» » » » Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Хан Абылай Бұхар жырау «Хан Абылай атандың» (3 сынып, III тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Хан Абылай Бұхар жырау «Хан Абылай атандың» (3 сынып, III тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Хан Абылай Бұхар жырау «Хан Абылай атандың» (3 сынып, III тоқсан) казакша Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Хан Абылай Бұхар жырау «Хан Абылай атандың» (3 сынып, III тоқсан) на казахском языке
Пән:Әдебиеттік оқу
Бөлім: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Хан Абылай Бұхар жырау «Хан Абылай атандың»
Оқу мақсаттары: 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау;
3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: кейіпкерге мінездеме береді, өлең бойынша сұрақтарға жауап береді;
Көптеген оқушылар: өлеңдегі оқиғаның негізінде сюжеттің соңын болжайды, кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;
Кейбір оқушылар: кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтайды, іс-әрекетін өлеңнен тауып бағалайды.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы.
Оқушыларды кір қыстырғышта ілінген жасырын сөздерді таңдау арқылы 4 топқа біріктіреміз.
1-топ: «Бөгенбай»
2-топ: «Қабанбай»
3-топ: «Абылай»
4-топ: «Наурызбай»
Оқушылар сөздерді таңдап, ол туралы өз ойын айтады, топтарға бірігеді.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(МК, Ұ,) Суретпен жұмыс «Миға шабуыл» әдісі арқылы берілген суретке зер сала отырып, берілген сұрақтарға мұғалім көмегімен жауап береді.
1. Суретте кімдер бейнеленген?
2. Олардың қазақ батырлары екенін неден аңғардың?
3. Суреттегі ақбоз атқа мінген батырды кім деп ойлайсың? Неге?
4. Қазақ батырлары неліктен атқа қонды деп ойлайсың?
Қосымша мәлімет: Батыр деп - ерлік жасаған, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған ер жүрек батырларды айтамыз. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Алпамыс, Қобыланды, Амангелді, Исатай, Махамбет деген көптеген батырларымыз бар.
Ендеше балалар, бүгін біз қазақ батыры Абылай хан туралы айтамыз. Абылай қазақ халқының ханы болған. Абылай ханның шын аты Әбілмансұр. Абылай 1711 жылы дүниеге келген. Абылай ханның әкесінің аты Уәли. Түркістанда билік жүргізген. Абылай хан жоңғарлармен, қалмақтармен шайқасқан. Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ақылына жүгінген.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) «Күншуақ» Күннің шуағына тапсырма бойынша түсінгенін, түсінбегендерін жазады.
2 - тапсырма
(Ө, Т, МК) «Бірлесіп оқу» әдісімен Бұқар жыраудың «Хан Абылай атандың» өлеңін түсініп оқиды.
Автор жайлы мәлімет:
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы, атақты Абылай ханның ақылшысы.
Дәптермен жұмыс: Сөздік
Бұқар жырау- Абылай ханның тұсында өмір сүрген жырау.
«Рефлексия» әдісіне сүйеніп:
1. Өлеңді түсініп оқиды;
2. Оқиға соңын болжайды;
3. Өлең бойынша сұрақтарға жауап береді;
4. Кейіпкердің іс-әрекеті туралы әңгімелейді;
5. Кейіпкерді сипаттайды;
Сұрақтар:
-Суретте кімдер бейнеленген?
-Қазақ батырлары неге атқа қонды?
-Ақбоз атқа мінген батыр кім деп ойлайсың?
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
 өлеңді түсініп оқиды;
 оқиғаның соңын болжап айтады;
 өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
 кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;
 кейіпкерге мінездеме береді.
3-тапсырма
(ЖЖ, ОТ) «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы бойынша берілген кестемен жұмыс жасайды.
Үлгі:
Өлең жолдары Осы жолдар бойынша қандай суреттер салар едің? Жиналған батырларға Абылай хан не айтты деп ойлайсың?
Өңкей батыр жинал деп,
Хан Абылай шақырды.
Бір төбеге жиылды,
Құм төбедей үйілді. Алтын тақ үстінде отырған Абылай хан суреті, жанында жиналған батырлар Елді қорғау біздің парымыз, кешегі ұрыста жасаған ерліктерің үшін разымын т.б.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) «Бағдаршам» әдісі
Жасыл түс – барлығын оқып үлгердім, өлеңнің кейбір тұстары түсініксіз болды.
Қызыл түс – оқып үлгермедім, өлеңді түсінбедім
Сары түс – барлығын толық оқыдым, түсіндім
4 - тапсырма
(МК, Ө) «Әдеби шеңбер» әдісінің «Қорытындылаушы» бөлімі бойынша берілген анықтамалардың мағынасын ашатындай мәтін құрастырып айтады.
Анықтамалар: Абылай - батыр. Абылай – хан. Абылай – қолбасшы.
Үлгі: Абылай елін жоңғарлардан қорғаған батыр. Ол батырларды талай шайқастарда демейтін ақылды қолбасшы болды. Өзінің әділдігі мен әдептілігі, ақылдылығы арқасында хан атанды.
Қосымша: Kazak Ablai Khan(Абылай хан). Бейнебаян көреді.
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
(Б) «Ауызша кері байланыс» әдісі
«Жарайсың», «Керемет», «Жақсы». Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады...............



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 122 |



Загрузка...
Читайте также
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау №2 (3 сынып, I тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау №2 (3 сынып, I тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау «Жайлау күні» Д. Қасенов  (3 сынып, IV тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау «Жайлау күні» Д. Қасенов (3 сынып, IV тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау  Мұхтар Әуезов «Бала Абай» (3 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау Мұхтар Әуезов «Бала Абай» (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Табиғат тағылымы Аударған Абай Құнанбаев Шегіртке мен құмырсқа (3 сынып, I токсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Табиғат тағылымы Аударған Абай Құнанбаев Шегіртке мен құмырсқа (3 сынып, I токсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау «Жеңіс күні» Тұманбай Молдағалиев (3 сынып, IV тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау «Жеңіс күні» Тұманбай Молдағалиев (3 сынып, IV тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Шығармадағы оқиғаны болжау «Қазына көтерген бала» Әнуар Жапаров (3 сынып, III тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау «Қазына көтерген бала» Әнуар Жапаров (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау Ж Әлмашев «Күн тәртібі» (3 сынып, II тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау Ж Әлмашев «Күн тәртібі» (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жер астында қала бар Алтын мүйізді киік  (3 сынып, II тоқсан)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жер астында қала бар Алтын мүйізді киік (3 сынып, II тоқсан)

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Хан Абылай Бұхар жырау «Хан Абылай атандың» 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Хан Абылай Бұхар жырау «Хан Абылай атандың», сабақ жоспары Хан Абылай Бұхар жырау «Хан Абылай атандың» 3 сынып әдебиеттік оқу әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары Хан Абылай Бұхар жырау «Хан Аб, Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Хан Абылай Бұхар жырау «Хан Абылай атандың» (3 сынып, III тоқсан)