Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

 Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3B Қазақ халқының қалыптасуы
Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы 1-сабақ
Сабақтың мақсаты: - Ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін анықтау;
- Сынып жаңа тақырыптың «Халық», «Алаш», «Жүз», «Қазақ» негізгі ұғымдары жазылған карточкалармен 4 топқа бөлінеді.
Б. ОЙ ШАҚЫРУ. ТАҚЫРЫПҚА ШЫҒУ
- Қола дәуірінен бүгінгі заманымызға дейінгі Қазақстан көрінісі бейнеленген слайдты көрсете отырып, оқушыларға сұрақтар қою:
1. Суреттен не байқап тұрсыздар?
2. Екі суреттің бір-бірімен қандай байланысы бар?
3. Суреттен қандай ақпарат аламыз?
4. Екі суреттің бір-бірімен тарихи сабақтастығы неде деп ойлайсыздар?
- Осы қойылған сұрақтар арқылы жаңа тақырыпқа шығу және сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
- Осыдан кейін сыныпқа өздерінің топ аттарының мәні мен мағынасын таныстыру тапсырылады. Оқушылар алдыңғы сабақтарда алған білімдерін қолданады. Әр топ өз топтарын таныстырып отырғанда, тақтадан дұрыс балама жауаптары бар слайдты шығарып отыру керек, бұл оқушыларға алдыңғы білімдерін естеріне түсіріп, қайта жаңғыртуларына көмектеседі.
1-топ: Халық – қандай да бір аумақта тұрақты дамыған адамдар жиынтығы.
2-топ: Алаш – орта ғасырлық және одан ерте кезеңдегі деректерде қазақтың өз алдына ел болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы.
3-топ: Қазақ – Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы.
4-топ: Жүз – қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы.
1-тапсырма. Сөйлемді тиісті ұғымдармен толықтырып аяқтаңыз:
(қалыптастырушы бағалау)
1. Қазақ халқының ата-бабалары _____ .
2. Казақ халқының ата-бабалары сақтардың тілі ____ , бет келбеті ____ , _____ тайпаларына ұқсас болған.
3. Кейін ____ нәсілге айнала бастаған.
4. Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасынан бастап тілдес тайпалар мекендеген.
5. VІ-ХІ ғғ. _____, _____ және ____ Түрік қағанаттары, ____ қағанаты және т.б. түрік мемлекеттері құрыла бастады.
6. ХІ – ХІІ ғғ. Ертістен Еділге дейінгі жерді мекендеген түрік тайпалары өздерін _____ деп атаған.
7. XIII ғ. басында Дешті Қыпшақта басталған қазақ халқының қалыптасу процесін бұзған ______.
8. Қазақ халқының қалыптасу процесі ______ ғғ. аяқталды.
Т/Ж. Бұл тапсырма СББР интерактивті материалын (немесе мәтінін оқытып)
(http://e-history.kz/kz/scorm/course/148) мұқият тыңдағаннан кейін орындалады.
- Оқушылар ресурстың 1-бөлімін тыңдағаннан кейін, тапсырманы таратпа материалға немесе дәптерлеріне орындаулары қажет. Тапсырманы орындап біткеннен кейін, бір-бірін бағалату үшін, дұрыс жауаптары бар бағалау парағын тарату немесе тақтадан көрсету. Бұл тапсырма оқушылардың тілдік дағдыларын ғана емес, танымдық ойлаудың қарапайым дағдысын қалыптастыруға да көмектеседі.
М. Соңында мұғалім өз тұжырымдарымен қорытынды жасап, бекітіп отырады......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий