Қазақстан территориясында ұлыстардың құрылуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

 Қазақстан территориясында ұлыстардың құрылуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3 А ХІІІ-ХV ғғ. І жартысындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қазақстан территориясында ұлыстардың құрылуы 3-сабақ
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): 6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;
6.3.1.7 – ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар:
тарихи оқиғаларды талдайды және өткен кезеңмен салыстыра отырып өзгерістер мәнін анықтайды.
Оқушылардың басым бөлігі:
тарихи құбылыстарды, оқиғаларды бағалайды және оларға қатысты тарихи тұлғалардың ролін анықтайды.
Кейбір оқушылар:
тарихи кезендердің ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады.
Ұйымдастыру бөлімі
Өткен сабақтарды еске түсіру.
Б «Орасан зор аумақты алып жатқан Моңғол империясы ыдырағаннан кейін картада қандай өзгерістер орын алуы мүмкін?» деген проблемалық сұрақ қойып, оқушылардың болжамдарын сұраңыз.
Сұрақты талқылау арқылы сабақ тақырыбына шығыңыз. Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстырыңыз.
Ж Тапсырма:
Моңғол империясының ыдырауына әсер еткен факторларды талқылаңыздар: Мемлекеттің ыдырауына әсер еткен ұзақ мерзімді себептер мен қысқа мерзімді себептер қандай?
Мемлекеттің ыдырауы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болуы мүмкін? (дәптерге жазбаша орындайды)
Мұғалімнің бағалауы
Бағалау критерийі: Моңғол империясы ыдырауының себептерін анықтайды.
Дескрипторлар:
Моңғол империясы ыдырауының негізгі екі ұзақ мерзімді атап, пікірін негіздейді;
Екі қысқа мерзімді себептерді атап, түсіндіреді.
Ж Тапсырма: Карталарды ұсыныңыз (карталардың тақырыптары болмау керек):
• Моңғол шапқыншылығына дейінгі Қазақстан картасы
• Моңғол шапқыншылығынан кейінгі Қазақстан картасы
• Ұлыстардың картасы
• Алтын Орданың картасы
Сұрақтар:
1. Карталарды хронология бойынша ретпен қойыңыз.
2. Әр кезең бойынша өзгерістерді атаңыз.
3. Моңғол империясы ыдырағаннан кейін Қазақстан аумағында құрылған ұлыстарды атап, гегографиялық атауларды қолдану арқылы аумағын сипаттаңыз.
4. Алтын Орда мемлекетінің аумағын сипаттаңыз.
5. Алтын Орда мемлекеті қай ұлыстардың аумағын қамтыды?
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы
Бағалау критерийі: Моңғол империясы ыдырау нәтижесіндегі саяси картадағы өзгерістерді талдайды.
Дескрипторлар:
Карталарды дұрыс хронологиялық ретпен орналастырады;
Әр карта бойынша саяси өзгерісті атайды;
Қазақстан аумағында құрылған үш ұлысты атайды;
Географиялық атауларды қолданып, ұлыстардың аумағын сипаттайды;
Алтын Орда мемлекетінің шекарасын түсіндіреді;
Алтын Орда мемлекетінің аумағы қамтыған моңғол ұлыстарын атайды......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий