» » » Реферат: Құқық | Ғаламдық проблемаларды құқықтық реттеу

Реферат: Құқық | Ғаламдық проблемаларды құқықтық реттеу

Реферат: Құқық | Ғаламдық проблемаларды құқықтық реттеу казакша Реферат: Құқық | Ғаламдық проблемаларды құқықтық реттеу на казахском языке
1 Әлемнің құқықтық жүйелері

Әр ел ол нормаларды өздерінің саяси, ұлттық, әлеуметтік ерекшеліктеріне сәйкес қолданады. Сол арқылы әр елде өздерінің ұлттық құқық жүйесі қалыптасады. Сонымен бірге осы ұлттық құқық жүйелердің мазмұны мен нысандарында бір-біріне ұқсастық болады. Сол арқылы ұлттық құқық жүйелерін жіктеп, топтастырып құқықтық жүйеге бөледі, оның негізгі қағидалары мен тәсілдері:
1) Бірнеше елдердің құқық жүйесінің негіздері және мазмұны бір-біріне ұқсас болады. Себебі олар көне заманда бір мемлекеттің әлеуметтік-нормативтік жүйесінен бөлініп шыққан. Сондықтан бұл құқық жүйелерінің түпкі негіздеріне және мазмұндарына қарай топтастыру.
2) Құқық жүйелерінің нысандарына сәйкес топтастыру. Нормативтік актілердің және әлеуметтік нормалардың қабылдануының, қолдануының ерекшеліктеріне қарай құқықтық жүйеге бөлу. (Бір елде – құқық, екінші елде – әдет-ғұрып, үшінші елде – сот шешімі басым болады).
3) Әлеуметтік және құқықтық нормалардың құрылымына қарай жүйеге келтіру. Бірнеше елдің нормаларының элементтері (гипотеза, диспозиция, санкция), құқықтың элементтері (норма, институт, бөлім, сала) бір-біріне ұқсас болады. Бұл топтастырудың негізін құрады, тәсіл болады.
4) Әлеуметтік және құқықтық нормалардың құрылу, қабылдау, орындау қағидаларына сәйкес жүйеге келтіру. Бір елде – дін, екінші елде – идеология, үшінші елде – заңдылық басым болады. Осы саясаттар құқықтық жүйенің қағидаларының негізі болады.
Қоғамның объективтік даму процесінің мүдде-мақсатына сәйкес саяси, экономикалық, әлеуметтік қарым-қатынастарды реттейтін әр елде құқық жүйесі қалыптасады. Дүние жүзіндегі мемлекеттердің тарихи, экономикалық, әлеуметтік, мәдени ерекшеліктеріне қарай құқық жүйелері бір-біріне ұқсамайды. Оларды ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеп, ұлттық, топтық құқықтық жүйелерге жіктеу жүргізіледі.
Францияның ғалымы Давид Рененің пікірі бойынша, құқықтық жүйенің бірнеше түрі болады: англо-саксондық, романо-германдык социалистік, діни және Қытай, Индия, Жапония т.б. құқықтық жүйелерге бөлінеді .
Англо-саксондық құқық жүйесі. Бұл жүйе феодализм кезінен басталады. Англия өзінің аралдық жағдайын пайдаланып, ерекше әдет-ғұрыптарын сақтауға тырысты. XII ғасырдан бастап қалыптасқан Англияның демократиялық жетістіктері құқық жүйесіне зор ықпалын тигізді. Англия, Рим мемлекетінің провинциясы болса да өзінің ұлттық ерекшеліктерін жоғары ұстай білді. Бұл құқықтық жүйе ежелгі әдет-ғұрыптардан, сот шешімдерінен құралады. Англияның королі Генрих II (1154-1187) бірнеше реформалар жүргізген, солардың арасында ең маңызды сот реформасы. Ол көшпелі корольдық сотты енгізді. Бұл сот әр жылдың аяғында құқық тәжірибесінен жан-жақты талдап қорытынды жасап, маңызды шешімдерін баспа арқылы жариялап отырды. Соттардың бәріне бұл қорытынды шешім – ережелер негізгі заң болып, оны міндетті түрде қолданатын болды. Сөйтіп жергілікті әдет-ғұрыптар модификациядан өтіп, ерекшеліктерін бірте-бірте жоғалтып, жаңа англо-саксондық құқық жүйесі қалыптаса бастады.
