Салқындау процесі. Лабораторлық тәжірибе: «судың салқындау просцесін зерттеу» (Химия, 7 сынып, I тоқсан)

 Салқындау процесі. Лабораторлық тәжірибе: «судың салқындау просцесін зерттеу» (Химия, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Зат күйінің өзгеруі
Сабақ тақырыбы: Салқындау процесі. Лабораторлық тәжірибе: «Судың салқындау просцесін зерттеу»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.1.1.5 салқындау үдерісін зерттеу, салқындау қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Салқындау процесінің қисығын салады және оған талдау жасайды.
- сандық және сапалық деректерді жинақтау;
- зерттеу нәтижелерін тиісінше көрсету әдісін таңдау
- зерттеу нәтижелерін қолдану арқылы график сызу.
Өз бақылауларын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру.

Амандасу
Оқушыларды түгендеу
Үй жұмысын тексеру.
Сабақтың тақырыбына шығу. Ой қозғау
Сабақтың тақырыбын айқындау (1 слайд).
1-ші слайдтардағы суреттерді көрсету. Осы суреттерді көрген кезде оқушыларда қандай ассоциациялар туындайтынын сұрап, ой қозғау. Егер оқушылар жауапқа шыға алмаса, қосымша
(С,Б) Оқушылардың бөлшектер және олардың қалпы туралы білімдеріне шолу және олардан қатты бөлшектер, сұйықтықтар мен газдар үшін нені білдіретінін ойлануды сұраңыз.
Сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге
(етістіктер арқылы) айқындау
• (етіс…«құру»,
• … «сипаттау»,
• … «түсіндіру»,
• … «салыстыру»,
• … «орындау»,
• …«анықтама беру», т.б.
Ұғыну
(С) Балқу және қату ұғымдарына видео көрсету арқылы естеріне түсіру бөлшектер теориясы негізінде талқылай отырып меңгеру.
Осы кезде болатын энергияның өзгерісін талқылау (презентация).

(С, Т) Оқушылармен бірлесіп өзгермелі бөлшектер энергиясының мүмкін әсерін және оған қалай қол жеткізуге болатындығын талқылау (жылу энергиясын алып тастау)

(Э) Оқушылар бөлшектер мен энергия туралы өз білімдерін пайдаланып судың салқындау просцесін түсіндіреді.
(Жж) Лабораторлық тәжірибе №4 « судың салқындау просцесін зерттеу»
Оқушылар практикалық жұмысты орындамас бұрын мұғалім төмендегі нұсқаулықты жасайды және оқушының әр қадамын бағыттап отырады. ҚТЕ естеріне салады.

Жұмыс барысы: "Практикалық жұмыс парағында орындайды"

Оқушылар өз жұмыстарын келесі талаптарға сәйкес практикалық жұмысты орындайды:

Бағалау критерийлері
1. ҚТ ережелерді сақтап, тәжірибелерді орындады
2. Термометр көрсеткіштерінің өзгерісін дұрыс әрбір минут сайын өлшеп жазды.
3. Осьтерді дұрыс таңдап процесті толық сипаттайтын график сызды.
4. Өз жұмыстарын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіреді, дәйекті аргуметтер келтіру арқылы қорытындылай алады.
Оқушыларға жұмыс орнын жинап, қолданылған заттарды орнына қойып, қолдарын жууды мұғалім ескеретеді!
(Б), (Ж) Тапсырма №1 оқушылар бөлшектер мен энергия туралы өз білімдерін пайдаланып сұйық заттың булануы, кейін қайта конденсацияланудың графигін талдайды
( Ж) Тапсырма №2 оқушылар мұндай мәліметтердің суға/мұзға қалай қолданыла алатындығын талқылайды және +40oC, -20oC дейінгі аралықта су үшін салқындау қисығын құрайды.
(С) Судың қату кезіндегі әрекеті видео көрсету......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий