Бере білген бөле білер

Баяғыда бір жарлы болыпты, мінуге аты, ішуге асы болмапты, бала-шағасы көп болыпты. Мал дегенде маңдайына біткен жалғыз ғана қазы болыпты. «Аштық – атаң емес» деген, тесік тамақ шыдата ма, ақыр соңында сол қазды жемекші болып сойып, пісіреді. Бірақ оған салатын тұзы да, қосып жейтін наны да болмайды. Сонда.....
Ертегілер
Толық

Еңбек етсең ерінбей...

Баяғыда бір жалғыз бала орманда өз күнін көріпті. Ол күн сайын жұмыс жасайтын болыпты. Ол бір күні көп ойланып:
«Мүмкін маған үйлену керек шығар. Жасымда таяп қалыпты. Әкем мен анамды бір қуанту керек қой не дегенмен. Мен қаладағы ата-анама хат жіберіп көрейін» дейді бала. Оның ата-анасы мен ағасы оны орманға тастап кеткен екен. Себебі, ол еріншек бала болған соң. «Бұл бала қатты еріншек болып кетті. Бұл баланы орманға........
Ертегілер
Толық

Кішкентай маса

Кіп-кішкентай маса дүниеге келе салып, өз-өзіне қарап сүйсіне бастайды.
— Міне, ғажап, қандай әдемі, сұлумын! Ғажайып деп осыны айт! Аяғына қараса, алтау екен! Ұп-ұзын, сымбатты! Төрт аяқпен тік тұрасың, ал қалған екеуі: бесіншісі, алтыншысы — қорғаушылар. Олар денеге ештеңені жақындатпайды. Маса енді өз қанаттарына қарады. Қандай мөп-мөлдір, жеп-жеңіл, жылдам көтеріп кетеді. Мұртшасы үлпілдек.......
Ертегілер
Толық

Түлкі мен Бөдене

Түлкі мен бөдене екеуі айрылмас дос болыпты. Екі дос талай жерді шарлапты, талай қызық көріпті. Күндерде бір күні:
- Досым, мені бір күлдірші, - депті түлкі.
- Жарайды, күлдірейін. Сен менің артымнан ер де отыр. Мен ұшамын да отырамын, - депті бөдене. Сонымен бөдене ұшыпты да отырыпты, түлкі желе жортып, еріпті де отырыпты. Бір жерге келсе, бір кемпір сиыр сауып отыр екен, шалы бұзауды ұстап тұр екен. Бөдене ұшып барып, сиыр сауып отырған кемпірдің басына қона кетіпті. Түлкі анадай......
Ертегілер
Толық

Қорқақ қоян

Ертеде орманда қайырымды қоян өмір сүріпті. Қоян кішкентай аңдарға көмектеседі. Аңдардың жоғалтқан заттарын тауып әкеп береді. Себебі, қоян иісшіл, дыбысты жақсы сезеді. Барлық аңдар қоянды жақсы көреді. Бір күні қоян орман ішінде жүгіре-жүгіре, секіре-секіре шаршап қалады. Ол өзінің қарны қатты......
Ертегілер
Толық

Түбір мен Қосымша

Орманның ішінде бір кішкене үйшік бар.Онда түбір өмір сүреді.Оның достары басқаша түрленбейді екен.Түбір олар өзгерсе қалай болады екен деп ойлайды. Түбір бір күні орман ішінде ......
Ертегілер
Толық

Ақылды егінші

Патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 лира үшін жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша жалақысының.......
Ертегілер
Толық

Ермек

Ертеде бір кемпір болыпты, оның жалғыз баласы болыпты. Баласының аты Ермек екен. Кемпір кедей екен, мал дегенде жалғыз көк сиыры бар екен.
Күндерде бір күн Ермек шешесін қалдырып, өзі оқуға кетеді. Айлардан ай, жылдардан жыл өткенде ол, бір қалаға жетеді. Сонда жүріп, әлде қалай базарға шыға қалса, бір шал сандық көтеріп жүріп: «Осы сандықты алған да арманда, алмаған да арманда», - депті. Ермек келе салып:
- Бұл сандығыңа не сұрайсың? - депті.
Шал:
- Сандығыма мың ділда сұраймын, - депті.
- Мә ақшаң! - деп, ақшасын санап беріп, сандықты аллып, хат жазып, шешесіне беріп жібереді.
Ермек онымен оқи берсін, шешесіне келейік.
Кемпір көк сиырдың ертеңгі, кешкі сүтін пісіріп ішіп күнелтеді. Баласын ойлап, анда-санда жылап қояды. Бір күні кемпірдің алдына баласы жіберген сандық келеді. Кемпір қуанып, соны жер үйге бүкшеңдеп.....
Ертегілер
Толық

Жақсылық пен жамандық

Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып:
- Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кетші, - депті.
Жақсылық:
- Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да өзің жаяу кете бер. Сондан соң мен жетіп, атпен біраз жерге жүріп, саған тағы байлап кетермін. Сөйтіп, баратын жеріміізге кезек мініп жетейік. Екеуміз мінгессек атқа қиын соғар, - депті.
Сонан соң Жамандық атқа мініп алып, сол кеткеннен Жақсылықты есіне алмастан, кете беріпті.
Жақсылық шаршап, арып-ашып, кешке жақын бір күркезге....
Ертегілер
Толық