» » » » Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау «Суды бақылаушының күмәні бар» А. Дитрих, Г. Юрмин (3 сынып, IV тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау «Суды бақылаушының күмәні бар» А. Дитрих, Г. Юрмин (3 сынып, IV тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау  «Суды бақылаушының күмәні бар» А. Дитрих, Г. Юрмин (3 сынып, IV тоқсан) казакша Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау  «Суды бақылаушының күмәні бар» А. Дитрих, Г. Юрмин (3 сынып, IV тоқсан) на казахском языке
Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы:Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау «Суды бақылаушының күмәні бар» А. Дитрих Г. Юрмин
Оқу мақсаттары: • 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау
• 3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру
Сабақ мақсаттары: • Барлық оқушылар: кейіпкердің іс-әрекет мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалайды және иллюстрация нұсқасымен салыстыра алады
Көптеген оқушылар: мәтіндегі кейіпкердің сырт көрінісін өз сөзімен түсіндіре алады
Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты қөзқарасын білдіреді, бағалай алады.
Сабақтың басы
Ширату: Оқушыларға тақтадан екі тамшының суреті көрсетіледі. Оқушылар суретке қарап олардың көңіл-күйлерінің қандай екенін айтады. Өздері олардың көңіл күйлерін көрсетеді.
Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін «Біз не істедік?», «Не байқадыңдар?» деген сұрақтар қойылады.
Демек, біз бүгінгі сабақта кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалаймыз. Бағалау критерийімен таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ж) «Айналым» әдісі.
Суреттегі айналым туралы не айтуға болады? Тағы не қосуға болады?
1. Оқушыларға тақтада сурет көрсетіледі.
2. Оқушылардың барлығы өз ойларын айтады.
Саралау: «Дереккөздер арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушыларға қосымша ақпарат көрсетіледі, сол бойынша не ойлайтыны сұралады. Ал қабілетті оқушылар тапсырма бойынша білетін мәліметтерін айтады.
Қ/Б: Бір жұпты басқа жұп ауызша бағалайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!».
2-тапсырма
(Ө) «Белгіле» әдісі. А. Дитрих, Г. Юрмин «Суды бақылаушының күмәні бар» мәтіні.
Мәтіннен кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін тауып, белгі қойып оқы.
1. (Ө) Шығарма кейіпкері Алып Арбаушының іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін тауып, стикермен белгілеп отырып оқиды.
2.(Т) Оқып болған соң жабыстырылған стикерлер (белгілер) бойынша топта Алып Арбаушының іс-әрекеті мен мінезінің өзгеру себептерін талқылайды. Топ мүшелерінің барлығының пікірі тыңдалады.
3. Алып Арбаушының іс-әрекеті мен мінезінің өзгеру себептерін топпен анықтап, флипчартқа жазады.
4. Әр топ өздерінің жазғандарын ортаға салып, салыстырады. Себебін түсіндіреді.
Саралау: Мәтінді оқу барысында қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Мәтінді баяу оқитын, оқушыларға қосымша уақыт беріледі.
Қ/Б: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады.
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім
3-тапсырма
(Т) «Сатылы кесте» әдісі. Алып Арбаушының мінез-құлқы мен іс-әрекетіне қарап, портретін сипатта.
1. Алып Арбаушының іс-әрекеті мен мінезінің өзгеру себептерін топпен анықтап жазған флипчартқа сүйеніп, оның портретін анықтайды.
2. Анықтаған сөздерді «Сатылы кестеге» жазады.
4 сөз 3 сөз 2 сөз 1 сөз
бұйрық береді
ашуланып айғайға салады
ызыланады
3. Топтар жазған сатылы кестені ортаға салып қорғайды. Басқа топтармен салыстырады.
Саралау: Диалог және қолдау көрсету. Қолдауды қажет ететін оқушыға сұрақ қоюға немесе сюжеттің дамуына сүйеніп талдауға бағыт беруге болады.
Қ/Б: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.
- Дұрыс, мен келісемін десе, сұқ саусақтарын көрсетеді;
- Басқа көзқарасым бар десе, сұқ саусақтары
- мен ортаңғы саусақтарын қатар көрсетеді;
- Толықтырамын, қосатыным бар десе, жұдырықтарын түйеді.
4-тапсырма
(Ө) Суреттегі көріністі әңгіме мазмұнымен байланыс- тырып сипатта.
1. Мәтін бөліктерін қайта шолып шығады.
2. Табиғаттағы су айналымы бейнематериалды көріп, мәтінмен байланыстырады.
3. Жер асты сулары не білесің? Жаратылыстану пәнінен алған біліміңді еске түсіріп, жер асты сулары не білетініңмен бөліс.
4. Тақырыптарын топта ортаға салып, себебін түсіндіреді.
Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» арқылы саралау. Қабілеті төмен оқушылардың мүмкіндіктері ескеріледі, әр оқушының шығармашылық қабілеттерін ескеріп, жұмыстағы рөлдерді бөлінеді.
Қ/Б: «Көк және қызыл шаршы» тәсілі арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды. Көк шаршы суырып алған оқушы «Ия, келісемін...», қызыл шаршы суырып алған оқушылар «Жоқ, келіспеймін ...» деп қарсы пікір айтып, өз сөздеріне аргумент келтіріп, ойларын ортаға салады.....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 35 |



Загрузка...
Читайте также
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау «Мүсінші Мысық» Сапарғали Бегалин  (3 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау «Мүсінші Мысық» Сапарғали Бегалин (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау  (3 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау (3 сынып, I тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау №2 (3 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау №2 (3 сынып, I тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау «Жайлау күні» Д. Қасенов  (3 сынып, IV тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау «Жайлау күні» Д. Қасенов (3 сынып, IV тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың жоспарын құру «Бұлақ пен құрақ» Б. С. Қошым-Ноғай (3 сынып, IV тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың жоспарын құру «Бұлақ пен құрақ» Б. С. Қошым-Ноғай (3 сынып, IV тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау «Жеңіс күні» Тұманбай Молдағалиев (3 сынып, IV тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау «Жеңіс күні» Тұманбай Молдағалиев (3 сынып, IV тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау  Мұхтар Әуезов «Бала Абай» (3 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау Мұхтар Әуезов «Бала Абай» (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы  мазмұндау (3 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау (3 сынып, I тоқсан)

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау «Суды бақылаушының күмәні бар» А Дитрих Г Юрмин 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау «Суды бақылаушының күмәні бар» А Дитрих Г Юрмин, сабақ жоспары Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау «Суды бақылаушының күмәні бар» А Дитрих Г Юрмин 3 сынып әдебиеттік оқу әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жос, Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау «Суды бақылаушының күмәні бар» А. Дитрих, Г. Юрмин (3 сынып, IV тоқсан)