Бұл жүйенің негізгі мазмұны сот тәжірибесінен қалыптасады, мемлекеттік органның қабылданған нормалары қосымша рөл атқарады. Қазіргі заманда бұл өте күрделі, демократиялық құқықтық жұйе. Оны статус құқығы деп те атайды. Статус-парламент қабылдаған заң. Оның саны 500 жылда 2000-ға жеткен. Англияда азаматтық кодекс жоқ. Сот азаматтық істерді дұрыс шешіп, жаңа норма жариялайды. Бұл нормалар әрбір жеке статусты шешетін норма болып шығарылады. Құқықтық нормаларды кодификациялау және жүйелеуі де өте сирек кездеседі. Англияның құқықтық жүйесі абсолюттік монархия дәуірінде дамып гүлденді. Бұл жүйеде процессуалдық нормалардың маңызы материалдық нормадан жоғары тұрады. Англия өзінің отарлық-тәуелді елдерінің ұлттық құқықтық жүйелеріне нышан келтірмеді. Олар өздерінің ұлттық құқығын сақтап, бірте-бірте ағылшын құқығының жақсы, дұрыс нормаларын пайдалана бастады. (Малайзия, Сингапур, Гонконг, Бруней, Гана, Кения, Нигерия, Египет т.б.).
АКШ ағылшын құқығын пайдаланса да, оның құқық жүйесінің көп ерекшеліктері бар. Біріншіден, американың құқығы, федеративтік құқық. Екіншіден, мұнда соттың шешімдерімен қатар құқықтық нормаларды, әсіресе, Конституциялық маңызын жоғары ұстайды. АКШ-та құқықтық нормаларды кодификациялау, жүйелеу жұмыстары белсенді жүргізіледі. Қазіргі кезде англо-саксондық құқық жүйесі бірте-бірте нормативтік актілердің маңызын көтере бастады.
Романо-германдық құқықтық жүйе (континенттік жүйе деп те атайды.). Европаның мемлекеттерінің көпшілігінде осы құқық жүйесі дамып келеді. Романдық құқық жүйесі деген сөз Рим құқығының ықпалымен құрылғанын көрсетеді. Феодалдық кезенде бұл жүйе жақсы дамымады. Буржуазиялық революциялар Рим құқығына өте кең жол ашты. «Жеке меншік құқығы қасиетті оған ешкім қол сұғуға құқығы жоқ» деп бекітті.
Осыдан бастап Рим құқығы белсенді түрде буржуазиялық кодекстеріне кіріп, Германия, Франция, Италия бүкіл дүние жүзіне тарады. Рим құқығын жалғастырған кодекстердің қатарына Наполеон атындағы 1804 жылғы Францияның азаматтық кодексі, 1896 жылғы Германияның азаматтық нормалар жинағы жатады. Тарихшылардың, заңгерлердің көпшілігі континенталдық құқық жүйесі XIII ғасырда қалыптасты деп санайды. Бес ғасыр бірінші орында Рим құқығының ықпалы басым болды деп түсіндіреді. Сөйтіп көп мемлекеттердің құқық жүйесінің негізін қалады. Кейін континентальдық мемлекеттер өздерінің ұлттық ерекшеліктерін кіргізіп, дамытты. Бұл құқық жүйесінің негізгі мазмұны – нормативтік актілерді бірінші орынға қойды, сот шешімдері қосымша рөл атқарады. Кодификациялау жұмыстары белсенді түрде жүргізілді. Патшалық Россияда да бұл жұмыс қарқынды түрде дамыды, әсіресе, Сперанскийдің үкіметті басқару тұсында.
Қорыта айтарымыз, англо-саксондық, романо-германдық құқықтық жүйелер буржуазиялық жүйені қорғап, дамытты. Дүние жүзіндегі елдерге үлгі болып, маңызды рөл атқарды. Сол арқылы қазіргі замандағы заң ғылымының дамуына зор үлес қосты.
Социалистік құқықтық жүйе – бұл жүйе өзі төрт жүйеге бөлініп келді: кеңестік құқық жүйесі; европалық социалистік мемлекеттер құқықтық жүйесі; азиялық социалистік елдердің құқықтық жүйесі; Куба республикасының құқықтық жүйесі. Бірақ барлығының негізгі қағидалары бірдей болды: қоғамдық меншікті, бір орталықтан жоспарлауды қорғау т.б. Бұл мемлекеттердің құқықтық негізін құрастыратын заң шығаратын органдардың нормативтік актілері. Қазіргі кезеңде бұл жүйе Қытай халық республикасында, Кубада, Солтүстік Кореяда сақталып, дамып келеді. Басқа бұрынғы социалистік елдерде бұл жүйе қайта құрылып, айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. Романо-германдық құқықтық жүйеге көшуде.
Діни құқықтық жұйе – бұл жүйеге Азияның, Африканың дамушы елдері жатады. Ол елдердің құқықтық саясаты екі түрге бөлінеді: біріншісі – құқықты түсінуде, дамытуда олар дінмен зиялы бағытты біріктіріп отырады. Бұл саясат ислам, индус және иуда діндеріндегі мемлекеттер, екіншісі – құқық деген заңды ғылыми ұғымға қарсы бағыт. Қоғамды басқаруда әлеуметтік нормаларының басқа түрлерін бірінші қатарға қояды (әдет-ғұрып, мораль, діни, қоғамдық ұйымдардың шешімдерін). Бұл елдердің біразы бірте-бірте романо-германдық құқықтық жүйеге көшу бағытында.
Ислам – діни қағидаларын құқықтың негізі деп санайды. Бұл бағытты жүйені шариғат деп атайды. Сонымен қатар адат деп атайтын жүйе бар (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль т.б.). Бірақ өмірде шариғат басым түрде қолданылады. Исламдық құқықтың төрт түрлі негізі бар:
1). Құран – Алланың Мұхаммед пайғамбарға түсірген киелі, ардақты кітабы.
2). Сұнна – Мұхаммед пайғамбардың хадистері (өсиеттері). Бұл өсиетте Құранның аяттарына түсінік береді.
3). Иджма – ислам ұйымдарының қабылдаған, бекіткен шешімдері, қаулы-жарлықтары.
4). Китас өмірде кездесетін мәселелерді Құранның ұқсас аяттарына сүйене отырып шешу.
Индус діні қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқарудың ең басым, күрделі жүйесі. Сонымен қатар әдет-ғұрып, салт-дәстүрді де пайдаланады. Бұл діни құқық жүйесі адамдарды туысымен әлеуметтік топқа бөледі. Олардың өздерінің ішіндегі қатынастарды реттеп, басқаратын діни нормалары болады. Бұл әлеуметтік топтардың түрлері: байлар тобы, орта шаруалар тобы, кедей шаруалар тобы, діни қызметкерлердің тобы, ақсүйектер (чиновниктер) тобы. Бұл топтардың аттарынан немесе атауларынан толық түсінуге болады: Бұл әлеуметтік топтардың арасында ешқандай теңдік, әділеттік, бостандық жоқ екені.
Индус құқық жүйесіндегі елдерге (Индия, Пакистан Бирма, Сингапур, Малайзия, Танзания, Уганда, Кения т.б.) діни нормалармен қатар әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль арқылы көп мәселелер реттеп, басқарылады. Индияда 1950 жылы Конституция қабылданып, индустарды әлеуметтік топқа бөлуге тыйым салды, Англияның құқық жүйесінің нормативтік актілерін қолдана бастады. Мұны «англо-индус құқық жүйесі» деп атады.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі жаңадан құрылып, дамуда. Бұл жүйе, негізінен, континентальдық Еуропа елдерінің бағытында дамуға бет бұрып отыр. Біздің халқымыз өз елінің егемендігіне жетіп, мемлекеттің ықтимал зорлық-зомбылығынан жаңа Конституция (1995 ж.) арқылы қорғалған саяси-этникалық адамдар қауымдастығының дәстүрімен, мәдениетімен ұштасқан либерализм қағидалары негізінде әлеуметтік-бағдарлы нарықтық өзгерістер жолымен дамудың ортақ тағдырына таңдау жасап отыр.


