Махамбетәлиева Зере | Өнерлінің өрісі кең


«Еңбек қылмас еріншек-адам болмас»,-деп ұлы ақын Абай Құнанбаев айтпақшы бүгінгі заманда икеміңе қарай еңбек етпесең бір кем дүние сонда болмақ.Еңбек-рахаттың атасы.Сондықтан да,еңбекпен тапқан нанның тәтті болары осыдан.Қазақ ертеден-ақ өнерлінің өрісі кең деп,еңбекқор жанды бағалап,өнерін ұлықтап,шығармашылық жұмысы сарқылмасын деп ерекше құрметтеген.Иә,елге сіңірген еңбек жақсы,еңбекті елеген ел жақсы дегендей бұл мақалада өнерімен талайды өзіне баурай білген Айтжанов Батырқұл ағайды арқау етпекпін.

Айтжанов Батырқұл Асанұлы №21 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі.Ағайымыз мектептің бетке ұстар азаматы,пейілі дархан,көңілі ақ,сырбаз да сабырлы,бесаспап,табиғи дарын иесі десем қателеспегенім шығар сірә!Ол кісі қарапайымдылығынан айнымайтын,адамгершілігі мол,жүрген ортасына сыйлы мейірімді де қайырымды азамат. .....
Әңгімелер
Толық

Константин Паустовский | Вагондағы әңгіме

Егес Барнаулдың түбінде, пойыз рельс буындарын тарсылдатып, Обь көпірінен жайлап өтіп бара жатқан кезде басталды.

Сібірдің ұлы өзенін көрмек болып, жолаушылар терезелерге тұра-тұра ұмтылысты, бірақ ылғал қардан өзге ештеңені көре алмады. Жел оны ақ түтінше шаңытып айдап жатыр, тек сонау төменнен, көпір тіреуінің түбінен қорғасындай қара суды көруге болатын еді. Одан суық бу бұрқырай көтеріледі.

Ағаш балдақты жауынгер терезеден бұрылып, шырт түкірді де, шылымын орап, наразы көңілмен тіл қатты.

— Туһ, мына Сібірлеріңіздің' ауа райын-ай. Екі күннен бері көз аштырмай, жаңбыр аралас қар төпеп тұр, төпеп тұр, қарғыс атсын бұл араны!

— Мына сыншыға қараңдар! - деді күбірлеп сақалы тікірейген ұзын бойлы жауынгер. -Сібірді жақтырмайды өзі. Жер бетінде Сібірден бай ел жоқ. Ілгеріде орман ішімен кордондағы үйіме бара жатқанда, арбаның дөңгелегіне екі елі болып, езілген жидек жабысып қалушы еді.

— Қандай жидек? - деді тұлымы шолтаңдаған кішкене қыз.

— Бүлдірген де баяғы.

— Е, байғұс, чалдоным-ай. Біздің Владимирдің түбінде бір ай тұрып көрсең, басқаша әндетер едің-ау, - деді балдақты жауынгер күрсініп. .....
Әңгімелер
Толық

Ақмарал Берекетова | Жолың болсын жолаушы


Біз мінген вагон лезде лық толды. Адамның әр түрін көрдік. Әр жақтан мінсек те, бір-бірімізбен тез тіл табысып кеттік. Бізбен бірге мектеп оқушылары да мінген болатын. Поезға мінгеннен көзіме алғаш көрінген солар еді. Әңгімелесе келе, олардың қайда, не себеппен бара жатқанын білдім.

Олар дәстүрлі ән айтудан республикалық деңгейдегі жарысқа бара жатыр екен. Күні бойы домбыраларын тастамай, ән айтып, жаттықты. Асқақтаған дауысқа қазақи домбыраның күмбірі қосылғанда дәстүрлі әннің өлмегенін сезінеді екенсің. Дәстүрлі ән – ұлт қазынасы. Осы қанатты сөзді ұранындай көретін жандардың бірі – осылар.

Мен бұл балалардың өнерін көргенде, қатты қуандым. Олардың „91” тобы секілді шетелдік жұлдыздарға еліктемей, елімнің дәстүрлі әнін таңдауы жанымды жадыратты. Айгүл Қосанова, Нұрым Асқановтар сияқты Маңғыстауды әлемге танытатын жаңа ұрпақ өсіп келе жатыр. Өнердің өлмейтіндігінің бұл да бір айғағы. Қоңыр домбыраға құс қанатты әуен қондырған әннің болашағы алда да биік. Күй мен әнді кезектестіре тартып, олар бізге де шабыт сыйлады. Олардың түсетін кезі келді. Мен оларға шын жүректен сәттілік тілеп, „Жолың болсын, жолаушы”- деп қала бердім.

.....
Әңгімелер
Толық

Мейманбек Бейбарыс | Биыл Астанаға 20 жыл

2018 жылы 6-шы шілде де Қазақстан Республикасының алтын шаһары – Астана қаласы 20 жылдық мерейтойын атап өтпек. Бұл үлкен жиынға бүкіл қазақ жұрты дайындалып, асқақтатып тойлатпақ.Әрине, ол түсінікті жағдай, себебі Астана күні түгел Республика күнтүзбесінің қызыл күніне айналған. Шыныменде уақыт зулап өтуде, арада 20 жыл өткенімен Астана қаласы лашықтан, тұғыры биік мегаполиске айналды. Қаланы жоғары деңгейге көтеру оңай болмағанымен ел басы жоспарынан бір сәтке бастартқан емес.Өйткены ел басының көзінде қала тұғыры және ұлт болашағы болды. Дәл осы сәттерге тарихи шолу жасайық. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. Ал 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана — Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны 1 миллион асады. Қала үш ауданнан — «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады. .....
Әңгімелер
Толық

Ілияс Есенберлин | Көлеңкеңмен қорғай жүр

ЖЫР БАСЫ



Тың жерлерді игерудің

20 жылдығына

Бұлыңғыр күнде тынбай себелеген ақ жауын. Жер қара, дүние бозғылтым. Балдағын тас еденге тақылдатып Атымтай перронға тағы шықты. Жел тұрып, суық жаңбыр енді бетінен қарсылай шапалақтады. Мойнына сорғалаған жаңбыр суын елемей, ол поезд келетін батыс жаққа тесіле қарады. Келетін мезгілінен кешіккеніне үш сағаттан асып барады. Семафорға дейін ештеңе көрінбеді. Атымтай ақырын күрсінді де вокзалға қайта кірді. Әйелі Бибіғайша поездың жоғын ерінің томсарған қатыңқы реңінен байқады да, теріс бұрылып кетті. Жанында тұрған анасына таңдана, үрке қараған балдырған бөбегі Хасенді көтеріп алып, бауырына қыса, қайта-қайта бетінен, маңдайынан, тамағынан құшырлана сүйе бастады. Еріне қарағанда әйелдің бетінде қаншалық қайғы көрінсе, баласын сүйгенде оның жүзінен соншалық шаттық аңғарылады. Қайғысы, қуанышы аралас ұлан-асыр шаттық! Атымтай әйелінің мұндай түрін көруге шыдай алмай, далаға қайта шығып кетті. Әйелін, баласын осы шулы облыстық қаладан тез-ақ алып кетуге бар, әттең, поезд келмей-ақ қойды.

Рота командирі Атымтай Батыс-Теріскей майданында төрт жыл өмірін өткізді. Жеңіс күнінен бір жеті ғана бұрын аяғынан қатты жарақаттанып, ауруханаға түскен. Содан сентябрь айында ғана жазылып шықты. Кеудесі орден мен медальға толған жаралы ер соғыстан бұрын өзінің кен бұрғышысы болып жұмыс істеген руднигіне бармай, осы облыстық қалаға бірден тартқан. Оған себеп: өзі әскерге кетісімен туған бөбегін алып әйелі осы қалаға көшкен-тін. Атымтайдың бұл сапары — сол әйелі мен баласын іздеп келген беті. .....
Әңгімелер
Толық