Құқық | Ғаламдық проблемаларды құқықтық реттеу

Тарихи даму процесінде әлемдегі барлық елдерде әлеуметтік нормалардың бірнеше түрлері қалыптасып, солар арқылы қоғамдағы сан қырлы қатынастар реттеліп, шешіліп жатады. Ол әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни, корпоративтік, құқықтық нормалар) қолдануы әр елде әр түрлі. Бір елде – әдет-ғұрып, екінші елде – мораль, үшінші елде – құқық басым түрде қолданылады. Бұл нормаларды қолдануда айтарлықтай ерекшеліктер бар.
Әлемдік құқықтық тәртіпті қалыптастырудың негізгі себептері: 1) экологиялық қауіпсіздікті қалыптастыру; 2) адамдардың өмірін қамтамасыз ету; 3) ядролық соғысты болдырмау; 4) әлемдік кеңістіктің барлық саласындағы қатынастарды біріктіріп ғаламдық жүйеге айналдыру.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Алаяқтық құрамының негізгі белгілері

Қылмыстың объектісі мен затын дұрыс анықтау – кінәлі әрекеттерінің орындалуы үшін, оның қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтау және жасалғанның дұрыс саралануы үшін қажет.
Қылмыстық құқық теориясында, объект ретінде әдетте қылмыстық заңнамамен қорғалатын қоғамдық қатынастар жиынтығы түсініледі.
Алаяқтықтың объектісі ретінде, қолданыстағы заңнамаға сүйенсек, меншік қатынастары болады.
Әдебиетте меншік 3 нысанда қарастырылады: меншік – экономикалық категория ретінде, меншік – құқықтық категория ретінде және меншік – меншік құқығы ретінде.
Экономикалық әдебиеттерде қабылданған көзқарас бойынша, меншікке материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастары кіреді. Демек, бұл қылмыстың тектік объектісі, құқық нормаларының жүйесімен реттеліп бекітілген, жеке тұтынуға арналған материалдық игіліктерді өндіру, бөлу және айырбастау бойынша қоғамдық қатынастар. Міне, осындай меншік қатынастарына қол сұға отырып, кінәлі оларға кіретін қоғамдық қатынастарының әр тобына залал келтіреді.
Өмірлік күнделікті жағдайларда қылмыс объектісін анықтау қиынға соғуы мүмкін. Мысалы, азамат мемлекеттік ұйымға мүлікті сақтауға берген кезде, мүлік азаматтың жеке меншігінде қалады. Дегенмен де, осы мүлік талан-тараждалса, бұл мемлекеттік меншікке қол сұғушылық деп саралану керек. Себебі, ұйым оған сақтауға берген мүлік үшін материалық жауапкершілікті көтереді.
Қылмыс объектісін зерттей келе, біз, тікелей объект түсінігіне тап боламыз. Бұл түсінік бойынша ортақ пікір жоқ. Мысалы, В.А.Владимиров ойынша тікелей объект бір уақытта объект болады. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Азаматтың құқықтық субъектілері

Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады. Отбасылық еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиісінше отбасылық, еңбек заңдармен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.
Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуіне, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтақ құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Азаматтың құқықтық қабілеттері

Құқықтар мен міндеттеор қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық тіралы айтқанымызда, бұд құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ міндеттің де кейбіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.
Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін «құқық субъектілері» деп немесе тұлға« деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін алған құқық қабіулетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері – ең алдымен адамдар ( жеке тұлға). Әрбір адам – құқық субъектісі. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Азаматтық сот ісін жүргізу принциптері

Біздің елімізде жоғары заң күші бар жөне бүкіл аумақта тікелей қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандыңтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны - азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу болып табылады.

Азаматтық істерді сотта қарап шешуге көптеген құқық субъектілері қатысады. Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның принциптерін сақтап ұстануға тиіс. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері сотта тараптар арасындағы құқықтың дауды демократиялық жолымен дұрыс және жылдам шешуге үлкен үлес қосады.

Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігін беру үшін ең алдымен оны жалпы құқық принциптерінен бастаған дұрыс. Принцип латын сөзінде (ргіп-сірішп - негіз, бастапқы) деген екі негізгі мағынаны білдіреді: объективтік (қандай болмасын ғылымның, теория-ның негізгі ережелері) және субъективтік (болмысқа қатынасын белгілейтін адамның ішкі қасиеті - сендіру).

Әрбір құқық саласының ерекшелігі онын, принциптерінде өз көрінісін табады. Құқық теориясында принциптерді құқықта көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп ңарастырған. Атақты ресейлік заңгер ғалым С.С. Алексеевтің пікірінше "принциптер - бұл құқықтың мазмүнын тереңінен аша-ды. Принциптерде жалпы қүқықтың, сондай-ак оның нақты салаларындағы сипаттаушы белгілер кристалданады. Құқық принциптері нақты құқықтьқ нормаларда анық көрінеді. Олар құқықта кеңінен таралғандай, оның барлық не көбінесе құқықтың нормаларына енгізілген.

Құқық принциптері - бұл заңнамалармен бекітілген және экономикалық қатынастар дамуымен сипатталатын бастапқы идеялар, негізгі бастаулар.

Құқық принциптері қоғамдағы құқықтық реттеуді және кұқық жүйесін құрайтын объективті негізделген бастапқы идеялар. Оларды зерттеу арқылы құқықтың әлеуметтік-экономикалық, саяси және өнегелі табиғатының анық сипаттамасын біле аламыз, сондай-ақ жеке құқық салалардың, институттардың және нормалардың мазмұны мен мәнін аша біледі.

Тиісті құқық саласына жататын нормалардың көбісі сол саланың принциптерінің дамуымен және әсер етуімен қалыптасады. Салалық принциптерді білген, кәсіби заңгер нақты құқық саласының нормаларында түсінетін болады.

Сондай-ақ, оның азаматтьқ сот ісін жүргізудің принциптері жайлы білген, жалпы соттағы азаматтың істерді қарап және шешу тәртібін белгілейтін құқықтық іс жүргізу нормаларының құрамы жөнінде хабары болады. Аза-маттық сот ісін жүргізудің принциптері құқықтық нормаларда бекітіліп, нақты құқық туралы дауды сот отырысында шешуді, сот пен іске қатысушылардың іс жүргізу құқықтарын және іс жүргізу міндеттерін, қатынастарын белгілейді. Кезінде белгілі процессуалист-ғалым Н.А. Чечина былай деп айтқан: "Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды".

Сонымен қатар, азаматтық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оны жетілдіру шаралары әрқашан оның принциптерін ескере жасалады.

Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің маңыздыларын соттың құқық қолдану тәжірибесінен байқауға болады. Сотта азаматтьқ істерді қарайтын және шешетін төрағалық етуші судьялар азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін басшылыққа алып қолданады. Оларды қолдану арқылы азаматқы істер бойынша сот төрелігі дұрыс және уақтылы атқарылады. Егер сот қолданыстағы заң нормаларында белгілі қатынасты реттеу қарастырылмаған болса, онда мұндай жағдайда ұқсас қатынастарды рет-тейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда оны реттеуге принциптерді қолданады....
Рефераттар
Толық

Құқық | Азаматтық құқықтың негізгі қайнар көзі

Заң ғылымында құқықтың қайнар көздері мемлекеттік тұрғыдан жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың іс-әрекеттерін ( мүліктік және мүліктік емес құқықтық қатынастарын ) реттейтін әр түрлі нысанда қабылданатын құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Түрлері:
Жалпы құқықтық және оның бір саласы ретінде қаралатын азаматтық құқықтың негізгі қайнар көзі болып ҚР Конституциясы саналады. ҚР Конституциясы азаматтық - құқықтық қатынастарды реттеудің негізгі принципі және ол барлық азаматтық құқық азаматтық құқық нормаларының негізгі.
Конституцияның 22 , 25 , 26 және 27 баптарында азаматтардың құқықтарын реттейтін принциптер бекітілген.
ҚР Конституциясы жоғарғы Заңдық күшке ие. Қандай да болмаса заң және мемлекеттік органдар шығаратын нормалары ҚР Конституциясына сай болып , қайшы келмеуі тиіс.

1. ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заң – ҚР Конституциясы 62 - бабының 3- тармағында белгіленген тәртіппен қабылдаған заң ;
2. Конституциялық Заң – ҚР Конституциясының 2- бабының 4- тармағында белгіленген тәртіппен қабылданатын заң ;
3. Заң актісі – Конституциялық заң ҚР призидентінің Конституциялық күші бар жарлық және қаулысы ;
4 . Парламанттің қаулысы ;
5. Сенат пен мәжілістің қаулылары ;
6 . ҚР – сы үкіметінің қаулысы ;
7 .ҚР Азаматтық Кодексі – бір тектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп , жүйеге келтірілген заң ;
8 . Лауазымды адамдардың ( ҚР Парламенті , ҚР Үкіметі , ҚР Кеңесі, ҚР Соты , ҚР Сайлау комиссиясы , Орталық атқарушы органдар, жергілікті Өкілдік және атқарушы органдар ) Құқықтық мәртебесін айқындайтын заңдарда белгіленген өз құзіретіне сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер ;
9 .Азаматтық қатынастар, егер әдеттегі құқықтар , соның ішінде іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі нормалар ҚР аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмес - солармен реттелуі мүмкін ;
10 .Министрліктер және өзге де оталық атқарушы органдар, жергілікті өкілдік және атқарушы органдар Кодексте және өзге де азаматтық заң актілерінде көзделген жағдайлар мен шектерде азаматтық қатынастарды реттейтін актілер ;....
Рефераттар
Толық

Құқық | Азаматтық құқықтық қатынастар туралы түсінік

Азаматтық құқық дегеніміз – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс әрекеттерімен ажырамас байланыстағы Қазақстан Ресубликасы құқығының бір саласы. Азаматтық құқық негіздері, құқық жүйесі салаларының бір түрі. Азаматтық құқық – құқық саласы ретінде, елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономикалық бірден – бір негізі, өйткені бұл құқық саласымен реттелетін қатынастардың шеңбері кең. Тауар ақша, қатысущылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтың пәні болып табылады
Азаматтық құқықтық қатынастар азаматтық құқықты түсіну үшін маңызы бар. Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушылары бір бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс мүліктік емес қатынастар. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді. Азаматтық құқық көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген.
Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері субъектілері, объектілері мен мазмұны, ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер болып табылады. Азаматтық құқықтық қатынастарды бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады. Олар: мәміле; меншік құқығы; міндеттемелі құқық; мұрагерлік құқық; зияткерлік меншік құқығы. Азаматтық құқықты қорғауды сот, төрелік сот және аралық сот құқықтарды мойындату құқық бұзушылыққа дейінгі болған жағдай, құқықтарды бұзатын немесе бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге тиым салу және т.б. негіздерге сәйкес реттейді. Азаматтық құқықтың объектілеріне мүліктік және мүліктік емес жеке игіліктер мен құқықтар жатады. Ал азаматтық құқықтың субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік – аумақтық бірліктер жатады.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы

Сөздiң кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жол берiлмейтiндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртiбiн мемлекеттiң қолдауын айтамыз.
Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтарды қалпына келтiрудi қамтамасыз ету принципi, оларды сот арқылы қорғау азаматтық заңның негiзгi бастауы ретiнде айтылады (АК-тiң 2-бабы).
Қатысушылардың қарауындағы субьективтi азаматтық құқықтар тек қана нақты жүзеге асырылуға тиiс емес, сонымен бiрге олар субьективтiк құқықтың бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтiрудi бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкiндiктер бередi. Бұл тұрғыдан проф. В.П. Грибановтың мынадай пiкiрi көңiлге қонады: “Құқық қорғау сипатының мүмкiндiгi оның құқық өкiлеттiгi ретiнде субьективтiк материалдық талаптар мазмұнының өзiмен белгiленедi.
Демек кез келген субьективтi азаматтық құқық қорғауға жатады, сонымен бiрге осы құқықтың жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегiмен оны қорғауға тиiстi құқықты еншiлейдi.
1. Азаматтық құқықтарды қорғау тәсiлдерi. Азаматтық кодекстiң 15-тарауының шеңберiнде азаматтық құқықтағы қорғануды кең мағынадағы меншiк иесiнiң мүддесiн қорғаудан айыра бiлу керек. Кең мағынада меншiк иесiнiң мүддесiн қорғау екi негiзгi нысанға бөлiнедi: юрисдикциялық және юрисдикциялық емес.
Қорғаудың юрисдикциялық түрi субьективтi құқықтар бұзылғанда немесе дауға түскенде өкiлеттi мемлекеттiк органдардың оны қорғауға араласуы болып табылады. Құқығы немесе заңдық мүддесi бұзылған тұлға мемлекеттiк немесе басқа да құзыреттi органдарға (сот, аралық сот, жоғары инстанция және т.б.) шағынады, әлгi аталған органдар өз кезегiнде бұзылған құқықты қалпына келтiру және бұзушылықты жою үшiн өкiлеттiгiне сай қажеттi шараларды қолданады.
Қорғаудың юрисдикциялық нысаны бұзылған құқықтарды қорғаудың жалпы және арнайы тәртiбiн белгiлейдi. Жалпы тәртiпке сәйкес заңмен қорғалатын азаматтық құқықтардың мүддесiн қорғау сот (төрелiк немесе аралық сот) арқылы жүзеге асады.
Азаматтық кодекстiң 9-бабы жалпы тәртiппен қатар әкiмшiлiк тәртiбiн де қарастырған. Әкiмшiлiк тәртiппен жүзеге асырылатын мнешiк иесiнiң құқығын қорғау құралы шағым болып табылады, ол құқық бұзушылық нәтижесiнде зардап шеккен құқық иесi мүддесiн қорғауға орай тиiстi өкiлеттi органға берiледi.
Кейбiр заңдарда аралас, яғни меншiк құқығы мен басқа да заттық құқық қорғаудың әкiмшiлiк сот тәртiбiн қолданады. Мұндай жағдайда мүлiктiң меншiк иесi мен иеленушiсi сотқа шағымбас бұрын мемлекеттiк басқару органына шағымданады.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Азаматтық құқық және құқықтық қатынас

1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімі қабылданып, күшіне енді. Бұл өз мәнінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі нарықты қайта құру жылдарында қалыптасқан азаматтық заң шығарудың ірі біріктіруі болып табылады, сонымен бірге онда бұдан бұрын Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында болмаған көптеген нормалар пайда болды.
Жаңа Азаматтық кодексті қоғамдық қатынастардың аса тиімді реттеушісі ретінде бағалау қажет. Оның нормаларының мазмұны барынша айқын болып табылады. Оған уақыт санынан өткен көптеген заңдардың және заңға тәуелді нормативтік актілердің ережелері енген. Бұны оңды құбылыс ретінде бағалауға болады, дегенмен азаматтық кодексті тым толықтықта айыптайтын көзқарастар да кездеседі. Себебі, онда сатып алу-сату, мүлік жалдау және тағы басқа да шарттар көптеген түр-түрлерімен қарастырылған. Мысалы, тауарларды бөлшектеп сатып алу-сату шарты жеке көрсетілген, онда тұтынушылар құқығын бекітуге артықшылықтар берілген. Кәсіпкерлік шарттың ерекше сипаттары тауар жеткізілімі шартына арналған нормаларда көрініс тапқан. Кез-келген қазіргі заманғы мемлекет жағдайы үшін сатып алу-сату шартының энергиямен жабдықтау сияқты түрі маңызды мәнді иемденеді, бұл да азаматтық кодексте және соған сәйкес қабылданған заңға тәуелді нормативтік актілерде ескерілген.
Жекешелендірілген, мемлекеттік және сонымен бірге жаңадан пайда болған жеке кәсіпорындар нарығының пайда болуына кәсіпорындарды сатуды құқықтық реттеу сәйкес келді.
Бұрын әрқашан реалды болып келетін сыйға тарту шартына қазір өзгеше сипаттар берілген, енді бұл шарт консенсуалды да болуы мүмкін. Сыйға тартуға тыйым салу анық бекітілген.
Ренталық қатынастар бұдан бұрын тек өмір бойы асырауда ұстау жағдайы қарастырылған сатып алу-сату шартымен ғана негізделетін, қазір рента институтына оның (белгілі бір мәселелері болғанымен), өзіндік мән берілген. Азаматтық кодекс шеңберіндегі жаңалықтарға ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) және есеп айырысу-несиелік қатынастарды реттейтін (бактік есеп шот, ақша аударымы, банк салымы), шарттар туралы нормалар жатады. Сақтау шарттары бойынша тауар қоймасында сақтау туралы нормаларды енгізу туралы айтуға болады. Сенім меншігі жөніндегі ұзаққа созылған пікірталастар Азаматтық кодекс нормаларында мүлікті сенімгерлікпен басқару қатынастарын бекітуге әкелді. Сонымен бірге кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты қарастырылған, бұл шарт та бұрынғы заңда болған жоқ. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Азаматтық қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет

Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай – бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша - қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде-мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. К.Маркс қысқаша: «Қоғам – адамдардың өзара еңбек жасауының одағы», - дейді. ....
Рефераттар
Толық