Әңгіме: Махамбетәлиева Зере | Өнерлінің өрісі кең

Әңгіме:  Махамбетәлиева Зере | Өнерлінің өрісі кең казакша Әңгіме:  Махамбетәлиева Зере | Өнерлінің өрісі кең на казахском языке

«Еңбек қылмас еріншек-адам болмас»,-деп ұлы ақын Абай Құнанбаев айтпақшы бүгінгі заманда икеміңе қарай еңбек етпесең бір кем дүние сонда болмақ.Еңбек-рахаттың атасы.Сондықтан да,еңбекпен тапқан нанның тәтті болары осыдан.Қазақ ертеден-ақ өнерлінің өрісі кең деп,еңбекқор жанды бағалап,өнерін ұлықтап,шығармашылық жұмысы сарқылмасын деп ерекше құрметтеген.Иә,елге сіңірген еңбек жақсы,еңбекті елеген ел жақсы дегендей бұл мақалада өнерімен талайды өзіне баурай білген Айтжанов Батырқұл ағайды арқау етпекпін.

Айтжанов Батырқұл Асанұлы №21 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі.Ағайымыз мектептің бетке ұстар азаматы,пейілі дархан,көңілі ақ,сырбаз да сабырлы,бесаспап,табиғи дарын иесі десем қателеспегенім шығар сірә!Ол кісі қарапайымдылығынан айнымайтын,адамгершілігі мол,жүрген ортасына сыйлы мейірімді де қайырымды азамат.Ендеше, «Өз ісінің шебері» болған Айтжанов Батырқұл ағайдың қысқаша өмір жолына үңіліп қарайтын болсақ,ағайымыз Сыр өңірінің киелі білім ордасы саналатын Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетін еңбек және бизнес факультетін тәмәмдаған.Ал,бүгінде №21 орта мектебінде мейірбан жүзімен,парасат-ақылымен шәкірттерін еңбекке баулып ,білгенін үйретіп технология пәнінен сабақ беріп келеді.Ағайдың таңдай қақтырарлық таланты барша шәкірттеріне үлгі. Батырқұл ағайымыз өнер десе ішкен асын жерге қоятын, түрлі сайыстар болса топты көрсе тыпыршып отыра алмай,қатысқан сайысында шашасына шаң жуытпай үнемі жүлделі орынды иеленіп келеді.Айтжанов Батырқұл аудандық «Өз ісінің шебері» сайысына қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталған. «Халық қолөнері-асыл қазына» атты аудандық технология пәні мұғалімдері арасында өткізілген байқауда II-орынмен марапатталған.Технология пәні мұғалімдерінің «Өнегелі салтың бар өнер ұрпақ» атты аудандық семинарда жаңа идеясы және шығармашылық қабілетімен I-орын иеленген.Оқушылардың «Жас дарын» атты II Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсында «Ұлттық нақышта кәде сый жасау» тақырыбындағы зерттеу жұмысына қашықтықтан қатысып, «Талаптың мініп тұлпарын» номинациясында оқушысы Ордабаев Нұртөре I-орынмен марапатталды.Міне,ағайымыздың осындай жетістіктері сегіз қырлы, бір сырлы өнер иесі екендігіне дәлел бола алады.

Сайф Сараидың мынадай ұлағатты сөзі бар: «Таза өнердің иесі жомарт келеді».Міне,бұл қанатты сөздің өзі Батырқұл ағайымызға арналғандай көрінеді маған.Өйткені,ағайымыздың жаны жомарт жан екендігі көпке шуақ шашқан нұрлы жүзінің өзінен байқалады.Қорытындылай келе айтарым,әр уақытта да өнердің шоқтығы биік.Сондықтан да,Батырқұл ағайға шығармашылық жұмысыңыз сарқылмасын,өнердің өрінде,сахнаның төрінде жүріңіз дегім келеді.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Махамбетәлиева Зере Өнерлінің өрісі кең туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Махамбетәлиева Зере Өнерлінің өрісі кең на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Махамбетәлиева Зере Өнерлінің өрісі кең туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Махамбетәлиева Зере Өнерлінің өрісі кең на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларг, Әңгіме: Махамбетәлиева Зере | Өнерлінің өрісі кең ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер