Рим қалай көне замандағы ең қуатты империя болды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

 Рим қалай көне замандағы ең қуатты империя болды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Рим империясының гүлденуі
Сабақтың тақырыбы: Рим қалай көне замандағы ең қуатты империя болды? 1-сабақ
Оқу мақсаты: 5.3.1.1 ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау
5.3.2.2 жаулаушылық соғыстары мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекарасына әсер етуін түсіндіру
Сабақтың мақсаты: • Римнің көне замандағы қуатты империяға айналуына әсер еткен факторларды анықтау.
(ПСМ) Оқушыларға Капитолий қасқырының суретін көрсетіңіз.
Оқушылардан суретке қарап, жеңіл және күрделі сұрақтар құрауды сұраңыз.
Рим қаласының құрылуы туралы бейнероликті көрсетіңіз.
Ромул мен Рем туралы аңызды айтып беріңіз, оқушыларға өздерінің жауаптарын толықтыруын сұраңыз.
(Г) Оқушыларға ақпараттық парақтарды үлестіріңіз (дифференциация)
Оқушылар топта жұмыс істейді
1-топ – мәтінді оқып, мазмұндап беріңіз;
2-топ – мәтіннен кем дегенде 15 кілт сөз табыңыз;
3-топ – мәтін бойынша 5 бұрыс ақпарат жазып, көрші топтарға көрсетіңіз.
Топаралық бағалау.
Жетістік критерийлері:
Рим империясының күшею факторларын (кем дегенде екеу )дұрыс табады.
(И) Рим империясының б.з.б. ІІ ғ. Картасын көрсетіңіз.
Оқушылар картадан римдіктердің жаулап алған елдерді тауып, ел атауларын айтады.
Рим империясының картасын көрген кезде Сізде не көп таң қалдырды?
Тапсырманың жетістік критерийі:
Оқушылар кем дегенде 3 қуатты елдің әскерін атап береді.
Рим империясын сипаттайтын сын есімдерді айтыңыз.
Римнің көне заманда қуатты империяға айналуына қандай факторлар әсер етті деп ойлайсыздар?
Оқушылар римдіктер қуатты әскерінің арқасында Батыс Еуропа мен Солтүстік Африкаға дейін созылған қуатты империяға айналды деген ойға келеді.
(П) Оқушылар жұпта жеңілмейтін әскерге сипаттама жасайды.
Тапсырманың жетістік критерийі:
Оқушылар жеңілмейтін әскердің кем дегенде 5 сипаттамасын көрсетеді.
(К) Рим әскері туралы видео көрсетіледі. Кейін оқушылар дәптерлеріне рим легиондарының ерекшеліктерін жазып алады......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий