Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.
Сөз жазамын түнімен Бар ұйқымды қашырып. Тығып қойман мұны мен Еш адамнан жасырып. Мен кетермін, сөз қалар Ақ қағазға басылып. Бозбалалар қолға алар Әр ауылға шашылып. ....