2. Халықаралық құқықты дамыту бағыттары

Жалпы адамгершілік табиғи – құқық негізінде және халықаралық нормалардың қағидаларына сәйкес қалыптасқан әлемдік-қоғамдық қатынастардың жүйесін – әлемдік құқықтық тәртіп дейді. Әлемдік құқықтық тәртіпті дүние жүзіндегі адамдардың, мемлекеттердің сан қырлы қатынастарының топтасып қалыптасқан нақты – шындық түрі деп түсіну керек. Бұл шындық қалыптасудың үш объективтік түрлері бар:
1) адам – ел – планета – космос;
2) адам – ұжым – қоғам – әлемдік қоғамдастық;
3) адам – оның құқықтық статусы – қоғамның құқық жүйесі –халықаралық құқық – әлемдік құқықтық тәртіп.
Қазіргі заманда әлемдік құқықтық тәртіп шындыққа айналып отыр. Барлық мемлекеттердің арасында саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік, ғылыми-техникалық қатынастар қалыптасып, дамуда. Осы бағытта халықаралық басқару органдарының құрылуы. Олардың ішіндегі ең негізгісі – Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)–24.10.1945 жылы құрылған. Оның 185 мемлекет мүшесі бар (1 қазан 1995 ж.). БҰҰ Уставы бойынша ұйымның негізгі мақсаттары:
- халықаралық қауіпсіздікті, бейбітшілікті қорғау-сақтау;
- халықтардың достығын, бірлігін, бостандығын, теңдігін қорғау;
- мемлекетаралық саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік даму процесін мүмкіндігінше біріктіру;
- осы мақсаттарды іс жүзіне асырудың ұйымдастырушы, басқарушы заңды орталық органы болу.
Әлемдік құқықтық тәртіпті нығайтуға, сапалы болуына БҰҰ-нан басқа тағы біраз дүниежүзілік ұйымдар маңызды үлес қосуда, Олар: халықаралық еңбек ұйымы, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, дүниежүзілік интеллектік меншіктің ұйымы, халықаралық азаматтық авиация ұйымы т.б. Халықаралық құқықтық қатынастарды реттеп, басқаруда БҰҰ-ғы халықаралық соттың маңызы өте зор. Әлемдік құқықтық тәртіптің негізгі белгі-нышандары:
1). Әлемдік құқықтық тәртіп (ӘҚТ) – әр түрлі мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, ұлттардың әлеуметтік топтардың арақатынасының күрделі және өсіңкілік жүйесі.
2). ӘҚТ – мемлекеттердің, халықтардың өзара бірлігінің, ынтымақтастығының нақты шындық көрінісі. Бұл бірліктің негізгі деректі құжаты – халықаралық шарт. Онда қатынастың субъектілерінің міндеттері мен құқықтары толық көрсетіліп, өздерінің бақылауында болады.
3). ӘТҚ – әр саладағы халықаралық ынтымақтастықтың іс-әрекетінің дұрыс, сапалы орындалуының кепілдігі деуге болады. Оның түрлері:
- қоршаған ортаны, табиғатты қорғау, жақсы дамуына тиісті мүмкіншілік жасау;
- БҰҰ, дүниежүзілік сауда ұйымы, халықаралық даму банкі, халықаралық валютаның фонд арқылы барлық мемлекеттердің өсіңкілік экономикалық дамуын қамтамасыз ету;
- БҰҰ-ның ЮНЕСКО ұйымы арқылы барлық елдердің мәдениетін, білімін, ғылымын дамытуға сапалы, маңызды үлес қосу;
- әлемдік көлемде қылмыспен күресті сапалы, нәтижелі жолға қою т.б.
Сонымен халықаралық құқықты дамыту және ғаламдық проблемаларды реттеп шешу екі жақты байланысты процесс: бірінші – әр мемлекеттің ерікті түрде осы бағытта сапалы іс-әрекет жасауы қажет; екінші – халықтардың, мемлекеттердің бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс жасауға ерікті түрде бет бұруы қажет. Бұл процесте терең ұлттық, аймақтық, ғаламдық саяси-әлеуметтік бірлік болуы қажет. Осы халықаралық қатынасты тиімді процеске айналдыру әлемдік құқықтық тәртіптің ең шешуші шарты.
Құқық пен мемлекеттің эволюциялық даму процесінің болашағы. Бұл мәселе туралы сан қырлы пікірлер бар. Бірақ бәрі бірігіп құқық пен мемлекет үзіліссіз даму процесінде болады деп түсіндіреді. Ал, даму процесі неге апарады, болашақта құқық пен мемлекет қандай өзгеріске ұшырайды? – деген сұрақтарға жауап әр түрлі. Бұл сұрақтарға ғылыми тұрғыдан жауап беру өте қажет. Біріншіден – құқық пен мемлекеттің эволюциялық даму процесін ғылыми зерттеп, олардың болашақта қоғаммен байланысын, ықпалын, әсерін дұрыс, сапалы жолға қою; екінші – мемлекет пен құқықтың болашақта өздерінің эволюциялық даму процесінде кемістіктердің, қолайсыз жағдайға ұшырауын болдырмауын қамтамасыз ету үшін қажет.
Қоғамның әлеуметтік объективтік даму заңдылықтарына және заңды тарихи тәжірибелерге сүйене отырып, мемлекет пен құқықтың эволюциялық даму процесінің болашағына болжау жасауға болады. Марксизм болашакта дүние жүзінде коммунизм жеңіске жетсе, қоғамның сана-сезімі, мәдениеті дамып, адамдар қоғамды өздері басқаруға көшеді. Мемлекет пен құқықтың билігі, еріксіз адамдарға іс-әрекет жасаттыруы керексіз болады. Сөйтіп болашақта адамгершілік, әділетті, демократиялық қоғам болады деп түсіндіреді. Бірақ социалистік елдердің тәжірибесі бұл пікірді дәлелдей алмады. Керісінше, бұл елдерде көп қолайсыз жағдайлар өріс алды: демократия шектеліп, тоталитарлық басқару жүйесі орнады, субъективизмге жол берілді, ұлттар мәселесі дұрыс шешім таппады, халықаралық қатынастарға себепсіз шектеулер қойылды т.б. Кемшіліктер орын алды. Бірақ социалистік жүйені толық жамандауға болмайды. Оның айтарлықтай жақсылықтары да бодды. Оларды адам қоғамының болашағы міндетті түрде дәлелдейді деп сенуге болады.
Қазіргі кезеңде ғалымдар барлық мәселені, барлық қатынасты коғамдағы барлық мәселені, 254 бет
заңды тұрғыдан қалыптастырып, іс-жүзінде әр елдің өмірлік шындығына айналуы қажет. Адамдардың құқығы мен бостандығын үш тұрғыдан түсіну керек: 1) адамның құқығы; 2) азаматтың құқығы; 3) жеке тұлғаның құқығы.....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 32 | 2.04.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Ғаламдық проблемаларды құқықтық реттеу туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Ғаламдық проблемаларды құқықтық реттеу на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Кукык жоспарымен, казакша реферат жоспар, Ғаламдық проблемаларды құқықтық реттеу, реферат Ғаламдық проблемаларды құқықтық реттеу туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Ғаламдық проблемаларды құқықтық реттеу на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Кукык жоспарымен казакша реферат жо, Реферат: Құқық | Ғаламдық проблемаларды құқықтық реттеу реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы