Лингвистика | Когнитивтік лингвистиканың тарихи танымдық негіздері

Ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде халық тілінің еншісі мәдениетпен толығатынын, ұлт мәдениеті сол этностың тілінде сақталып, болашаққа аманатталатыны сияқты астарлы ой-пікірлер туындау төркіні тереңде жатыр. Айтылған ой жайында В.фон Гумбольдттің: “Тіл –халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады» деген тұжырымы – жаңа ғылыми жолдың концепциясының алғашқы нышаны немесе қағидасы. Сондай-ақ оның мәдениет тілдің ішкі құрылымдық бөлшегі деп қарастыруы да тіл табиғатын таныта түсумен қатар, жарыққа шығып келе жатқан ғылыми жаңалықтардың шығу тегіне арқау болғаны сөзсіз. Атап айтқанда, ғалым пікірінше: біріншіден, мәдениеттің екі түрі – материалдық және рухани мәдениеттер ізі халық тілінде сақталады. Екіншіден, мәдеиет – ұлт мен табиғатты жалғастырушы күш, төртіншіден, мәдениет пен халықтық рух – тілдің ішкі формасына тән”, - деп көрсетеді. /1.32/. Ал, мәдениеттің көне, жанасын, мәдениеттің арғы-бергі тарихын сөйлетуші де, жеткізуші де тек ана тілдің құдіреті екені әр халықтың өзіндік тұрмыс-тіршілігі тілі арқылы өрнектелуінен, мәдениеті тіл арқылы басқа елге танылуынан тіл мен мәдениет арасында ажырағысыз байланыстың торабы бар екенінен көрінеді. Мұның нақты ғылыми тұжырымын американдық ғалым Э.Сепир: “Тілдің бір тұғыры бар. Ол мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Ол дәстүр болып жалғасқан біздің тыныс тіршілігіміз мүлде қабысып кеткен салт-дәстүр мен наным-сенімдерден арыла алмайды. Тілдегі лексика өзі қызмет етіп отырған мәдениетті өз қалпында көрсетеді. Ол тұрғыдан алғанда тілдің тарихы мен мәдениет тарихы жапсарлас дамиды деуге болады” /2.186/ деп анықтай келе, әр халықтың танымдық ерекшелігі тек тілінің табиғатынан танылатынын көрсетіп, дәлелдейді. Соның негізіндегі адамзаттың дүниені тану мен ойлау арасындағы тәсілінің тіл құрылысының байланыстылығын этнолингвистикалық болжам ретінде баяндаудан туған “Сепир – Уорф болжамы” халықтық тіл мен ұлттық дүниетанымды танудың ғылыми алғышарты іспеттес болғаны – ғылымның жаңа сатыға аяқ басқандығының дәлелі. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Коммерциялық банктің табыстылығы мен рентабельділігі

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасына байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатысушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен құрылады, сондай-ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Менің таңдаған курстық жұмыс тақырыбым – “Коммерциялық банктің табыстылығы мен рентабельділігі”.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. І Бөлім, коммерциялық банктер және олардың жіктелуі, коммерциялық банктердің қызмет түрлеріне сипаттама бере отырып, олармен экономикалық операциялар жүргізу туралы жаздым.
ІІ Бөлімде, коммерциялық банктердің табыстары мен шығындарын, активті және пассивті операцияларына мысал келтіре отырып, коммерциялық банктердің активті операцияларын басқаруды дамыту жағын ауқымды етіп ашып көрсеттім.
ІІІ Бөлімде, коммерциялық банктердің рентабельділігі және коммерциялық банктердің шетелдік тәжірибесі жайлы.
Банктік менеджменттің басты бағыты, банктердің активтері мен пассивтерін, оның меншікті қаржысын басқару және де банк қызметіндегі қауіптерді азайту болып табылады. Қауіп банктің қызметімен әрқашан да қатар жүреді. Жоғарғы деңгейде пайда табудың мүмкіншілігі өскен сайын, қауіптілік те өседі. Банктің менеджменті осындай жағдайда қауіп пен пайданың өзара қатынасының ең оңтайлысын табуы керек.
Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.
Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақтелеком АҚ филиалының қаржылық тәуекелін талдау

Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.
Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.
Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруге ерекше назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру.
Нарықтық экономика жағдайында өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе аз болжанады. Тәуекел-менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Каспий теңізінің табиғи су қоймасына жалпы сипаттама

Каспий өңірі... Соңғы жылдары бұл аймақтағы мұнай-газ кен орындарын қарқынды игеру оның атағын дәуірлетіп-ақ жіберді. Жұртшылық оны өлеңге қосып, еліміздің экономикасына жаңа серпін беріп, қайта өрлеуіне жол ашар деген үмітпен,оған көз тіге қалды. Мұнай мен газдың орасан зор қоры тек бұрын игеріліп келген Маңғыстау мен Ембіде ғана емес екен, сонымен бірге Қазақстанның осы Батыс өңіріндегі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жарасты қабаттарында “қара маржан” теңізі тұнып жатқаны анықталды. Ол аз десеңіз Каспий қайраңы тұңғиығынан да тура бүгін-ертең мұнай өнімін алу көзделуде.
XVIII ғасырдың басындағы орыс карталарында Каспий-Арал арасы “Иесіз маң дала” деп көрсетіліпті. Әрине, бұл білместіктен, зерттелмегендіктен,шынтуайтқа келгенде өгей көзқарастан болғаны анық. Ал қазіргі кезде “болашағы зор аймақты ” бас көзге қарамай құлшына игеру осы Каспий өңірін шынымен де “маң далаға” айналдырып жібере ме деп қауіптенесің. Себебі ондай қиянат білместіктен емес, біле тұра белден басылып, адамзат тарихының ақтаңдағына соқтырмай ма деген ойға еріксіз жетелейді.
Каспий қойнауындағы қара алтын басты орынға шығып, теңі келмес флорасы мен фаунасы, экологиялық ахуалы жайлы мәселе көлеңкеде қалып отырғаны жан күйдіреді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кеден ісін бақылаудың заңдылықтары мен принциптері

Қазақстан Республикасы кеден қызметiнiң он жылдық жұмыс тәжiрибесi стратегиялық мақсаттарды нақты айқындаусыз, анық басымдықтарды тұжырымдаусыз елеулi табыстарға қол жеткiзудiң мүмкiн еместiгiн көрсеттi.
Қазiргi уақытта кеден қызметiн Қазақстандық сыртқы сауданы мемлекеттiк реттеудiң нақты жұмыс iстейтiн құралына айналдыру үшiн күш-жiгер жұмсалып жатыр, бұл жаңа басқару жүйесi бар қазiргi заманғы кеден қызметiн құруды, бақылау және пайдаланылып жүрген дәстүрлi кеден рәсiмдерiн жетiлдiру саласында жаңа стратегия әзiрлеудi талап етедi.
Бұл талаптардың негiзгi мақсаты фискальдық саясат жүргiзу, сыртқы сауданы реттеу және мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында кеден органдарының алдында тұрған мiндеттердi шешудiң мейлiнше тиiмдi және ұтымды жолдарын iздеу болып табылады.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына тиiмдi жәрдемдесудiң қажеттiлiгi Қазақстандық кеденнiң алдына кеден iсiн дамытуға жаңа тәсiлдердi әзiрлеу мiндетiн қойды.
Жасалған талдау көрсетілген міндеттерді шешу қазіргі заманғы кеден қызметі үшін өзекті проблема болып табылатындығын көрсетеді. Кеден қызметін кеңінен жетілдірудің, оны сыртқы экономикалық қызметтің өсіп келе жатқан көлемі мен көп салалылығына сәйкес келтірудің, кеден қызметінің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының ұдайы өзгеріп отыратын шарттары мен міндеттеріне, халықаралық кедендік практикада қабылданған ережелерге, нормаларға, стандарттарға және рәсімдерге бейімделуінің барынша қажеттігі пісіп жетілді.
Еліміздің тәуелсіздігімен қатар дүниеге келген кеден қызметі жыл өткен сайын дамып, қанатын кең жайып келеді. Еліміздің экономикалық қауіпсіздігін сақтау туралы мәселе Президентіміздің Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан - 2030» жолдауында нақты көрсетілген.
Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу жүйесінде кеден қызметінің жөні бөлек. Сондықтан, соңғы жылдары еліміздің кеден органдарының құрылымы біршама өзгерістерге ұшырады, жауапкершілік күшейтілді. Халықаралық кеден бекеттерінен заңсыз өткізілетін тауарларға тосқауыл қойыла бастады. Бұл еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамассыз ету шараларын мықтап қолға алғандықтың белгісі.
Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдірудің мақсаты экономикалық саясат пен мемлекеттің қауіпсіздігі стратегиясын іске асырудың тиімділігін арттыру, сыртқы сауданы дамытуға жан-жақты ықпал ету болып табылады. Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалау бағдарламасының негізіне алынды. Кеден қызметін реформалаудың негізгі міндеттерін шешу сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуды, СЭҚ-қа қатысушыларға қызмет етудің сапасын арттыруды және уақытын қысқартуды, бюджетке төлемдердің түсуін арттыруды, есірткілердің, қару-жарақтың, мәдени құндылықтардың контрабандасының жолын кесудің тиімділігін көтеруді, материалдық ресурстарды көлеңкелі айналымнан шығаруды, ұйымдасқан қылмыскерліктің әлсіреуін, Қазақстан Республикасының екі жақты және халықаралық шарттарда көзделген міндеттемелерінің орындалуын, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне ықпал етуді және әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне біртіндеп кіруін ....
Курстық жұмыстар
Толық

Дінтану | Діни экстремимнің пайда болуымен теориялық негіздері

Әуелі барлық әлемдерді Құран нұрымен нұрлы қылған Ұлы Раббымыз Аллаһ-Тағалаға сансыз алғыс-мақтауларымыз болсын, Ал заттың сүйікті пендесі және пайғамбары болған әзіреті Мұхаммедке (с.а.у) дуа сәлемдеріміз болсын. Міне, 1400 жылдан артық уақыттан бері адамзат әлемін бір Ұлы Кітап нұрлы қылып, жарқыратып келеді. Ол Аллаһ Тағаланың Өз пайғамбары Мұхаммед алйһис-сәлемге, ол кісі арқылы барлық адамдарға түсірген қасиетті Құраны.
Аллаһ Тағала бүкіл әлемді жаратып, сосын ол әлемге иелік қылсын, басқарсын деп адамзатты дүниеге келтірген соң, оған және оның ұрпақтарына жер жүзінде нағыз адам болып жасап өтулері үшін илааһи қолданба қылып Өзінің көрсетпелерін- кітаптарын жіберіп тұрды. Сол илаһи кітаптардың ең соңғысы және сонау Қияметке щейін жоғалмай бұзылмай тұрғаны және тұратыны Құрани Кәрім болып есептеледі. Бұл қасиетті кітаптың адамзат ғұмырындағы мәртебесін адам денесіндегі жанға ұқсатсақ еш бір қате кетірмеген боламыз. Өйткені адамның басқа жанзаттардан айырмасы, басқаша айтқанда,адамды айуаннан ажыратып тұрған нәрсе оның діні-иманы болса, сол діннің дінгегі-негізі Құран екендігі шексіз. Құран біздің, мұсылмандардың Қасиетті Кітабы болудан тыс, теңдессіз ұқсасы жоқ бір илаһи керемет. Сөз де болып, жалғыз мұсылмандар емес, басқа діндердің өкілдері де оған өзгеше сый-құрмет көрсетеді. Оның сырттай қарапайым көрінген аяттарындағы, сөздеріндегі өте терең мағына, бір аяттың өзіндегі тірлік дүниесі ақыретпен, жер тұрмысы аспанмен жанаса келтірілгені, ол түгілі, Құран мәнісінен бейхабар адам да оның өзгеше жағымды және өте әсерлі үнін ұққан кезде, өзі сезбеген жағдайда рахаттанып, демін ішіне тартып, құлақ түріп қалуы, ол түгіл тұла бойымен беріліп тыңдауы- бұлардың барлығы осы Ұлы кітап қарапайым адамның емес керісінше Жаратқан Аллаһтың сөзі екндігіне ашық-айқын дәлел. Міне, 14 ғасыр болады, бұл кітап мұсылмандарға илаһи қолданба болып және басқа барлық адамдарды да өзіне тартып, таң қалдырып келеді. Құран Аллаһ Тағала тарапынан пайғамбарымыз Мұхаммед алейһис-сәләмге түсіріле бастаған уақыттың өзінде бұған таң қалу басталған. Белгілі болғанындай, сол мезгілде арабтарда әдебиет өте дамып, ақындардың арасында әрдайым әдеби бәсекелер өткізіліп тұрған. Сондай сынақтарда жеңіске жеткен ең күшті шығармаларды сыйлық қатары, оларды Қағбаның дуалына іліп қоятын. Ел ол шығармаларды оқып, оларды жазған ақындарға алғыстарын айтатын. Сонда пайғамбарымыздың сахабаларының бірі, жеңіске жеткен шығармалардың қатарында Құрандағы ең қысқа сүре-« КӘУСАР» сүресін іліп қойғанда, бұл сүрені оқып көрген ең күшті ақындар бір ауыздан «Бұл сөз-адамның сөзі емес» деп таң қалған. Бұл оқиға Құран Аллаһ Тағаланың сөзі екендігіне ашық-айқын бір дәлел болса, енді Құранның басқа илаһи Кітаптардан айырмасы және де анық. Құраннан ілгері түсірілген Тәурат, Інжіл сияқты илаһи кітаптардың біреуінің де түп нұсқасы қалмаған, керісінше олардың барлығы түрлі тілдердегі аудармалардан оқылары мәлім ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ілияс Жансүгіровтің аударма өнеріндегі ерекшеліктері

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Курстық жұмыстың негізгі мақсаты Ұлы Октябрьде туған жас қазақ совет әдебиетінің тұңғыш өкілдерінің ішінде Ілияс Жансүгіровтың алатын орнын анықтау. Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығына жалпы сипатын беру. Ілияс Жансүгіровтің аударма өнеріндегі ерекшеліктеріне толық анықтама жасау. Ілияс поэзиясының ерекшеліктеріне тоқталып, тақырыпты толық ашу. Поэзиясын лексикалық жағынан қарау, поэтикалық синтаксистің негізгі түрлеріне тоқталу. Оның ағартушылық, адамгершілік сарыны, туған халқын, Отанын сүйгіш сезімі, қорлыққа, әділетсіздікке төзбеуі, жаман мінез, қылықтар мен әлеуметтік міндерді сынап, сықақ ету дәстүріне, өлеңдеріне шолу жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, алты тақырыпшадан, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қазақ совет әдебиетінің тұңғыш өкілдерінің ішінде Ілияс Жансүгіровтың алатын орны өте үлкен және өзгеше. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында – ақ әдебиет табылдырығын аттаған жас ақын Ілияс Жансүгіров коммунист жазушы Сәкен Сейфуллин бастаған жаңа әдебиет туының астында Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқановтармен бірге сол әдебиеттің іргесін көтерісіп, қабырғасын қаласты. Бұл тұста ол өзінің өрен талантының қырларын ашып, үздік көзге түсті.
Сәкен мен Бейімбет сықылды тырнақ алды өлеңдерін Ілияс та революция қарсаңында жазыпты. Бірақ олары жарқ көрмей, дәптер жүзінде қалып қойған.
Ілияс Жансүгіровтың сауатын ашып, жазушы ретінде жарқырап танылған кезі – совет дәуірі. Өзге совет жазушылары секілді Ілияс та революция оятқан еңбекші халық ортасынан шығып, әдебиетке Совет өкіметі ашқан даңғыл жолмен келген жас талапкер болатын. Әрине бұл жолға да әркім өз соқпағымен, өз ерекшелігімен шықты. Біреу жарқын коммунистік идеясы мен партиялық билетін көкірегінде сақтап, жаулардың улы тырнағынан, өлім вагонынан шығып келді, ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Валюталық операциялар және оның экономикадағы түрлері

Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интернационалдануы және жаһанданумен сипатталады.
Әлемдік валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық бағам, валюталық операциялар, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Өз кезегінде валюталық операциялар осы аталған валюталық қатынастардың негізі болып табылатын валюталардың арасындағы әр түрлі есеп айырысулардың жүргізілуін, төлем құралы ретiнде шетел валютасындағы өзге төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәлiмелердің атқарылуын, ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен резидент еместердің арасындағы валюталық операциялар болып табылады. Сонымен қатар валюталық операциялардың негізінен банктік операция ретінде және Ұлттық банктен лицензиясы бас басқа да валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқысы бар органдардың ваюталық операцияларды жүргізуіне байланысты валюталық операцияның көптеген түрлері болады және олар валюталық мәмілелерде әр түрлі сипатта және мақсаттарда қоладнылады.
Осыған байланысты курстық жұмыстың тақырыбы «Валюталық операциялар және оның экономикадағы түрлері» болып алынды.
Тақырыптың өзектілігі банктер және басқа да лицензиясы бар тұлғалар жүргізетін валюталық операциялардың түрлерін бүгінгі заман талабына сай жан-жақты зерттеп, оларды еліміздің тәжірибесінде тиімді қолдану, валюталық операциялардың түрлері бойынша мәмілелр жүргізуде халықаралық талаптарға сай келуін ескеру және оларды дамыту болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі

Ел экономикасының қуаттылығы оның қазба байлықтары мен минералдық ресурстар базасының көлеміне емес, алысты аңғаратын экономикалық реформалар стратегиясының бәсекелестікке қабілетті жоғарғы технологиялық тауар мен сапалы қызмет жасауға жағдай туғызуға негізделген жөн.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай деген еді"... жүргізіліп отырған саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға көшу тәжірибесіндегі нақтылы қызметте тиімділігінің төмен болуы обьективті түрдегі кедергі факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден болды". Сондықтан аграрлық өнеркәсіптік саладағы экономикалық ахуал үнемі жан-жақты талдауды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына дейін және одан кейін қабылданған бәсекелестікке қабілетті тауар шығарып, қызмет көрсетуге бағытталған теориялық алғышарттарды экономикалық нақты көрсеткіштерге ұластыру қажет және ол бүгінгі күннің көкейтесті талаптарының бірі. Ол үшін, экономистердің пайымдауынша, әр ел әлемдік шаруашылықта өз тауарымен және қызметімен өз орнын табуы тиіс. Десе де, белгілі бір ел ішкі азық-түлік және киім-кешек сұранысын мейлінше өзі қамтамассыз еткен жағдайда ғана ұлттық экономика бәсекелестікке қабілетті болмақ және ол тұрақты экономикалық даму кепілі.
Осы дипломдық жұмысымда бәсекелестікке қабілетті экономиканың маңызды бір бөлігі – ауыл шаруашлығы саласының бәсекелестікке қабілеттілігін теориялық негіздемеге сүйене отырып, кәсіпорын мысалында көрсетуге тырыстым. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Атақұлдық ой пікірлерінің атақұлдық тәрбиеге ықпалы

Ата-баба культі жөнінде М. Бұлұтай атақұлдық деп қарастырады. Ата-баба культі жөнінде көптеген ой-пікірлер бар. Қазіргі күннің өзінде көп азаматтар ата-баба жолы дегенді дұрыс түсінбеуде, оған ат үсті қарауда. Халық арасында ата-бабаны дәріптеу, олардың аруағына ас беру, олардың мүсінін жасау, ескерткішер орнату етек алған уақиға. Білсін-білмесін әркімнің аузында ата-бабамыздың жолы еді дейтін сөз тіркестері кезлеседі. Кейбіреу өзінің іс-әрекетіне негіз табу үшін "ата-бабам үшін" немесе "ата-баба жолы" дей салады. Бір қысым адам ата-баба жолы деп езінің ақсүйектігін қайтадан қалпына келтіріп жатса, енді біреулер дайын ата-бабасы арқылы әулиелік, ишандық, батырлық сипаттар алуға тырысуда. Енді біреулер ата-бабам үшін немесе ата-баба жолы деп бұрын жерге сіңіп, жоғалған отқақұлдықты, бұтқақұлдықты қайтадан жаңғыртқысы келеді. Олар өзінің басқа мақсаттан туындаған бұл әрекетін ата-бабамыздың діні яки жолы еді деп түсіндіріуге тырысады. Олар ата-бабасынан ондай есиет болып-болмағаныиа қарамайды, істеп жатқанының дұрыстығына-терістігіне ес шаршатпайды. Олар дегеыіміз кейбір шет жақтан келіп, елдің сиқын бүзуға әрекеттеніп жатқан бүлікшілер мен өзіміздің ішіміздегі, ғалым Р. Бердібай, айтқандай, көзқамсидарымыз. Мәселенің Исламият тұрғысынан
Ата-баба культі жөніндегі танымдық мәліметтер. Ата-баба культі (атақұлдық) дегеніміз олген адамдардың аруағы мен тірілердің арасында қатынас болатұғыны, олардың бір-біріне тәсір ететұғыны, туыстық байланыстың сақталатұғыны туралы сенімнің нәтижесінде пайда болған нанымдар мен рәсімдер комплексі. Аруақтарға жақындау немесе олардан қорқу сықылды мәзиеттері бар ата-бабаға табынудың формалары дүние жүзінің барлық мекендерінде кездеседі, мәселен, Африка, Азия және Тынық мұхит аумағындағы бейсауат немесе сауаттылықтың қарсаңындағы қоғамдарда, Ақтеңізді (Жерорта теңізі) жағалаған кене мемлекеттерде, ежелгі Еуропа мен бүгінгі Үндістан, Қытай һәм Жапон қоғамдарында (сарқыншағы).1367 Ата-бабаға табыну (атақұлдық) ешқашанда өз алдына жеке дін болған емес, ол өзге нанымдардың, әсіресе, көптәңірлі сенімдердің комплекстік құрамы болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық