқы, «жалаң болмыс» жағы болатын кездейсоқтықтан басталады. Одан соң біз қажеттілік дегеніміз мүмкіндік пен шындықтың бірлігі екенін білеміз. Қажеттілік мүмкіндіктің шындыққа өтуінің әрі заңды, әрі объективті негізі. Олай болса, қажеттілік даму тенденциясының мәнін ашады. Ал кездейсоқтық осы процестің белгілі бір сәті ғана. Бұл арада біз Гегельдің «кездейсоқтық дегеніміз мүмкіндік ретінде ғана маңызы бар» деген пікіріне жүгінеміз. Қажеттілік және кездейсоқтық бірде шындықтың, растың, бардың ішкі және сыртқы жағы болып көрінсе, екінші бір жағдайда олар дидактикалық қайшылыққа тап болып, бірі бірлікті негіздеп, екіншісі күреске бейім тұрады.
Қажеттілік және кездейсоқтық философия рихында диалектиканың басқа категорияларына қарағанда ерекше рөл атқарады. Өткен заман философиясында бұл категориялар бір-бірінен бөлініп, көп жағдайда жеке-жеке қаралып, тіпті кейде кейбір ойшылдар қажеттілікті заңды объекті деп қарап, кездейсоқтық дамуға ешқандай қатысы жоқ, тек сырттан танылған құбылыс деп көрсетуге тырысты. Сонымен қатар кездейсоқтықтың да өзіне тән ерекшелігі бар. Ол ең алдымен қажеттіліктің өмір сүру болмысының тәсілі. Кейбір оқулықтардағы кездейсоқтықтың «болуы да, болмауы да мүмкін» немесе «болуы мүмкін нәрсенің болмауы да мүмкін» деген ұғымдардың ешбір қисыны жоқ екенін айта кетуіміз керек.
Сол сияқты кездейсоқтық - қажеттіліктің өз жолында әрдайым кездестіретін объективті байланыстары мен кейбір сәттері.Сондықтан да ол әрбір пайда болатынжаңаның алғашқы, бастапқы сатысы болып есептеледі.
Мазмұн мен түр
Мазмұн дегеніміз заттың немесе құбылыстың ішкі құрамы, оларды құрастырып тұрған элементтердің өзара байланысы. Түр – мазмұнның ұйымдасуы, құрылым, оны қарайтын қарапайым бөлшектер. Мәселен, атомның мазмұны – оң зарядталған ядро мен оның төңірегіндегі оң белгілі энергетикалық деңгейде қозғалатын теріс зарядтағы электрондар. Ал түр дегеніміз осы бөлшектердің өзара орналасуы, құрылымдық тәртібі. Көркем шығарманың мазмұны – оның негізгі айтпақ ойы, идеясы, ал түрі – оның сюжеті, тілі, композициясы, жанры және т.б.Тірі организмның мазмұны оның бойындағы зат алмасу процесі, оны құрайтын түрлі органдар, ал түрі – зат алмасу процесінің іске асу тәсілі, органдарының өзара байланысы.
Мазмұн өзгермелі, үнемі қозғалыста болады. ТҮр біршама тұрақты. Мазмұнның дамуы барысында түр белгілі бір шамаға дейін оған сәйкес болады да, содан соң ілесе алмай қалады. Мұндай жағдайда ескіре бастаған түр жаңарып, өзгеріп бара жатқан мазмұнның ілгері дамуына кедергі келтіріп, «етегінен тартады». Екеуінің де арасындағы сәйкессіздік бірте-бірте қайшылыққа айналып, шиеленісе түседі. Қайшылықтың шешілуі ескі түрдің мазмұнынан мүлде ажырауына, жаңа мазмұнға сәйкес келетін жаңа түрдің пайда болуына әкеледі. Жаңа түр мазмұнның ілгері дамуына, кемелденуіне қолайлы жағдай жасайды. Белгілі мерзімінен соң ол түр де ескере бастайды, қайтадан алшақтық, сәйкессіздік, қайшылық туады. Мазмұн мен түр категориялары тұрғысынан алғанда даму процесін осылай түсіндіруге болады. Мәселен, Кеңестер Одағы тұсында бүкіл білім беру саласының мазмұны да түрі де тоталитарлық басқару жүйесінің мақсат мүддесі тұрғысынан ұйымдастырылған болатын. Еліміз тәуелсіздік жолына түсіп, нарықтық қатынастар орныға бастауына байланысты білім берудің тек мазмұны ғана емес, оның ұйымдастырылуы, реті құрылымы, яғни түрі де сапалық өзгеріске ұшырады.
Мән және құбылыс.
Болмыстың сан қилы, өте күрделі қайшылыққа толы екені, оның тұрақты, ауыспалы, әрі өзгермелі екені, құрамындағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысы өте шым-шытырық болып келетіні белгілі. Ендеше, олардың ішкі табиғатын ұғыну, мәнін анықтау, даму заңдылықтарын ажыратып білу әрқашанда адамзаттың тыныс тіршілігі іс-әрекеті үшін мейлінше маңызды. Осы тұрғыдан алғанда диалектиканың мән және құбылыс категориялары үлкен роль атқарады.
Мән заттардың, құбылыстар мен процестердің, тұтас дүниенің ішкі жағын, терең де бірнеше тұрақты байланыстарын сипаттайды.Құбылыс-мәннің сыртқы көрініс табуы, ол мәнге қарағанда қозғалмалы әрі өзгергіш.Мән мен құбылысты ажырату оларды бір-бірінен толық тәуелсіз алып қарауға, түсінуге болады деген сөз емес. Мән қандай болса да дербес материалдық процестің негізгі жағы. Яғни белгілі бір дербес, біртектес құбылыстардың не нәрсе екендігін біз олардың тек ішкі мәнін анықтау арқылы біле аламыз. Мән мен құбылыс тұтастықтың тең жақтары емес. Материялық дүниенің әрбір саласының дамуында мәннің алғашқы құбылыс түрі кейін жетілген, толысқан құбылыс шеңберінде сақталады, бірақ олардың мазмұны, атқаратын қызметі түбірінен өзгереді. Бұл жерде айта кететін нәрсе: мән өзгермейді де оның көріну құбылыстары өзгермейді ме-бұл процестің нақты табиғатына байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда мән тым өзгермелі де, құбылыс біршама тұрақты болып көрінеді. Бірақ негізінде мән біреу, құбылыс көп. Құбылмалы, өзгермелі болатын да сол құбылыс. Ол сан алуан түрлерге бөлінеді. Соның негізгі бір түрі-көрініс немесе елестеу. Мән тереңде, құбылыс бай, ол объектіні жан-жақты әр қырынан көрсетеді. Таным процесі ылғи да құбылыстан мәнге қарай қозғалып отырады. Заттардың, процестердің, алуан түрлі жүйелердің мәнін ашу-ғылымның басты саласы. ....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 91 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...
Читайте также
Реферат: Шеллинг философиясы
Рефераттар жинағы
Реферат: Шеллинг философиясы
Реферат: Экономика | Меншік экономикалық категория ретінде және меншік қатынасының теориялық негіздері
Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Меншік экономикалық категория ретінде және меншік қатынасының теориялық негіздері
Реферат: Саясаттану ғылым ретінде
Рефераттар жинағы
Реферат: Саясаттану ғылым ретінде
Реферат: Саясаттанудың зерттейтін мәселесі
Рефераттар жинағы
Реферат: Саясаттанудың зерттейтін мәселесі
Реферат: Саясаттану | Саясаттанудың зерттейтін мәселесі
Рефераттар жинағы
Реферат: Саясаттану | Саясаттанудың зерттейтін мәселесі
Реферат: Этнопедагогика | Қазақ этнопедогогикасының ғылыми теориялық мәселелері
Рефераттар жинағы
Реферат: Этнопедагогика | Қазақ этнопедогогикасының ғылыми теориялық мәселелері
Реферат: Физиология | Диалектиканың негізгі категориялары
Рефераттар жинағы
Реферат: Физиология | Диалектиканың негізгі категориялары
Реферат: Құқық | Жалпы теорияның пәні және әдісі
Рефераттар жинағы
Реферат: Құқық | Жалпы теорияның пәні және әдісі
Курстық жұмыс: Философия | ТАНЫМ – ШЫНДЫҚТЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Философия | ТАНЫМ – ШЫНДЫҚТЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ
Курстық жұмыс: Саясаттану | Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Саясаттану | Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
Баяндама: Жаңашыл ұстаз болу - заман талабы
Баяндамалар жинағы
Баяндама: Жаңашыл ұстаз болу - заман талабы
Қазақша реферат: Тіл, ойлау және сөйлеу
Рефераттар жинағы
Қазақша реферат: Тіл, ойлау және сөйлеу

KZ / Рефераттар жинағы, реферат Диалектикалық көзқарас негізгі принциптері мен формалары туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Диалектикалық көзқарас негізгі принциптері мен формалары на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Физиология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Диалектикалық көзқарас негізгі принциптері мен формалары, реферат Диалектикалық көзқарас негізгі принциптері мен формалары туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Диалектикалық көзқарас негізгі принциптері мен формалары на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы, Реферат: Физиология | Диалектикалық көзқарас негізгі принциптері мен формалары реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы